kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Киелі қобыз аспабының тарихи ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аспаппен таныстыру, қобызшы орындықта отырғанда арқасын түзу кеудесін тік ұстап орындықтын жартысына ғана отыру керек.  Орындаушының аспапты ұстау ерекшелігі мен ысқышты жүргізудегі көптеген әдіс тәсілдер тиімді пайдаланылуы керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Киелі қобыз аспабының тарихи ерекшеліктері»



Әдістемелік баяндаманың мақсаты: музыкалық білім беретін мектеп оқушыларының музыкалық-эстетикалық тәрбисі мен  біліміне қойылатын мақсаттарды  іске асыру жолында қобыз аспабын меңгерудегі ерекшеліктердің маңызы мен аспапты сауатты кәсіби меңгерту.

  1. Музыкалық-терориялық білімнің негіздерін меңгеру қобыз аспабының шығу тарихын, оның теориялық негіздерін біліп спецификасымен дыбыс шығару құпиясын түсініп, музыкалық сауатты тереңдете, қобыздың құрылысын және оған арналған нота графикасының ерекшеліктерін біліп, сонымен бірге ноталарды бірден оқып ала жөнелетін дағдыларын қалыптастыру.

  2. Орындаушылық қимыл-әрекеттер тәсілдерінің  негіздерін игеру: орындаушының дұрыс отыруы, қолдың, саусақтардың дұрыс орналасуы.

  3. Бастапқы оқудың ең қиында күрделі жағы-орындаушылық дағдыларды игеру.

  4. Орындаудың әдістері мен шығарманың мазмұндық мағынасын аша отрып, музыканы мәнерлеп орындаудың әр түрлі тәсілдерін үйрену.

Аспаппен таныстыру:  оң қол мен сол қолдың орналасуы. Қобызшы орындыққа отырғанда орындықтың алдыңғы шетіне жақын, жотасын орындық арқалығына тіремей, денесін алға қарай қобыз ұстауға икемдеп отырады.  Қобыз шанағын екі тізесінің арасына азғана солдан оңға қарай қисайтыңқырап ысқыш тартатын оң қолының емін еркін қозғалуына ыңғайлы етіп отырады.  Қобыздың тиегі баланың аяғынан жоғары тұруы қажет.

Оң қол. Ысқышты  дұрыс ұстау. Ысқышты оң қолмен дұрыс ұстау қобызшының алғашқы үйренер тәсілінің бірі. Ертеде ысқышты оң қолдың алақанымен ұстайтын яғни қазіргі контрабас смычогын неміс тәсілімен ұстағандай. Ысқышты бос саусақты қатты қыспай, қолдың салмағымен жұмсақ ұстаған дұрыс. Басбармақтың ұшы қалыптың біткен жеріне ортаңғы саусақ оған қарама-қарсы, қылдың біткен жерімен қалыптың ұшына қойылады, сұқ саусақ бірінші буынмен таяққа алшақтау орналасады. Ал аты жоқ саусақ пен шынашақ ортаңғы саусаққа көмектесіп соның қасына орналасады.

Ысқыш жүргізу. Дыбыс шығару. Ішекті ысқыштың түбінен бастап тартқанда оң қол кейін кетеді де, ал ысқыш орта шенінен әрі кеткенде шынашақты жазып жібереді.  Ысқыш керісінше жоғары жүргізілгенде осы қимыл кері қайталанады. Арлы берлі жүргізілгенде саусақ пен буын өте жұмсақ жеңіл қимылдауы керек. Ысқышты түбімен тартқанда қолды көтеріңкіреп оның салмағын жеңілдетеді, ұшымен ойнағанда ысқыштың таяғын сұқ саусақпен аздап басу қажет.

  1. Ысқыштың қылы ішекке жақсы тиіп , жабысып тұруы қажет.

  2. Ысқышпен ішекті сүйкегенде оның жылдам жүру, жай жүру қатты немесе жай басылуы мөлшерін дұрыс табу  қажет.

        Сол қол, ішек басу.

Сол қол саусақтарын ішек басуға жаттықтыру,  барлық  позицияда  сол қол 

саусақтарының ішек басуға  икемді , оңтайлы болуы, позициядан  позицияға  жұмсақ жеңіл көшуі  болашақта аспапты  жақсы  менгерудің  бірден бір жолы.

Алғашқы жаттығуда  ішекті саусағымен баспай,алдымен  ішекке саусақтың 

дұрыс түсуін жаттықтырған жөн.

        Қобыз  ойнаудағы жазу белгілері.

Қобыз ойнаудағы ысқыштың  түрлі жағдайдағы бағытын , саусақ басу, ішектердің дыбыс күшін  білдіретін динамикалық  және  екпін белгілерін жатқа білу керек.

                    П-ысқыш төмен

                    Ү-ысқыш жоғары 

                    Ц.С.-тұтас ысқыш.

                    Н.П.-төменгі жартысы.

                    В.П.-жоғарғы жартысы.

                    С.-ортасымен.

                    К.Ц.-ұшымен.

                   К.Д.-түбімен.

 Саусақ қою   белгісі .                                 Ішек белгілері.

0-ашық ішек.                                                І-Е –ми ішегінде.

1-бірінші саусақ                                          ІІ-А-ля ішегінде.

2-екінші саусақ..                                         ІІІ-Д-ре ішегінде.

3.- үшінші саусақ                                        IV-Соль ішегінде

4- төртінші саусақ.     

                                                                                     

1. Бір  октавалы гаммалар мен әртүрлі  жаттығулар.

Соль мажор  гаммасын бірінші позицияда таза дыбысты тыңдап, әртүрлі ұзақтықта орындау: бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік.  Сольішегінде жүргізгенде штрих төмен қарай тартылады.Ре шегіндеде солай ,ля ішегінде ысқыштың түбінен бастағанда  оң қол ысқыштың ұшынан жоғары тұру керек.

Гаммалармен жұмыс жасау  кезіндегі алдағы саты тек қана қол жүгірту ғана емес, оған әдемі дыбыс болуы, әр түрлі штрихтарда пайдалану арқылы үдете түсу әр түрлі екпінді ойнау. Сол қол қозғаалысының денгейін өсірту үшін мажорлық немесе минорлық гаммаларды әр түрлі октавада ,әртүрлі гаммаларда ,әр апликатуралық үлгілермен  орындауы керек. Минорлық гамма мұңды нәзік дыбысты ұяң болып естіледі .Әр бір музыкант деп мажор емес ,минор гаммасында игеру қажет.

Студент  табиғи, гармониялық  және мелодиялық әуенді ойнағанда  есту қабілеті дами береді.

2.   Этюдтар (ойнау ерекшеліктері әртүрлі).  

Этюд (машықтану) орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма.  Этюдті ойнағанда, таңдау кезеңінде жылдам және жай  темптегі болуы қажет. Лига, сегіздік ноталардың төртеуі бір ысқышта орындалатын шығармалар.

Этюдтармен дайындық .Студенттің жеке жұмыс жоспарына этюдтерді  таңдап, іріктеу оның қабілетіне байланысты болуы керек. Әрбір жарты жиынтықта  этюдтер әр түрлі  техникалық әдіспен  емтихан  ретінде тыңдалуы қажет. Этюдтердің жалпы позииялық қозғалысты менгеруге , сол қол қозғалысыының әрі жеңіл, әрі үнемді болуына тікелей әсері мол.Арнайы оң қол қозғалысына әр түрлі штрихтарды аралыстыра ойнайтын этюдтердің де көлемі көп. Ол үшін берілген этюдтердің штрихтары аппликатурасымен әртүрлі орындау әдістері нақтылы көрсетілетінін қадағалап тұрғаны дұрыс.

3. Қазақстан  композиторларының шығармалары

Студенттің қабылдауына  қарай  шығарманың ноталық текстін  оқыту.  Нота текстімен жұмыс жүргізу  барысында саусақтардың дұрыс қойылуын қадағалау. Динамикалық және шапшаңдық белгілермен жұмыс жасау. Ысқыштың  бір ішектен екінші ішекке көшуін  қадағалау.  Ысқышты  үнемдеп  , бір келкі дыбыс шығарып , тең бөліп үйрену     I семестрде - (желтоқсан айында) академиялық тыңдау.

    1. Орыс шетел композиторларының шығармалары.

Шығарма тандау барысында ысқыштың бір ішектен  екінші ішекке көшкен кезде ысқышты  үзбей жайлап ,артық дыбыс шығармай көшуді қадағалау.

Жартылық ноталарды  бір смычокпен,төрттік нотаны бутін  ысқышпен және жарты ысқышпен орындау.

5. Ірі  формалы шығарма.               

       Классик және  қазақ композиторларынан  қысқаша мәлімет.Композитордың өмірбаяны,  шығармашылық мәліметі. Берілген  шығарманың композитор шығармашылығындағы  ролі. Шығармамен танысу

а) мазмұны, шығарманың характері.

ә) тональдігі, формасы  мен жазылу фактурасы.

 

 

 

№2 кредит.

 

Тақырыбы:

Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін 

 шығармалар  мен пьесаларды меңгеру.

 

І семестрдегі  өтілген тақырыптарды күрделендіріп, қолдарды (координациясын) дамыту. Нота ұзақтығының күрделі түрлері: созылмалы нота, ноқатты нота, форшлаг т.б. Динамикалық құбылыстарды түсіну (меццофорте, крещендо, дименуэндо). Қос ноталарды синхронды орындау. Қобыз аспабындағы ең күрделі мәселе саусақтың қимылын жеделдету болып табылады. Сондықтан күнделікті сабақтарға  этюдтар, гаммалар, жаттығулар енгізілуі қажет.  Бір кілттік белгісіне дейінгі мажор және минор гаммаларын (3 түрін гармониялық, мелодиялық, натуралдық) үйрену. Соль  мажор,  ми  минор  гаммалары, олардың арпеджиоларын екі октавада ойнау. 

Соль мажор, ми минор  гаммалары, олардың арпеджиоларын  екі октавада ойнау.

1. Екі  октавалы гамма, мажор, минор.

Гамманы  ритмикалық әртүрлі  штрихтарда ойнау  (легато, стаккато, нон легато, мартле, деташе) т.б.  Гаммадағы жарты тон, бүтін  тон, бірінші, екінші саусақтардың және екі мен үштің, үш пен төрттің  аралығын қадағалау.

  1. Техникалық дәрежеде екі этюд бір пьеса.  

Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент  арасында өзара талдау жүргізіледі. Сұхбат барысында мұғалім  белгілі  бір мақсатпен шығарманы бастан –аяқ ойнап көрсетуі  қажет. Шығармаға жай ырғақта талдау жүргізілуі керек. Талдау барысында студент шығарманы жақсы естіп, дыбыс бояуларына назар аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс жүргізілуі қажет. Студент шығарманы жақсы меңгерген кезде жеке бөліктерімен мұқият жұмыс жүргізуі және динамикалық белгілерге (piano,  forte,crescendo, diminuendo) арнайы көңіл бөлуі керек. Этюд шығармаларын таңдаған кезде таңдау барысында төрттік нүктелі нота,  сегіздігімен, он алтылық ноталары бар этюдтар алыуымыз керек. 

4. Орыс, шетел композиторларының шығармалары.

Орыс, шетел композиторларының  өмірбаяны, шығармашылықтары туралы  қысқаша мәлімет. Композитордың  берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі.

Наурыз  айында техникалық тыңдау өткізіледі. (Соль мажор, ми минор, этюд )

 

 

 

№ 3 кредит.

 

Тақырыбы:

Негізгі ойнау  тәсілдерімен танысу, техникалық ойнау  мәнерін меңгеру.

 

Ноталық сауаттылықты әрі қарай дамыту.

а) Күрделі  өлшем 6/8, 6/4, 5/4, 3/2, т.б.

б) Триоль

в) Квинтоль

Мелизмдердің  түрі:

Форшлаг –

Мордент - 

Трель – 

Мына  музыкалық терминдерді жаттау қажет:

Adagio (адажио) - жай

Allegro (аллегро) - тез

Cantabile (кантабиле) – нәзік әндете

Dolce (дольче) – жұмсақ нәзік

Forte (форте) - қатты

Piano (пиано) - тыныш

Vivo (виво) - жылдам

Гамма, арпеджио, аккордтар міндетті түрде әр семестрге кіреді. Жоспар бойынша: Кілітте 2 белгіге дейінгі мажор мен минор гаммалары, олардың арпеджиосы мен аккордтары. Осы семестрге ойналатын гаммалар ре мажор оның паралелі си минор, ми бемоль мажор оның паралелі до минор.  Сабақта берілген гамма, арпеджио, аккордтарды бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, пунктир ритімімен  жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.

  1. Әртүрлі штрихта ойналатын этюд.

Этюд шығармасын дыбыстың таза шығуын қадағалау, ысқыштың ішекке бір қалыпты жүруін қадағалау. Сол қолдың орналасуын, денені дұрыс ұстау, оң қолмен ысқышты жүргізумен дыбыстың таза шығуын дамыту. Саусақты қою, саусақты алу, саусақтардың жүруін дамыту үшін әртүрлі штрихтарды қолдану.

Түрлі нюанстармен  ойналады.  Студент оқытушының көмегімен  шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап бастайды. Шығармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады.

 

2. Орыс, шетел классиктерінің шығармалары.

Орыс шетел  композиторларының шығармалары әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте айтылса, екіншісі жай, көңілсіз темпте айтылады. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 3-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз. 

3.Қазақ  композиторларының шығармалары.

Қазақ композиторларының  өмірбаяны, шығармашылықтары туралы  қысқаша мәлімет. Композитордың  берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу барысында  мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Музыкалық шығарманы үйрену кезінде - әуені мәнерлеп  ойналады. Әуен әр музыкалық шығарманың түбірі.  Әуенді мәнерлеп ойнау  тәсілі төмендегі ережелерлерде көрсетілген:

  1. Штрихтерді байқау: легато, стакато т.б. легатоны тек дұрыс апликатурамен ойнауға болады.

  2. Динамикалық белгілерді дәл сақтау қажет.

  3. Музыкалық фразаларды басы мен соңын ортасына қарағанда жай ойнау қажет.

  4. Күнделікті сабаққа дайындалу жаттығулардан басталу керек.

4.Күрделі  формадағы шығарма.

Студенттің меңгеру қабілетіне байланысты, қобыз аспабына өңделген ірі шығармаларды ұсынамыз. Күрделі формадағы шығармаларды ойнау барысында студент жан-жақты дамыпойнау қабілеті өседі.Студентке концертмейстрмен  сүйемелдеп ойнатып үйрету қажет. Бұл студенттің өсіп жетілуіне, ойлау қабілетін дамытып, сезініп ойнауын жетілдіреді.

Негізгі ойнау  тәсілдерімен танысу, техникалық ойнау  мәнерін меңгеру.

 

Ноталық сауаттылықты әрі қарай дамыту.

а) Күрделі өлшем 6/8, 6/4, 5/4, 3/2, т.б.

б) Триоль

в) Квинтоль

Мелизмдердің  түрі:

Форшлаг –

Мордент - 

Трель – 

Мына  музыкалық терминдерді жаттау қажет:

Adagio (адажио) - жай

Allegro (аллегро) - тез

Cantabile (кантабиле) – нәзік әндете

Dolce (дольче) – жұмсақ нәзік

Forte (форте) - қатты

Piano (пиано) - тыныш

Vivo (виво) - жылдам

Гамма, арпеджио, аккордтар міндетті түрде  әр семестрге кіреді. Жоспар бойынша: Кілітте 2 белгіге дейінгі мажор мен минор гаммалары, олардың арпеджиосы мен аккордтары. Осы семестрге ойналатын гаммалар ре мажор оның паралелі си минор, ми бемоль мажор оның паралелі до минор.  Сабақта берілген гамма, арпеджио, аккордтарды бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, пунктир ритімімен  жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.

  1. Әртүрлі штрихта ойналатын этюд.

Этюд шығармасын дыбыстың таза шығуын қадағалау, ысқыштың ішекке бір қалыпты жүруін қадағалау. Сол қолдың орналасуын, денені дұрыс ұстау, оң қолмен ысқышты жүргізумен дыбыстың таза шығуын дамыту. Саусақты қою, саусақты алу, саусақтардың жүруін дамыту үшін әртүрлі штрихтарды қолдану.

Түрлі нюанстармен  ойналады.  Студент оқытушының көмегімен  шығарманы жай темпте нотаға қарап  ойнап бастайды. Шығармамен жұмыс  істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық белгілеріне, штрихтеріне  көңіл аударады.

 

2. Орыс, шетел классиктерінің шығармалары.

Орыс шетел  композиторларының шығармалары  әртүрлі мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді  темпте айтылса, екіншісі жай, көңілсіз темпте айтылады. Сонымен қатар динамикалық  белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 3-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз. 

3.Қазақ  композиторларының шығармалары.

Қазақ композиторларының  өмірбаяны, шығармашылықтары туралы  қысқаша мәлімет. Композитордың  берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы ролі. Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Музыкалық шығарманы үйрену кезінде - әуені мәнерлеп  ойналады. Әуен әр музыкалық шығарманың түбірі.  Әуенді мәнерлеп ойнау тәсілі төмендегі ережелерлерде көрсетілген:

  1. Штрихтерді байқау: легато, стакато т.б. легатоны тек дұрыс апликатурамен ойнауға болады.

  2. Динамикалық белгілерді дәл сақтау қажет.

  3. Музыкалық фразаларды басы мен соңын ортасына қарағанда жай ойнау қажет.

  4. Күнделікті сабаққа дайындалу жаттығулардан басталу керек.

4.Күрделі  формадағы шығарма.

Студенттің меңгеру  қабілетіне байланысты, қобыз аспабына өңделген ірі шығармаларды ұсынамыз. Күрделі формадағы шығармаларды ойнау барысында студент жан-жақты  дамыпойнау қабілеті өседі.Студентке концертмейстрмен  сүйемелдеп ойнатып үйрету қажет. Бұл студенттің өсіп жетілуіне, ойлау қабілетін дамытып, сезініп ойнауын жетілдіреді.































№  2 кредит.

Тақырыбы:

Шетел және қазақ композиторларының шығармаларының,

әртүрлі мазмұндағы ойнау шеберлігін меңгеру. 

 

1. Екі-үш  белгіге дейінгі мажор мен  минор гаммалары, оларды үш  позицияда әртүрлі штрихтармен  ойнау.

Сабақта берілген гамма, арпеджио  бірте-бірте темпін күшейте күнделікті дайындалу керек. Гамма арпеджиоларды түрлі штрихтермен (легато, стакато) ойнау қажет. Ойнау техникасын ары қарай дамыту үшін гаммаларды триолмен, пунктир ритімімен жаттықтырамыз. Саусақтарды күнделікті жаттықтыру бұлшық етті қатайттырады және орындаушылық қабілетті арттырады.

  1. Әртүрлі характердегі екі этюд.

Этюдтер әртүрлі  мағынада беріледі (минорлық немесе мажорлық түрде). Бірі жылдам, көңілді темпте,  екіншісі жай, көңілсіз темпте. Сонымен қатар динамикалық белгілеріне назар аударамыз және 1, 2-ші семестрлерге қарағанда 4-ші семестрде күрделі түрлерін ұсынамыз. 

3. Қазақ  композиторларының шығармалары.

Қазақ халық  шығармаларында ырғақтық белгілерге ерекше көңіл бөлу керек. Шығарманың арасында жай және күрделі өлшемдердің  өзгеруіне байланысты қиыншылықтарға көңіл бөлу керек.

4. Шетел  композиторларының шығармалары. 

Шығарма таңдау кезінде, құрамы әртүрлі музыкалық шығармалар, би және ән түріндегі пьесалар болу қажет.

а) біртіндеп  шығарманың диапазонын өсіру.

б) кілттік өсу  белгілеріне байланысты тональностердің  шеңберін кеңейту.

в) күрделі өлшемнің майда ұзақтықтарын енгізу.

Шығармамен жұмыс істеу. Оқытушы шығарманы жазған композитор туралы қысқаша мәлімет береді. Сұхбат өте жылдам және қызықты өтуі қажет. Оқытушы студентке шығармада кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала ескертеді.  Студент оқытушының көмегімен шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап  бастайды. Шағармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін  шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық-белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс істеу қажет. Сонымен қатар шығарма бірнеше бөлшектерге бөлінеді (фраза, сөйлем, кезең). Әр бөлшекпен жай темпте талдап, тазалап арнайы жазылған саусақтармен ойналады.

  1. Күрделі формадағы шығарма.

Студенттің меңгеру  қабілетіне байланысты, қобыз аспабына өңделген ірі шығармаларды ұсынамыз. Күрделі формадағы шығармаларды ойнау барысында студент жан-жақты дамыпойнау қабілеті өседі.Студентке концертмейстрмен  сүйемелдеп ойнатып үйрету қажет. Бұл студенттің өсіп жетілуіне, ойлау қабілетін дамытып, сезініп ойнауын жетілдіреді.

 

 

 

 

№ 3 кредит.

Тақырыбы:    Белгілі бір ойнау тәсілдерін  меңгеру.

 

           Қобыз үйрену мектебінде  негізгі ысқышты жүргізу тәсілдері негіз алады.Ысқыштың үш бөлігі болады\ ортаңғы ,колодка,төменгі жартысы, жоғарғы жартысы.Дыбыстың  қатты немесе жай ,мәнерлі шығуының өзі, ысқышты жүргізуге байланысты.Әрине,ысқышты тарту шеберлігі көптеген жұмыс істеп , мол тәжірибе жинақтау арқасында ғана  қалыптасады.

1.Ысқыштың қылы ішекке  жақсы тиіп , жабысып тұруы қажет.Бұл  шарт қобыздың дабысын қатты  ғ , немесе жай р ойнағанда  да сақталады.Сонымен қатар ысқышты қисайтпай түзу ойнап жүргізу керек.

2.Ысқышпен ішекті сүйкегенде  оның жылдам жүру қатты немесе  жай басылу  мөлшерін  дұрыс  табу қажет.

     Ішек неғұрлым тиекке  жақындаған сайын қатая түседі  де,мойнына жақындаған 

сайын қатая  түседі де,мойнына жақындағанда жұмсарады. Ысқышты тиекке жақын жерден жүргізгенде таяқты басынқырай жай сүйкейді, тиектен алысырақ жүргізгенде таяқты баспай тезірек тартады. Бірінші жағдайда күшті (форте) дыбыс шықса, екінші жағдайда жұмсақ, қоңыр дыбыс шығады, сондықтан көбінесе ысқышты тиектен жоғарырақ, ішектің жұмсақтау жерінен жүргізіп үйренген жөн.

       Қобыз ойнаудағы басты, күрделі жұмыстардың бірі ішек басу. Өйткені барлық позицияда сол қол саусақтарының  ішек басуға икемді, оңтайлы болуы, позициядан позитцияға жұмсақ жеңіл көшуі болашақта аспапты жақсы меңгерудің бірден –бір жолы. Қобызшы саусақтарын позицияға қойғанда скрипкадағыдай бірінші позициядағы ноталарды бірден толық баса алмайды, сондықтан әр нотаны ойнағанда саусақпен ішек басып үйрену керек.

Оқытушы методикалық  нұсқауларға сүйене отырып, алғашқы  сабақтардың дұрыс орындалуын үнемі  тексеріп ,керек жерлерінде оқушыларға қобыз ойнау өнерінің тәсілдеріне  түрлі жаттығуларын өзі көрсетіп отырады.

Қобыз ойнау тәсілі қиын,үйрену жолы ауыр аспап болғандықтан қолдарын үнемі тексерумен менгеру керек.Студенттерге  гаммалар,штрихтардың түрлері,позиция,оның көшу жолдары сияқты маңызызор(халық аспаптарында көп пайдалыныла бермейтін) сабақтардың аспапта жақсы ойнау тәсілдерінің пайдасы көп екенінің еске сала кету керек.

                  Қобызды ойнап үйрену үшін  ысқыштың түрлі жағдайдағы бағытын  , саусақ басу, ішектердің дыбыс  күшін білдіретін динамикалық  және екпін белгілерін жатқа  білу керек.

                1. Этюдтің  екі түрін әр түрлі  екпінде, бірі  Ларго,Адажио, Ленто, Анданте темпінде болса, екіншісі Модерато, Аллегретто, Престо, Виво екпіндерінде алу керек.

                 2. Бір пьеса.

                 3. Гамманың үш, төрт белгіге дейін  түрін , мажор және минор түрлерін  арпеджио, аккордтарын  әр түрлі штрихтарда легато,  екі, уш, төрт дыбыстан ойнап,он алтылық, сегіздік, төрттік, жартылық , бүтін ноталармен ойнап меңгеру керек. Және минордың үш түрін ( гармониялық, мелодиялық түрін) ойнау студенттің  есту қабілетін дамытып отырады.

                4.Штрихтармен арпеджиоларды ойнаған кезде оқушының есту қабілеті дамып, тон аралықтарын сезініп, техникасы дамып отырады.Сондықтанда студент күнделікті таңертенгі уақытта екі сағат гамма, арпеджиоларды әр түрлі штрихтарда ,әр түрлі ұзақтықта өзін өзі тыңдап , сезініп ойнаса үлкен жетістікке жетеді.

               5.Қазақстан композиторларының шығармаларын  ойнау,  қобыз аспабында үлкен  орын алады. Қазақстан композиторларының   шығармаларын ойнағанда  ерекшше  көңіл бөлу керек.Оқушының  ұлттық  сезімі ояанып, қазақтық қаны жүріп, аса сезіммен  ойнауын қадағалау керек.

          Қобыз үні ғасырлар бойы қазақ   халқының қуанышы мен мұңын  шертіп ,көмейінен елі мен жерін  қорғаған батыр елдің ерлігін  жырлаған тегеуріндіүн төгілген.Қобыздың  тынысы кең, ,дыбыс шығару мүмкіндігіде мол аспап болғандықтан аса рухтық сезіммен  жеткізіп ойнау керек.

        6.Орыс  , шетел композиторларының   шығармаларын  ойнаған кезде профессио  налдық       дәрежеде , жас шәкірттіің  орындау шеберліктерін  арттырып отыру керек. Саусақтарының       техникасын жетілдіріп    ,   одан әрі дамыту үшін  теория мен практикаға негізделіп  отыру керек.,сабақтаоқушыны  үнемі тәрбиелеу, жаңа сабақты талқылап әр түрлі әдістерді үйрету керек.

            7.Күрделі  формадағы шығармаларды  ойнаған кезде  , шәкіртті  тек жақсы орындаушы –музыкант юолып шығуына, сонымен бірге оның идеялық тұрғыданда өсіп жетілуіне жауапты. Оқушыны жан-жақты тәрбиелеуде ерекше орын алатын тәрбие жұмысының бір бөлімі репертуар мәселесі. Оқушыға репертуардың ұнауы оның оған тигізетін тәрбиелік ықпалы ,сырын қаншалықты білуіне байланысты. Мазмұнды жасалған репертуар оқушыны толғандырады, шабыттандырады. Болашақ орындаушы музыкантты көп ұлтты әртүрлі ұлттық музыкасы рухында, классик композиторларының шығармаларын беріп, олардың музыкалық эстетикалық сезімін жетілдіре түсуі тиіс.  

 

 

№4 кредит.

 Тақырыбы: 

Халық әндерімен  пьесаларын, шетел композиторларының 

шығармаларын  меңгеру.

   6,1 Екі этюд.

             Бұл жолыда  оқушыға әр түрлі  характердегі  екі этюд таңдаймыз.  Әуелі  қобыздың  негізгі дыбысы  «ля» болғандықтан, осы ішектегі жазылған этюдқа жаттығулар дан бастаймыз. Күнделікті ойнау кезіндегі берілген тапсырманы көрсетілген  саусақтар әр ішекте толық меңгергенше жұмыс жасау керек.Алынған этюдтің негізі квинта көлемінен шықпайды.Бірақ, сол қолдың төрт саусағын ойдағыдай жаттықтыру үшін жаттығулар осы диапазонда әр түрлі интервалда(секунда, ттерция, кварта, квинта) беріледі.

     6..2. Жаттығулар  алғаш жай екпінде бірнеше  қайталанып орындалуы тиіс. Әбден  жаттығып игергеннен кейін біртіндеп екпіндете тездете жылдам ойнауға көшу керек.

Ал, штрихқа келетін  болсақ, жаттығуларды бастапқыда «лига» штрихымен ойнау керек. Демек, екі  нотаны бір смычокпен, төрт нотаны бір  смычокпен 16 нотаны бір смычокпен  ойнау дәрежесіне жету.  Гамманы төрт белгіге дейін мажор, минорды орынадудағы ерекшелігі оқушы өзін өзі тыңдап үнемі әр дайым диез бемольдарды ескеріп есте сақтап, тыңдап ойнауы қажет.

6.3. Пьеса.

Қазіргі уақытта қобызшылардың  фортепиано сүйемелдеуімен орындау  дәрежесін үнемі өсіріп отыру қажет.   Пьеса алған кезде оқытушы шығарманы  егжей тегжейіне дейін зерттеп, танысып, оқушының орындаушылық шеберлігін өсіретіндерін таңдап іріктеп, талдап алуы қажет. Шығарманың мазмұны неғұрлым сапалы, санқилы болса, ол оқушы үшін соғұрлым қызғылықты және нәтижелі болады. Өз бетімен даяарланып үйрену, музыка тыңдау, оқушы үшін өте пайдалы. Біріншіден оның творчестволық шабыты пайда болса, екіншіден оның –музыкаға өзіндік көзқарасы , қояр талабы пайда болады. Ол репертуарын игеру үшін ізденеді , толғанады, өзінің ой өрісінің өсуіне, орындаушылық шеберлігінің ілгері дамуына жол ашады. Әрине, мұндай кезде оқытушы шәкіртінің өз бетімен даяарлаған шығармасын тексеріп, тыңдап өз пікірін айтуға міндетті.

              6.4 Шетел классик композиторларының шығармалары.

Шетел   классик  композиторларының шығармаларын алып ойнаудағы мақсат, шетел композиторларының  шығармаларының ерекшелігінде.Шығармадағы  форшлаг,мордент, акцент, деташе сияқты шығарманы көркемдеу оқушыға  өте керек.

Әр ұлттың  өзіндік  ерекшелігі  оқушының өсуіне ықпал береді. Шығарманы түсінуге  өзіндік ерекшелігіне,аккомпонементті тыңдауға көмектеседі.Классик композиторлардың, әсіресе И.С.Бах,Л:В.Бетховен,В:А:Моцарттың шығармалары өте пайдалы.

    1. Бір күрделі формадағы шығарма.

Күрделі формадағы шығарманың ойнау әдісіне келетін болсақ, оқытушы характерін көрсетіп, мәнерлеп ойнау нақышын келтіріп оқушыға өзі ойнап,жеткізіп беру керек. Одан кейін шығарманың формасын талдап, ойнау ерекшеліктерін көрсетіп беру қажет. Шығарманы оқушымен бірге  басынан аяағына дейін табжылмай отырып талдап шығуы қажет. Егер оқушы шаршап қалған жағдайда, Үш бөлімді  үш  сабаққа бөліп, фраза, фразаға  бөліп, сөйлем соңына дейін жеткізіп, орындау қажет.Келесі шарт оқушымен  өте жай темпте ойнаған жөн. Ньюанстарына көңіл бөліп, Крещендо ,диминумендо, сфорцандо, акцентке көңіл бөлу керек. Келесі кезенде өте жай темпте  концертмейстермен қосылып орындау қажет. Концертмейстермен ор ындамас бұрын оқытушы өзі орындап беру қажет.

 

 

№ 5 кредит.

Тақырыбы :

                       Әр түрлі мазмұндағы  күйлерді   ойнау  шеберліктерін  меңгеру.

 

7.1.Екі этюд.

  Оқушының орындау шеберлігін , техникасын дамытуда  көмегін тигізетін  сабақтың бірі- жаттығулар, гамма ,этюдтер.Шығарманы ойнамастан бұрын студентке практика ретінде  бірден ойнау үшін және аппликатура қойып үйрену  үшін  берілсе,  келесі этюдті  техникасын дамыту үшін пайдалану керек.Жоғарғы курстың студенттеріне аппликатура қойып үйренудің маңызы өте зор.Сондықтанда шығарманың ноталарын таза, саусақтарын дұрыс қойып ,оған аса ұқыптылықпен қарауды үйрету керек.Оқушының шығарманың мазмұнын дұрыс түсініп, ырғағы мен мелодиясын  бұзбай  ойнауын   мейлінше қадағалау оқытушының жауапты міндеті.Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайдаланудың маңызын еш уақытта естен шығармау керек.Оқушыға аппликатураны өзі қойып үйренуге жаттықтыру, оқытушының  үлкен міндеті болып саналады.

Жаңа шығарманы үйрену кезінде оқушыны өз қатесін өзі  біліп, оны жөндеп, дұрыстап ойнауға  дағдыландыру  оқытушының   педагогикалық  міндеттерінің бірі.Оқытушы студенттің бірден шығарманы  жатқа ойнауына тыйым салуы тиіс.Өйткені, орындаудағы кемшіліктерімен  шығарма нотасын үйренудегі қателер  , көбіне  шығарманы әлі  тегіс түйсініп  үйрену болмай , жатқа  ойнағандықтан шығады. Сондықтан, шығарманы қашан үйреніп , оны орындауға жаттыққанға дейін оқытушы студенттен тек қана нотамен ойнауды талап ету керек.

Тек, сонда ғана студент  жаңа шығарманы мазмұнына сай, оның техникалық орындаушылық тәсілдерін ойдағыдай  игеріп үйрене алады

7. 2. Әр түрлі характердегі  төрт  пьеса.

           Соңғы курста студенттің  орындау  шеберлігіне, техникасына көңіл   бөліп дамыта түсу керек. Бірден  нотаға қарап  ойнау –оқушының   ойнау қабілетінің озықтылығы, оның  творчестволық дөрісінің  құлашын  кең жайып өскендігі болып  саналады. Оқытушы оқу жоспарын  жасағанда, шәкірттің концертке шығып  орындауын  жоспарлауы тиіс. Бұл болашақ орындаушы-музыкант үшін үлкен  маңызды нәрсе.Әрбір оқу жылының басында жасалатын  бұл жұмыс  жоспарында оқушы не үйрену керек, қанша шығарма игеруі тиіс ,қандай тәрбие  жұмыстары өткізілуі керек, міне  осындай мәселелер қамтылады.Жұмыс жоспарын да оқытушы шәкірттің  жалпы білімі ,сабақ үлгерімі , музыкалық қабілеті жайлы өткен оқу жылында қолы жеткен табыстары мен көзге  түскен кемшіліктерімен жұмыс жасалады.

Әр түрлі характердегі  пьесаның біреуін ансамбльге беру керек, бұл студенттің өсу қабілетін өсіреді.Ансамбль 2 қобызға ,3 қобызға,4қобызға арналған шығармаларын таңдап алу керек.Оқытушы өз студенттеріне жекелеген жұмыс жоспарын жасағанда әрбір  шәкірттің  дайындығын, қабілетін ,ерекшелегін ескеруі қажет.Әр түрлі харак тердегі шығарманың  біреуін өз бетімен  дайындау үшін  берілуі керек. Репертуарды таңдаған кезде  оқытушы әр бір шығарманы егжей - тегжейіне  дейін зерттеп,

Күрделі  формадағы  шығарма.

Күрделі формадағы шығарманы алмастан бұрын   оқытушы шығарманы әбден зерттеп студенттің қабілетіне  қарап, танысып, шеберлігін өсіретінін  іріктеп,талдап алуы қажет.Күрделі шығарманы оқушыға үйрету үшін ,оқытушы ең алдымен өзі жан жақты білу керек.  Күрделі формадағы шығарманы үйренудің бірнеше жолдары бар, оны әо түрлі сатыға бөлуге болады.Шығарманы алғаш үйретер алдын оны басынан  аяағына дейін бір орындап  беру керек.Мұның үлкен маңызы бар.

Алғашқы ойыны  арқылы студент  шығарманың  жалпы  характерімен танысады, шығарма музыкасы оның  музыкалық  сезіміне әсер етеді.  Шығарманы басынан аяағына дейін ойнап танысқаннан кейін , оқытушы шығарманы енді өте жай фойнатып талдауға кіріседі. Шығарманың қиын жерлеріне көбірек тоқталып, оқушыға оны игеру жолдарын түсіндіреді, шығарманың музыкалық құрылысы, ырғағы, мелодиялық ерекшелігі жайлы әңгімелеп таныстырады. Оқытушы студенттен ең алдымен шығарманың ноталарын өте дұрыс үйреніп, оған аса ұқыптылықпен қарауды талап етуі керек.

Оқушының  шығарманы дұрыс түсініп, ырғағы мен мелодиясын бұзбай ойнауын мейлінше қадағалау оқытушының жауапты міндеті. Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайлаланудың маңызын еш уақытта естен шығармау керек. Оқушыға аппликатураны өзі қойып үйренуге, жаттықтыру оқытушының міндеті болып саналады. Қобызшының ең басты міндеті шығарманы ойнаған кезде, штрихтарына көңіл бөлуі керек. Шығарманы  алып талдау кезінде студентпен әңгімелесіп отырып, талдап отырып ,  шығармаға апликатура мен штрихтарды қойып отыру керек.Студентті ара кезек  штрихты «былай қойсақ қалай болады» - деп студентті тексеріп отыру керек. Сонда ғана, смечоктың төмен-жоғары болып қалмауын қадағалайды.  Жаңа шығарманы үйрену тәсілінен кейінгі негізгі үйрену жұмысының бірі шығарманың техникалық орындаушылық жағын үйрену болып табылады.  

Жаңа шығарманы  үйрену кезінде, оқушының өз қатесін  өзі біліп, оны жөндеп, дұрыстап ойнауға  дағдылану- оқытушының педагогикалық  міндеттерінің бірі. Оқытушы студенттің бірден шығарманы жатқа ойнауына тиым салуы тиіс. Өйткені орындаудағы  кемшіліктермен  шығарма ойнаудағы қателер, көбіне шығарманы әлі тегіс түйсінік үйреніп болмай, жатқа ойнағандықтан шығады. Сондықтан, шығарманы қашан үйреніп, оны орындауға жаттыққанға дейін оқытушы студенттен тек нотамен ойнауды талап етуі керек. Тек, сонда ғана студент жаңа шығароманы мазмұнына сай оның техникалық орындаушылық тәсілдерін ойдағдай игеріп, үйрене алады.

Шығарманы музыкалық  көркемдік дәрежеде орындау дегеніміз- шығарманы өз екпініндеоны мазмұнына, характеріне байланысты автор ойын жеткізіп,бере алатындай дәрежеде ойнау. Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып,музыкалық аспаптың дыбыс бояынорын-орнымен жұмсап, шығарманы динамикалық  шарықтау шегіне жеткізу. Осы мақсатқа жету үшін, студент ұдай ізденіп, ойланып-толғануы керек. Оқытушы жаңа шығарманы үйретуде студенттен аспап мүмкіншілігіне қарай, табиғи дыбыс шығаруды талап етуі керек.

Ол дегеніміз-саусақты қойып, дыбыстың шығуын жүрекке барып, одан миға барған кезде ғана таза сапалы дыбыс шығады.Оқытушы шығарма  характеріне қарай динамикалық  айырмашылықтарын дыбыс дәрежесінде ажырата білуді үйрету керек. Сонда ғана, жас қобызшының орындаушылық міндеті өсетін болады. Оның ойыны құлаққа жағымды келеді.

 

 

№ 6 кредит.

Тақырыбы :

Шетел және қазақ  композиторларының шығармаларын меңгеру.

Нотаны бірден оқып кетуді меңгеру.

 

8.1. Күрделі  формадағы шығарма. 

Күрделі формадағ шығарманы орындау ерекшеліктері  оның фактурасын, шығарманың формасын, мазмұнын, идеясын түсіндіру қажет. Күрделі формадағы шығармалар әдетте үш бөлімнен тұрады. Шығарманы талдаған кезде, үш бөлімге бөліп, бір-екі айда бір бөлімін, екінші айда екінші бөлімін, үшінші айда үшінші бөлімін талдап, шығару керек. Жыл соңына дейін түгелдей  шығарманы аяғына дейін жетілдіру қажет.

Шығарманы тағы да фраза сөйлемге бөліп, талдап, жол-жөнекей  динамикасымен де жұмыс жасауға болады. Әсіресе, крещендо, диминумендо,форте, пиано, меццофорте, меццопиано, сфорцандо, пианиссимо, акцент, деташемен жұмыс жасаса, шығарма толыққанды болуы әбден мүмкін. Қобызшының басты міндеті – штрихтарын дұрыс қойып, күшті және әлсіз үлестерде ысқышты дұрыс қою өте маңызды. Әлсіз  үлестерді ысқышпен жоғары жүргізу, күшті үлестерді төмен жүргізуге ықпалы тиеді. Сондықтан да, штрихты өте қадағалау керек.

Күрделі шығарманы  орындаған кезде аппликатураның да маңызы өте зор. Әсіресе, позициядан –позицияға ауысар кезде бірінші саусақпен бірінші позицияға ауысу, екінші саусақпен екінші позицияға, үшінші саусақпен үшінші позицияға ауысуды үйрену керек. Шығарманың мазмұнын бұзбай ауысыпп үйрену керек.

8.2. Әртүрлі  характердегі төрт пьеса.

Әртүрлі характердегі пьесаны орындау үшін, репертуардың мазмұны неғұрлым сапалы , сан қилы болса, ол оқушы үшін соғұрлым қызғылықты да және нәтижелі болады. Өз бетімен  даярланып үйрену, музыка тыңдау студент  үшін өте пайдалы. Біріншіден оның творчестволық шабыты пайда болса, екіншіден мувзыкаға өзіндіук көзқарасы, қояр талабы пайда болады. Ол репертуарды игеру үшін  ізденеді, толғанады, өзінің ой-өрісінің өсуіне, орындаушылық шеберлігінің ілгері дамуына жол ашады. Әрине бұның барлығы оқытушының үздіксіз қадағалауы болуы керек.

Әртүрлі характердегі пьесаның маңызы студенттің жан-жақиы  көзқарасын өсіріп, әр ұлттың шығармаларын игеруге, сол ұлттың характерін өзінше көрсетуге үйретеді. Әр ұлттың  шығармаларының орындау ерекшеліктерін игере бастайды. Бірде көңілді, қызуқанды, екпінді шығармаларды ойнап үйренсе, бірде мұңды, терең ойлы шығарманы игеріп, студенттің жұрттың алдында ойнау қабілеті артады.

8.3. Ірі шығарма. 

Ірі шығармаға ,концерттер, сонаталар,  концертино, қысқаша симфониялық шығармалардан  үзінді, анданте,адажио, фантазиялар жатады.Бұл шығармалардың орындау ерекшеліктеріде болады. Мұнда  дыбысты көркемдеу ,әсемдеу үшін фложелет, форшлаг, трель, мордент, акценттерімен ерекшеленеді және де  шығарманың формасымен, түрлі техникалық қиыншылықтарымен ерекшеленеді.Ірі шығарманы орындаудың өзі  адамға жігер беріп , ізденуге жол ашады. Түрлі қиыншылықтарды игеріп, алға адымдауға жылжый отырып, шығарманың негізіне жетелейді. Ірі шығарманың өзі  негізгі партиялармен , қосалқы партиялармен екінші тема мен күресе отырып  концовкаға (шығарманың соңына) жеңіске жетелейді.

Ірі шығарманы  орындаған кезде үнемі фортепианоның  сүйемелдеуімен дыбыстың үйлесімін, ансамбльін, гармониясын тыңдап отыру керек. Негізгі мелодияны басып қалмас үшін, сүйемелмен ұзақ уақыт жұмыс жасауы керек. Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып, дыбысты құлаштап, музыкалық аспаптың ерекшелігі мен  үлкен мүмкіндіктерін көрсету керек.Ірі шығарманың өзі осыған жетелейді.

Соңғы курста студентті жан-жақты тәрбиелеп, сахна  мәдениетіне де үйрету қажет. Классикалық шығармаларды  орындаған кезде-өте жинақы, ұқыпты, түр-келбеті, бәрі сәйкес болуы керек. Әндер мен пьесаларды орындаған кезде шығарманың мазмұнына қарай,киім киісі , орындалу ерекшелігі сәйкес болуы керек.Сахнаға шығар алдында жинақы, түзу келіп, залға мейіріммен қарап, жымиып әрі жинақы баспен иіліп ізет жасауы керек.

Содан кейін  дұрыстап  отырып  жайғасқаннан кейін, залға бір қарап терең дем  алып, концертмейстерге ымдап көрсетіп шығарманы бастап кетуі керек.

Шығарманы орындап болғаннан кейін, бей мазаланбай, жинақы тұрып, тағы да баспен иіліп,асықпай шығып кетуі керек.Шығарманы орындаған кезде залға мейлінше  өзінің шығармасын көрерменге  жеткізіп  орындауға үйрену қажет.Ол үшін  студент   оқу кезеңінің  мерзімінде  сахнаға көбірек шығуды  дағдыға  айналдыру қажет ,сонда ғана ол сахнада  өзін еркін сезіне алатын болады,ол дегеніміз еркін сезіну шығарманың толыққанды болуы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Киелі қобыз аспабының тарихи ерекшеліктері

Автор: Кабышева Гульмира Надырхановна

Дата: 16.10.2019

Номер свидетельства: 522907

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "«Көнеден жеткен аспап-домбыра, дутар, саз»"
    ["seo_title"] => string(43) "koniedien_zhietkien_aspap_dombyra_dutar_saz"
    ["file_id"] => string(6) "360459"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479575121"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства