Сабақтың тақырыбы: «Жанұям және математика»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін –өзі тәрбиелеуге баулу. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс сабағы.
Сабақтың типі: Ойын түріндегі сабақ.
Қатысушылар: 5 және 6 сынып оқушыларынан, ата- аналарынан құралған 4 топ.
Жоспары:
Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі.
Тапқырлық сайысы. (логикалық есептер)
Қызықты фигуралар.(ата-аналар геометриялық фигураларды пайдаланып адам бейнесін салады.)
Математикалық сұрақтар.
«Іздеген жетер мұратқа»
«Қас-қағым сәт» сайысы.
Жанкүйерлер сайысы.
Үй тапсырмасы.
Қолданылған нақыл сөздер:
«Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы»
(К. Гаусс)
«Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін математика»
(М. В. Ломоносов)
«Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажетті де»
(Р. Бэкон)
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермендер және ойынға қатысушы сайыскерлер! Бүгінгі «Жанұям және математика» атты сайысына қош келдіңіздер!
Өзіне сүйсіндірер барлық жанды,
Сүйкімді, ақылды бол, иман жүзді.
Ғылымды үйрене біл, небір түрлі
Жарысайық, сайысымызды бастап, енді – дей отырыпсайысушы топтарымызды ортаға шақырайық.
Сайысқа қатысушы топтар: «Алғырлар», «Данышпандар», «Тапқырлар» және «Білімділер»
Олай болса тұрмайық,
Кешімізді біз бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ қазыларды шақырайық.
Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
І. Топтың өздерін таныстырулары. Амандасу рәсімі.
«Алғырлар» тобы: (5а сынып)
Ұраны: Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
«Алғырлар» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
«Білімділер» тобы: (5б сынып)
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста білімменен аламыз!
Сәлемдесуі: Мәселенің түйінін.
Мазмұнынан білеміз
Ізделінді нәрсені
Тезде тауып береміз.
«Білімділер» тобынан жалынды сәлем.
«Ойшылдар» тобы: (6а сынып)
Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз
Білімменен қаруланған тобымыз
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз
«Ойшылдар» тобынан сәлем.
«Тапқырлар» тобы: (6б сынып)
Ұраны: Ақыл – оймен кеңескен.
Күштілермен күрескен
Біз тапқырлар алқасы
Жеңілмейміз күрестен
Сәлемдесуі: Сыныптас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос,
Жеңіспен мәреге барайық
Жеңістің ұранын салайық
«Тапқырлар» тобынан баршаларыңызға жалынды сәлем.
ІІ. Тапқырлық сайысы: (Әр топқа логикалық есептер беріледі.)
«Алғырлар» тобы: (5а сынып)
«Білімділер» тобы: (5б сынып)
«Ойшылдар» тобы: (6а сынып)
«Тапқырлар» тобы: (6б сынып)
ІІІ. Қызықты фигуралар.(ата-аналар геометриялық фигураларды пайдаланып адам бейнесін салады.)
ІV. Математикалық сұрақтар. (Әр сұраққа бір ұпай)
«Алғырлар» тобы: (5а сынып)
Қандай сандар жұп сандар деп аталады? (2-ге бөлінетін)
5 санына бөлінгіштік белгісі. (0 және 5 цифрларымен аяқталса)
1800 –қа тең бұрыш (жазыңқы)
Қандай сандар жай сандар деп аталады? (1-ге және өзіне бөлінетін натурал сандар)
Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласы. (S = ab)
«Білімділер» тобы: (5б сынып)
1.Қандай сандар тақ сандар деп аталады? (2-ге бөлінбейтін)
2. санына бөлінгіштік белгісі. (0 цифрымен аяқталса)
3.900 –қа тең бұрыш (тік бұрыш)
4.Қандай сандар құрама сандар деп аталады? (2-ден көп бөлгіштері бар натурал сандар)
5.Тіктөртбұрыштың периметрін табу формуласы. (P = 2(a + b))
«Ойшылдар» тобы: (6а сынып)
1.Екі санның қатынасы. (қатынас)
2.Оң санның модулі (сол санның өзі)
3.Оң санға да теріс санға да жатпайды. (0)
4.0-ден кіші сандар (теріс сандар)
5.Дөңгелектің ауданын табу формуласы (S = πR2)
«Тапқырлар» тобы: (6б сынып)
Екі қатынастың теңдігі. (пропорция)
Теріс санның модулі. (оның қарама – қарсы санына)
О нүктесі, бірлік кесіндісі және бағыты көрсетілетін түзу. (координаталық түзу)
0-ден үлкен сандар (оң сандар)
Шеңбердің ұзындығын есептеу формуласы. (C = 2πR)
V. «Іздеген жетер мұратқа»
Әр топқа бірдей тапсырма бірдей тапсырма, яғни әр топтан ата-ана шығып «П» және «С» әріптері арқылы бірнеше матетатикалық сөз құрайды.
VІ. «Қас- қағым сәт» (Әр топ тез жауап беру арқылы ұпай жинайды. Бір сұраққа 2 ұпайдан )
5 – сыныптар 10 20 30 40
10 20 30 40
6 – сыныптар 10 20 30 40
10 20 30 40