kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Күй атасы - Құрманғазы. Құрманғазының өмірбаяны мен шығармашылығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:Күй өнерінің құдіретін қастерлеуге баулу,күй шежіресі Құрманғазы Сағырбайұлы туралы толық түсінік беру.

        Білімділігі:Құрманғазының өмірбаянымен таныстыру,шығармашылық жолын түсіндіру арқылы музыкалық білімін арттыру.Орындаушылық қабілетін арттыру.

        Тәрбиелігі:Оқушыны Құрманғазы күйлері арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.Шығармашылық белсенділігін,ізденімпаздылығын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Күй атасы - Құрманғазы. Құрманғазының өмірбаяны мен шығармашылығы»


Күй атасы-Құрманғазы.Құрманғазының өмірбаяны мен

шығармашылығы.



Сабақтың мақсаты:Күй өнерінің құдіретін қастерлеуге баулу,күй шежіресі Құрманғазы Сағырбайұлы туралы толық түсінік беру.

Білімділігі:Құрманғазының өмірбаянымен таныстыру,шығармашылық жолын түсіндіру арқылы музыкалық білімін арттыру.Орындаушылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі:Оқушыны Құрманғазы күйлері арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.Шығармашылық белсенділігін,ізденімпаздылығын арттыру.

Сабақтың түрі:жеке сабақ.Жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекіліктер:Күйшінің суреті,домбыра,үнтаспа,кітаптар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Жаңа сабақ.Оқушыға Құрманғазының өмірбаянымен,шығармашылығымен таныстыру.

3.Құрманғазы күйлерінен түсінік беру,күйлерін тындау.

4.Айжан қыз,балбырауын күйлерімен жұмыс.

5.Үйге тапсырма.Бағалау.

2.Жаңа сабақ.Құрманғазы Сағырбайұлы(1818-1889)жылдар аралығында өмір сүрген.Қазақтың ұлы күйші композиторы,қазақ музыкасының классигі.Туып-өскен жері Бөкей хандығы,қазіргі Орал облысы,Жанақала ауданы,Жиделі деген жерде өмірге келген.Топырақ бұйырған орны Астрахан(ресей)облысының қазіргі «Құрманғазы төбе» деген жер.Құрманғазының әкесі өнерге мойын бұра алмаған,шаруа адам болыпты.Құрманғазы даулескер күйші Соқыр Есжанның алдын көріп,Дәулеткерей,Баламайсан,Шеркеш сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.Құрманғазының ұстазы-Ұзақ күйші болған.Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты күрделі кезең болған.Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған,шектен шыға бастаған кезі еді.1836 жылы Исатай Тайманұлымен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісінде Құрманғазыда болған.Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады.Бұл күй Құрманғазының ең алғашқы күйлерінің бірі болатын.1857 жылы Құрманғазыны түрмеге қамалады.Сібірге айдатылып бара жатқан жерінен қашып құтылады.Екінші рет Орынбор түрмесіне қамайды.Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады. «Қайран шешем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Саранжап» Құрманғазының 70-тен аса күйлері бар.

3.Құрманғазының көптеген күйлері бар.Соның бірі «Терісқақпай» күйі. «Терісқақпай» аттас күйлер көптеп кездеседі.Құрманғазының «Терісқақпай» күйінде, «Адай», «Түрмеден қашқан» күйлері сияқты атшабыстың ырғағы бар. «Терісқақпай» бастаған жерден-ақ қажырлы болып келеді.Күйдің ырғақтық қалыптасуы басқа күйлерге соқпайды.Мұнда қағыстың әлді үлесі-қаққан қолдың жоғары қарай шығуына тура келеді.Сондықтан бұл күйдің ырғағында акцент табиғи түрде болмай ауысып келеді.Күйдің ауысқан акцент-синкопа арқылы орындалуы осыдан. «Терісқақпай» ешбір буыныда дыбыс күшін тоқтатпайды,әлсіремейді,еш жерде баяуламайды.Қайта кей жерлерінде музыка дүрлігіп кетеді.Қиын болған себепті бұл күйді көрінген домбырашы ойнай алмайды.Орта дәрежелі домбырашылар бұл күйдің кейбір кезеңдерін ала алмайтын болғасын,әлі күнге дейін бұл күй халық оркестрінде орындалмай келеді.

4.Құрманғазының «Балбырауын» күйі-жігерлі,өмір жырын жырлайтын,көңілді,оптимистік шығарма.Музыкалық тереңдік,техникалық даму,динамикалық күш жағынан тендесі жоқ. «Балбырауын» күйінің шығу тарихы Браун деген неміс бал ұйымдастырып,соған түрмеде жатқан Құрманғазыны алдырады.Құрманғазы осы күйді сол жерде бірден шығарып орындаған екен.Бұл күйде ауыл жастарының ойын-сауығына арналған.Күйдің музыкалық кейпіне қарағанда,онда бидің негізі бар,көңілді,шабытты,ырғағы жеңіл болып келеді.Күй соль мажор үндестігінде жүреді.Басынан аяғына дейін 2-4 өлшемде жүреді.Күйдің басталғандағы үш такт ырғақтық дәнін берумен қатар,аса жүрдектігінен,динамикасынан хабар береді.Күйдің бірінші бөлімінде қажырлы түрде терция бойы жоғары өрлеп басталады.Бұл бөлімнің арғы буынында музыкалық ырғақ құбылып,екі дауыс ырғақтық үндестікке келеді.Екі дауыстың қозғалыстары бірыңғай болып біраз кідіріп,осы бөлімнің соңғы буынында секвенциялап төмен түскен жүріс,құбылу арқылы пайда болған оналтылық үлестер-қаптай жүріс,бір жерден қозғалу суретін келтіреді.Күйдің бұдан кейінгі бөлімдерінде музыкалық кейіп конструкциялық құрылыс жағынан ойда қалғандай жаналық болмайды.Жоғарыда баяндалған эпизод кезектесіп жүгіріп отырады.Домбыраның жоғарғы регистріне өрлеген сайын құбылып,кей жерлерде кеңейіп-динамикалық жақтары күшейіп отырады.

«Айжан қыз».Л.Хамиди мен Б.Ғизатовтың «домбыра үйрену мектебі» атты бұрынғы еңбектерінде бұл күй халық күйі деп берілген.Бірақ бұл күйдің ішкі құрылысы,стилі,тақырыбы жөнінде үңілсек Құрманғазы күйлеріне ұқсастық әуені және ойнау тәсілдерін сезінеміз.Мысалға, «Қызыл қайың», «Балбырауын» күйлері.Құрманғазы бейітінің басындағы ауылдың бір шетінде жазда су тұрақтайтын сайдың аты «Айжан қыз» сайы деп аталады екен.Жаздың ыстығында суға түскен жас қыз Айжан жүзу білмей суға кетеді.Осы қайғыны көрген Құрманғазы «Айжан қыз» деп күй шығарып,сол су тұрған сай «Айжан қыз» атымен аталып кеткен.Сол себепті бұл күй Құрманғазының күйі деп берілген.Күй үш бөлімнен тұрады.2/4,4/4 өлшемдер ауысып келіп отырады.

5.Үйге тапсырма Құрманғазының «Айжан қыз», «Балбырауын» күйлерін қайталау.






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Күй атасы - Құрманғазы. Құрманғазының өмірбаяны мен шығармашылығы

Автор: Сейтова Гулбану Жумашевна

Дата: 24.02.2018

Номер свидетельства: 459314

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "к?йшілік ?нер"
    ["seo_title"] => string(14) "kuishilikonier"
    ["file_id"] => string(6) "316096"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460021256"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1950 руб.
2440 руб.
1570 руб.
1960 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства