Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны
Қарабалық ауданының әкімдігінің
«Улыбка» бөбекжай бақшасы
Ересек тобына арналған
ЖАҢА ЕШКІ ЖЫЛЫ
мерекесі
Қарабалық кенті
Музыка сүйемелдеумен балалар залға кіріп, шыршаның жанына тұрады
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар, ата – аналар, қонақтар! Біздің залда сіздерді көруге өте қуаныштымыз!
Келді міне жаңа-жыл сәуле шашып,
Құлпырады табиғат нұры тасып.
Жаңа жылды ағайын қарсы алайық,
Қарсы алайық кәнекей ән-салайық.
Алланың нұры жаусын әр үйге,
Жақсылықты тілеймін бар әлемге.
Жаңа-жылда әр үйге бақ дарысын,
Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын.
«Ақша қар» әні
Уақыт мол бөлеміз
Қыс қызығын көреміз
Сары а язда шындалып
Шымыр болар денеміз
Аппақ аппақ дала
Аппақ ауыл қала
Жапалақтап ақша қар
Жауа берсін жауа
Көңіліміз қаласа
Сыртқа шығып таласа
Қар атысып ойнаймыз
Қыстың күні тамаша тамаша
Жылда осылай келеді
Көп қуаныш береді
Шашу етіп біздерге
Ақ күмісін төгеді
Аппақ аппақ дала
Аппақ ауыл қала
Жапалақтап ақша қар
Жауа берсін жауа
Көңіліміз қаласа
Сыртқа шығып таласа
Қар атысып ойнаймыз
Қыстың күні тамаша тамаша
Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр!
Жасыл шырша жаныңда,
Билеп барлық бала жүр!
Мысықтың дауысы шығады: Бе - бе! Жылдың бейнесін жіберме!
Музыкамен ортаға Алиса түлкі мен Базилио мысығы шығады.
Алиса түлкі: Базилио, қарашы, менің жоспарым істеп қалды ғой! Үлкен, жаңа жылдық! (жан – жағына қарап) Ал сен қорықтың! Құпиялы жоспарым! Біз жаңа жылды ұстадық! Білесің бе неге?
Базилио мысығы: О! Неге?
Алиса түлкі: Қалай неге? Сенің басың істеп тұр ма? Жаңа жыл немен айналысады Білесің бе?
Базилио мысығы: Жоқ! Немен?
Алиса түлкі: Ол сыйлықтарды әкеледі: Абайға машина, Златаға қуыршақ, Даринаға мозайканы, ал Дамирге конструктор. Біз оны ұстап алғанбыз, онда, бүкіл сыйлықтар маған қалады!
Базилио мысығы: Тек қана саған ба? Маған да!
Алиса түлкі: Мен бүкіл сыйлықтарды алып, ойыншықтар дүкенді ашамын! Балалардың барлығы ойыншықтарға келіп, мен көп ақшаны аламын! Көрдің бе қандай мен бизнес ашамын! Бірақ маған көмекші керек болды. (мысықты айналып басынан аяғына дейін қарайды)
Базилио мысығы: Мен әр-қашанда саған көмектесемін ғой!
Алиса түлкі: Цыц! Бұл туралы ешкім білмеу керек! Жылдың бейнесі сен боласың!
Базилио мысығы: Мен? Жарайды! Көмектесемін!
Алиса түлкі: (жан – жағына қарап) Бірақ, сенің түрін маған ұнамай тұр! Мен оны дұрыстаймын! Менің сандығым қайда? (шыршаның астыңда сандық тұр)
Сондықтан киімдерді шығарып (мүйіз) киіне бастайды
Алиса түлкі: Мүйізді кисең мисыз болып көрінесің... Сен жылдың бенесіне мүлдем ұқсамайсың! Ай! Жарайды! Бола берсің, ешкім жылды көрген жоқ қой, сені ешкім танымйды!
Көңілді музыка басталғанда, екеуі билеп бастайды, мысық түлкіден қашады
Алиса түлкі: Ой бай! Базилио қайда? Сендер оны көрген жоқсыздар ма?
Балалар: Ол сеннен қашты!
Алиса түлкі: Қалай қашты? Ол менің жоспарымды бүлдіреді ғой! Қайда кетті? (Шыршаны аралайды, шыққанда, мойында «Мысықты таба алмай жүрмін» деген жазумен шығады, жүргізушіге жақындап сұрайды) Мысықтар нені ұнатады?
Жүргізуші: Мысықтар кішкентай үйректерді ұнатады
Алиса түлкі: Мен кішкентай үйректерді қайдан табамын?
Жүргізуші: Біз саған қазір көрсетеміз
«Кішкентай үйректер» биі
Билеп болғаннан кейін балалар орындықтарына отырады
Шыршаның артынан біреуі қарларды түлкіге қарай лақтыра бастайды, түлкі балаларға лақтырады, балалар түлкіге...
«Қарлар» ойыны
Түлкі қорқып балалардан қашады
Қаршалардың дауыстары шығады
Алиса түлкі: Қаршаларды естіп тұрсыңдар ма?
«Аққала» әні
Аула сыртты баққада
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы ойнатып
Ойнайық біз шаттана
Аққала, аққала
Сені жасап мақтана
Ойлауменен жүреміз
Бұздырмастан басқаға
Аққаламыз жүрмейді
Бізбен бірге күлмейді
Қалжындап қар аттасақ
Сөз қайтару білмейді
Аққала, аққала
Сені жасап мақтана
Ойлауменен жүреміз
Бұздырмастан басқаға
Қарда жүретін дауысымен Мыстан кемпір шығады
Мыстан кемпір: (Сыпырғышымен сыпырып) Бұл не айқай шу?
Алиса түлкі: (Мұрынымен сезіп Мыстан кемпірге жақындайды) Менің мысығымды қайтарып бер маған!
Мыстан кемпір: Қандай мысықты? Сен маған жағаласпа!
Алиса түлкі: Эй! Кемпір! Менің мысығымды қайтарып бер маған!
Мыстан кемпір: Қандай мен саған кемпірмін? Маған 300 жыл ғана! Мен әлі жаспын! Сұп – сұлумын әлі! Менің мысығым үйде қалды!
Алиса түлкі: Жоқ! Сен менің Базилиомды ұстап, меннен тығып жүрсің!
(Екеуінің арасында төбелес басталады, екеуі шаршап, жерге отырады)
Мыстан кемпір: Бұл менің орманым!
Алиса түлкі: Жоқ! Бұл балалардың бала бақшасы!
Мыстан кемпір: Неге саған менің мысығым керек болды?
Алиса түлкі: Сенің мысығың маған керек емес, маған Базилио керек, біз екеуіміз сыйлықтарды өзіне қалдыру үшін жылдың бейнесін ұрладық. Ой! (Ауызды қолымен жабады) Айтып бердім!
Мыстан кемпір: Иә! Солай ма? Менің мысығым үйде ұйықтап жатыр екен, мен сенің Базилионды көрген жоқпын!
Алиса түлкі: Енді мен оны қайдан табамын?
Мыстан кемпір: Керегіне ол саған? Жаңа жыл келді ғой! Анау ата бар ғой, атыңды ұмытып кеттім, ол жаңа жылдың бастығы! Ол сиқыршы ғой, сол ата саған көмектеседі.
Аяз ата мен Ақша қардың музыка сүйемелдеуі
Мыстан кемпір: Менің сыпырғышына отыр, екеуіміз оларға қуып жетеміз
Жүргізуші: Балалар, естіп тұрсыздар ма? Бұл Аяз атамен Ақша қар келе жатыр сияқты! Шапалақтайық!
Аяз ата мен Ақша қар келеді
Аяз ата: Әсем шырша сәнденген,
Өз балаларды күткен.
Ақша қармен бірге біз,
Бала бақшаға келіп жеттік.
Ақша қар: Жаңа жылмен құттықтаймын!
Балаларды және бүкіл қонақтарды!
Тек бақытты ғана сыйлаймын,
Жаңа көңілді хабарларды!
Жанбай тұр шыршада шамдары?
Аяз ата, жағып берші шыршамызды!
Аяз ата: Дұрыс айтасың немерем!
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарынды жарқырат! (таяғымен жерге ұрады)
Жанбай тұр?!
Жүргізуші: Балалар, Аяз атаға көмектесейік, бірге айтайық!
Балалар: Қуант бізді таңырқат,
Шамдарынды жарқырат!
3 рет айтқаннан кейін шырша жанады
Балалар шапалақтайды!
Ақша қар: Аяз ата, сен кішкене демалып отыршы, балалар саған тақпақтарды дайындап берді.
Тақпақтар
Жүргізуші: Кел билейік сенімен,
Дейміз тартып жеңінен
Ертіп кетпе Ақшақар,
Адамдардың демімен.
«Қаршалар» биі
Аяз ата: Қандай керемет қаршалар, маған тағы да тақпақтар айтып бересіңдер ме?
Тақпақтар
Ақша қар: Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Аяз ата, шығыс қызы саған арнап би дайындап берді, қарсы алайық!
«Шығыс» биі
Жүргізуші: Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар,
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шыққан.
Аяз Ата мен Ақша қар төрге шығып бізбен бірге ән айтып, би билейік!
«Аяз ата» әні
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіпті
Ақ күпіге оранып.
Ал балалар тұрайық,
Би билейік ойнайық
Аяз ата қуансын,
Дөңгеленіп зырлайық
Көрдің бе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұрты бар
Аппақ екен шапаны
Ал балалар тұрайық,
Би билейік ойнайық
Аяз ата қуансын,
Дөңгеленіп зырлайық.
Ақша қар: Аяз ата! Қарашы! Қандай күшті цыгандар бар екен, олар да бізге би дайындап келді.
«Цыгандар» биі
Жүргізуші: Ал балалар тұрайық,
Би билейік ойнайық
Аяз ата қуансын,
Дөңгеленіп зырлайық
«Детский хоровод» әні
В нашем, в нашем зале
Праздник Новый год!
Мы у елки стройной
Водим хоровод.
А на елке пряники,
Посмотри, да посмотри!
А на елке шарики,
Звезды, фонари!
Скоро к нам на праздник
Дед Мороз придет
И в мешке подарки
Всем он принесет!
припев
Все быстрей кружится
Детский хоровод.
Самый лучший праздник —
Это Новый год!
припев
Жүргізуші: Аяз ата, сен отыра тұр,
Біздің ертеңгілікті көр.
Ертеңгілігіміз жай емес,
Шыршамыз туралы Жаңа жылдық!
«Шырша» көрінісі
Жүргізуші: Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні, дегендей, Аяулының орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.
«Жаңа жыл» әні
Көк шыршамыз ырғалып ,
Жатыр дала- қыр нағып
Жылым келді аппақ жүзі нұрланып !
Жарасатын еліме ,
Төрлет жылым төріме !
Бейбіт жатқан қазағымның жеріне !
Қайырмасы :
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр .
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр.
Шыршамызға шам жағып,
Қараймыз ғой тамсанып,
Би билейік , ал кәнекей ән салып !
Аяз ата әніміз,
Ақшақарың сәніміз ,
Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз !
Қайырмасы :
Күлімдесін күніміз ,
Жалындасын жүзіміз ,
Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз !
Жаңа жылым шаттығым,
Арайланып атты күн,
Тілейікші елімізге сәтті күн .!
Қайырмасы :
Аяз ата: Бізде билер де, әндер де болды, ойын ойнайтын кезі болды шығар?!
«Пимамен жүгіру» ойыны
Музыка сүйемелдеуімен Алиса жылап шығады
Алиса түлкі: Кім маған Базилиомды табуға көмектеседі?
Ақша қар: Аяз ата, қарашы, бұл Алиса ғой, жылап тұр екен!
Аяз ата: Иә! Неге жылп тұрсың?
Алиса түлкі: Менің Базилио қайда кеткенің білмей тұрмын! (жылап тұрады)
Аяз ата: Жылама, саған Буратино мен Мальвиналар көмектеседі! Кәнеки, қуыршақтар, шығыңдар, Алисаға көмектесіңдер!
«Буратино» биі
Аяз ата: Алиса, табылды ма мысығың?
Алиса түлкі: Жоқ!
Аяз ата: Уайымдама! Жаңа жыл келіп, сыйлықтар әкеледі ғой, қуану керек!
Алиса түлкі: (қатты жылап) Кешірші бізді Аяз ата, біз Базилиомен жыл бейнесін ұрылып, бүкіл сыйлықтарды өзіне қалдырайық, деп ойладық, содан кейін Базилио құрып кетті...
Аяз ата: Өзін шыңынды айтқанына жарайсың, мен кішкене дуалап, сенің мысығыңды қайтарып беремін.
Музыкамен Базилио жыртық киімінде кіреді
Алиса түлкі: Базилио! Сен қайда болдың? (басынан аяғына дейін қарайды)
Неге меннен қаштың? (басынын бір береді)
Тағы да бәрін бүлдірдің!
Енді сыйлықтар бізге жоқ!
Ақша қар: Алиса, Базилио, ұрыспаңдар!
Орманға екеуі барыңдар,
Жаңа жылды қайтарыңдар,
Жылдың бейнесін бізге әкеліңдер!
«Спорттық» биі
Аяз ата: Жаңа жыл келе жатыр
Ол жолдың ортасыңда.
Ешкінің жылы не әкеліп тұр,
Көреміз алдыңда!
Музыка сүйемелдеуімен Алиса мен Базилио Қойды залға әкеледі
Аяз ата: Қалай күшті болыпты!
Жарайсыңдар Алиса мен Базилио!
Мінеки жыл бейнеесі бізге келіпті,
Сыйлықтарды да беруге үлгіріп жатырмыз!
Сендерге де сыйлықтар болады!
Қайда менің қапшығым?
«В лесу родилась елочка» әні
В лесу родилась елочка,
В лесу она росла,
Зимой и летом стройная, зеленая была.
Зимой и летом стройная, зеленая была.
Метель ей пела песенку:
"Спи, елочка, бай-бай!"
Мороз снежком укутывал: "Смотри, не замерзай!"
Мороз снежком укутывал "Смотри, не замерзай!"
Трусишка зайка серенький
Под елочкой скакал.
Порою волк, сердитый волк, рысцою пробегал.
Порою волк, сердитый волк, рысцою пробегал.
Чу! Снег по лесу частому
Под полозом скрипит;
Лошадка мохноногая торопится, бежит.
Лошадка мохноногая торопится, бежит.
Везет лошадка дровеньки,
А в дровнях мужичок,
Срубил он нашу елочку под самый корешок.
Срубил он нашу елочку под самый корешок.
И вот она, нарядная,
На праздник к нам пришла,
И много, много радости детишкам принесла.
И много, много радости детишкам принесла.
Музыка сүйемелдеуімен жүргізуші қапшықты Аяз атаның жанына қояды
Аяз ата: Біздің байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Желтоқсанның айында.
Ақша қар: Орала ма ол енді,
Айтар едім өлеңді,
Жылдамырақ келсе екен
Бізге ойыншық берсе екен.
Аяз ата мен Ақша қар балалармен қоштасады.
Тәрбиешілер балаларға сыйлықтарды таратып, көңілді музыкамен топтарына оралады.