Просмотр содержимого документа
«"Наурыз - думан" »
«Наурыз-думан-2013 жыл»
Сценарийі
Жауаптылар:
Кіре берісті безендіру- Мұхтарова А.А.
3-қабатта қарсы алу- Ақ жол, Қамқор,Бөбек бөлімдері.
Көрме- Жоланов Т.Б.
Дастархан мәзірі- Мектеп, Қадам.
Театрланған кіші қойылым- Абишев Б.М. Пәйжан А.
6. Концерттік зал оформлениесі- Сағымбекова Ж.Т.
7. Залға жауапты-Болашақ, Балбұлақ бөлімдері.
8. Театрландырылған көрініс- Абишев Б.М.
9. Жарапазан- Әбенов.Қ.С.
10. Әжелер ансамблі- Такауова А.А.
11. Айтыс- Абишова Б.М.
12. Би- Мұхтарова А.А., Садықова Ж.
13.Ансамбльдің концерті - Бозымбеков А.Қ.
14. Музыкалық көркемдеуші- Бозымбеков А.Қ.
15.Жүргізушілер: 1. Мауликеева Ә.Т.
2. Қорабаева А.А.
3. Абишев Б.М.
Басталуы
I-бөлім. «Қарсы алу»
3-қабатқа пантуспен қонақтар көтеріледі. Көтерілген бетте «Жібекжолы»ауылы деп жазылған арка тұрады. Наурыз тойы болып жатқан көрініске келеді. Алтыбақан жанында бір топ қыз-жігіттер тұрып, ән салып жатады. Мауликеева Әсия жүргізуші болып, келе жатқан қонақтардың алдынан қарсы алып РБОО таныстырады.
Мини сценарий
Жүргізуші: Амансыздар, халайық!
Әр кез аман болайық.
Шаттығымыз, жырымыз
Басы барлық ырыстың,
Құтты болсын Наурыз той!
Ұлы күні ұлыстың.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! «Жібек жолы» аулына келген қадамдарыңызға гүл бітсін!
Бұл ауыл-үлкен ауыл! Тоғыз жолдың торабын қосқан-ауыл.Елден, алыс жерден, шалғай ауылдардан, қалалардан ат сабылтып келіп жатқан кішкентай бүлдіршіндердің мекені.
«берекені көктен тілеме, бірлігі бар көптен тіле» демекші, бұл ауыл тұрғындары ауыз бірлігі жарасқан,өнерлі.
Тойымыз тойға ұлассын! Хош келдіңіздер!
(Шашу, Шашу!)
Ән: « Ариайдай» айтылып жатады.
Жүргізуші: - Мына жігіттер шетінен алып соқ батырлар ЕДШ нұсқаушылары. Жарыстарда алдарына жан салмайтын спортшылары .(Бұл жерде ЕДШ жігіттері күреседі. Яғни қазақтың күрес өнерінен көрініс көрсетеді.)
( Палуандар күресі).
II-бөлім. Қонақ күту. Дәм тату.
Төрде дастархан жайылған үй, үйдің алдында ата,әже келін, балалар сияқты топ адам. Асық ойнап жүрген 2 бала жүреді.
Балалар: «Сүйінші,сүйінші...Алыстан қонақтар келе жатыр...!»
Барлығы қонақтардың алдынан шығып амандасады, төс қағыстырады.
Амандасу рәсімі -ұлыс оң болсын.
-ұлыс бақ болсын.
- ұлыс береке берсін.
-пәле-жала жерге енсін. Деген сөздер айтылады.
Әже: Келін жан , Қонақтар Наурыз көжеден дәм татсын, «ұзынсарыны» да ұмытпа, әкеле ғой.
Дастархан батасы. Қонақтарды дастарханға отырғызады. Бата сұрайды. Ас ішіп отырғанда «Жарапазан» айтатындар келеді.
Әбенов Қапан серіктерімен « Жарапазан»
Ой, бәрекелді! Мына балалардың сыйларын берейік.
Ой, өркендерің өссін, айналайындар!
(Апасы балаларға тәттілер береді, олар әндетіп жүріп кетіп қалады).
Біраз отырып дастарханнан дәм татып болған соң.
Ата: Қане, қонақтар , барлығымыз орнымыздан тұрып қырға барайық. Сол жақта ауыл жастары бастаңғы жасап жатыр деседі. Барып тамашалап қайтайық.
III-бөлім. «Ән арнау»
Залға кірген бетте «Бөбек» пен «Қамқор» бөлімінің қыздары қатарынан дәліз жасап тұрады, ортасынан қызыл дорожкамен қонақтар жүріп келеді, сол сәтте алдынан ақын арнау айтып қарсы алады.Сосын орындарына жайғасады.
Ән: Бағдат Әбішев «Ән арнау»
IV-бөлім.
( өте көңілді,екпінді музыкалы фонда 3-қыз, бар тарапқа жар салып Наурыздың келгенін шаттана хабарлайды.)
Ұлыс келді!
Ұлыспен тыныс келді,
Ақ боз үйдің уығы күмістелді.
Ұлыс келді!
Ұлы жер бір түледі,
Осы Наурыз құт болып келген шығар.
Құдай қосса, халқым бір сілкінеді.
(Осы музыкалық фонға жалғасып ,фанфара ойналады да ортаға екі жүргізуші шығады)
Бағдат: Ассалаумуағалейкум жиылған жамағатым!
Наурыз думан құт болсын салтанатың.
Көнермей көнемізден келе жатқан ,
Наурызым бабам берген аманатым.
Айнұр: Ұлы күні ұлыстың,
Бір анадан туғандай.
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татқан,
Армысыңдар Алашым!
Ән: Наурыз.
Айнұр: Наурыз- бүкіл әлемдік мереке. 2013 жылдың 23-ақпанындағы БҰҰ Бас ассамблеясының шешімі бойынша Наурызға «21- Наурыз- халықаралық Наурыз күні» деп ресми түрде мәртебе берілді.
Бағдат:- Наурыз- ерлік пен бірліктің, жарқын жасампаздықтың мерекесі.
Айнұр: Осынау Ұлыстың ұлы күні ұлттық құндылықтарымыздың інжу-маржаны мен жақұттарын ұлықтау- адамзаттық борышымыз.
Бағдат: Өте дұрыс айтасың, Айнұр! Бүгінгі мерекеге арқау болар сазымен де, сәнімен де орны бөлек жәдігер, мәңгілік ұмытылмайтын махаббат әні – Қыз жібек лира эпостық дастаны.
Айнұр: Ия, Қыз жібек өткен күндерден қалған барлық салт дәстүрді, өзгеріссіз халық жадында сақтап келеді,яғни оны қай жанр да тамашаласақ та: мейлі театрда болсын, мейлі кинода болсын, құмарың қанбай тамашалап, өзіңнің өткен тарих бастауларыңа оралғандай сезінесің...
Бағдат: Менің ойымша, Қыз жібек дастаны қазақтың өткендегі, көшпелі тұрмысының мол айнасы тәрізді.Айнұр жан, осы бір тарихымызда алтын әріппен жазылған Қыз жібек дастаны арқылы,өткен заманымызға көз жүгіртсек қайтеді. Көз алдыма қатарласа тізілген Көш қызығы, айналасында мәз мейрам болған қыз келіншектер, әжелердің бір сарында айтып жатқан әуезді әнімен сонаааау көш келе жатқан тәрізді...
Әжелер ансамблі: « Көш қызығы.»
Бағдат:
Қыз жібектің дидары
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.
Екі бетінің ажары,
Жазғы түскен сағымдай.
Білегінің мүсіні,
Айбалтаның сабындай!
( Сол сәтте cәукеле киген шаңырақтың астында Қыз жібек шығады)
«Қыз жібек» Гәкку әні.
Айнұр Рүстемова.
(Қыз жібек әнін айтып болған соң,)
Айнұр: Қыз жібектің Гәккуі-
Айдын шалқар,
көл бетінің Аққуы .
Бағдат: Махаббаттың белгісіне айналған -Аққу, ғасырлар бойы адамзатқа киелі құс болып саналып келеді.
«Аққу» биі.
Айнұр: Қыз баланың жүзіне мұң тұнып, әлде бір тұнжыраған сәттерде қасынан табылатын сенімді де мейірімді,сыр бөлісер адамы жеңгесі болған ғой. Жеңге деген орны бөлек асыл жан емес пе?
( осы сәтте Қыз жібектің қасында отырған жеңгесі әуезді әніне салады)
«Әгугай әні.»
Абишова Балнұр
Айнұр: Қыз жібек десе, еске Төлеген түседі.Қос аққуға ұқсаған екі ғашықтың сезімдерін алғашқы куәгері- Шеге.
Япыр –ау, бүгінгі таңда арамызда достыққа адал,уәдеге берік Шеге дей сал серілер бар ма екен? Сол дәуірдің Шегелерін бүгін іздейтін дейміз...
( осы сәтте домбырасын асынып Шеге келеді. Қыз жібектің сұлулығын жырға қосып, домбырасын сабалай жөнеледі)
Шегенің әні
Бағдат Абишев
Шеге: Ә, халайық жараңдар!
Жібектей асыл аруға
Төлеген жыр арнасын.
Тыңдап құлақ салыңыз
«Махаббатсыз өмір тұл»
Сөзіне әбден қаныңыз.
Төлеген сөзін қостайық
Келгенінше хәліміз.
Төлеген: Жөн айтасың Шеге...
Көңілім- көктем, Жаным- жаз.
Жырым- наз менің, Әнім-саз.
Алыстан іздеп келгенім,
Жібекжан салған- Гәкку саз.
Төлегеннің ариясы.
(Бұл сәтте сахнаға қыз жігіттер топырлап жиналып Төлегеннің әнін тыңдап тұрады.Ән біте салысымен, сол сәтте қыздар жақтан бір ойнақы келген бір ару:
әй, жігіттер, Жібекжанды Төлегенге оп-оңай бере салады деймісіңдер...Қане, айтысып жеңіп алыңдар.
Айтыс.
(Ендеше тойымыз, тойға ұлассын деп Басқалары сахнадан ақырын шығып кетеді. Бишілер шашу биін билейді)