Просмотр содержимого документа
«Аспаптарды? атасы-?обыз. ?ор?ыт »
Аспаптардың атасы қобыз. Қорқыт
Музыка 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Аспаптардың атасы қобыз. Қорқыт Сабақтың мақсаты: Білімділік: ҮІІІ - ІХ ғасырдағы Қорқыт бабамыздың өмірімен таныстыра отырып, қобыз аспабының шығу тарихымен және күйлерімен танысу. Жаңа ән үйрену. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, есту қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру. Тәрбиелігі: Оқушыларға адал болуға, Қорқыт бабамыздың өмірін үлгі ете отырып, батылдыққа, әділдікке, өнерлі болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, Сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс, ән айту Көрнекілігі: Қобыз аспабы, Үн таспа, интерактивті тақта, баян, күйшілер портреттері т. б
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру 1. Сәлемдесу. Сә - ле - мет - сіз - бе сөзін До - ми - соль - ми - до ноталары арқылы музыкамен амандасу 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1. Жетіген аспабының шығуы, құрылысы 2. Б. Ғизатов «Әліппе» әнін жатқа әуенімен қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ Жоспары: 1. Қобыз аспабымен танысу. 2. Қобыз аспабында орындалатын күйлерді тыңдау. 3. Қобыз аспабының шығу тарихы 4. Қорқыт өмірі 5. Қорқыттың күйлері 6. Қорқыттың күйлерінің шығу тарихы.
3 - слайд. Қобыз түрлерінің суреттері Өнер – қай халықтың болмасын тарихымен бірге жасасып, біте қайнасып келе жатқан ұлы құбылыс. Ежелден өнер сүйген, табиғатынан әнге әуес, күйге құмар халқымыздың рухани қазынасы өте бай. Сол мұралар үніне құлақ түрсек ата - бабаларымыз басынан өткерген қилы - қилы замандармен сан ғасырлардан шежіре боп сыр шертеді. Қобыз аспабының дыбысын тыңдай отырып қандай аспа екенін табу. Қобыз аспабының түрлері өте көп. Прима қобыз, қыл қобыз, бас қобыз, контра бас қобыз т. б. Қобыз аспабының құрылысымен таныстыру. Қобыз аспабына арналған күйлерді тыңдау. Қорқыттың «Қоңыр» күйін тыңдай отырып оқушыларға қобыз аспабының құдіретімен таныстыру. Қобыз аспабын ойлап тапқан күйшіміздің бірі Қорқыт баба. Ежелгі заманнан бері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі, аты аңызға айналған Қорқыт баба және оның күйлері, халқымыздың атадан балаға тараған
шежіресі бойынша қазақ топырағында музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Қорқыт баба 8 - 9 ғ - да Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген.(Қазіргі Қызылорда қаласы). Қорқыт оғыз - қыпшақ тайпасынан шыққан асқан сәуегей, бақсы балгер, ойшыл жыраулық, күйшілік өнердің атасы.
2 - слайд. Топтастыру Қорқыт ↓ Күйші Жыршы Бақсы, балгер Асқан сәуегей әрі көріпкел
3 - слайд. Қорқыт бабаның бейнесі. Қорқыт дүниеге келерде күн күркіреп, найзағай ойнап, қатты дауыл тұрады. Жер дүниені қараңғы түнек басып, жұрттың үрейін ұшыратады. Бала анасынан туа тіл бітіп сөйлей бастайды. Алғашында бұл бір жеті басты жалмауыз болар деп қорыққан жұрт, оның адам нәсілі екенін көргенен кейін ғана көңілдері жайланады. Бұл ерекше қасиетті болып өмірге келуі арқылы бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан да атын «Қорқыт» деп қояйық деп нәрестенің есімін Қорқыт қояды. Қорқыт өте сезімтал, өнерлі бала болып өседі. Ол көптеген күйлер шығарады. Ол халқы мен елінің тағдыры, болашағын ойлап, көкірегі қарс айырылады, адамдардың қайғы - қасіретіне ортақтасып, мұң - шерін бөліседі. Қорқыттың өмірге келуі де кетуі де бізге дейін аңыз түрінде жеткізіліп келеді. ІХ - ХІ ғасырда тұрғызылған Қорқыт атамыздың мазары қазіргі Қызылорда обл. Қорқыт теміржол станциясынан 3 шақырым жерде болған. Сырдарияның тасқын суынан мазар 1960 ж құлап қалады. 1980 ж зиратқа жақын жерге архитектор Б. Ыбыраев пен С. Исатаевтың жобасы бойынша 8 метр, 4 тарапқа қаратылып тұрғызылған қобыз бейнесіндегі жасалған ескерткіш орнатады. Жел соққанда қобыз сарындас үн шығарады. Ал Қорқыт ата ескерткішінің ішкі жағында «Түйетабан» өрнектерімен нақышталған. Ол Қазақстандағы үздік тарихи ескерткіштердің бірі. Қорқыт атаның кітабы түркі халықтарына ортақ мұра. Бұл кітап ХҮ ғас - да жазылған. Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы. Аңыз күйінде баяндалады. Қорқыт оғыз - қыпшақ ортасындағы саяси әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн жоралғыны, салт - дәстүрді реттеуші батагөй дана. Қорқыт ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана іс болмасын Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін орындаған. Қорқыт күйлерінде терең философиялық тебіреніс, элегиялық көңіл күй, майда қоңыр лиризм тән. Күйші өз күйлерінде тағдырдың қайғы қасіретін, мұңын шертіп ботадай боздатса, бірде мәңгілік өмірмен сұлулық жырын төгіп, аққудай сызыла сұңқылдатады. Қорқыттың көптеген күйлері бар. Оның 11 - і таспаға енген. Олар: «Қорқыт», «Ұшардың ұлуы», «Елім - ай», «Халқым - ай», «Әуіппай», «Башпай», «Желмая», «Тарғыл тана» т. б Қорқыттың күйлері шығу тарихы аңыз түрінде белгілі. Мысалы: «Әуіппай» күйінің шығу тарихына тоқталатын болсам. Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда Сырдарияның жағасына бала көтеріп бір ана келеді. Бала жылай береді. Қорқыт баласын «Әуіппай, әуіппай» деп жұбатып тұрған анаға арнап осы күйін шығарған. Оқушыларға сұрақ қою. Алда қандай үлкен мереке келе жатыр? Жауабы: Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жыл мерекесіне орай әндер үйренеміз. Сондай әндердің бірі К. Қуатбаев «Ақша қар» деген әнін үйренеміз. Ән айту бөлімі. Әнді тыңдап әннің әуенін сезіне білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру, дыбыс биіктігі, дыбыс ырғақтарын келтіріп айтуға үйрету.
ІҮ. Қорытындылау 1. Оқушылар Қобыз аспабының құрылысын бөлшектеп соны қайтадан орын - орынына қойып құрастыру керек. 2. Топтастыру Оқушылар әр түрлі түсті таңдай отырып Қорқыт кім? деген сұраққа жауап береді
Ү. Үйге тапсырма Қорқыт туралы оқу.«Ақша қар» әнін жаттау.
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Жарияланды 30-09-2014, 23:52 Категориясы: Музыка
Музыка 1 сынып Тақырыбы: Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Мақсаты: а) білімділігі: ән, күй, би, марш жанрларының күрделі музыкаға ұласуын түсіндіру, опера ұғымы туралы түсінік беру, музыкалық ертегі операмен таныстыру, әнді динамикасымен айтып үйрету. б) дамытушылық: ойын технологиясын пайдалана отырып, балалардың шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін дамыту в) тәрбиелігі: бірлікке, достыққа, тәрбиелеу. Әдістері: сұрақ - жауап, ребус шешу. Түрі: дәстүрлі сабақ Типі: аралас сабақ Көрнекілігі: тсо, магнитофон, баян, домбыра, тірек сызбалары
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. а) психологиялық дайындық «Мы разные ребята» муз: Д. Кабалевского орындау. 2. Үй тапсырмасын сұрау. а) Музыка нені бейнелейді? б)«Біз бақытты балдырғандар»әнін жаттап келу. в) жеке дауыста орындату. г) хормен орындату
Негізгі бөлім: Жаңа сабақ: Әуенді тап ойыны арқылы музыка жанрларына ажырату. - Балалар, музыканың қандай жанрларын білесіңдер? - ән, би, күй, марш жанрлары - «Әуенді тап» ойыны арқылы музыка жанрларын ажыратыңдар 1 «Ағаш әскерлер маршы» П. И. Чайковский тыңдау 2 «Полька» М. Глинка тыңдау 3 «Қосалқа» халық күйі тыңдау 4 «К нам приходит новый год»муз: В. Герчик. сл: З. Петровой - Жарайсыңдар, музыкаға байланысты суреттер тақтаға ілінеді. ( МАРШ ӘН БИ КҮЙ)
- Бүгінгі, сабағымыздың тақырыбы: Ән, би, күй марш қайда жетелейді?- деп аталады. ОПЕРА БАЛЕТ СИМФОНИЯ сияқты күрделі музыкаға жетелейді. Бүгінгі сабағымызда ән жанрына ерекше тоқталамыз. Музыкалық сауат: Ән - операға жетелейді. Опера күрделі музыкалық жанр. ОПЕРА КІРІСПЕ БӨЛІМ НЕГІЗГІ БӨЛІМ ФИНАЛ (соңғы бөлім).
Үш бөлімнен тұрады. Операда ән айтылады, би биленеді, дуэтпен, жеке дауыста ән айтылады, хормен ән айтылады. Барлық музыка сахнада орындалады. Осыған орай «Қасқыр мен жеті лақ» музыкалық ертегі операмен танысамыз. Бәріміз теледидарға көңіл аударайық. Ертегіден үзінді көреміз. Музыканы тыңдағанда қасқырдың дауысына, ешкінің дауысын және лақтардың дауыстарын бақылап отырамыз. Музыка тыңдау:
1. Кіріспе «Сказка к нам пришла» тыңдау 2Негізгі бөлім «Ярмарка» тыңдау 3.«Песня козлят и волка» тыңдау әні: М. Коваль.
4. Финал «Мама»әні орындау Қасқырдың дауысы қалай орындалып тұр? Ешкінің дауысы қалай орындалып тұр? Лақтардың дауысы қалай орындалып тұр?
Дауыс жаттығуы «Өз орныңды тап» ойыны арқылы до мажор гаммасын құрастырып, әуенімен орындау. Ойынның шарты: Әр сатыда адасқан ноталар орналасқан, соны тауып ретімен орналастыру қажет. - Жарайсыңдар, әнімен айтып жіберейік, стаккатомен орындайық.
Жаңа ән үйренейік: Бүгінгі сабағымыз ән жанрына арналғандықтан қазір композитор К. Қуатбаевтың «Ән сабағы» әнін үйренейік. 1Хормен оқу 2Әуенімен таныстыру 3 Динамикасымен орындау
Бекіту: Ребус шешейік. 1 Марш, күй бізді қайда жетелейді? 2 Операның бірінші бөлімін ата. 3 Жеті лақтың анасын ата. 4 Музыка жанры. 5 Ән бізді қайда жетелейді?
Қорытынды: Музыканы қайта тыңдай отырып, импровизация Үйге тапсырма: Ән жаттап келу
Музыка - сезім тілі
Жарияланды 8-08-2014, 00:00 Категориясы: Музыка
Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Шығармашылық Оқу іс - әрекет түрі: Музыка Тақырыбы: «Музыка - сезім тілі» Мақсаты: Музыканың құдіреттілігін ұғындыру. Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру. Мұқият тыңдауға, зейінділікке баулу. Би қимылдарын ырғаққа сәйкес, әсем қозғала орындауға дағдыландыру. Музыканың динамикалық реңкін анықтай алуға үйрету. Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, қайталау, сұрақ - жауап Көрнекілігі: Үнтаспа, слайд, электронды оқулық, микрофон, композитор В. Шаинскийдің суреті, әуесқой сазгер А. Н. Еспенбетованың бейнехаты, музыкалық баспалдақ, ойынға қажетті заттар
Оқу іс - әрекетінің барысы: 1. Бастапқы жүріс «Балдырғандар маршы» Ш. Қалдаяқов Марш ырғақты әуенмен балалардың қатар түзей, ырғақты сезіне, ширақ адымдай жүре білулеріне мән береді. Балалармен әндете сәлемдеседі: Са - ла - мат па, ба - ла - лар? Марш әуенімен қатар бойлай, ырғақты тыңдай, ара қашықтық сақтай жүреді, әуен аяқталуымен дәл тоқтайды. Әндете сәлемдеседі: Са - ла - мат - сыз ба? 2. Әуенді - ырғақты қимылдар. «Мир похож на цветной луг» В. Шаинский - Балалар! Мен сендерге бір әннің үзіндісін тыңдап көруді ұсынғым келіп тұр. (тыңдатады) - Әннің көңіл - күйі қандай? (Көңілді) - Дұрыс айтасыңдар, көңілді ән. Ендеше қазір бәріміз осы әннің ырғағын қол соғулармен, аяқ топылдатулармен, ырғақты қимылдармен әйгілеп, әуенге ілесіп билеп көрейікші... Бірақ жақсылап тыңдап, ән ырғағын дәл аңғаруға тырысыңдар, жарай ма? - Жақсы биледіңдер. Ән сендерге ұнады ма? - Би билеу ше? - Бұл әнді композитор В. Я. Шаинский жазды. (Суретін слайд арқылы көрсетеді.) (В. Шаинскийдің балаларға арналған әндері көп. Мысалы: «Голубой вагон», «Настоящий друг», «Чунга - чанга» т. б.) Композитор - музыка ойлап табады. Жаңа сендер қатар түзей жүргенде ойналған әуен мен осы әннің сипаты, ырғағы бірдей ме? (- Жоқ. Бірінші ән - марш сипатты, ырғағы бірыңғай қысқа дыбыстармен беріледі. Ал екінші ән - би сипатты, ырғағы әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстармен берілген.) - Яғни, музыка бір - бірінен сипаты, ырғағы бойынша ерекшеленеді екен. Бүгінгі үйренген ырғақты қимылдар есімізде қалуы үшін тағы да қайталайық... Ал композитор В. Я. Шаинский бізді бақылап тұрады, ырғақтан жаңылысып қалмаңдар. (Үйренген ырғақты қимылдарын қайталайды. Ырғақты дұрыс ажыратуға тырысады.) Іздену - ұйымдастыру бөлімі - Жақсы, енді жайғасып отырып музыка тыңдайық 3. Музыка тыңдау «Қуыршақтың мұңы» П. И. Чайковский - Музыка көңіл - күйлеріңе қалай әсер етті? - Музыканың көңіл - күйі қандай? (Мұңлы, көңілсіз) - Дұрыс айтасыңдар, мұңлы, көңілсіз музыка екен. Бұл - сендер сияқты кішкентай балалардың тыңдауына арналған шағын музыкалық шығарма. - Егер осы музыкалық шығарманы сендер жазған болсаңдар қалай атар едіңдер? Мазмұны не туралы деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы) - Композитор бұл шығарманы «Қуыршақтың мұңы» деп атапты. Музыка арқылы ауырып қалған қуыршақтың көңіл - күйін жеткізуге тырысыпты. - Балалар! Жаңа сендер ырғақты қимылдар орындағанда қандай көңіл - күйде болдыңдар? (Көңілді) - «Қуыршақтың мұңы» атты шығарманы тыңдағаннан кейін көңіл - күйлерің өзгерді ме, жоқ па? (- Иә, көңілсіз күйге түстік.) - Ал сендер ол музыкалардың көңіл - күйін білу үшін қолмен ұстап байқадыңдар ма? Әлде көзбен көрдіңдер ме? (Жоқ, тыңдадық) - Дұрыс, тыңдау арқылы білдіңдер. Музыка тыңдағанда әр түрлі сезімге бөленуге болады. Музыкада тілдік шекара жоқ. Әлемдегі барлық халықтардың музыкасын тыңдап, айтқысы келген ойларын түсінуге болады. Сондықтан музыка - сезім тілі делінеді. Ал музыка әсерлі, түсінуге жеңіл болу үшін музыка бояулары көмектеседі. Ол туралы бізге «Ақылды тақта» баяндап береді.(Эл. оқулықтан түсіндірме әңгіме) 4. Дауыс жаттығулары. - Балалар! Мен сендерге үнтаспадан бірнеше дыбыстарды тыңдатып көргім келеді. Мынау ненің дыбысы? Мынау ше? (Дыбыстарды танып, атайды) - Барлық дыбыстарды дұрыс таптыңдар. Бұл дыбыстарды мен бір сөзбен «Шулы дыбыстар» деп атар едім. Себебі мен «Музыкалық дыбыстардың» болатынын білемін. Шулы дыбыстардың белгілі биіктігі, өзара байланысы жоқ. Ал музыка - лық дыбыстардың өз биіктігі болады, жағымды естіледі. Біз оларды музыкалық аспаптарда ойнап немесе әндете, қалауымызша соза аламыз. Қане, айтып көрейікші. - Алдымен, 7 нотамызды тура және кері бағытта әндетейік.. -«Әлдилеп» бөпемізді ұйқтатайық..... т. б. 5. Ән айту 1. Балалар қалауы бойынша 2. «Сырда туған баламын» А. Еспенбетова Өткен әндердің әуенін ойнап, таныс әнді тани білулеріне мән береді, қайталатады. Ән сөздері, әуені дұрыс сақтала, әуезді орындалуын қадағалайды. - Балалар! Жаңа ән үйренгілерің келе ме? - Бұл ән Сыр өңірінде, Қызылорда жерінде тұратын балалар үшін арнайы жазылған. Әнді үйренбес бұрын алдымен ән авторының сендерге жолдаған бейне хатын тыңдап алайық. (Ән авторының балаларға бейне хат жолдауын тыңдатады. Ән үйрету әдісін ескере, әннің 1 - шумағын үйретеді. Ән сөздерін анық, әуенін дұрыс меңгерулеріне көңіл бөледі) 6. Ойын ойнау «Қатты немесе ақырын» дидактикалық ойын - Балалар! Музыка мазмұнын ұғынуға, әсемдеуге динамикалық реңкі де көмектесетінін білдік. Мен сендерді «Қатты немесе ақырын» деген ойынды ойнауға шақырамын. (Ойын шартын түсіндіреді) - Менің қолымда қима қағаздар бар. Олардың түсі қандай екен, айтып беріңдерші... (Ашық қызыл, қанық қызыл қима қағаздарды көрсетеді) - Дұрыс, қызыл түсті қима қағаздар. Ал олардың айырмашылықтары бар ма? - Дәл сол сияқты бір ғана музыканы үш түрлі дыбысталуда тыңдауға болады екен. Ойын шарты бойынша музыка ақырын естілсе ашық түсті, орташа естілсе қызыл түсті, қатты естілсе қанық қызыл түсті қима қағаздарды көтеріп белгі берулерің керек, жарай ма? (Ойынға қатысады. Ойын арқылы дыбыстардың динамикалық реңкін ажыратуға үйренеді) Рефлексивті коррекциялаушы - Балалар, мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын «Тілші» деп аталады. Сендер тілшілердің қызметі туралы білесіңдер ме? Тілшілер ел арасында өнерімен, еңбегімен, ерекше талантымен т. б. танылған адамдардан сұхбат алады. Сұхбат дегеніміз кәдімгі әңгімелесу, немесе сұраққа жауап беру. Мен тілші болайын, сендер менің сұхбаттасушы серіктестерім болыңдар. Қойылған сұраққа толық, анық, барынша нақ жауап беруге тырысыңдар, жарай ма? Ойнаймыз ба? - Бастадық онда! (Әуез жетекшісі қолына микрофон ұстай сұрақ қою арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды) - Бүгінгі оқу іс - әрекеті барысында қандай музыкалық іс - әрекеттер орындалды? - Қандай музыка тыңдалды? - Мазмұны туралы не айта аласыңдар? - Музыканы біз қалай түсіне аламыз? (Тыңдап, сезіну арқылы) - Музыка бір - бірінен қалай ерекшеленеді? (Ырғағы, сипаты, көңіл - күйі, жылдамдығы бойынша) - Композитор кім? (Музыка жазатын адам) - Шулы және музыкалық дыбыстар туралы айтып берші? т. б.
Күтілетін нәтиже: Музыкалық іс - әрекеттер түрлерін орындау дағдылары жетіледі. «Композитор», «Шулы және музыкалық дыбыстар», «Музыка бояулары» ұғымдарына түсінік алады. Музыканың динамикалық реңкін анықтап үйренеді. Жаңа әннің 1 - шумағымен танысады. Ән салуға ықыластары артады. Өз ойларын еркін жеткізуге машық - танады. Ырғақты дұрыс ажыратуға қалыптасады.
Арнау әндер мен күйлер
Жарияланды 25-04-2014, 05:24 Категориясы: Музыка
Тақырыбы: «Арнау әндер мен күйлер» Құрманғазы Сағырбайұлы «Аман бол, шешем, аман бол» - тыңдау; Сөзі: О. Әубакіровтікі Әні: К. Қуатбаевтікі «Ақ әжем» әнін - үйрену; Мақсаты: «ана», «әже» тақырыбын сабаққа арқау ете отырып, жаңа сабақты меңгерту және қорытындылау; Тәрбиелік мәні: Сабақта арқау еткен негізгі ұғымдар арқылы музыка тыңдап және ән үйрене отырып, үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, ізетті болуға тәрбиелеу; Дамытушылық мәні: оқушылардың топпен, жеке жұмыс жасау қабілеттерін дамыту және сабақта алған білімдерін өмірмен байланыстыру қабілеттерін дамыту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту;
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларын қолдану; Көрнекіліктер: интерактивті тақта, домбыра, әннің сөзін монитордан көрсету, слайдтар, кеспелер, маркерлер, баян, үнтаспалар т. б Сабақтың өту барысы:
Кіріспе: (күй ойналып тұрады) Оқушылармен амандасу. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады. I. Қызығушылықты ояту: «ББҮ» сызба әдісі Күтілетін нәтиже: • бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыра алады; • ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алады; • ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады; • ақпаратпен өз бетінше жұмыс жасай алады;
«Ассосация» стратегиясы қолданылады. Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру; Күтілетін нәтиже: * проблема туралы өз білімін ұсыну; * ұсынылған проблеманы толық қорытындылай алу; * таным әрекеті процесінде қарым – қатынас шеберлігі; * білімді проблема бойынша актуалдандыру;
Сабақ «арнау» сөзіне ассосация жасаудан басталады. (2 минут) Дәптер арнау, өлең арнау, жыр арнау, күй арнау, ән арнау т. б
Әр топ өз ойларын ортаға салып талдайды. Аудиторияға ұсынады. II. «Мағынаны тану: «жигсо» әдісі қолданылады. Күтілетін нәтиже ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгере алады; *Меңгерген ақпаратты баяндап айтып бере алады; * мәтінмен өз бетінше жұмыс жасай алады; * жаңа ақпаратпен жұмыс жасауға ынталы болады; * өзгені тыңдап өз ойын ашық айта алады; * өзі оқиды және өзгені оқытады; * таным әрекеті процесінде қарым-қатынас;
- Оқушылар, орнымыздан тұрып экспорттық топтарға барайық. Ол үшін әрбір жанұя мүшесі 1 - 2 - 3 деп санайды. 1 - деп санағандар 1 - ші топқа, 2 - деп санағандар 2 - ші топқа, 3 - деп санағандар 3 - ші топқа (1 минут ) 1 - ші топ: Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақтың ұлы күйші сазгері. Құрманғазы өмір бойы теңсіздікпен, байлардың зорлық зомбылығымен күресіп өткен. Сол кездегі жағымсыз әрекеттерге қарсы шығып, әділеттілікке шақырған аталарымыздың бірі. Бұл қылығы үшін патшаларға да, байларға да жақпаған ол жазықсыз бірнеше рет түрмеге қамалады. 2 - ші топ: Бір күні Құрманғазыға жала жапқан Ақбайдың Әубәкірі деген бай оны ұры деп патшаға арыз жазып, оны жендеттеріне ұстап әкелуді бұйырады. Құрманғазы отбасымен қаннен - қаперсіз отырғанда патшаның солдаттары келеді. Оны жан - жақтан қаумалап ұстап, сыртта тұрған арбаға айдап алып барады. Сол кезде анасы Алқа қасына келеді. Анасы құшақтап, қоштасып, маңдайынан сүйеді. Сол кезде Құрманғазы әлі күнге дейін мәпелеп өсірген анасына еш көмек көрсете алмағанына қынжылып: «Қашан сенің ақ сүтіңді ақтаймын, тек саған уайым мен қайғыдан басқа еш нәрсе көрсете алмадым - ау»,- деп қолына домбырасын алып бір күй шертеді. 3 - ші топ: Әр адамның қандай да болмасын ішкі сезімі болады. Сол сезімді музыка арқылы немесе күй арқылы жеткізеді. Ол өте жақын адамдарға арналғандықтан арнау әндер мен күйлер тақырыбына жатады. Ондай әндер мен күйлер әр сазгерде де бар. Соның бірі - ұлы күйші Құрманғазы шығармашылығында. Оның анасына арналған бірнеше күйі бар. Мысалы: «Қайран шешем», «Аман бол, шешем, аман бол», «Алқа»
Сергіту сәті: Күй әуенімен қазақ биінің қимылдарын көрсетіп билеу.(1 минут) Дауыс жаттығуын жасау. «Әже» туралы әнді үйреніп орындау.( 5 минут) • әннің сөзіне талдау жасау • әннің авторларымен танысу • әнге музыкалық талдау жасау • әнді үйрену
Ақ әжем Сөзін жазған: О. Әубәкіров Әнін жазған: К. Дүйсекеев
1. Өзің мені өсірген, Айналайын ақ әжем. Тентек болсам кешірген, Шөлдедің бе ай дана әжем? 2 рет
2. Шай қайнатып келейін, Шекер салып жан әжем. Өзім құйып берейін, Балдай тәтті бал әжем. 2 рет
III. Ой - толғаныс: «Галереяға саяхат» стратегиясы қолданылады. Мақсаты: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, суреттеу, қорытындылау.
Күтілетін нәтиже: *ақпаратпен ықыласты жұмыс жасау; *ұсынылған проблема жайында өзгелердің пікірін білу; * эстетикалық талғамның талапқа сай болуы; *сараптау, жинақтау, бағалау; * мәтін бойынша белгілеп алу, сұрақ қою, тұжырымдау;
Арнайы дайындалған плакаттарға Наурыз туралы алған білімдерін суреттеп салады немесе жапсырма қағаздарға өз пікірлерін жазады (5 минут) Әр топтан бір оқушы шығып жасаған жұмыстарын тақтаға іліп талқылайды. ( 5 минут) Бағалау: Оқушылардың сабақ барысында сабаққа қатысымын ескере отырып бағалау.( 2 минут) Үйге: Наурызым - нақыл жыр әнінің сөзін жаттау. Наурыз тойы тақырыбына 5 минуттық эссе жазып келу.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
0
барлық дауыс бергендер: 0
Ілмек сөздер: музыка, арнау әндер мен күйлер, Құрманғазы Сағырбайұлы күйші
Қазағымның үні сенсің, домбыра
Жарияланды 28-03-2014, 15:53 Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазағымның үні сенсің, домбыра 5 - сынып
Мақсаты: домбыраның шығу тарихы, алтын домбыра туралы аңызбен таныстыру, асыл домбыраны қастерлеуге баулу; кеш қонағы - домбырашы ұстаздың өнер саласына келу жолымен танысу, көкейдегі көп сауалға жауап алу. Домбырам, досым менің күй аңсаған, Өзімді, өмірімді киям саған. Шағымда шабыттанған, қиялдаған, Шапағын, бар шаттығын құяр маған, - деп ақын М. Мақатаев жырлағандай, бүгінгі «Қазағымның үні сенсің, домбыра» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
«Домбыра туралы баллада» әні (жеке орындауда)
Алтын домбыра жайлы аңыз. Қасиетті «домбыра» атауының шығу тарихы. (Оқушылар Ө. Жәнібековтің «Уақыт керуені» кітабында берілген дерек бойынша түсіндіреді). Күй халықтың ұлттық сазына жата ма, күй деген ұлттық ұғымды қалай түсінеміз? Күй – адам сезімін, психологиялық күйін түрлі аспаптар арқылы сыртқа шығаратын халық мұрасы. Оны шығарушыны күйші, композитор, ал жеткізушіні орындаушы дейді. Күй – омонимдес сөз: күй – заттық ұғым, күй – қимыл ұғымы мағынасын атқаратын сөз.
Самал қағып сыңғырлап шертілгендей, Дүбірді естіп боз тарлан желпінгендей. Күмбірлеп қоңыр үнің естілгенде, Көңілдің қара бұлты серпілгендей.
Халық күйі «Кеңес». Орындайтын – Сыры бар Қаратаудай қатпарланған, Алаулап жалын күйден тастар жанған. «Өрт шалып дүниені кетпесін!» деп Ежелден домбыра ғой сақтандырған.
Енді менің жолдасым – жалғыз қобыз, Сарна, қобыз, мұң – зарлы шығар лебіз. Сен жыласаң, жылармын мен де бірге Жан жыласа, жыламай қала ма көз?!
Күй белгілі бір оқиғаға немесе адамның көңіл күйіне байланысты қазақ даласын шарлайды. Ендігі сәтте «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихына құлақ түрейік. (Оқушы) «Домбырасыз сән қайда?» әні (хормен айтылады). Шертеді бұл домбыра дала сырын, Айтады жүректегі баба жырын. Күмбірлеп күй төгеді шанағынан, Аяулы анамыздай – жанашырым.
Заман - ай» күйі. Орындайтын: Біздің ата – бабамыз сөзшең болып, өзгенің де ұтқыр және өткір ойын ризашылықпен қабылдап, сөз қадірін білген халық. Ендеше, ортаға бүгінгі қонағымызды шақырайық. Домбыра қайда барсам тастамаймын, Әнменен сенсіз өлең бастамаймын. Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен, Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын, - дегендей, осы домбырашылық өнер сіздің мамандығыңыз, жүрегіңіздің қалауы деп айтсақ, қателеспейміз бе? Өзіңіз бұл туралы не айтар едіңіз? Жауап: Енді көкейдегі көп сауалға кезек берейік. (Оқушылар тарапынан қонаққа сұрақтар қойылады). Жан жолдас жас күнімнен қайда барсам, Жаныма жүре алмаймын байламасам. Дауысыма дауыс қосып әсер береді, Жаңғыртып тау мен тасты айқайласам. Сізден «Дариға, домбырамды берші маған» әнін орындап беруіңізді сұраймыз. Тұңғыш аспап – қобыз, күйші Қорқыт екен. Біз білетін күй атасы, оның күйлері туралы не білеміз? 1 – оқушы. Күй атасы – Құрманғазы, «Кішкентай» күйі туралы мәлімет, 4 – оқушы. «Кісен ашқан» күйінің шығу тарихы 2 – оқушы. «Қайран шешем» күйінің шығу тарихы 3 – оқушы. «Балдырған» күйінің шығу тарихы 5 – оқушы. «Сарыарқа» күйінің шығу тарихымен таныстырады.
Өзінен әсем әуен қалықтаған, Қос ішектен аққу күй шарықтаған. Ескі көзден қалған сен мұра едің, Аялап ертеңдерге алып барам, - дей отыра, кешімізді аяқтаймыз. ( Қонаққа ескерткіш сыйлық ұсынылады).
Кері қайту
Материал рейтингісі:
0
барлық дауыс бергендер: 0
Ілмек сөздер: Музыка, домбыра, қазағымның үні сенсің, күй туралы, ұлттық музыка аспаптары Жариялаған Перуза Оқылды: 698 (рет) | Пікірлер: 0 Баспаға шығару
Басқа жаңалықтарды оқу:
Күй атасы - Құрманғазы
(Музыка)
Дәстүрлі күйшілік өнер
(Музыка)
Дина «Тойбастар»
(Музыка)
Халық күйі «Тепең көк»
(Музыка)
Күй атасы – Құрманғазы
(Музыка)
Күй атасы - Құрманғазы
Жарияланды 7-02-2014, 17:24 Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Күй атасы – Құрманғазы
Сабақтың мақсаты: Ұлы күйші Құрманғазы шығармалары арқылы оқушыларды рухани байыту, өнер арқылы шығармашылық ойларын мақсатында және музыканы саналы түрде қабылдауға, мәнерлеу дыбысы арқылы музыканың даму ерекшелігін анықтауға. Сабақтың міндеттері: а) білімділігі: Күй атасы – Құрманғазы туралы толық мағлұмат беру. ә) дамытушылығы: Оқушылардың ән – күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту. б) тәрбиелігі: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу, Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: Құрманғазы сурет, мақал - мәтелдер, психологиялық тренинг, слайдтар.
Сабақтың барысы: 1: Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Психологиялық дайындық: Үлкендерге сіз, Кішілерге біз, Әдеппен бас иіп, Сәлем бердік біз!
Үй тапсырмасын тексеру: 1. Аспаптық музыка дегеніміз не? 2. Күй дегеніміз не? 3. Күй нешеге бөлінеді? 4. Қандай күйшілерді білеміз? 5. Дәулеткерейдің күйін ата?
ІІІ. Жаңа сабақ 1. Психологиялық тренинг Балалар музыка сабағында қандай жанрларымен танысамыз? Сұрақтарға жауап беру? - Ән, күй, би, жыр - Ән, би, күй, жырлар неге жатады? Әрине өнерге.
Өнер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз «Өнерлі бала - сүйкімді», Өнерліге - өріс кең. - Әнді, күйді, жырды, биді орындайтын өнер адамдарын не дейміз? - Әрине әнші, күйші, биші, жыршы. «Аман, бол шешем, аман бол»- Құрманғазының, күйін тыңдау. - Балалар, бұл қандай күй? - Кімнің күйі деп ойлайсыңдар?
Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйлерді «арнау күйлер»- деп атайды. Соның бірі – Құрманғазының анасына арнаған «Аман бол, шеше, аман, бол» күйі. Торы атты ертіп, жолға Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алады да, қоштасып бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай - ақ білді. Өйткені, бірінші бастамасының өзі «Аман, бол шешем, аман, бол» деп айтып тұр еді. Иә, балалар, бұл күйдің авторы - қазақтың халық композиторы, күйші Құрманғазы Сағырбаев. Әрине бүгінгі жаңа сабағымыз «Күй атасы - Құрманғазы» туралы өтеміз. Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші, композитор. Құрманғазы Сағырбайұлы – Батыс Қазақстанда 1818 жылы дүниеге келген. Құрманғазы Сағырбайұлы – алғашқы ұстазы Ұзақ күйші. Құрманғазы Сағырбайұлы – күйлері: «Ақсақ құлан»,»Адай»,»Қайран шешем», т. б. күйлер бар. Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы - теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол - заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық - зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Ол 71 жасында қайтыс болды. - Құрманғазының шәкірті кім? - Шәкірті – Дина Атақты күйші Динаға «Қайран шешем» күйін үйретіп отыр еді. Сырттан аттың дүбірін естиді. Құрманғазыны тұтқынға алып, ол домбырасын Динаның қолына ұстатады». Мұрамды саған тапсырамын, халқыма жеткіз», дейді. Құрманғазы тек күйші емес, оның шәкірті атақты күйші апамыз Дина Нұрпейісқызы.
Жұмбақтар шешу: Ұзын мойын, Екі ішек. Қатар - қатар текпішек. Басып көрсең бір - бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.(домбыра) Әрине Домбыра аспабының қасиеттілігін атайықшы Тақтаға шығып плакатқа жазады Домбыра - еңбекқорлыққа үйретеді. Домбыра - шежірені білуді талап етеді Домбыра - адамның ішкі - жан дүниесін емдеп, көңілің көтереді, денсаулықты нығайтады. Домбыра - әдебиеттің дамуына ықпал етеді. Домбыра - жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды. - Музыка дегенде не ойлайсыңдар? Көз алдарына не елестейді? Сұрақтарға жауап беру. - Ән, күй, әнші, домбыра. - Өнер деген не? - Күй тартатын адамды кім дейді? - Күйші Күй - домбырада және басқа да халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма. Күйші - күй шығарып, оны домбырада орындайтын адам. Күйлер - тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тарихи күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
ІҮ. Бекіту: Балалар бүгін біз қандай күйшімен таныстық? Әрине Құрманғазы Сағырбайұлы. Енді тыңдайтын Құрманғазының «Сарыарқа» күйі. Күй тарту арқылы сурет саламыз. Күй тыңдай арқылы көз алдымызға не елестейді, әрине жайлау, тау, қазақтың ауыл жері, балалар суреттерін түсіндіреді. Сабақты қорытындылаймыз: Сұрақ - жауап: 1. Бүгін біз сабақта қандай күйшімен таныстық? 2. Құрманғазының қандай күйлерін білеміз? 3. Музыка дегенде не ойлайсың? 4. Өнер деген не? 5. Күй тартатын адамды кім дейді? 6. Құрманғазы шәкірті кім?
Ілмек сөздер: Сабақ жоспары музыка пәнінен, күй туралы, күйші Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова
Ән болып қалықтаған...
Жарияланды 22-09-2013, 14:33 Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Ән болып қалықтаған... Шәмші Қалдаяқов – «Ана туралы жыр»
Мақсаты: Композитор туралы мағлұмат беріп, шығармаларымен таныстыру. Адамгершілікке, сұлулыққа, әсемдікке, патриоттыққа, ұлтқа, Отанға, туған жерге деген құрмет сезімдерін ояту. Ш. Қалдаяқовтың әндерінің мазмұны, шығу тарихы өзінің өмірлік жолымен тығыз байланысты екенін түсінуге, ұғуға үйрету арқылы ойлау, түсіну, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: үнтаспа, ҚР рәміздері, суреттер. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгіме, түсіндіру, көрсету, тыңдату.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу Оқушыларды түгелдеу. Психологиялық тренинг 2. Үй тапсырмасын сұрау. Тест
1. (слайд) Ән болып қалықтаған... Шәмші Қалдаяқовтың суреті
Жаңа сабақ. Картамен жұмыс Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар. Осы көлдің жағасын 1927 жылы бір жағы қыстамшылық қуған Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, осында мекендеп қалады. Қалдаяқтың шын аты - Әнапия. Оң аяқ балтырындағы үлкен қалды көріп жүрген жеңгелері оны Қалдаяқ атап кеткен. Татарлардың гармонын, қазақтың домбырасы мен қобызын ш ебер орындайтын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді. Басқа баладай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап Қалдаяқ: - Мен сені қиссадағы Жамшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Мына даусың патша емес әншіге көбірек ұқсайды екен,- дейді. Баладан басқа байлығы жоқ кедей әрі өнерпаз әке баланың атын Жамшид қояды. Жәмшит деген ат алған сол бала отыз жыл өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып «Қазақ вальсінің королі» атанды.
Слайд Шәмшінің суреті
- Ш. Қалдаяқов шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айналысқан. - 1956 жылы Алматы консерваториясына оқуға түскен. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде 300 - ге жуық туынды жазды. Оның шығармашылығында махаббат тақырыбындағы әндер ерекше орын алады. «Әнім сен едің» «Қайықта» «Сыр сұлуы» «Арыс жағасында» «Ақмаңдайлым» «Бақыт құшағында» «Қуаныш вальсі» тағы басқа әндері шырқалып жүр.
2. (слайд) Музыка тыңдау ережелері Папури тыңдау.
Шәмші өзінің қайталанбас бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі ән өнерін биік белеске көтерді. Танымал әндер жазудағы тамаша табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығын алды. Шәмші өзінің жанындай жақсы көрген әкесі қайтыс болғанда үлкен кесене салдырды. Ал, өзің ақ сүтімен асыраған анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол -«Ана туралы жыр». Көрініс: Жәмшит - Шәмші атанып оның композиторлық атағы шартарапқа шарлап кеткенде, анасы айықпайтын дертке ұшырайды. Өзінің о дүниелік екенін сезген анасы Алматыдағы Шәмшіні шақыртады. «Балам,- бұл өмірден жас кеттім демеймін. Маған келіннің қызығын көруді, немере сүюді бұйыртпапты. Тағдыр солай да, қайтейін. Жалғыз тілеуім - сен аман бол. Бұл өмірде әнің ұзаққа кетсін
3.(слайд) Ән айту ережелері Ана туралы жыр Сөйтіп, 1957 жылы уәдесінорындап Ана туралы жыр әнін дүниеге әкелді.
4.(слайд) жары Жәмиля қарындасы Раушан
5.(слайд) Қ. Р. мемлекеттік рәміздері Менің Қазақстаным орындау 6. (слайд) Мұқағали Мақатаев Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі – Латиф Хамиди. Бұлбұл, Қазақ вальсі, Отан, Аққу, Романс, Лаула, кастёр т. б ән - романстары бар.
7 (слайд) Мұражайдың суреті Қорытынды; 1. Қалдаяқ тұрған жер? 2. Қалдаяқтың шын аты? 3. Жамшит қандай мағынаны білдіреді? 4. Шәмші қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 5. Шәмшінің мұражайы қай қалада? 6. Шәмшінің қарындасы кім? 7. Шәмшінің жары? Венн диаграммасы
Үйге тапсырма Шәмшіге арнап ақындар қандай өлеңдер жазған Шәмшінің әндерін орындап жүрген әншілерді анықтау. Бағалау
Кері қайту
Материал рейтингісі:
0
барлық дауыс бергендер: 0
Ілмек сөздер: Музыка, Шәмші Қалдаяқов, ән күй
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Жарияланды 11-06-2013, 10:55 Категориясы: Тәрбие сағаты
«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»
Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту; а) білімділік: әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру; ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту; б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті, аспаптар, кітаптар көрмесі, буклет, видео, слайд.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлеметсіздер ме балалар! Біз бүгінгі тәрбие сағатында қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың түрлерімен, ойнау әдісі мен жасалу жолымен танысамыз. - Оқушылар қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер? - Домбыра аспабының құрылысын кім айтып бере алады? - Күй дегеніміз не? - Күйші дегеніміз кім? - Күйшілерді айтып беріңдерші? Ендеше оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі бөліміне көшейік.
II. Негізгі бөлім. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді. Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті. «Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл - сәл кем бұра. Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.
Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбеков еңбектерінде жақсы көрсеткен. Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан обылысы Күршім ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен «Қос ішек» күйінің аңызы.
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек – қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. (күй тыңдату Құрманғазы «Адай» орын: Мұрат Әбуғазы)
Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады. Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған. (бейнебаян)
Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды. (үнтаспа «Қылқобыз сарыны»)
Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.
Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді. (бейнебаян) Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48 - 50 см., қалыңдығы 8 - 10 см, 7 - ден 13 - ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады. (бейнебаян)
Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық - этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады. (бейнебаян)
Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми - бемоль”, “фа”, “соль” ноталары. (үнтаспа)
Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» әуендері мен «Шаңқобыздың толғауы» сияқты күйі де бар. (бейнебаян)
Мүйіз сырнай - ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. Сырнай - сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар беруші аспап ретінде қолданылған. Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар. Бұғышақ. (бейнебаян)
Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады. (Бейнебаян)
Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.
Сақпан – (зырылдауық) қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде бұл аспапты малшылар мен бақташылар мал қайыру үшін қолданатын болған. Кейін зырылдауықтың “сақпан”, “шартылдауық”, “зымырауық” деген түрлері музыкалық аспаптарға айналды. Қазіргі кезде бұл аспаптар “Сазген”, “Адырна” көне аспаптар ансамбльдері мен әйгілі “Отырар сазы” оркестрінде қолданылып жүр. Зырылдауық аспабының жасалу әдісі күрделі болғанымен, ойнау тәсілі өте қарапайым. Ол музыкалық шығармаларда кездесетін оқыс дыбыстарды ойнау үшін қолданылады. Қазақ халық музыкалық аспаптары музейінде зырылдауықтың бірнеше үлгісі сақталуда. Олар белгілі шебер Дәркембай Шоқпарұлының шеберханасында қалпына келтірілген.
Дабыл – бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап. Даусы күркіреп шығады. Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрібар: қазандауылпаз, нардауылпаз.
Даңғыра - қазақтың көне ұрмалы - сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет - ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.
Кепшік – қазақ халқының көне ұрмалы аспабы. Кепшікті тұтас ағаштан шауып жасаған. Кейінгі жетілдірілген түрлері тегенге ұқсас – дөңгелек шеңбер ағаш. Иіліп жасалған ағаш шеңберге иленбеген мал терісін айналдыра қайыс баумен байлап бекітеді. Тері әбден кепкен соң шеңбер кенересіне тартып қаптайды. Кепшіктің іші қуыс, бір жағы ғана көн терімен қапталады. Даңғыра аспабынан айырмашылығы шанағының ішіне темір теңгешелер ілінбейді. Дыбысы шаңқылдаған ащы. Кепшікте ойнау саусақ буындарының ептілігі мен икемділігін қажет етеді. Ертеде Кепшікті қыз - келіншектер бидай суырып, сұлы ұшырып, тары тазалау үшін тұрмыстық мақсатта қолданып келген. Кейін келе оны би ырғақтарын сүйемелдеуге, ал бақсы - балгерлер зікір салып, ауруларға ем жасағанда өз әуендерін сүйемелдеуге қолданатын болған. Музыкалық мақсат үшін соқпалы құрал ретінде пайдалану ісі осы бақсылардың өз дауыстарын сүйемелдеп зікір салу әрекетінен туындаған.
ІІІ. Музыка тыңдату. Дәулеткерей «Кероғлы» Сұрақтар: 1. Қандай аспаптар бар құрамында? 2. Қандай көңіл - күйде болдыңдар, не сездіңдер? 3. Кімнің күйі?
IV. Қызығушылығын ояту. (жұмбақтар жасыру)
Тартылған екі арқаны ұзын бойға, Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла. Әр жерде аршындалған балдағы бар, Ойнайды он бармағың білсе қайла. (домбыра)
Созылған үні, Сүйкімді тілі. Үрлесең ойнайтын, Аспаптың бірі. (сыбызғы)
Тиіп кетсе жылаған, Даусы көпке ұнаған. (домбыра)
Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды, Азынаса көмейінде мал жылайды. Құйрығын қара жерге тіреп алып, Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)
Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ, Мойыны жануардың бунақ - бунақ. Айылын екі жерден мықтап тартып, Кетеді қамшы бассаң зулап - зулап. (домбыра)
Ел қорғайтын ерлікке, Батылдыққа ерлікке. Әуенімен шақырған, Қандай аспап балалар. (дабыл)
Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан, Сылдырап әр буыны үнін қосқан. Он адам жолдас болып еңбек етсе, Аралап он екі үйге қонақ болған. (домбыра)
Жеті шектен жеті түрлі үн шығар, Әуезінен жеті тарау мұң шығар. Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар, Бұл қандай аспап? (жетіген)
Қос желі, үш жерінен қазығы бар, Құбылған қоңыр желден азығы бар. Желіні сабалайды дыңылдатып, Байғұстың соншама не жазығы бар. (домбыра)
V. Дидактикалық ойын: «Аспапты тану» Ойын ережесі бойынша аспаптардың үні үнтаспадан тыңдатылады. Оқушылар қандай аспап екенін айтулары керек.
VI. Бекіту. 1. Қандай аспаптармен таныстыңдар? 2. Б. Сарыбаев кім? 3. Көне музыкалық аспаптарды қай жылдан бастап зерттеді? 4. Ойнау тәсіліне байланысты аспаптар қандай түрге бөлінеді? 5. Ертеде ішектерді неден жасаған? 6. Бүгінгі тәрбие сағаты ұнады ма? 7. Көңіл - күйлерін қандай?
VII. Қорытынды. Ұлы жазушы М. Әуезов «әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен. Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
«Сиқырлы музыка аспаптары» Шаңқобыз. Дабыл
Жарияланды 14-09-2013, 23:00 Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы музыка аспаптары» Шаңқобыз. Дабыл Мақсаты: 1. Білімділік: ұлттық аспаптармен таныстыру. Аспаптың дыбыс тембрін ажыратуға үйрету. Ұрып ойнайтын аспаптардың ерекшеліктерімен, дыбыс бояуымен таныстыру. Ән айту, музыка тыңдау ережелерін сақтауға баулу. 2. Дамытушылық: есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: ұлттық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу, жан - жақты эстетикалық тәрбие беру. Көрнекілігі: оқулық, аспаптар – баян, домбыра, шаңқобыз, асатаяқ, қоңырау, мүйіз, дабыл, интерактивті тақта (слайдтар), электронды оқулық. Сабақ түрі: аралас Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгіме, пікірталас Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі; 2. Үй тапсырмасын сұрау; 3. Жаңа сабақ; 4. Оқулықпен жұмыс 5. Сергіту сәті; 6. Музыка тыңдау; 7. Жаңа ән; 8. Аспапты тап (сөзжұмбақ); 9. Сабақты қорытындылау; 10. Үйге тапсырма; 11. Оқушыларды бағалау. Оқушылармен сәлемдесемін: Оқушылар: Саламатсыз ба, ұстазымыз Өнер, білімге біз құштармыз. Мұғалім: Саламатсыз ба балалар, Ұстаз еңбегін бағалар. "Жас дәуірдің түлегіміз" (И. Нүсіпбаев) әнінің әуенімен орындалады., Үй тапсырмасы – сазсырнайды есімізге түсіреміз
Жаңа сабақ: Шаңқобыз. Дабыл. «Керней, сырнай тарттырып, Даңғыра, дабыл қақтырып, Барып түсті Алпамыс, Қаракөзайым үйіне...» («Алпамыс батыр» жырынан үзінді). Балалар, бұл өлеңнен нені ұғуға болады? Қандай аспаптардың аттарын естідіңдер? Дұрыс, керней, сырнай, даңғыра, дабыл деген аспаптардың аттарын естідік. Олай болса бүгін ұрып ойнайтын аспаптармен танысамыз. Ол – дабыл, дауылпаз, тұяқ, қоңырау.
Оқулықпен жұмыс: Күннің ретін, сабақтың тақырыбын, музыка тыңдауды жазамыз. Оқулықты ашып, аспаптарға берілген анықтама оқылып, жұмбақтар шешіледі. Аспаптарға арналған қысқа қайырманы орындап беремін.
Дабыл – ерте заманнан бері келе жатқан ұрып ойнайтын аспаптың бір түрі. Ол барабан тектес ұрып ойналатын ұлттық аспаптың ішіндегі ең көне түрі. Ағаш шеңбердің екі жақ бетіне тері керіліп тартылады. Ағаштан немесе қайыстан жасалған тұтқасы бар. Дабыл шабуылға, бейбіт күндері мейрамға шақырғанда, аң аулауға шыққанда ойналған.. Мұны «дабыл қағу» деп атаған. Өзінің қызметіне қарай көлемі үлкенді – кішілі болған. Бұл аспап көптеген көршілес елдерде де бар. Қазақтың халықтық саз аспаптар мұражайына сақтаулы тұрған дабылдың бірнеше түрін көруге болады.
Тұяқ – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады. Тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оның ішін әбден тазартып күнге кептіреді. Қолға ұстауға ыңғайлы болу үшін белдеуше бау тағады. Қоңырау – бұрынғы кезде қоңырауды бесікке байлаған, тұрмыс - тіршілікте пайдаланған. Үні таза шығу үшін таза жез немесе мыстан құйып жасаған. Қалыңдығын өзгерту арқылы дыбыс ауқымын өзгертіп отыруға болады.
Шаңқобыз – қазақтың көне музыкалық аспабы. Ол темірден, ағаштанр, кейде күмістен жасалады. Шаңқобызда ойнағанда оны тістеп тұрып, кішкене темір тілшігін қозғау арқылы дыбыс шығарады. Дыбыс бояуы (тембрі) өте әсем және өте нәзік екі дауысты ән айтып тұрғандай болады. Аспаптарды көрсетемін, қолдарына ұстатамын, слайд көрсетемін және видеодан дыбыстарын тыңдатамын. Сергіту сәті: «Сырнай мен дабыл». Мұғалім: - Ойнап көрші сырнайды Сырнай былай жырлайды. Балалар: - ГУ, ГУ, ГУ, ГУ Мұғалім: - Соққанда дабылды, Үн шығады жаңғыра. Балалар: - Даң, даң, даң, даң.
Енді балалар, мына аспаптармен халық әні «Еркем - айды» орындап көрейік. Алдымен өзім орындап беремін. Сосын тақтаға оқушыларды шығарып, қолдарына аспаптарды беремін. Содан кейін бәріміз әнді орындаймыз. Еркем - ай Айт дегенде өлеңді аңырмаймын, Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын, Еркем - ай. қ/сы: Еркем, еркем, еркем - ай, Еркелеген еркем - ай. Еркелеген еркемді Еркелетсем екен - ай.
Музыка тыңдау: Композитор Н. Тілендиевтің күйі «Ата толғауы». Балалар, бұл күйде жаңағы айтқан аспаптардың барлығы бар. Жаңа ән: «Наурызым - мерекем» әні мен сөзі Ақзира Еспенбетованікі. Балалар, біз ұлттық аспаптар деп жатырмыз, олармен таныстық, дыбыстарын естідік, қолымызға ұстап көрдік. Енді біздің қандай ұлттық мерекеміз келе жатыр? Кім айтады? (Балалар жауап береді). Дұрыс. Жаңа жылымыз - Наурыз мерекесі, яғни ұлттық мерекеміз жақындап келеді. Олай болса «Наурызым - мерекем» әнін үйренейік. Әні мен сөзін композитор А. Еспенбетова жазған. Алдымен өзім орындап беремін. Сосын сөзін балаларға оқытамын. Содан кейін әнді үйретемін. Әннің характері туралы сұраймын. «Наурызым - мерекем» 1. Күн күліп көктен, Шуағын төккен. Келді наурызым, Сағынып жеткен. қ/сы: Наурызым – жыл басы, Өзіңді өлкеде, Бөбектер жырласын. 2. Бусанып дала, Босап қар мұздан. Тыста бар бала Ойынға қызған.
Сөзжұмбақ шешу. «Аспапты тап». Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде «Аспаптар» деген сөз шығады. 1. Шертіп ойнайтын аспап 2. Үрмелі аспап 3. Музыка жазатын адам 4. Ұрып ойнайтын аспап 5. Ұрып ойнайтын аспап 6. Шертіп ойнайтын 7 ішекті аспап 7. Сілкіп ойнайтын аспап 8. 3 ішекті шертіп ойнайтын аспап.
Электронды оқулықтан көрсетемін «Аспаптардың үнін тап». Сабақты қорытындылау: Оқушыларға үлестірмелі карточкалар таратамын. Жауаптарын белгілеп береді. Сұрақ қоямын: Қандай аспаптармен таныстық? Қандай күй тыңдадық? Қандай ән үйрендік?
Үйге тапсырма: шығармашылық папкаға аспаптардың суреттерін салып келу. Анықтаманы жаттау. Әнді жаттау.
Ән-күй - халық қазынасы
Жарияланды 11-05-2013, 06:29 Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ән - күй - халық қазынасы. Мақсаты: а) дәстүрлі өнер түрлерін оқытып, үйрету арқылы оқушының ұлттық психологиясын қалыптастыру. Ән - күй, бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәндерінің байланысы арқылы өнерге баулу. ә) ән - күй тарихына тоқтала отырып, осы саладағы тарихи тұлғаларды үлгі тұтып, туған жерді сүюге тәрбиелеу. б) оқушылардың әуенді түсініп, сезіне білуін, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін арттыру. Көрнекілігі: әннің әуендерінен үзінділер, ән мазмұнын бейнелейтін суреттер слайды. Құрманғазы, Динаның портреттері. Киіз үйдің макеттері. Түрі: ойын сабақ (топтық жарыс) Бағдарламасы: 1) Әуенді тап ойыны. 2) Музыкалық терминдер. 3) Сырлы да сазды әуен. 4) Күй - күйші, ән мен әнші 5) Қорытындылау
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: кең зал іші күмбірлеген күйге толы. Сынып безендіріліп, оқушылар 2 топқа бөлініп жайғасады. Әр топтың алдына сигналдық белгі беру құралы қойылады. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, «Ән - күй - халық қазынасы» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгін сіздер музыка пәні бойынша алған білімдеріңізді ортаға салып, сайысқа түскелі отырсыздар. Баршаңызға сәттілік тілей отырып, ойын сабағымызды жалғастыруды жүргізушілерге тапсырамын. Ортаға жүргізушілер шығады. 1 - жүргізуші: Ән барады айналып гүл даланы, Таң самалы толқиды жылғадағы Ағысынан тынбайтын тіршіліктің Жайнатады даласын нұр жанары. 2 - жүргізуші: Ән әуенде төгіледі бүгін бір үн Таратқандай әлемге ғұмыр нұрын. Сандуғаштай сайрайды серпіп тастап Аспанның көк күмбезді шымылдығын. Екеуі бірге: «Ән - күй - халық қазынасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымыздың алғашқы «Әуенді тап» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңнің шарты: мектеп бағдарламасында берілген халық әндерінің және балалар әндерінің әуені әр топтың таңдауы бойынша орындалады. Сол әуенді қай топ бірінші болып тапса сол топ 5 ұпай алады. 1 - жүргізуші: Ән әуенін табыңдар Бәрің бермен келіңдер! Бұл қызықты ойынды Тамашалап көріңдер. 2 - жүргізуші: Еш қиыны жоқ мұның Сазын білсең өлеңнің Түсінсеңіз болғаны Құдіретін өнердің. Бұл ойыннан қашпайық Әуенін тауып тастайық Әзір болсақ бәріміз Ал ойынды бастайық! (Ойын соңында ұпай саны есептеледі.)
2 - кезең «Музыкалық терминдер» Шарты: Экранда музыка пәні бойынша сұрақтар және жауабының 3 нұсқасы беріледі. Қай топ дұрыс нұсқасын бірінші болып тапса 10 ұпайға ие болады.
Сұрақтары: 1. Қай ән тұрмыс - салт әні? А) Қараторғай Ә) Елім - ай Б) Бесік жыры 2. Әнді шығарушы адам: А) ақын Ә) жырау Б) композитор 3. Қосалқа күйінің авторы кім? А) Құрманғазы Ә) Дәулеткерей Б) Қорқыт 4. Қайсысы үрмелі аспап? А) жетіген Ә) шаңқобыз Б) сазсырнай 5. Оркестрді басқарушы адам: А) әнші Ә) дирижер Б) күйші 6. Сахналанып, ән айтылып, би биленетін ертегі: А) пьеса Ә) вальс Б) опера 7. Көп адамның бірігіп ән айтуы: А) концерт Ә) хор Б) дуэт 8. Музыка тілінде дыбыстың өте қысқа, жеңіл орындалуы: А) фермата Ә) стаккато Б) крещендо 9. «Көкшолақ» әнінің авторы кім? А) Кенен Әзірбаев Ә) Ибрагим Нүсіпбаев Б) Жаяу Мұса 10. Құрманғазының шәкірті болған күйші: А) Дина Ә) Сармалай Б) Ықылас (Ойын соңында ұпай саны есептеледі)
3 - кезең «Сырлы да сазды әуен» Мұғалім:- Балалар әрбір әннің, әуеннің өзіне тән мазмұны, мәні бар. Ән жайдан жай шықпайды. Оған белгілі бір тарихи оқиға, көңіл күй әсер етеді. Соның салдарынан әншінің көкейінен ән туындап, сол оқиғаны бейнелейді. - Ал, сендер қалай ойлайсыңдар тағы қандай өнер иелері өз ойларын бейнелеп көрсете алады? - Ақындар, суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер т. б. - Дұрыс айтасыңдар, балалар, біздің ендігі кезеңіміз әнші мен суретші арасындағы байланыс туралы болмақ. Әнші өз ойын ән арқылы жеткізсе, суретші бейнелеу арқылы яғни қылқалам арқылы жеткізеді. - Қандай атақты суретшілерді білесіңдер? - Қ. Телжанов, Г. Исмайылова, Ә. Қастеев т. б.(портреттері бойынша әңгімелесу) Бұл кезеңнің шарты: Суретшілердің салған суреттері көрсетіледі. Сол суреттердің өздерің білетін қандай әнге қатысты бейнеленгенін табу. Қай топ бірінші тапса сол топ әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алады. Төмендегі әндерге сай бейнеленген суреттер көрсетіледі. 1. Қамажай 5. Алатау 2. Мектебім 6. Шырша әні 3. Ақсақ құлан 7. Жетім бала 4. Ортеке 8. Бесік жыры. (ойын соңында ұпай саны есептеледі)
4 - кезең «Күй - күйші, ән мен әнші» - Балалар, сендер музыка пәні арқылы көптеген күйшілерді, композиторларды, әуелете ән салған әншілермен таныс болдыңдар. Қандай атақты композиторларды, күйші, әншілерді білесіңдер? - Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Ықылас, Қорқыт, Жаяу Мұса, Ақан, Біржан т. б. - Дұрыс айтасыңдар, ендеше сендердің алдарыңда осындай дарынды да таланттылар шыққан қазақ даласы бейнеленген. Келесі кезеңіміздің шарты: Осы даланың көрінісін тойлы ауылға айналдыру. Ол үшін жайлауға ата - бабамыздан мұра болып қалған киіз үйлерді тігіп, ою - өрнектермен безендіреміз. Ол ою - өрнектердің бір жартысына күйші, композиторлардың аттары жазылған ал екінші жартысына топ мүшелері шығармасының атын жазып киіз үйлерге жапсырады. Қай топ бірінші аяқтаса сол топ 30 ұпай алады. (Кештің соңында барлық кезеңнің ұпайлар саны анықталып, жеңімпаз топ марапатталады.) Сайыс «Ән сабағы» әнімен аяқталады.
Абай және оның әндері
Жарияланды 29-03-2013, 19:28 Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Абай және оның әндері Сабақтың мақсаты: А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орын, әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру Б) тәрбиелік: Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. В) Дамытушылық: Музыкалық сөз қорларын байыту, музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру. Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті, баяндау, сұрақ - жауып Көрнекіліктер: Сабақтың барысы: Оқушылар класқа Абайдың «көзімнің қарасы» әнімен кіреді. І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатынастарын, оқу - құралдарын тексеру) ІІ. Жаңа сабақ. А) Қызығушылығын ояту. Абай деген сөзді естігенде, ойларыңа, көз алдарыңа не келеді? Оқушылар ойларын қағазға түсіреді. Ассоциациялық аймақ құрғызамын.
Мағынаны тану: Оқушыларға Абайдың туған жері туралы бейнетаспадан көрсетемін. Абай Құнанбаев өмірі мен әндері туралы мұғалім түсінігі. (тақтада Абай суреттері кетеді) Абай Құнанбаев (1845 - 1904) ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.
Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.
. Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т. б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.
Музыка тыңдау: Абай табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өміріне арнап жырға қосты. Табиғат, махаббат сырына арналған әні «Желсіз түнде жарық ай». Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні. Бұл әнді 1888 жылы Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан екен. Ақшоқы Абай жырының бесігі. Бұл өлең 1909 жылы кітапқа басылған. Жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп тұрған жанды бейнесі, терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатқан өзен, қалың ағаштың сыбырласқан жасыл жапырақтары, жер жүзін құлпыртып тұрған көкорай шалғын – табиғаттың сан алуан суреті көз алдыңа келеді, көңіліңе қона кетеді.
Музыка сауаты: Динамикалық белгілер. Әннің шумақтарында кездесетін қатты, ақырын, орташа белгілері болады. Дыбыс күшін азайту немесе күшейту белгісін Динамикалық белгілер деп атайды.(грек тілінде динамикос – күшейту) Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту белгілері былай белгіленеді. p – piano - пиано – ақырын, жай f - forte – форте - қатты mf - messo piano – меццопиано - орташа ff – fortissimo – фортиссимо - өте қатты pp – pianissimo – пианиссимо - өте жай - diminuendo – диминуэндо – бірте - бірте жайлата ( желсіз түнде жарық ай нотасын көрсету) Классикалық музыка деп ең биік көркемдік талапқа сай, терең мазмұнды, уақыт сынынан өткен, музыка өнерінің алтын қорына енген шығарма. Абай тек орыс әндерін ғана емес, классикалық музыканы да білген. Орыс және Еуропа музыкасы жөнінде түсінігінің кеңеюіне Санкт-Петербургте оқыған баласы Әбдірахманның көп ықпалы тиген. Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңілін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізген. Қазір біз Абайдың табиғатты бейнелейтін «Желсіз түнде жарық ай» әнін үйренеміз. Бұл ән естіген құлаққа жағымды, өлеңнің тұтастығымен, айқындығымен және әуенімен ерекшеленетін ән. Әуені мен өлеңі екеуі біртұтас көркем бейне жасап, көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тымық түн елестетеді. Әннің әуені жеңіл, лүп еткен лептен құйылғандай сабырлы, бір тегіс, құлаққа жағымды болып келеді.
Сабақты бекіту: Оқушылармен жұмыс. 1. Абай кім? Оның қандай лирикалық өлеңдерін білесіңдер? 2. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін қара сөзбен суретте. 3. Абайдың әндері туралы қандай мәлімет білеміз? ( уақытнамалық кестемен жұмыс) 4. «Ақын болу» ойыны. Абайға арнап өлең шығару. ...................... дана, ...................... ғана. ..................... оқығанды, .................... пана Бағалау: Мониторлық бағалау жүйесі.
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...
Жарияланды 17-03-2013, 22:05 Категориясы: Тәрбие сағаты
Сыныптан тыс сабақ Тақырыбы: «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...». Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен, еңбектерімен таныстыра отырып, Абайдың ақын, аудармашы, лирик, композитор екенін дәлелдейтін мысалдар келтіру. Әдеби тұлғаларды сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктері: Абайдың портреті, кітапшалар, Абайдың еңбектері, үнтаспалар, әндері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Балалар, бұл қай ақынның өлеңі? Ендеше, бүгін «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй...» деп Абай Құнанбаев туралы сыр шертпекшіміз. Сонымен Абай Құнанбаевтың өмірбаянына құлақ түрелік.
Мухтар Азиза І Абайдың өлеңдері: Мұғалімнің сөзі: Абай өлеңдері өзінше талап, шарт қойған. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы», дегендей, ендігі кезекті Абай өлеңдеріне берейік.
Абай өлеңдері: Күз, Қыс, Жазғытұры, Жаз. Мұғалім сөзі: Абай – композитор, сазгер. Ұлы ақын, ағартушы саз саласында да мұра қалдырды. Ол кездері саз саласында жазба мәдениеті болмады. Соған қарамастан Абайдың өлеңдері халықтың жүрегінде мол сақталып, ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауысып, күні бүгінге дейін жетті. Балалар Абайдың қандай әндерін білесіңдер? «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Сегіз аяқ», т. б әндері бар. Енді «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» - демекші, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдайық. Ән: Көзімнің қарасы. Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы. Бітпейді іштегі, Ғашықтық жарасы.
Жылайын, жырлайын, Ағызып көз майын. Айтуға келгенде, Қалқама сөз дайын.
Жүректен қозғайын, Әдептен озбайын. Өзіңде білмей ме, Көп сөйлеп созбайын.
ІІ Абайдың аудармалары. Мұғалім сөзі: Жүрегімнің түбінде терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалық, соқпақтық жерде өстім, Мың мен жалғыз алыстым, кінә қойма. Қазақ топырағында дамыған реалистік аударма дәстүрі Абайдан басталады. Аударма әдебиеті де сол Абайдан таралады. Абайдың аудармаларына кезек берейік. Көрініс: Шегіртке мен құмырсқа
ІІІ Абайдың қарасөздері. Мұғалім сөзі: Абайдың 1890 – 1898 жылдары жазған үлкен шығармасы «Қарасөз» деп аталады. Абайдың 45 қарасөздері бар. Кейін 1933 жылы М. Әуезов Абайдың қарасөздерін өңдеп, жүйелеп, жаңа баспадан шығарған. Абайдың қарасөздері көркем әңгіме емес, даналық сөздер. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ - барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, - дегендей Абайдың өлеңдеріне кезек берейік. Ғылым таппай мақтанба. Ән: Желсіз түнде жарық ай Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың жаңы - терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы, Сыбырласып өзді - өзі. Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып, Үрген ит пен айтаққа, Келмеп пе едің жол тосып, Жолығуға аулаққа?
Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың жаңы - терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп. Қорытынды
Венн диаграммасы толтыру. 1. Абай кім? 2. Абай Құнанбаев қай жерде дүниеге келген? 3. Абайдың қандай әндерін білесіңдер? 4. Абайдың әжесінің аты ата. 5. Абайдың өлеңдерін білесің? 6. Абай Құнанбаевтың атасы. 7. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесің?
Кері қайту
Материал рейтингісі:
0
барлық дауыс бергендер: 0
Ілмек сөздер: Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй, тәрбие сағаты, Абай Құнанбаевтың өмірбаяны
Көңілді тапқырлар
Жарияланды 17-02-2013, 15:40 Категориясы: Музыка
Мақсаты: Білімділік: «Жыр және опера», балет өнері тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау. Дамытушылық: Оқушылардың білімін жетілдіру. Эстетикалық және шығармашылық ой - өрісін дамыту. Шапшаңдық, зеректікке, алғырлыққа баулу. Тәрбиелік: Саз өнеріне деген құрметін, сүйіспеншілігін оята білу, музыка өнері дамуының түп негізі - халық музыкасына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сайысқа бірнеше бала қатысып жеке өз қабілетін, білімін көрсетуі тиіс.
Ι. Бәйге ойыны. Тақтада әр топқа арналған нота сызығы тұрады. Ал сол үстіндегі сұрақ жазылған нота қималарын алып, артындағы сұраққа жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берсе, ол нота қимасын нота сызығына орналастырады. Қай топ көп дұрыс жауап берсе сол топтың орналастырған ноталары жоғары көтеріле береді.
Сұрақтар: 1. Оркестр және хорды басқаратын адамды кім деп атайды? 2. Скрипка, виолончель, контрабас, гобой, кларнет аспаптары қай оркестрге жатады? 3. Хордың түрлерін ата. 5. Әлемдегі ең үлкен опера театры қай жерде? 6. Қандай опера театрларын білесіңдер? 7. «Қыз Жібек»операсының авторын ата. 8. Ария деген не? 9. «Абай»операсының авторын ата. 10. «Абай»операсындағы негізгі кейіпкерлерді. 11. Орыс халқының қандай композиторларын білесің? 12. «Қараңғы түнде тау қалғып»әнін Абай кімнен аударған?
ΙΙ. «Ән шырқайық» Нота ұзақтықтары жазылған қима қағаздардың артында сабақта үйренген әндердің аты жазылған. Әр топтан бір оқушы шығып нота ұзақтығын таңдап, қандай нота ұзақтығы екені атап, оның қаншаға саналатынын айтып, артында жазылған әнді орындап беруі тиіс.
ΙΙΙ. «Ғажайып бақ» ойыны. Тақтада бірнеше алма ағашы ілінген. Әрбір ағаш ұпай сандармен белгіленген. Оқушы қалаған ұпай санын таңдап алып, сұрақтарға жауап береді. Кейбір алма ағаштың артында сиқырлы алма тығылған. Таңдаған ағаштың артында сиқырлы алма шықса, ұпай саны екі есеге артады. Сұрақтар: 10 ұпай Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушы, Құрманғазы оркестрінің алғашқы дирижері кім?
15 ұпай. Л. А. Хамиди туралы не білесіңдер? 20 ұпай. «Хиросима» балетінің авторы. 25 ұпай. «Хиросима» балеті неше көріністен тұрады? 30 ұпай. Реквием деген не? 35 ұпай. «Сакура» қай халықтың әні? 40 ұпай. «Біржан - Сара»операсының авторы.
ΙV. «Кім жылдам?» ойыны. Әр топтан бір баладан шығып нота ребусын жылдам табуы тиіс. Кім көп тапса сол топтың ұпай саны көп болады.. Әр ребус 5 ұпаймен бағаланады. Ребус нота сызығында жазылуы тиіс. До+с Си+рень Ми+нут До+мбыра Ре+бус Ре+монт Си+қыр Фа+нер До+йбы Фа+Ми+лия
V. «Қай аспап?» Симфониялық оркестрге жататын аспаптардың суретінің астына қай аспап екенін тауып, аспаптың аты жазылған қима қағаздарды жапсыру қажет. 1. Скрипка 2, Виолончель 3. Контрабас 4. Гобой 5. Кларнет 6. Флейта 7. Литавралар
Аспапты тапқан топ әр аспапқа 5 ұпайдан жинайды. Ойын соңында әділ қазылар жинаған ұпайды санап, жеңімпаз топты анықтайды. Жеңімпаз топ мақтау қағазбен марапатталады.
Музыка және табиғаттың көңіл күйі
Жарияланды 28-02-2014, 03:40 Категориясы: Өнер саңлақтары
Сабақтың тақырыбы: «Музыка және табиғаттың көңіл күйі» «Сарыарқа». Құрманғазы – тыңдау. «Кең дала». И. Нүсіпбаев – үйрену. Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті дағды деңгейін анықтау. Музыкалық шығармалар негізінде қоршаған орта, табиғат туралы ой - пікірін анықтау. Балаларды әдемілікке, әсемдікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың міндеті: 1. Музыканың мазмұнын түсінуге, қорытынды жасауға бағыттау. 2. Музыкалық сауаттылықтарын арттыру. 3. Туған жердің, еліміздің кеңдігін, сұлу табиғатын, байтақ даласын, биік тауларын, мөлдір суларын бала жүрегімен сезіп, оны танып білуге, қадірлеуге, аялауға тәрбиелеу, баулу. Сабақтың барысы: Оқулықпен жұмыс: «Музыка және табиғаттың көңіл күйі» тақырыбы оқылады. Тақырып мазмұнына сәйкес бейнелі картиналар көрсетіп, Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» шығармасынан үзінділер тыңдауға болады. Тақтада ілулі тұрған табиғаттың көрінісі, алма бағы, биік тау, ағып жатқан өзен, төрт түліктің суреттері, далада жұмыс істеп жүрген адамдар, т. б. түрлі түсті сурет бойынша балалар ойларын ортаға салады.
Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың күйші композиторы, аспаптық музыканың (күйдің) классигі. Құрманғазының бүкіл өмірі мен өнері әлеуметтік әділетсіздік пен қанаушылыққа, озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Би - болыстар мен байлардың қудалауы, түрмеге қаматуы Құрманғазыны қажыта алмады. Домбырасын қару етіп, қиындықтарға қарсы күресті. Музыка тыңдау: Құрманғазының «Сарыарқасы» тек күй формасының шегінде қалып қоймайтын шығарма. Ой жай ғана кең де жазық даланың суреті емес. «Сарыарқа» - еркіндік іздегені халықтың жан дүниесі, тұлғасы. Тыңдаған бетте көз алдыңа қазақтың сары даласы, шежіресі, тарихы, қазақ ұлтының өмірі, тіршілігі келеді. Сұрақтарға жауап беру: - «Сарыарқа» күйін бұрын естідің бе? - Күйді тыңдағанда қандай әсер алдың? Дауыс жаттығуы: Дауыс жаттығуы кезінде дикция таза болу үшін, дауысты дыбыстарды созып айтуды, керісінше, дауыссыз дыбыстарды барынша қысқа орындауды талап ету керек. Ән балалардың үйренуіне жеңіл, дауыс диапазонына лайық жазылған, әдемі күйлер тыңдағаннан кейін, әнді үйрену балаларға қиындық туғызбайды. Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Кең дала» әні көңілді, сергек, шат сезіммен орындалады. Әннің мазмұны қарапайым сөздермен жазылған, балаға үйренуге, жаттауға жеңіл. Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме ұйымдастырып, оқушыларға туған ауылын, оның әсем табиғатын, жасыл жайлауын еске түсіріп, оны әнмен жеткізуге ынталандырамыз. Әннің ырғағын оқулықта берілген сурет бойынша, аспаптарды ұрып ойнатып, іс - қимылмен сабаққа баули алсақ, ол екі арада байланыс дами түседі. Сондықтан сүйемелдеусіз, өзіне ыңғайлы дауыс мәнері мен қимылды өздері ойлап табады. «Ойқозғау» сұрақ - жауап сайысы. 1. Ән саған ұнады ма? 2. Ән қалай орындалды? 3. Сен жазда ауылға ата - әжеңе қыдырып бардың ба? 4. Сенің көңіл күйің қалай болды? 5. Суретке қандай ат қояр едің? Сергіту сәті: Қозғалыссыз өмір жоқ. Би сүймейтін бала жоқ. «Сарыарқа» күйіне «Жорға» биі. Шығармашылық жұмыс: Музыка тыңдай отырып, табиғат бейнесін суреттеу. Сабақ соңында көңілді музыка ойнатып қойып, өздерінің қалауы бойынша әртүрлі гүлдің суретін салғызамыз. Оқушылардың салған суреттері бағаланып, ойқозғау сұрақтары қойылады. Қорыту: Музыкалық шығарманың мазмұны бойынша жұмыс. - Суретке ненің бейнесін салдың? - Табиғат бейнесін қандай бояулармен боядың? - Сурет салуға музыка қалай әсер етті? - Табиғат туралы музыка қандай болуы керек? - Табиғат пен музыканы бөліп тастауға бола ма?