«МЮЗКЛ»
Өткізілетін күні: 17 мамыр сағат 10.15
Қатысушылар №
Қыз:
Гүл:
Бұлттың әні:
Бишілер:
Жаңбыр:
Бишілер:
Күннің әні:
Көбелектер биі:
Достық әні: Бәрі бірге
/құстардың орман дауысы, Қыз әндетіп гүл теруге шығады./
Ән: «Жаз»
Асыр салып тойлайтын,
Қызығына тоймайтын.
Жадыраңқы жаз келді,
Күн батқанша ойнайтын.
Бақшада да көңілді,
Үйде тіптен керемет.
Ауылдан көп шықпайтын,
Жазбен әжем бір келед.
Қайырмасы:
Жадыраңқы жаз келді,
Жадыраңқы жаз келді.
2. Қабаттанып киінбей,
Бетті үсік шалмайды.
Қыста үйден шықпаған,
Інім көше шарлайды.
Анам, әкем, жеңгем де,
Еңбегімен еленді.
Бақша өсіріп, тал егіп,
Көп алғысқа бөленді.
Қайырмасы:
жолда көлеңкеде қалып суалып қалған гүлді көріп, қасына жақындайды. Гүл жылап отырады.
Қыз: Сен неге жылап отырсың?
Гүл: Мен, мен, мен /күрсініп/ шөлдедім.
Ән: «Гүлдің әні»
Менің басым көк
Аяқтарым жоқ
Қолдың орнына менде
Жап жасыл ұзын көлбе
Мен әдемі гүлмін
Созылып күнге күлемін
Қыз: Ой-ой-ой, сені суармаған екен. Саған қалай көмектессем болады.
\Ойланып\ таптым. Мен саған ән салғыш бұлтты шақырайын. \қолын маңдайына қойып, алысқа қарай. Қолын бұлғап\
Қара бұлт, жаңбыр кел, кел.
Гүлді суарып бер, бер.
Шөлін бассын гүлдерім.
\желдің дыбысы, сахнаға ән салғыш қара бұлт көмекшілерімен шығады.\
Қара бұлт: Сәлем!
Ән: «Қара бұлт»
Қара бұлтты шақырыпты
Жаңбыр жаусын деп сұрапты
Қара бұлттар жиналып
Биге бәрі басыпты
Қара-қара қара бұлттар
Қара-қара қара бұлттар
Жел күшейіп жан жақтан
Бұлттар көшіп қалыпты
Қара бұлттар жиналып
Биге бәрі басыпты
Қара –қара қара бұлттар
Қара-қара қара бұлттар
Қыз: Қандай тамаша. Енді менің гүлім шөлін бассын, нөсеріңді құй. Гүлім құлпырсын.
/ күркіреген дыбыспен бұлт кетеді, жаңбыр шығады бишілермен/
Жаңбыр: «Жаңбырдың әні»
Кап-кап, тук-тук-тук
Тереземді кім қақты
Таңертең жаңбыр жауып
Балаларды оятты
Кап-кап, тук-тук-тук
Тамшылар тамып жатыр
Егер шықсаң далаға
Қолшатырды ұмытпа
Кап-кап, тук-тук-тук
Көңілді жаңбыр жауды
Таңертең біз тағыда
Серуендейміз далада
\Гүл бойын түзеп, орнынан тұрады.\
Гүл: Рахмет саған жаңбыр. Сендер менің шөлімді бастыңдар.
\музыка, сахнаға музыкалық кемпір қосақ шығады. Ноталар келеді\
Қыз: Бұл не деген ғажап көрініс, сіздер кімсіз?
Кемпір қосақ: Мен аспандағы түрлі түсті кемпір қосақпын, жай ғана түрлі түсті емес музыкалық кемпір қосақпыз.
Жаңбыр бітті алақай,
Далаға шық балақай.
Кемпір қосаққа қара
Әрбір түстерін сана
Бірінші түсі оның,
Қызыл қызғалдақтай
Екінші түсі оның
Қызыл сары балдай
Үшінші түсі оның
Сап-сары тарыдай
Төртінші түсі оның
Жасыл жапырақтай
Бесінші түсі оның
Көгілдір аспандай
Алтыншы түсі оның
Көк көлдің суындай
Жетінші түсі оның
Күлгін түсті орамалдай
Түрлі түсті ноталар: Біз түрлі түсті нотамыз
ДО, РЕ, МИ , ФА, СОЛЬ, ЛЯ, СИ.
До нотасы:
Мен отырмын балқылдап,
Бірінші сызық жақын-ақ!
«До» нотасы болған соң
Көтерілем сатылап.
Ре нотасы
Мен «Ре»-мін, «Ре»-мін.
«Ре» ретінде білемін.
Бірінші сызық астында.
Қатарласып келемін.
Ми нотасы:
Бірінші сызық үстінде
Шығып алдым, күш міне!
«Ми» нотасы боламын,
Естеріңе түстіме?
Фа нотасы:
Мен «Фа», «Фа» нота болғасын
Екі сызықтың ортасын
Иеленіп жатырмын
Меншігімді өорғасын.
Соль нотасы:
Мен «Соль»-мін, тұз деме,
Төменнен де іздеме.
Екінші сызық үстінде
Тұрмын түспей, түс десе.
Ля нотасы:
Мен – ля,ля,ля, биікпін!
Көңілдімін, сүйіктімін.
Аяғым – екінші сызықта,
Төбем үшке тиіп тұр.
Си нотасы:
«Си» нотасы болып аталдым,
Рас, біраз қиналдым.
Үш сызыққа шыққанда,
Қасыма бәрің жиналдың. КЕТЕДІ
Гүл: Рахмет саған. Қандай тамаша, күннің көзіде шықты.
/құстардың дыбысы, музыка қойылып, ортаға күн шығады/
Ән: «Күннің әні»
Жарқын жарқын күнмін
Жарық жылу беремін
Жарқыраймын баршаға
Гүлдерге ағаштарға
Жарқын жарқын күнмін
Жарық жылу беремін
\Ноталар күнді қоршап би билейді.\
Гүл: Ең бастысы көбелек достарымды сағындым.
\ноталар кетеді. музыка қойлып, көбелектер биін билейді.\
Би: «Көбелектер биі»
Қыз: Достар бір біріне әрқашан көмек көрсетеді.
Ортаға барлық қатысушылар шығып «Достық әнін» орындайды.
Ән: «Достық әні»
Алақай-ау алақай
Жазғы жылу күндер-ай
Бәріміз, бәріміз
Үлкен пайда береміз
Бұлт керек, жаңбыр керек
Мәз гүл мен көбелек
Әрқашан татумыз
Балаларға жақынбыз
Гүл: Рахмет бәріңе...
Қыз: Міне, балалар Гүлдің өсуіне күннің көзі мен жаңбыр керек. Ал, біздің өсуімізге ата-анамыз бен апайларымыздың қамқорлығы керек.
Тәрбиеші апай күн: Сендердің жүректеріңнен жылулықты байқаймын. Жақсылық жасап жүре беріңдер. Ал, мына күннің шуақтарын сендерге сыйға тартам.
Балалар бәрі: РАХМЕТ
Бәрі: Сау болыңыздар!
10