kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?ала "?лтты? аспап - асыл м?рам ?обызым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?аламда к??неден келе жат?ан аспап ?обыз аспабы туралы оны? сонау заманнан бері ?зілмей, жо?алмай, ел алдында жанарып, жаксы дамы?анды?ы жайнда жаздым. ?ор?ыт бабамыз баста?ан б?л аспап ел жанарып, жер жанарсада ?зінін ?нділігін, ?семдігін, бояуын жо?алтпа?анды?ы туралы баяндап, оны ?рі ?арай жал?астырушылар ?азіргі та?да сахына т?рінде елімізді? шы?армаларынан бас?а шет ел шы?армаларын ?иналмай орындап ж?ргендігі жайында баяндалды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ма?ала "?лтты? аспап - асыл м?рам ?обызым"»


Ұлттық аспап – асыл мұрам қобызым

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

Жунисбекова А.


Қобыз – көнеден қазақ халқының музыкалық аспабы. Ұлттық аспап – асыл мұра қобыз– ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Өнер киесін арқалаған бабаның өнегесін қадірлеп, өткенді ұмытқызбай, бабалар жолын жалғастырушы аспап – қобыз. Сондықтан, сонау ғасырлардан белгілі, халық арасынан шыққан қобыз өнеріне үлес қосқан, мәдениетіміздің алтын қорына айналған қобыз аспабының құдіреті мен оның тарихын баяндауды шектеусіз мақсат етіп келеміз. Қобыз аспабы қазақ халқы үшін атадан мирас болып, көз қарашығындай сақталып келе жатқан көне аспаптардың бірі. Қобыз – қазақ халық музыка аспаптарының үлкен бір тобы. Тарихқа көз жүгіртсек қобыздың пішіні ғасырлар бойы өзгермегенін байқаймыз. Совет ғалымдарының қобыз жайында айтқан пікірлерінде «Қобызды аққудың түріне келтіріп жасаудың зор тарихи дәстүрі бар»- десе академик Әлкей Марғұлан, А.Жұбанов «Қобыз аса бір қызықты аспап. Оның тұла бойына толып жатқан музыкалық қасиеті бар»- деп баға берген. Шындығында ғасырдан ғасырға үндесіп келе жатқан қобыз аспабы жаныңды еріксіз баурап, әдемі әсерге бөлейді. Қобыз сөзінің түркі тектес халықтарға, оның ішінде қазақтарға тән аспап екендігін байқаймыз.





Осы заманғы музыкалық аспаптар тарихи дамудың ұзақ және күрделі жолынан өткен. Кейбір деректерге сүйенсек ысқышты аспаптардың бірқатары орта ғасырлардың басында пайда болған деген ақпараттар бар. Көптеген тарихи деректерде қазақ даласында музыка өнерінің бастауы - Қорқыт бабамыз бен Ықылас атамыздың есімдерімен тығыз байланысты. Қобыз қазақ халқының көнеден қалған музыкалық аспабы, ұлттық мәдениетіміздің алтын қоры. Қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, ғасырлар сырын жетелейтін қоңыр үнді киелі аспапты VII-IX ғасырларда Қорқыт жасаған деседі. Қоныр үні жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін қобыз аспабын (қыл-қобыз) біздің дәуірге, біздің заманға жеткізген, әрі қарай дамуына бар саналы ғұмырын арнаған, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің іргетасын қаласқан, біртуар талант иесі Жаппас Қаламбаев. ХХ ғасырдың 1930-1936-шы жылдары ұлттық өнеріміз үлкен өзгерістерге ие болды. 1934-1936 жылдары қазақ халық аспаптар оркестрі құрыла бастады. Негізін қалаушы академик, өнертану ғылымының докторы, КазССР халық әртісі, профессор, көркемдік жетекшісі, алғаш дирижёр Ахмет Жұбанов болды. Оркестр құрылған шақта уақыт талабына сай көне аспап қобыз –жаңғыру жолдарына түсіп, жаңа түрлері пайда бола бастады. А.Жұбанов бастаған халық ұлт аспаптар оркестрі жоғары орындаушылық шеберлікке көтеріліп, оркестр құрамында қобыз аспабы кең ауқымын қамтыды. А.Жұбанов басшылығымен қобыз ұлт аспаптар оркестріне лайықталып,атақты шеберлер Қамар Қасымов пен Эмануил Романенко аспапты жетілдіруді жүзеге асырды. Екі шекті аспапқа тағы бір шек қосылып, кварта бұрауынан квинта бұрауына түсірілді. Тағы бір айырмашылығы - ішектерінің тарамыс (жилка) және темір, яғни сымнан жасалуы болды. Бұл өзгерістер қобызда ойнау және жасау өнерін үлкен бір белеске көтерді. Қобыздың мелодиялық, техникалық мүмкіндігін одан әрі арттыру 1953-1954 жылдары басталды. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Ш.Қажығалиев және концертмейстер-қобызшы Д.Тезекбаевтар аспаптың ішек санын арттыру идеяларын ұсынды. Осылайша – дауысы жоғары, дыбыс бояуы қобыз бен скрипка үн аралығында жаңа аспап – уш, кейінен төрт шекті прима-қобыз аспабы дүниеге келді. Жетілдірілген аспапта алғаш болып Ж.Қаламбаев ойнады. Біраз өзгерістерге ие болған аспапта - ойнау тәсілдері өзгеріп, дыбыс ауқымы, диапозоны, бұрауы жаңаланып, классикалық күделі шығармаларды ойнауға мүмкіндік алды. Шеберханаларда, Осакаровка фабрикасында қобыз жасап шығару ісі жүзеге асырылып, мектептерде, училищелерде, консерваторияда қобыз сыныптары ашылып, мамандар дайындалды. Ықылас бастаған Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев сияқты дарын иелері қобызда ойнаудың тәсілдерін, техникалық мүмкіндіктерін күрделендіре дамытып, көптеген жас талантттар дайындады; Г.Баязитова, Ф.Балғаева, А.Жаманшалова, З.Бейсембаева, Д.Тезекбаев т.б.

Жаңарған аспапта әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, құрылымын, олардың тембрі мен гармонияларын қабылдап, шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын тануға көмектесті. Прима-қобыз аспабы дыбыс шығаруы, дыбыс бояуы, оркестрге қосылуы, көлемінде өзіне тән ерекшеліктер бар. Аспапта ойнау тәсілі тырнақтың сыртымен, көбісімен ойнау болды. Бұл тәсіл дүниежүзінің ешбір аспабында қолданылмады. Мойны иіңкі, мойынбет болмайды, қыл ішектердің орнына скрипка ішектері тағылып, қыл ысқының орнына скрипканың жамығы (смычок) пайдаланылды. Табиғат ғұмырының, адамазат тыныс-тіршілігінің тетігі қозғалыста екенін ескерсек, онда дыбыс атаулының да бастау бұлағы қимыл әркект деп білеміз. Шындығында кез келген физикалық дене сыртқы күш әсерінен ғана өзіне тән дыбыс береді. Музыкалық аспаптардың да әрқайсысының өзіне тән дыбыс қуаты болады. Дыбыс неғұрлым қатты шықса, оның амплитудасы да арта түседі. Қыл- қобыз аспабының үнділігінен, дыбыс бояуынан, қойылымынан, скрипка аспабына жақын дамыған прима-қобыз аспабы көңілді ырғағымен өмірге қызықтыра, құлщындыра түсіп, мұңды сазымен өткенді бірер сәтке еске түсіретін, толғандыратын бұл аспап ерекшелігі – биіктігі мен ұзақтылығында, бояуы мен қуаттылығында болды. Заманнан заман өтіп, ел жаңарып, жер жаңарғанда да, небір қысталанды жылдарда да халықтың рухани жан серігі болған қобыз аспабы бүгін де, ертен де өз музыкалық дыбысын, мән-маңызын жоғалтпақ емес. Қазіргі таңда бабаларымыз салған жолды жалғастырушы көптеген талант иелері қыл-қобыз, прима-қобыз аспаптарында өз өнерлерін, шеберліктерін әлемге паш етуде.





Қобыз аспабымен қазір бүкіл дүние жүзі классиктерінің шығараларын орындауға болады. Д.К.Тезекбаев «Алғаш қобыз үйрену мектебі» атты әдістемелік құралын және «Қобыз сыры» атты шығармаларын жарыққа шығарып, сыныбынан сабақ алып, консерватория табалдырығын аттаған М.Кәленбаева, Ғ.Молдакәрімова, Р.Мұсақожаева, Т.Қарақожаева, Е.Сәбитов, Н.Байымбетова, Ш.Рашитова, Г.Өмірзақова, т.б. бүгінде аты белгілі қобызшылыр бар. Олардың бірқатары музыкалық оқу орындарында күні бүгінге дейін ұстаздық етіп келеді.





Әдебиеттер:

О.Бейсенбекұлы «Сазды аспаптар сыры» Алматы «Ана тілі» 1994 ж.

Қ.А.Уразгалиева «Қобызда ойнауды үйретудің педагогикалық негіздері» Астана 2010ж.

Ғ. Уразалиева –Шілдебаева «Ғасырлармен үндескен қобыз» Астана 2006 ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
ма?ала "?лтты? аспап - асыл м?рам ?обызым"

Автор: Жунисбекова Акбопе Жаксылыковна

Дата: 10.04.2016

Номер свидетельства: 317182


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства