kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?обыз шерткен бір сыр

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шы?ыс ?аза?стан облысы Семей ?аласы

Л.Хамиди атында?ы "№1 балалар музыка мектебі" ?обыз сыныбыны? ?стазы Ргелова Айгуль Бигазиевна.

та?ырыбы: "?обыз шерткен б?р сыр"

?йе?кіні? т?бінен жонып ал?ан ?обызым

?ара?айды? безінен тиек сал?ан ?обызым

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?обыз шерткен бір сыр»

Л.Хамиди атындағы

«№ 1 Балалар музыка мектебінің»

қобыз сыныбының ұстазы

Ргелова Айгүл Биғазықызы



Қобыз шерткен бір сыр.

Үйеңкінің түбінен жонып алған қобызым,

Қарағайдың безінен тиек салған қобызым.

(халық жыры)



Қорқыт бабабымыздың ойлап тақпақ , киелі, ежелгі қобыз аспабы туралы қазіргі кезеңде көптеген құңды деректер жинақталып, басылып шығарылуда. Қобыз туралы жекелеген деректер революцияға дейінгі орыс зерттеушілерінің еңбегінде ұшырасады, ал кеңестік кезеңде ол туралы А.В.Затаевич, А.Қ,Жұбанов, Б.Г.Ерзаковичтер жазды. Қобыз- жылқының ширатылмаған құйрық- жалынан тартылған екі ішегі бар, ожау пішіндес сопақша тұрқы ағаштан ойылған, төменгі бөлігі қусырыла жасалып теріден керген мембран жапсырылған, үстіңгі бөлігі дөңгелек әрі беті ашық етіп жасалған аспап. Қобыздың 40-қа жуық аттың құйрық қылынан керілген екі ішекті ысқышы болады. Оның қылқобыз деп аталуы да содан шығар. Жылқының жалынан керген ысқышты қос ішекте үйкелеу ысқылау арқылы саз алынады: үстіңгі ішегі әуен шығарады, ал төменгі ішегі бурдоник рөлін атқарады. Аспапты ойнау кезінде керіле тартылған ішектер аспаптың мойынына тимейді., тек оған қарай саусақпен (тырнақтың сыртымен) итеріледі. Қобыз үнінің төмендеп, қайта жоғарылап дыбыс шығаруы –ішектеріне саусақ ұшын ғана тигізіп, керілген қылды тырнақпен сәл ғана итеріп, оң қолдағы ысқышты көлденең ұстап, ішекке сүйкеп ысқылағанда флажолет обертонды қою-қоңыр мұңлы саз естіледі. Кейде оны құстың дауысына ұқсатады: «Оның ішегі аттың жалынан керілген қыл ысқышпен сүйкеп-ескенде, аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» дейді (П.Паллас).

Енді бір зерттеушілер (Б.Сарыбаев) қобыз үнін «ащы, зарлы, өксіктік үн шығаратын» адам дауысына ұқсатады.

Қобыздың арғы атасы – Қорқыт екені көп елдің шешіресінде айтылады. (YII-ХIғғ).Осынау аспапта тұңғыш ойнаған да,тұңғыш қобызшы-сазгер де,саздың орындаушысы да өзі еді.Қорқыт туралы түріктөркіндес халықтар арасында көптеген трактаттар мен әпсаналар сақталған. Сол аңыздың бірі мынадай. Дала музыкасының атасы Қорқыт өмірдің өткіншілігімен күресіп ,ажалды жеңуді армандайды. Ажалдан қашқан ол қай жерге бармаса да,алдынан қазылып жатқан көр шығады. Адам ғұмырын ұзартуды көксеген сазгер жер бетінен безінеді. Сөйтіп ағаштан қобыз ойып жасайды да,оған ішек тартып,ажал судан өте алмас деген оймен су үстіне –қайыққа отырып алып,бар арман-сезімін қос ішектен төгеді. Қобыз сарынын ажалдың өзі тоқтата алмай,жағалауда елтіп тыңдайды екен. Күндіз-түні шанақтан қолын алмай күй төккен Қорқыт-ата бір сәтке қалжырап қалғып кеткенде, соны аңдыған ажал қарақұрт болып келіп,сазгерді шағып ажал құштырды. Алайда халықтың жадында ұлы қобызшының мәңгі өлмес күйлері қалады. Қорқыттың есімі де,оның кемеңгерлігімен дүниеге келген қобыз аспабы да,ол шығарған күй-сарындар да атадан балаға,ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ұлы өнердің өрісі кеңейіп, мәңгілікке жол тартты.

Қобыз сарынының дәстүрін жалғастырушылар-бақсы,абыздар мен ақылгөйлер,жыраулар мен эпостық жыршылар есімдерінің, олардың шығармаларының бірқатары біздің заманымызға жеткен. Қазақ аңыз-әпсаналары, эпостық жырлары арқылы сазгерлігі дәуірімізге жеткендер қатарында Сыпыра жырау,Кетбұға жырау,Қарақожа,Кербала,Шүмен,Соқыр Ещандарды атаймыз,Қорқыт күйлерінің бір тобын сақтап-жеткізгендер солар. Қобыз аспаптық музыкасының алтын дәуірі 19 ғасыр саналады. Бұл кезеңдерді Ханқожа,Ерден,Дүкен,сондай-ақ олардың арасындағы шоқтығы биік,күй-сарындары біздерге нақты жеткен Ықылас Дүкенұлы сияқты танымал күйшілер өмір сүріп,сазгерлігімен әрі шебер орындаушылығымен ел құрметіне бөленген. Әрі сазгер,әрі асқан күйші Ықылас (1843-1916жж.) қобызда ойнау тәсілдерін,диапазонын кеңейтумен қатар,орындаушылық шеберліктің нүктесі жоқ екендігін көрсетіп,қобыздың саз шығару мүмкіндігін молайтып,бақсылардың қобыз тарту мәнерінен өзгеше стильді өмірге әкелді. Ата-бабасын сазгерлік дарыған Ықыласты халық «жеті атасынан қобызшы екен»дейді. Ол Қорқыт бабасының қобызда ойнаған шығармалық мұрасының желісін жеткізуге үлес қосты. Ықыластың өз баласы Түсіпбек және Әбікей,Сүгір есімді жастар оның шәкірттері болды, ал олар күйшілікте біздің заманымыздың асқан қобызшылары болған Жаппас Қаламбаевтың (1909-1970жж.) және Дәулет Мықтыбаевтың(1904-1976жж.)тәлімгерлері еді, сөйтіп Ықылас мұрасы келер ұрпаққа дарыды.

Қобыз тартушылар географиясымен репертуарының өрісін кеңейтуге екінің бірінің қолынан келе бермейтін орасан үлес қосқан еліміздің музыкалық мәдениетінің қадірменді өкілдері өздерінің жоғар шеберлігімен орындаушылық мәдениетінің іргетасын қалады. Бұл қатарда алдымен Құрманғазы академиялық оркестрінің тұңғыш кәсіби қобызшылары, бас оркестрімізде қобызшылар тобының концертмейстрлері болған Қазақстанның халық артистері Г.Баязитованың, қажірлі педагог, қобыздан вибрация алудың хас шебері, сол тәсілін шәкірттеріне дарыта білген профессор Ф.Балғаеваның жұлдызын жандырып, осынау ғажайып аспапқа даңғыл салушы А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебіне тұңғыш профессионал қобызшы – ұстаздар шоғырын даярлап берген әйгілі скрипка профессоры, кейін Ленинград консерваториясына шақырылған маман И.Лессманның есімдерін атау парыз.

Орайлы тұста қандай да көркем өнердің келешегін айқындайтын ұрпақтар жалғастығы, орындаушылық шеберлікпен білім –тәжірбиені ізбасарларымызға қапысыз дарыту екенін даралап айтуымыз керек. Ұстаз-тәлімгердің дәстүр жалғастығындағы рөлі баға жеткізгісіз! Еліміздің орындаушылық мәдениетінде тамаша педагог , ҚР еңбек сіңірген артисі, консерватория профессоры М.Каленбаеваның айырықша орын алады.

Ежелгі екі ішекті қыл-қобыз аспабы әуелгіде үш ішекті болып жетілдірілді. Оның тарамыстан созылған екі ішегі кіші октаваның «соль» нотасынан бірінші октаваның «до-ре» нотасына дейінгі диапазонды ұстай алатын. Ал металлдан керілген үшінші ішек болса, бірінші октаваның «ля» нотасында құлақ күйі келтірілетін. Сонда тарамыс ішектер қобыз тембріне жұмсақ әуез үстейтін де, тембрлік бояуды қоюлататын.

Қазіргі заманда қобыздың екі түрі қолданылады:

1)қыл-қобыз (екі ішекті) бұл аспаптың шегі жылқының құйрық-жалынан жасалады, кварта және квинта тәртібімен құлақ бұрауы келтіріледі. Аспапты орындыққа жайғасып,төмеңгі бөлігін екі тізенің арасында қысып ұстап отырып тартады;

2)прима қобыз (төрт ішекті)-квинта бұрауымен күйленген бұл аспап та қобыз отауына туыстас саналады.Екі ішекті қобызды ойнаудың кейбір тәсілдері (екі шекті қатар бір саусақпен басу,qlissando-қасқырдың ұлуына еліктеу,аққудың сынқылына, құс қанатының қағысына ұқсас еліктеуіш тәсіл,екі шектен флажолет дыбыстар шығару) 4 ішекті қобызда да қолданылады.Ойнаудың халықтық тәсілдері қазірде 4 ішекті аспапта осы заманғы музыканы тартқанда да кең қолданылады, мұның өзі шығарманың көркемдік мазмұнын байыта түседі.

Қобыздың саз аспабы ретіндегі тағдыры тайғақ, жолы қиын-қыстаулы болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазынадай мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұраны, қобыз аспабын ойлап шығарушылар мен кәсіби жалғастырушы педагогтардың еңбектері туралы сыр шертпеске болмас. Бұл мақаланы жазғандағы алған басты мақсатым да осы өнерді жас жеткіншек ұрпаққа мұра қылып әкеле жатқан мамандардың есімін санамызға сіңіріп, мақтан тұту. Демек, ең басты қасиет – еңбекқорлық, музыканың ғаламат әлеміне қадам басарда сол әлемдегі өз орныңды табуың керектігін естен шығармау.

...Мелодияның жан-әлемін қағазға жазып көрсету мүмкін емес. П.Казальс.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?обыз шерткен бір сыр

Автор: Ргелова Айгуль Бигазиевна

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 273929

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "«Көнеден жеткен аспап-домбыра, дутар, саз»"
    ["seo_title"] => string(43) "koniedien_zhietkien_aspap_dombyra_dutar_saz"
    ["file_id"] => string(6) "360459"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479575121"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства