Просмотр содержимого документа
«Білім а?ыл-ой дариясы.doc»
Алматы облысы,Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Абидоллаева Мерует Әшімқызы
Сабақтың тақырыбы: Білім-ақыл-ой дариясы.
Мақсаты: Білімділік. Пән бойынша білік дағдыларын қалыптастыра отырып, Ы.Алтынсариннің өмірі шығармалары жайлы,т.б. өнер адамдарының әдеби, музыкалық мұраларын түсіндіру.
Тәрбиелік: Ән тыңдау, ән айту арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды сүюге, тәрбиелеу.
Дамытушылық: Әнді орындау, жұмбақтар шешу арқылы ой-өрістерін дамыту.
«Құтты білік» әні Ж.Еңсепов әнінің әуені ойнап тұрады. Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеру, жан-жағын жинастыру, сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.
-Балалар , білім ордасы не?
-Мектеп. Мына өлең жолдарын тыңдап көріңдер. Үнтаспадан өлең тыңдау. Не ұқтыңдар кім айтады?
Сендерді оқу-білімге, өнерге, білімпаздыққа шақырып тұр.
Тақтадағы мақал-мәтелдерге қараңдар.
«Ғылым таппай, мақтанба,
Орын таппай, баптанба».
(Абай)
Оқусыз білім жоқ, Оқу –білім бұлағы,
Білімсіз күнің жоқ. Білім-өмір шырағы.
(халық мақал-мәтелі)
Жасыңда оқыған оқуың-тасқа жазғанмен тең.
Үлкейгенде оқыған оқуың-мұзға жазғанмен тең.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып, тақырыптарды жазыңдар.
«Сүйікті мектебім» әні Ө.Байділдаев
өлеңі: Ш.Смаханұлы
тыңдау.
Ыбырай Алтынсарин
«Құтты білік» әні : Ж.Еңсепов
өлеңі: Ж.Баласұғни
аударған А.Егеубаев үйрену.
«Сүйікті мектебім»
әнін жазған: Ө.Байділдаев
Ән көңілді айтылады өлшемі 2/4 қай нота басқыштан басталып тұр. (4 фа , кілт белгісінде 2 # ) Ән үш шумақтан тұрады. Тыңдау.
Ыбырай Алтынсарин 1841 -1889 жылдары өмір сүрген Торғай облысының Николаевск уезі Арақарағай болсында туған. Ы.Алтынсарин –қазақ халқының аса, көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, қоғам қайраткері, фольклорист, энциклопедист.
Балғожа би немересі Ыбырайға:
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл қойсаң басыларсың,
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың»
деп хат жазып, ғылымды сүюге тәрбиелейді.
Ы.Алтынсарин домбыра аспабында жақсы ойнай білген.