kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МУЗЫКА АСПАПТАРЫНЫҢ РӨЛІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Музыка аспаптарының ролі және бастауыш сынып оқушылары үшін маңыздылығы туралы айтылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МУЗЫКА АСПАПТАРЫНЫҢ РӨЛІ»



МУЗЫКА АСПАПТАРЫНЫҢ РӨЛІ

Жапашева Асел Нурмухамбетовна

ШҚО , Семей қаласы

«№ 18 ЖОББ мектеп » КММ музыка пәні мұғалімі

Музыка әлемі –адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді.

Музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.

Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық,  ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді

Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық.

Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-кұй аспаптарын жасап алады екен.

Белгілі композитор академик А.Қ.Жұбанов: «Халық аспастарының ішектерінде ғасырлар бойғы даналық тұнып тұр »  деген еді.

Қазақтың көптеген музыкалық аспабы халық поэзиясында аталатыны тектен-тек емес. Батырлар жырларында үрлеп ойналатын және ұрып ойналатын аспаптардың аттары кездеседі.

Еліміздің әр түрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы.

Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек.

Музыка сабағының бір құрамдас бөлігі – музыкалық аспаптармен таныстыру сабағы. Музыка сабағындағы осы музыкалық аспаптар сабағы оқушылардың белгілі бір аспапты игере алуына мүмкіншілік жасайды. Қазіргі таңда ұлттық музыкалық аспаптарда оқыту және үйрету үйірмелері кеңінен жұмыс жасауда.

Бастауыш кластарда қарапайым музыкалық аспаптарды (даңғыра, дабыл, асатаяк, тұяқтас, шаңқобыз, ксилофон, металлофон, румба, маракас, үшбүрыш және т.б.) қолдану, балалардың сол сабаққа деген ынтасын, сүйіспеншілігін, белсенділігін, жауапкершілігін арттырады, олардың музыка-лық қабілетін дамытуға, шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Шығармашылық әрекет кезінде музыканы сергек қабылдау, бірігіп орындау (ансамбль) сезімі және дағдысы дамиды.

Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдыққа, адамгершілікке баулыса, ол өзінің тәрбиелік міндетін атқарды деген сөз. Оқушылар, әдетте, өздеріне қолдарына ұстап, ойнап отырған аспаптары туралы, тыңдау үшін орындалған музыкалық шығарма туралы әңгіме бастал-са-ақ болғаны елең етіп үлкен ынтамен тыңдауға кіріседі.

Ендеше, балалар сабақта тек ән айтып, аспаптарда ойнап қана қоймай, музыка әлемінің сырын ашып сұхбаттасуға дайын. Сондықтан, сыр сандықты ашып, саз маржанын шашу үшін үлкен ізденгіштік қабілет керек. Қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, болашақ музыка мамандарына, ғұлама ғалымдар мен музыка тарихын зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, біз біраз мағлұматтар бердік. Бұл деректердің балалардың өздері ойнап отырған аспаптарына деген ықыласын, ынтасын арттыратыны сөзсіз.

Қазақтың музыка аспаптары туралы сипаттама бере отырып, бастауыш сыныптарда музыка аспаптарын оқытудың рөлі мен маңызын ашып көрсетсек келесідей айтуа болады.

  1. домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр, айтыс өнерін меңгеріп батыс Европа және Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу;

  2. ұлттық өзге де аспаптармен тереңірек таныстыра отырып, олардың шығу тарихы мен ерекшелігін түсіндіру:

  3. қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін қалыптастыру;

  4. балалардың шығармашылық ынтасын, ой өрісін, қиялын дамыту;

  5. дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, мәдениетті, жан – жақты дамыған адам етіп шығару.

Аспапта ойнау кезінде балалардың тұрып ойнау, немесе отырып ойнау қалпын қадағалау қажет. Аспаптарды меңгерудің ең алғашқы қадамы ретінде балалардың ырғақ сезімін дамытатын қарапайым жаттығулар жасаған тиімді. Әр музыкалық аспаптың сипатына сай оның ырғақтық өрнектерді келтіру ерекшеліктерін ескеру керек. Мұғалім сабақта орындалатын жаттығудың балалардың меңгеруіне жеңіл әрі түсінікті болуын қадағалайды.

Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдыққа, адамгершілікке баулыса, ол өзінің тәрбиелік міндетін атқарды деген сөз. Оқушылар, әдетте, өздеріне қолдарына ұстап, ойнап отырған аспаптары туралы, тыңдау үшін орындалған музыкалық шығарма туралы әңгіме бастал-са-ақ болғаны елең етіп үлкен ынтамен тыңдауға кіріседі.

Ендеше, балалар сабақта тек ән айтып, аспаптарда ойнап қана қоймай, музыка әлемінің сырын ашып сұхбаттасуға дайын. Сондықтан, сыр сандықты ашып, саз маржанын шашу үшін үлкен ізденгіштік қабілет керек. Қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, болашақ музыка мамандарына, ғұлама ғалымдар мен музыка тарихын зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, біз біраз мағлұматтар бердік. Бұл деректердің балалардың өздері ойнап отырған аспаптарына деген ықыласын, ынтасын арттыратыны сөзсіз.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Айтурова А.Т. Өтебаева С.С. Музыкалық тәрбие әдістемесі оқу құралы. Алматы, 1997ж.

  2. АпраскинО.А. Методика музыкального воспитания в школе М., 1983г.

  3. Виноградов В.В.. О музыкальной археологии // Советская музыка. 1975 89б

  4. Ғизатов Б.Ғ. Мектептегі ән музыка сабағы. Алматы., 1968ж.

  5. Есмаханов А. «ҚАЗАҚ МУЗЫКА АСПАПТАРЫ» 12б. Алматы-1998ж.

  6. Жайымов А., Бүркүтов С., Ысқақов Б. Домбыра үйрену мектебі А.,1992



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
МУЗЫКА АСПАПТАРЫНЫҢ РӨЛІ

Автор: Жапашева Асел Нурмухамбетовна

Дата: 17.10.2016

Номер свидетельства: 349853

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "?аза?ты? к?не музыка аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев"
    ["seo_title"] => string(52) "kazaktynkoniemuzykaaspaptarynzhinaushybolatsarybaiev"
    ["file_id"] => string(6) "311133"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459159360"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "музыка ашык саб "
    ["seo_title"] => string(16) "muzyka-ashyk-sab"
    ["file_id"] => string(6) "156853"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421498291"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Қазақтың көне музыкалық аспаптарының жиналуы. Болат Сарыбаев. (1927-1984)"
    ["seo_title"] => string(74) "k_azak_tyn_konie_muzykalyk_aspaptarynyn_zhinaluy_bolat_sarybaiev_1927_1984"
    ["file_id"] => string(6) "449032"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515587029"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Музыка аспаптары" кіші жоба "
    ["seo_title"] => string(28) "muzyka-aspaptary-kishi-zhoba"
    ["file_id"] => string(6) "184618"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1426075014"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "К?не аспаптар сыр шертеді - ?обыз бен скрипка.Музыка саба?ы"
    ["seo_title"] => string(54) "konieaspaptarsyrshiertiedikobyzbienskripkamuzykasabagy"
    ["file_id"] => string(6) "298145"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456298970"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства