kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Озык ойлы окушы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:              “Озық ойлы оқушы”

Мақсаты:                  Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін

                                  шыңдау.  Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық:       Оқушылардың белсенділігін дамыту ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік:                Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа,             

                                             ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Көрнектілігі:            Интертақта, бетшелер.

Түрі:                          Топтық сайыс.

Жоспары:                  1. “Сәлемдесу сөз басы”

                                   2. “Сұрақ бізден, жауап сізден”.

                                   3. “Адасқан әріптер”

                                   4. “Кім тапқыр” жанкүйерлер сайысы.

                                   5. “Сен маған, мен саған”  . (үй жұмысы)

                                   6. “Білімдіге – биіктен орын”. Капитандар сайысы.

                                   7. “Ойнайық та, ойланайық”. Логикалық есептер.

                                   8. “Ойлан тап”. Жұмбақтар сайысы.

                                   9. Қорытынды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Озык ойлы окушы"»

21 жалпы білім беру орта мектебі


Ашық сабақ



Тақырыбы:

Озық ойлы оқушы ”









Дайындаған:Избасарова С.

Математика пәні мұғалімі









Ақтау 2017



Тақырыбы: “Озық ойлы оқушы”


Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін

шыңдау. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін дамыту ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу


Көрнектілігі: Интертақта, бетшелер.


Түрі: Топтық сайыс.


Жоспары: 1. “Сәлемдесу сөз басы”


2. “Сұрақ бізден , жауап сізден” .


3. “Адасқан әріптер”


4. “Кім тапқыр” жанкүйерлер сайысы.


5. “Сен маған, мен саған” . (үй жұмысы)


6. “Білімдіге – биіктен орын”. Капитандар сайысы.


7. “Ойнайық та, ойланайық”. Логикалық есептер.

8. “Ойлан тап”. Жұмбақтар сайысы.


9. Қорытынды.

















Құрметті ұстаздар, оқушылар “озық ойлы оқушылар” атты сайыс

сабағымызда бастаймыз.


  1. Дарын тобы:


Математика ермек емес балалық,


Математика көрегендік даналық,


Mатематика құрметтеуге лайық,


Кел достарым, мұны жақсы ұғайық.


Топтың аты: Дарын


Ұранымыз: “Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда ұмтыла біл жеңіске”.


  1. Талант тобы:


Бүгінгі күн сайыста, сен ешкімнен қалыспа,


Біліміңді көрсетер, сұрақтарға жауап бер.


Біздің топ талант


Ұранымыз: “Нақты жауап, шешім таба біл”.





















2 сайыс. Ендеше сайысымызды бастаймыз


“Сұрақ бізден, жауап сізден”


Дарын тобына.


  1. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда? (Диаметр)

  2. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? ( 0 )

  3. Ең кіші натурал сан? (1)

  4. Екі қабырғалы теңүшбұрыш? (Тең бүйірлі)

  5. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем? (аксиома)

  6. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзулер?

  7. Cанның ноль дәрежесі неге тең? (1)

  8. Периметр деп.

  9. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

  10. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

  11. Жолдың ұзындығын табу формуласы? (S=ϑt)

  12. Қандай сандар нольден үлкен? (оң сандар)


Талант тобына.


  1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын кесінді? (хорда)

  2. Ең кіші натурал сан? (1)

  3. 2- ге бөлінетін сандар? (жұп)

  4. Қиылыспайтын екі түзулер? (параллель)

  5. Құрамында әрпі бар теңдік? (теңдеу)

  6. Санның бір дәрежесі неге тең? (өзіне)

  7. Санның жүзден бір бөлігі? (процент)

  8. Тұстас бұрыштар қосындысы? (180%)

  9. Сыбайлас бұрыштар қосындысы? (180%)

  10. Жарты түзу қалай аталады? (сәуле)

  11. Тікбұрышты параллелепипед көлемі? (v=a*b*c)

  12. Жазыққы бұрыш неге тең? (180%)



3 сайыс

Ендігі сайыс “Адасқан әріптер”


Ш Б Т А С М А (Масштаб)

У Й Т А З А (Азайту)

И Д У С Р А (Радиус)

Ш Ұ Р Ы Б (Бұрыш)

Р О П Ц О Р И П Я (Пропорция)

Ө У Л Б (Бөлу)

Е Ң Ш Б Р Е (Шеңбер)

У С Қ О (Қосу)

Н Ү К Е Т (Нүкте)

А Р ДО Х (Хорда)





















4 сайыс “Кім тапқыр” жанкүйерлер сайысы.

Жұмбақ:

  1. Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ,

Қолыңа алсаң шешен,

Ақылы асқан көлем. (кітап)


  1. Шекер жейтін аққұтан,

Бір қазыққа байланды,

Аузына тістеп шекерін,

Ол қазықты айналды. (циркуль)


  1. Нүктеден, екі сәуледен құралған бүл не екен. (бұрыш)


  1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында ұзындығы

жазулы бір бойында. (сызғыш)


  1. Темір аяқты, ағаш таяқты. (циркуль, карандаш)


  1. Екі бұрыш ежелден тату көрші болған екен,

Бірін бірі толықтырып

Бір түзуде жатады екен. (сыбайлас бұрыш)
















5 сайыс. “Сен маған, мен саған”

Екі сынып бір-біріне тапсырмалар ұсынады.

Дарын:

  1. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш

жеңіл машина, бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр.


  1. Екі бала шахматшы 2 сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады.


Талант:


  1. Торда 12 құс отыр. Оның 11 – нен басқасы ұшып кетті.

Торда қанша құс қалды.


  1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышты кесіп тастаса,

неше бұрыш қалады.


















6 сайыс.

“Білімдіге – биіктен орын” капитан сайысы.


  1. Х – ті тап:


  1. Есепте:


  1. Бір ауданға 100 үй тұрғызылады. Бұл үйлерді нөмерлеуге арналған

кестелерді жасау барысында 7 цифры неше қолданылады? (20)



















7 сайыс.

“Ойлайық та, ойнайық” логикалық есептер шешу

  1. Үстелдің үстінде 3 стакан шие тұр. Марат 1 стакан шиені жеп қойды. Неше стакан калды?( 3)

  2. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат 2 – ші

орын алмаса, ал Талғат 3 – ші орын алмаса, кім қандай орын алған.?

(1 Марат, 2 Асет, 3 Талғат)

  1. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? (3)

  2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

(жоғары)

  1. Ұзындығы 10 м жіпті әр бөлігі 2 м болу м болу үшін неше рет қию керек? (4)

  2. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр?

Алмұрт па, алма ма? (алмұрт)

  1. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)

  2. 1 жұмыртқа 3 минутта піседі, 5 жұмыртқа ше? (3)

  3. Қатар тұрған 3 санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6? (1,2,3)

  4. Екі аяғымен тұрған адам салмағы 50 кг, бір аяғымен тұрған адамның ше? (50)

  5. Қай айда 28 күн бар? (барлық айда)

  6. Бір сан ойлаңыз,Оны 4-ke көбейтіңіз ,Оған 18-ді қос ,

Нәтижесін 2-ге бөліңіз Одан 7-ні азайтыңыз,3-ке көбейтіңіз ,6 – бөліңіз,

Бастапқы санды алып тастаңыз. (1)

  1. Үш сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43,34,41

Біреуін 6 санға , біреуі 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады.

Сөреде неше кітап тұрған? (40)

  1. Қандай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (бос)






8 сайыс. “Ойлан, тап” жұмбақтар шешу.

  1. Бес бұтақты ағашта,

бұтақ сайын 5 алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма? (24)


  1. Онбір түйе, бес жылқы

Екі сиыр, бес ешкі.

Екі қоян, үш түлкі,

Таба алмайсың бос күлкі? (28)

  1. Біз санбыз сызықпен бөлінген,

Математиканы ұқпас адамға,

Құбыжық боп көрінген,

Дұрыс, бұрыс, аралас,

Ондық болып бөлінген? (бөлшек)


  1. Үлкен кіші сандар арасына

Таңбаларды қойған кезде

Алынады қандай өрнек

Білейікші оны бізде? (Теңсіздік)

  1. Екі түзу қатар жүріп

Үшіншісін қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды? (Айқыш, сәйкес, тұтас)


  1. Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (Ондық бөлшек)

  1. Емес ол кітапта,дәптерде

Жүреді бірақ портфельде, (Күнделік)

  1. Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басыда жоқ аяғы,

Бір айналым баяғы. (Дөңгелек)


  1. Егіз туған қос жүйрік

Жарыса шауып терлейді

Термелеген сайын өрлейді

Бірін – бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапсада

Бір мәреге келмейді. (Параллель түзулер)



Қорытынды.

Осымен 7-ші сыныптар арасындағы сайысымызды аяқтаймыз.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Озык ойлы окушы"

Автор: Избасарова Сандеш Тулегеновна

Дата: 27.05.2017

Номер свидетельства: 418965

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(169) "Баяндама : ?аза? тілі саба?тарында о?ушыларды? коммуникативтік біліктіліктерін ?алыптастыру ."
    ["seo_title"] => string(85) "baiandamakazaktilisabaktaryndaokushylardynkommunikativtikbiliktiliktierinkalyptastyru"
    ["file_id"] => string(6) "268478"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450630373"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства