kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлылық-ұстаздан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы бойынша 5-сыныпқа арналған сыныптан тыс шара

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлылық-ұстаздан»

Тақырып: Ұлылық - ұстаздан.

Мақсаты: 1. Қазақтың көрнекті ақын-жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру, әңгіменің тәрбиелік мәнін мәтінге сүйене отырып ашуға үйрету;

2. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, топпен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға машықтандыру, ойлау қабілетін дамыту;

3. Өлең, әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болу идеясын бойға сіңіру, еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тірбиелеу.

Түрі: сыныптан тыс жұмыс.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, «Өлең шумақтары» топқа бөлу, «Сандар сөйлейді», «Кім жүйрік» ойыны, Семантикалық кесте, «Жалғасын тауып көр».

Көрнекілігі: слайд, плакат, стикер, А4 формат, маркер.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Топқа бөлу: Өлең шумақтары бойынша топқа бөлу. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!», «Өзен», «Ананың сүюі» өлеңдерінің шумақтарын құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді.

1-топ. Кел, балалар, оқылық!

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегеннің алдынан

Іздемей-ақ табылар.

2-топ. Өзен.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған,

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,

Тасыса, су бармаған сай қалмайды.

Тасыған өзен судың қуатымен

Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.

3-топ. Ананың сүюі.

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

«Сандар сөйлейді»

1-топ. 1) 1841 жылы, 20 қазан. (Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген)

2) 1857 жыл. (Оқуын «өте жақсы» деген бағаға бітіріп шыққан)

2-топ. 1) 3-4 жас. (Әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында тәрбиеленеді)

2) 1859 жылдың тамызы. (Өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады)

3-топ. 1) 1850 жыл. (Орынборда орыс-қазақ мектебі ашылды)

2) 9 жас. (Орынбордағы орыс-қазақ мектебіне барған Ыбырайдың жасы)

Семантикалық кесте толтыру. Топтарға ортақ тапсырма.

Әңгіме

атаулары


Әңгімеден

Үзінділер

Қыпшақ Сейітқұл.

Атымтай жомарт.

Дүние қалай етсең табы

лады?

Асыл шөп.

Бай баласы мен жарлы баласы.

Әке мен бала.

1.Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен.







2.Злиха мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс.







3.Егіні піскен соң орып, жиып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып мал етті.







4.Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты.







5.Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ.







6.Нақ бесін мезгілінде балалар аман-есен үйлеріне келіп, әке-шешелеріне қосылды.









«Кім жүйрік». Әр топқа Ы. Алтынсариннің жинақтаған жұмбақтарынан жұмбақтар жасырылатын болады.

1-топ. 1) Отыз омыртқа, қырық қабырға, бәрін бастаған ауыз омыртқа. (Киіз үй)

2) Кішкене ғана безер, дүниені кезер.(Ақша)

3) «Ти» десем – тимейді, «тиме» десем тиеді. (Ерін)

2-топ. 1) Үй үстінде – уақ тас. (Жұлдыз)

2) Әкесі ұлын көтереді, ұлы бөрігін көтереді. (Үй керегесі, уық, шаңырақ)

3) Елу аяқты, екі қолды, салады елу аяқпен жалғыз жолды. (Ара)

3-топ. 1) Жаны жоқ болса да, ақылды адамның ісін істейді. (Кітап)

2) Айдын көлде алтын тас, ау салса да – алынбас. (Тіс)

3) Кереге басында – ақ жаулық. (Күн сәулесі)

«Суреттер сыры». Әңгімелердің желісі бойынша суреттер салып, әңгіменің мазмұнын түсіндіреді.

1-топ. «Жаман жолдас»

2-топ. «Малды пайдаға жарату»

3-топ. «Аурудан – аяған күштірек»

«Жалғасын тауып көр». Ы. Алтынсариннің жинақтаған мақал-мәтелдерінің жалғасын табу.

1-топ. 1) Ісі жоқтың - ... (асы жоқ)

2) ... – қылыштан өткір. (Тіл)

3) Берсең - аларсың, ... (ексең орарсың)

2-топ. 1) Өнерлі өлмес, ... (өнерсіз күн көрмес)

2) Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

3) Жері байдың - ... (елі бай)

3-топ. 1) Талапты ерге ... (нұр жауар)

2) Ауру қалса да, ... (әдет қалмайды)

3) Жақсылық қылсаң, ... (бүтін қыл)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ұлылық-ұстаздан

Автор: Иманғазиева Әсемгүл Сейлханқызы

Дата: 08.12.2018

Номер свидетельства: 489530

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "«Ұстаздың жолы ұлылық-ұрпағы жүрер ұғынып»"
    ["seo_title"] => string(43) "ustazdyn_zholy_ulylyk_urpagy_zhurer_ug_ynyp"
    ["file_id"] => string(6) "482800"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1540911193"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Мақала Ұстаздар күніне"
    ["seo_title"] => string(25) "mak_ala_u_stazdar_kuninie"
    ["file_id"] => string(6) "387324"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1486116396"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "«Ұстаз – ұлы есім» атты концерттік бағдарлама"
    ["seo_title"] => string(47) "u_staz_u_ly_iesim_atty_kontsierttik_bag_darlama"
    ["file_id"] => string(6) "399440"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489312128"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?стазым – ?ла?атым, ?лгі-?негем! Т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(51) "u-stazym-u-lag-atym-ulghi-onieghiem-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "162999"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422435554"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "«Мектеп  тірегі-білім, ?стаз-оны? ж?регі.» т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(61) "miektiep-tirieghi-bilim-u-staz-onyn-zhurieghi-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "253572"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447608487"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства