kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий "Ғажайып шырша"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий утренника нового года в детском саду

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий "Ғажайып шырша"»

Тақырыбы: «Ғажайып шырша»

Мақсаты:  Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

Зал жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Ортада әсем шырша. Қызыл телпек: - Ой, тамаша! Мен қайда келдім? Мен әжеме кетіп бара жатыр едім, адасып кеттім бе? Тәрбиеші : - Иә,иә, «Қызыл телпек», сен адасып кеттің, бұл «Ертегі» бөбекжайы. «Тұлпар» тобының «Ғажайып шырша», атты жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігі болмақ. Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық Нұрландырып маңайды Шырша шамы жағылсын Жаңа жылдың құрметіне Ақ тілектер ағылсын! Құрметті қонақтар, әріптестер көптен күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы «Доңыз » жылы баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін . «Ғажайып шырша»атты ,«Тұлпар» тобының бүлдіршіндерінің ертеңгіліне қош қелдіңіздер. Қане, «Қызыл телпек», сенде қош келдің! Біздің балаларымызбен бірге жаңа жылды қарсы алып, бірге билеуге шақырамын! «Тұлпар» тобының балалары қайдасыңдар?!! Келіңдер ортаға!!! ( Жарық сөнеді. Балалар ортаға сиқырлы таяқшамаен залға кіреді. Шыршаның қасына келіп, тұрады) Шам жанады . Балалар «Қызыл телпекпен» амандасады.

Қызыл телпек:- Балалар, мен әжеме кетіп бара жатыр едім, адасып сендердің мерекелеріңізге тап болдым. Мен өте қуаныштымын! Алақай! Қане, балалар, менімен бірге билейсіңдер ме? Кеттік! Ендеше! (балалар , таяқшаларын қойып, билейді).

Би: «Раз,два, три». «Қызыл телпекпен» бірге билейді. ( Осы кезде иттің дауысы шығады). Қызыл телпек:-Ойбай, балалар, ненің дауысы мынау? Қасқыр емеспе? Әлде итпе?Мен қорқам, қане не болсада бәріміз тығылып қалайық, бізге келе жатырған сияқты. Тәрбиеші:- Ерте , ерте,ертеде, «Ертегі» деген бөбекжайда , «Тұлпар» тобы бар екен. Осы топтың балалары «Ит» жылы мен бір жылбойы дос болыаты. Бір күні қатты соққан бораннан «Ит» балалардан адасып қалады. «Ит» , қасына келе жатырған 2019 жылдың , жаңа жыл «Доңызды» ертіп, балаларды іздеуге шығады. (Ит пен доңыздың дауысы шығады). Ит:- Ей, доңыз, жүр жылдам, біздің балаларымыз осында сияқты. Қазір тауып аламыз. А-у, а-у менің достарым, қайдасыңдар?!!!! Доңыз: -Қойшы ит, балалар мында жоқ сияқты. Ит:- Мәссаған, мында не болып жатыр? Мынау әдемі шырша , айнала толған қонақтар? Сәлеметсіздер ме?! Айтыңыздаршы қандай мереке болайын деп жатыр?

Ата-аналар: - Жаңа жыл мерекесі! Ит:- Білем, білем. Әйтпесе, Доңызды алып келем бе? Неге айтқым келмей тұрғанымды білесіңдерме? Иә ,мен бүгін бір жыл жүрген достарыммен қоштасқалы тұрмын (жыламсырайды). Доңыз:- Жылыма ит, оданда достарыңды тауып алайық. Осы мерекені балаларға өте қызықты етіп өткізіп берейік. Ит:- Жарайды, балалрым қайда екен, әлде мені ұмытып кеттіме екен?( мұңайып, отырады). (Балалардың күлкісі, балалар шығады). Балалар: - Біз мындамыз!!! Ит:-Ой ,алақай! Менің достарым мында екен ғой. Сендерді көріп қатты қуанып кеттім ғой. Қандай әдемі болып кеткенсіңдер! Кішкетай аяз-атада мында, кішкентай ақшақарларда мында, тіпті сайқымазақтарда толып кеткен! Балалар мені ұмытып қалған жоқсыңдарма? Мен қандай жылмын? Балалар:- «Ит» жылы, біздің досымыз. Ит:-Жарайсыңдар , балалар ! Мені ұмытпағандарыңа рахмет! Ал, мен сендерге жаңадан дос алып келдім. Бұл келе жатырған жаңа жыл «Доңыз» жылы болады . Қане, балалар амандасайық. Балалар амандасады.:Сәлеметсізбе «Доңыз» жылы?!! Ит: - Ей, доңыз, сен балалармен амандаспайсыңба?. Доңыз:-Жоқ, қалай амандасам? Ит: -Қалай амандасам дейсіңбе?амандаса білмейсіңбе? Былай деп айтасың: Сәлеметсіңдерме балалар, қайтала ?! Доңыз:- Сәлеметсіңдерме балалар қайтала ? Ит:- Жоқ, жоқ, олай емес, дұрыс айтқан жоқсың. Міне, былай айтасың : - Сәлеметсіңдерме балалар болды! Доңыз: - Сәлеметсіңдерме балалар болды! Ит:- Ой, жарайд, жарайд. Олай амандасу білмесең, ендеше былай істеші.(қолын былғайды) . Доңыз: -Сәлеметсізбе, сәоеметсізбе? Біздің балаларымыз керемет иә. Бірақ біздің шыршамыз неге жанбай тұр? Ит:- Уайымдама ,доңыз. Біздің балаларымыз сиқырлы таяқшаларымен щыршаны жағады. Солайма балалар?Қане сиқырлы сөздерді айтамызба? Балалар:- Қуант біхді, таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! Ата-аналар: - Қуант біхді, таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! Балалар:- Қуант біхді, таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! Ура! Ит:- Қандай әсем шырша, қандай ғажайып шырша! Ал ,ендеше шыршамызға арнап «Жаңа жыл » әнін шырқаймызба? Балалар: - Иә! Ән: «Жаңа жыл»

Ит: -Балалар ,әдемі шыршамызға арнаған тақпақтарыңыз барма?Кім айтады? Ортаға шығайық.

Айнур:Тамаша.тамаша! Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса.

Айша: Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған, Miнe, сұлу шыршамыз. Көптен күтіт, сағынған, Кел, балалар, келіндер, Тамашаны көріңдер

Ильяс : Әдемілеп біз ілген, Ойыншықтар тізілген Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық баршамыз

С. Нұрдаулет : Безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны. Той-маскарад басталды, Аяз оны басқарды

Жауһар: Жаңа жыл Жаңа жыл Жаңа жылға жаңа жыр Жасыл шырша жанында Билеп барлық бала жүр Жансұлтан : Жаңа жыл, жаңа жыл. Жаңа жылда-жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр. Аружан: Жасыл желен жамылған, Асыл моншақ тағылған. Міне сұлу шыршамыз Көптен күтіп сағынған.

Доңыз: - Жарайсыңдар балалар! Өте жақсы айтады екенсіңдер . Сендер би билеу білесіңдерме? Ит: - Қабағын еш түймейді, Аяғы жерге тимейді. Мерекеде шаттана Сайқымызақтар билейді . Сайқымызақтарды қарсы алайық! «Сайқымызақтар» биі орындалады: Ит: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? ( Сықырлаған қардың дыбысы естіледі ).  Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.Қардың сықырын естідіңдер ме? Балалар: Иә, естіп тұрмыз. Ит: Енді қарап тұрмайық .Бәріміз бірге дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық! Балалар: Аяз ата, Ақшақар! Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.. Балалар амандасады. Аяз ата : -  Амансың ба, ұлдарым, Амансың ба, қыздарым Қандай әсем жүздерің Қандай мөлдір көздерің Керемет бір ән тыңдап, Келіп тұр-ау демалғым. Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын. Ит: -Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал. Доңыз:- Қане балалар, Аяз атамен \ақшақарға арнап кім тақпақ айтып береді?

Зарина: Аязата, Ақшақар Ортамызда балалар, Қол ұстасып,айналып Ән шырқасаң жөн болар Қайсар: Аяз –ата ақ сақалды Ақ таяқты паң ата, Асып өтіп асқар тауды Жеттің бізге таң ата Рияна: Аяз ата тыңдаңыз , Тақпақ айтып берейік Ортамызда шыршамыз . Ойнап бірге,күлейік. Дастан Аяз ата жол салып, Ақ боранмен алысқан Балаларға базарлық, Алып келді алыстан Айзере Кел, балалар ,тақпақты , Тақылдатып айтайық Аяз ата таң қалсын , Сыйлық алып қайтайық Әділбек: Аяз ата келіп тұр, Бизге сәлем беріп тұр Сақалының ұзыны-ай Кесіп алсам шіркін-ай!!! Ануар: Қайда қызық болса думан Аяз ата сонда болды. Күндіз үйде ойнап бізбен. Балалармен бірге жүрді. Ару : Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып. Айдархан: Ақ қырауға малынған, Сақалы да мұрты да. Аяз ата сағынған, Сәлем бepді жұртына. Ерасыл Аяз ата ойды қырды Аралап жүр түгел шолып. Қарсы алғалы Жаңа жылды, Ол да көптің бірі болып. Би: «Зима»

Доңыз: -Балалар ,Аяз атаға, Ақшақарға арнап тақпақ айтып, билеп жатырсыңдар , ал маған, «Жаңа жылға» арнаған өнерлерің жоқпа? Ит:- Неге , бар. Қане балалар «Доңыз» жылына кім тақпақ айтып береді?

Мадияр: Жаңа жылым мол болсын Баскан қадам он болсын Төрле Төрле Жаңа жыл Бізге Құтты жыл болсын Ғалия: Ән саламыз, билеп, Жырдан шашу төгілді Бүгін біздің Жаңа жыл, Қандай қызық көңілді Санжар : Оралдың өлкеме, Жаңа жыл армысың. Оранды ақ көрпеге, Асқар тау, қарлы шың. Әлисұлтан: Той , мереке, салтанат, Шыршамыз тұр жарқырап. Келді міне, жаңа жыл , Тартуларын арқалап. Амина Бүгін біз көңілдіміз , Жаңа жылды қарсы алып Мерекеге келгендерді Құттықтаймыз ән салып
Н.Нұрдаулет: Тілеймін мен бар әлемге , Дос көп болсын жаңа-жыл Ата-әже, әке – шеше Құтты болсын Жаңа жыл Шакира:Жаңа жылды қарсы алдың, Мініп алып күймеге. Мен де бүгін ән салдым, Араластым биге де. Доңыз: - Рахмет, балалар! Мен доңызбын,жаңа жылмын, Ырыстымын, табыстымын Алғыс айтам ит жылына Достастырған сіздерменен !

Ән: «Келді міне, жаңа жыл» Ит: - Жарайсыңдар менің достарым! Аяз ата, Ақшақар, Доңыз! Қалай менің достарымның өнерлері ұнадыма? Ал достарым, сендермен мен бір жыл дос болдым,бірақ біреуіңде маған арнап тақпақ,өлең айтпадыңдар? Әлде , маған риза емессіңдерме? Балалар: - Ризамыз! Мадияр:-Бөбекжайымызды жаңартқаның үшін! Айдарзан : -Жаңа ойыншықтар сыйлаған үшін! Шакира: - Мені бөбекжайға қабылдағаны үшін! Ерасыл: - Маған іні сыйлаған үшін ! Бәрі : Ризамыз,ризамыз,ризамыз!!! Ит:- Рахмет достарым! Меніңде сендердей достарым болғаны үшін ризамын,ризамын,ризамын! Ал,осындай су жаңа бөбекжай үшін,сендерді бөбекжайға қабылдап, бақытты болуларың үшін алаңдап, үлесін қосып жүрген бөбекжай меңгерушісі Айгүл Қинешқызының ,әдіскеріміз Салтанат Тасханқызының мына «Ит» жылына деген көзқарастары қалай екен, сұхпаттасып көрейін. Ата-аналардың «Ит» жылына деген көзқарастарыңыз қалай? Ит:- Рахмет! Бөбекжайымыздың осындай басшысы, әдіскері, тәрбиешілері,барша қызметкерлері үшін !Көнілді ән, би, үйреткен саз жетекшілері үшін, ата-аналао үшін ризамыз, ризамыз,ризамыз!( балалар айтады).

Ойын: «Қар кесегі». Жерден қарды аламыз, Қоламазға саламыз. Қысып-қысып кесектеп, Лақтырып біз ойнаймыз. « Шалқан» ертегісінен ағылшын тілінде көрініс. Ән: «Дженгл бенс» Аяз ата сыйлық табыстайды, Қызыл телпек, Ит қоштасады . Ит: Мен итпін, мен итпін. Өзім сондай сақпын. Жаңа жылда «Доңызға», Достарымды сеніп, табыстаймын. Сау болыңдар!!!!

Барлығы бірге:  Жаңа жылда жол болсын!  Әрбір үйде той болсын!  Берекелі жыл болсын! Ақ дастарқан мол болсын! Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Сау болыңдар!!!! (үш тілде).

Музыкамен шығып кетеді











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сценарий "Ғажайып шырша"

Автор: Кузенбаева Лена Ризуановна

Дата: 10.01.2019

Номер свидетельства: 494644

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(70) "on_ieki_ai_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "378566"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484234323"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""?ажайып патшалы?та?ы жа?а жыл""
    ["seo_title"] => string(30) "gazhaiyppatshalyktagyzhanazhyl"
    ["file_id"] => string(6) "272237"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451923679"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Ертегілер елінде" жа?а жылды? сценарий "
    ["seo_title"] => string(48) "iertieghilier-ielindie-zhan-a-zhyldyk-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "207793"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430653036"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Мектеп ішілік іс - шара : "Жайна, жайна жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(51) "miektiep_ishilik_is_shara_zhaina_zhaina_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "389774"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486631567"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства