Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың өлеңді жүргізіп, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру. Ондағы негізгі ойды анықтау, түсіну, кейіпкерлердің әрекетіне баға беру, өз ойы мен пікірін еркін баяндап беру машығын қалыптастыру. Диалог жайлы білімдерін кеңейте түсу.
- Араша сөзін қалай түсінесіңдер? - деп оқушылардың ойын тыңдау. Оған мағынасы жуық сөз табу. Қамқор, көмек
2. Өтілетін сабақтың тақырыбын ашқан соң авторға қысқаша тоқталу.
Қастек Баянбаев 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971 - 1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.
3. Өлеңді оқып беру. Оқу барысында слайд көрсетіліп тұрады.
4. Сөздік жұмыс: бүлік төбелес, көркем сөздер: бөрткендей дәндей, жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, ұзын сирақ сары бала, Маубас,
5. Оқушылар тізбектей оқиды.
6. «Сәйкестендір» ойыны Шарты: Тақтадағы қима қағаздағы сөздердің қай жануарларға қатысты екенін тауып, суретінің тұсына қою.
Төбет (ит): жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, ашу қысқан арландай
Құнан (ат): құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, жымиған қос құлағы
7. Сергіту сәті
(Слайдтан көрініс көрініп тұрады).
Торғай, торғай, торғайсың, таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал, сонда аязға тоңбайсың.
Бар менің мысығым, көрсең оның пысығын.
Қақпалақтап ойнайды, ол әжемнің ұршығын.
Секіріп өт ордан да, секіріп өт жолдан да.
Күшік қуса жетпессің, машина басып кетпесін!
Атқа ерін саламын, секіріп мініп аламын.
Жүйрік желдей шабамын, бәйгеден мен озамын!
8. Қосымша материал. «Артық болмас білгенін»
- Ал енді, балалар, осы жануарлар қанша жыл өмір сүретінін білесің бе?
Шыбын үш апта, мысық пен ит 15 - 20 жыл, жылқы 30 жыл өмір сүреді. Ал кәдімгі торғай тіршілік ету жағдайына байланысты 2 - 3жыл қала ауыл ішінде, ал жабайы жағдайда 10 жыл өмір сүреді екен.
9. - Өлеңдегі кейіпкерлердің адамға қандай пайдасы бар?- деп оқушылардың ойын тыңдап, қорытынды шығару
10. Диалог туралы анықтаманы жазып алу
11. Өлеңді рөлге бөліп оқу.
ІV. Қорытынды..
12 Сабақты бекіту мақсатында слайдтан ұяшықтар шығады. Балалар ұяшық нөмірін таңдап, сұрақтарға жауап береді.
1. Өлең неліктен «Араша» деп аталған?
2. Мәтіндегі басты кейіпкерлерді ата
3. Ақты төгіп шашқан кім? Аққа қатысты тыйымдар айт
4. Төбетке қатысты сөз тіркестерін есіңе түсір
5. Кер құнанға қатысты көркем сөздерді ата
6. Диалог дегеніміз не?
Сабақты өлеңнің негізгі ойын ашатын мақал мәтелмен қорыту:
1. Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.
2. Ашу шабыстырады, ақыл табыстырады.
V. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді қара сөзбен мазмұндау.
2. Өлең мазмұны бойынша сурет салып, кішкентай буклет арқылы сюжетті диафильм құрастыру.
VІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, отырған оқушыларды мадақтау.
Барлығын бағалау
Сапар мен парта. Адырбек Сопыбеков
Ана тілі 4 класс Сабақтың тақырыбы: Сапар мен Парта (Адырбек Сопыбеков)
Мақсаты: а) Адырбек Сопыбековтың «Сапар мен Парта» мысалын түсініп оқуға, мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге жаттықтыру; ә) Оқушылардың танымдық қабілетін, сыни тұрғысынан ойлау мен жазуын дамыту; б) Мектеп мүлкін таза ұстауға, ұқыптылыққа баулу. Ағаш өсіруге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: пысықтау Сабақ түрі: дәстүрлі Сабақтың формасы: ұжымдық, жұптық Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, Қ. Баянбаев портреті, кітабы, «Араша» бейнелі сурет, кабинет суреті, емен ағашы Әдіс - тәсіл: СТО технология стратегиялары
Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі: а) Оқу құралының түгел болуын қарау; ә) Психологиялық дайындық Қызығушылығын ояту Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе, Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің. Сондықтан да келеді біле бергім.
Тапсырма 5 - сұрақ Мысал деген не? ♦ Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Әсірелеу деген не? ♦ Әсірелеу бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту дегенді білдіреді Теңеу деген не? ♦ Теңеу дегеніміз екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату Диалог деген не? ♦ Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог деп атайды Монолог деген не? ♦ Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен өзі сөйлескен сөзін монолог деп атайды.
Үй тапсырмасы: «Араша» Қастек Баянбаев 1. Жұптық тапсырма. Жазбаша сөйлеу 2. “Суретті таңда” ойыны Өлеңді рөлге бөліп орындау 3. Талдау
Мағынаны тану Бүгінгі сабағымызда «Сапар мен Парта» мысалын оқимыз. Адырбек Сопыбеков – балалар ақыны. Мәнерлеп оқу
Талдау – табыс кілті • Өлеңнің мысалға жататынын неден аңғаруға болады? • Парта Сапарға неге ренжіді? • Қалай ойлайсың, Сапар өз кінәсін мойындады ма? Оны өлеңнің қай шумағынан аңғаруға болады? • Мысалдан партаның ішкі сезімін білдіру үшін өздігінен сөйлеп кеткен жерін тауып оқы. Сенің өзіңмен-өзің сөйлескен кезің болды ма?
Ойлан ▪ Парта неден жасалады? ▪ Емен ағашы туралы не білеміз? ▪ Ағаш туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Біздің сыныпта Эссе Мұны білген жөн Гигиеналық талаптар 1. Мектептегі оқу жабдықтарының ара - қашықтығы келесідей болуы керек: а) парталар қатарының арасы – 60 см; ә) екі парта арасы – 50 см б) соңғы партаның тақтаға қарсы қабырғадан қашықтығы – 70 см в) мұғалім үстелі мен тақта арасы – 1 м г) бірінші парта мен тақта арасы – 2, 4 - 2, 7 м ғ) соңғы парта мен тақта арасы – 8, 6 см д) тақтаның жерден биіктігі – 80 - 90 см
Кабинет жабдықтарының өлшемі мен белгілері Ой толғаныс Алтын ереже • Мектеп мүлкін күтіп ұста • Партаны сызба • Партаны бүлдірме • Орындықты ырғыма • Шкафтың есігін жай ашып, жай жап • Кабинет есігін қатты жаппа • Партаны күтіп ұста • Әр бейсенбіде партаны тазалап сүрт
Қорыту ▪ Өлең неліктен “Сапар мен Парта” деп аталған? ▪ Бұл мысалдың негізгі ойы не? Үйге: “Сапар мен Парта” мысалын оқу Бағалау: Оқушыларды бағалау
Шыбын мен көбелек
Ана тілі. 4 сынып Сабақтың тақырыбы: Шыбын мен Көбелек Сабақтың мақсаты: Мысалды оқи отырып негізгі ойды анықтау.Өз бетінше жұмыс жасауға үйрете отырып, ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілетін дамыту. Мысалды оқи отырып, адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу. Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі Топтарға бөліну арқылы сайыс сабақ өткізу. Топ басшылары шығып, топтарымен таныстырады.
ІІ. Үй жұмысын сұрау. Сапар мен Парта. Мысалды адам кейпіне келтіріп, бейнелеу. ІІІ.Жаңа сабақ. 1. Кіріспе. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. 2. Автор туралы қысқаша дерек беру. Сейітқұл Оспанов. Шыбын мен Көбелек туралы әңгімелеп, айту. Екеуінің ұқсастығы мен айырмашылығын сұрау. Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зиянын айту. Тірек сызба арқылы мысалды талдату. 3. Сурет бойынша екеуіне мінездеме беру. ІV. «Кім мықты?» сайысы. а) І -топ тапсырмасы «Шыбын мен Көбелекті» рөлге бөліп оқу. ә) ІІ-топ тапсырмасы мысалдағы негізгі ойды жазу. б) ІІІ-топ тапсырмасы 4 жол өлең құрастыру. V. Сергіту жаттығуы. «Апта» деген шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Дүйсенбі мен Сейсенбі Сәрсенбі мен Бейсенбі Жұма, сенбі, жексенбі Жетеуінің есімі.
VІ. Үнтаспадан Шыбын мен Көбелектің диалогын тыңдату. VІІ. Қорытынды. Мақал-мәтелдер: 1.Алтау ала болса, ауыздағы кетер, Төртеу түгел болса, төбедегі келер. 2.Еңбек-бәрін де жеңбек. 3.Бірлік болмай, тірлік болмас. 4.Жұмыла көтерген жүк жеңіл. VІІІ.Бағалау. ІХ.Үйге тапсырма.