kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама : ?аза? тілі саба?тарында о?ушыларды? коммуникативтік біліктіліктерін ?алыптастыру .

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама: Казак тілі сабактарында окушылардын коммуникативтик биликтиликтерин  ?алыптастыру

Казак тили сабактарында окушылардын коммуникативтик биликтиликтерин калыптастыру мен дамытудын манызы оте зор. Окушылар карым-катынас моделдирин,мадиниет образдары мен символдарын билулери керек. Бул окушылардын казак тилинде емин-еркин сойлеуин камтамасыз ете алады. Коммуникативтик кузыреттилик -кажетти тилдерди,коршаган адамдармен жане окигалармен арекетестире отырып, топта жумыс жасау дагдысын ужымдагы ар турли алеуметтик ролдерди менгеруди камтиды. Окушы хат жаза, анкета толтыра арыз жаза,сурак коя пикир таластыра алуы тиис. Коммуниикативтик биликтилик -екинши тилди уйрене алуга    окушыларга тилдин зандылыктарын жаттанды уйретпей, сол тилди тилдик катысымдык тасилдерди  орынды колданумен байланыстыру. Оз ис-тажирибемде окушылардын коммуникативтик билигин калыптастыру мен дамыту жолдарны карастырамын. Осы максаттарга жету ушин оз жумысымды казирги заманга сай сабактарды откиземин. Ойткени -*заманауи сабак-окушынын  кандай да бир кузиреттилигин калыптастыруга багытталган. Оз сабагымда кузиттилик сабактарды откизип журмин. 

-Жазбаша катынас;

-матиннин желиси бойынша оз пикиринди билдир. 

-диалог куру.

-онимди топтик катынас;

 Окушылардин коммуникативтик биликтилигин калыптастыру дамытуга багдарланган тапсырмалар топтамасын дайындадым. Осы адис-тасилдерди колдану барысында оз сабактарымда сойлесимнин барлык компоненттерин тан дагдылары менгерилип,окушылардын жеке тулга ретинде оздерине деген сенимдилиги артып, шыгармашылыкпен жумыс истеу дагдылары калыптасуда. Мысалы,бастауыш сыныптарда "Даригерде", "Дукенде" деген такырыпты откен кезде "Тилдескиш" адисин колдандым. 

Заман агымына сай жиырма биринши гасырдин озык ойлы,зердели, дарынды,саналы, азаматтарын окытып, тарбиелеп айтумен шектелмей, шыгармашылык кабилетти дамытуга багыталган окыту адистеримен карастырып, дуниетанымын кенейтеди. Сондыктан бастауыш сынып окушыларнынын кузыреттилигин калыптасрыуда,дуниетанымын кенейтуде СТО технологиясын сабакта колданудын  манизи зор деп ойлаймын. Бала бастауыш сыныпты битирген кезде тонирегинде окигалар жайлы  асерин, кисынды да жуйели баяндап., жанындагы адамдармен ешбир киындыксыз белсене карым-катынас  жасауды уйрену,алган билимин тусунип, омирде колдана билуи керек. Тилди окытып, уйрету процесінде лексикалык такырыптардын дурыс сурыпталып, жуйеленип  натижели жумыс жургизилип, тилди дурыс уйренудин бирден-бир манызды болиги болып табылады. Сондыктан мектеп багдарламасындагы лексикалык такырыптар окушынын озин коршап турган ортасына кунделикти керекти создерге байланысты такырыптардан тузелген. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама : ?аза? тілі саба?тарында о?ушыларды? коммуникативтік біліктіліктерін ?алыптастыру .»

Павлодар облысы

Железин ауданы

Веселая роща ЖББОМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жакупова Бақыт Кибекқызы.

Баяндама..


Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік

біліктіліктерін қалыптастыру .


   Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік ,біліктіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Оқушылар қарым – қатынас моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен символ- дарын білулері керек. Бұл оқушылардың қазақ тілінде емін еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.

  «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынн ың «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті  тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді  меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Коммуникативтік біліктіліктік - екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік біліктіліктік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.

  Өз іс-тәжірибемде оқушылардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдарын қарастырамын. Осы мақсаттарға жету үшін өз жұмысымда  қазіргі заманға сай сабақтарды өткіземін, өйткені заманауи сабақ – оқушының қандай да бір құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Өз сабақтарымда құзыреттілік тапсырмаларды қолданып жүрмін:

- жазбаша қатынас

- мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір

- диалог құру

- өнімді топтық қатынас

- мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айт.

   Оқушылардың коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға бағдарланған тапсырмалар топтамасын дайындадым: «Тілдескіш» (сөйлесу үлгілерінен құрастырылған сөздікше),  «Баяндамашы», «Жазбаша қатынас». Аталмыш топтамалар мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастырады, өмірлік жағдайларда қазақ тілінде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады, оқушы бойынан табиғатынан берілген шығармашылық әлеуітін іске асыруына ықпал етеді. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, өз сабақтарымда сөйлесім-нің барлық компоненттеріне тән дағдылары меңгеріліп, оқушылардың жеке тұлға ретінде өздеріне деген сенімділігі артып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасуда. Мысалы, бастауыш сыныптарда «Дәрігерде», «Дүкенде» деген тақырыптарды өткен кезде «Тілдескіш» әдісін қолдандым. Оқушы «Тілдескішті» қолдана отырып, берілген жағдаятқа серіктесімен  әнгіме құрастырып, өзара әңгімелесе алды.

«Жазбаша қатынас» әдісі 5-6- сыныптардағы «Менің отбасым»,«Менің досым» т.б. тақырыптарын өткен кезде тиімді. «Жазбаша қатынас» үлгісін қолдану арқылы, оқушылар ата-анасына, достарына хат жазуды үйренеді.

  «Баяндамашы» әдісі жоғары сынып оқушыларына тиімді. Сабақтың бір кезеңінде белгілі бір тақырыпта баяндама жаза отырып, мәдениетті сөйлеуге, қазақша ойлауға дағдыланады.

   Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың бойында коммуникативті біліктілікті қалыптастырып , дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог, койылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға болады.

Заман ағымына сай жиырма бірінші ғасырдың озық ойлы, зерделі, дарынды, саналы азаматтарын оқытып, тәрбиелеп айтумен шектелмей, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін қарастырып, тәжірибеде қолдану қажеттігі туындауда. Сондықтан, бастауыш сынып оқушыларының құзіреттілігін қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтуде СТО технологиясын сабақта қолданудың маңызы зор деп ойлаймын. Бала бастауыш сыныпты бітірген кезде төңірегіндегі оқиғалар жайлы әсерін, қисынды да, жүйелі баяндап, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз белсене қарым-қатынас жасауды үйрену, алған білімін түсініп, өмірде қолдана білуі керек.

Тілді оқыту, үйрету процесінде лексикалық тақырыптардың дұрыс сұрыпталып, жүйеленіп алынуы нәтижелі жұмыс жүргізіп, тілді дұрыс игертудің бірден-бір маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан мектеп бағдарламасындағы лексикалық тақырыптар оқушының өзін қоршап тұрған ортасынан, яғни күнделікті тілдесімге керекті сөздерге байланысты тақырыптардан түзілген. Ол тақырыптар 1-сыныптан бастап 4-сыныпқа дейін қайталанып, күрделеніп, дамыта оқыту процесінде бағытталған.Лексикалық тақырыптардың маңызды бөлігі сөз, оқушы сөйлеп үйренуі үшін сөздік қор жасауы қажет .Ол үшін сөздерді дұрыс, орынды қолдану амалдырын меңгеруі керек. Оқу барысында жаңа сөздер күн сайын қосылып отырады.Оқушының жеткілікті дәрежеде сөздік қоры болмайынша, қазақша сөйлеуі мүмкін емес.Сөздік қорды қалыптастырып, жүйелі түрде байыту – мұғалімнің негізгі жұмысы. Бастауыш сыныптарда әр сабақ сайын 3-4 жаңа сөз үйретіліп, келесі сабақтарда жүйелі қайталанып, бекітіліп отырса, оқушының тіл үйреніп, тілдесім әрекетін тез меңгеруіне жол ашылады.Бастаыуш сыныптарда оқушының есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болғандықтан, бұл сөз мөлшерін 4-5 жаңа сөзге көтеруге болады деп ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп жүр.Оқушының сөздік қоры сабақ барысында қалыптасады.Сөздікпен дұрыс жұмыс жасау жақсы нәтижелерге жеткізеді.Мысалы,сөздікпен жұмыс жасаудың бірнеше амалдары бар.

1. Мұғалімнің үлгісі бойынша оқу.

2. Сурет бойынша жаңа сөздерді атау.

3. Хорменқайталау.

4. Жұппен оқу.

5. Доппен аударма арқылы қайталау.

6. Жаңа сөзден сөз тіркесін құрау.

7. Жаңа сөзден сөйлем құрау.

8. Жаңа сөзді есте сақтау үшін ойын ойнату.

9. Жаңа сөздерден сөз диктантын,сөздік диктантын,түсіндірме диктантын алу.

Ал сыныптан тыс жұмыстар да оқушының сөздік қорын байытуға үлкен көмек жасайды.Оқушыларға жас ерекшелігіне сай ертегілер, кітап, газет, журналдар оқытып, жаңа сөздерді, түсінбеген сөздерін теріп жазғызу сияқты сабақтағы қосымша жұмыс көп көмегін тигізеді. Сол сияқты оқушының қисынды ойлау қабілетін дамыту үшін көшеде көрген қазақ тіліндегі атауларды естеріне түсіріп жазғызу арқылы да сөздік қорларын молайтуға болады.

Оқушының үйренген сөзінің бәрі күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын сөздер болмайды. Оларды орынды пайдалануға үйрету мұғалімнің жүйелі түрде жұмыс істеуіне байланысты. Жаңа сөздің оқушының белсенді сөздік қорына енуіне ең кемі 8 сабақта қайталап бекіту қажет. Оқушы үйренген сөзін тілдесім әрекетінде қолданып, дағдылануы керек. Жаңа сөз көбінесе мәтінмен байланысты болуы мүмкін.

Мысалы, «кітап» сөзі:

  1. Мәтінде «Оқушыда бес кітап бар» сөйлемі берілсе;

  2. Жаттығуда «Кітаптың он парағы бар» делініп, сөздің түбірі мен жалғауы белгіленсе;

  3. Сөз тіркесінде – он кітап

қызыл кітап

үлкен кітап

қызық кітап, - деп әр түрлі сөз тіркестері құралса;

  1. «Ұйқасын тап» тапсырмасында:

Кітап көше

қала мектеп

  1. Осы сөзде жұрнақ, жалғау жалғану жолдары түсіндірілсе,мысалы:

кітап

кітап+ша

кітап+тар

кітап+тар+ды

кітап+хана

  1. Кітаптың суреті салынып, атуы жазылса;

«Кітап» сөзінің соңғы буынына байланысты ойын ойналса,мысалы:

кітап – тапсырма – мақал, т.б.

  1. «Төртінші артықты тап» тапсырмасы арқылы сөздің жүйеленуі берілсе;

а) сүт,май,нан – азық-түлік;

ә) алма, жүзім, алмұрт – жемістер деп, «кітап» сөзінің мағынасы ұғындырылады. Әрі оның оқу құралдарына жататыны түсіндіріледі.


сызба бойынша сөйлем құрау әдісі үйретілсе;



Мысалы, Мен

алдым

кітап

оқыдым


бердім



8) Сұрақ-жауап арқылы оқушының белсенді сөздік қорын арттыру.

Не? Кітап

Неше кітап? Екі кітап

Қандай кітап? Жақсы кітап

Кімнің кітабы? Менің кітабым

Бастауыш сынып оқушыларын дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін іс- әрекет ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады.Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағаланған. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы- дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындар арқылы балалардың оқу әрекеттерін жандандыруға, оқуға деген ынтасын арттыруға, өмірді тани білуіне, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуін қалыптасыру. Осы тақырыпқа байланысты, менің жазылған жинағым бар. ПМБА институтынан пікір алынған. Дидактикалық материал жаңартылған білім мазмұнына, оқушы меңгеруге тиіс білім деңгейлеріне сәйкес. Жинақты тәжірибеде қолдану оқушылардың білімі мен коммуникативтік біліктілігін дамытуға ықпал етеді. Сөзді ойын арқылы меңгерту іске асырмақшы, мысалы: « Моншақ түзу» ойыны арқылы баланың қисынды ойлау қабілетін жетілдіру, ал «Телефон» ойынында сөздерді мұқият тыңдау, дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын қалыптастыру қарастырылған.

Қазіргі талап - әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Қазіргі кезде оқушыларына білім беру субъектісі ретінде, оқушыларды ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу. Тұлға педагогикалық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі. Білім беру саласында оқушылардың пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Өзекті мәселелердің бірі болып отырған « Қазақстан – 2030» жолдауында да, «Білім туралы» заңда, Елбасымыздың «Болашақтықтардың форумында» сөйлеген сөзінде оқушыларды шығармашылықпен қалыптасқан және жеке тұлға ретінде оқытып, дамыту қажеттілігі айтылған. Бұл мақсат, міндеттерді іске асыруда, оқушыларды шығармашылық іске баулу, оқушыларды іріктеу, еңбекке және қоғамдық істерге араластыру, олармен ғылыми, шығармашылық ізденіс бағытында жұмыс жүргізу.

Оқушылардың өзін- өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы – сезімі жоғары,ұшқыр ойлы, белсенді, креативті,кез келген ортаға бейімделетін, өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.

1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері, Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілі мәдени байлықты, тәрбие потенциалын игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.

2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әр түрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатігездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.

3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді.

4. Коммуникативтік ойын. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді.

5. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.

6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.

7. Ойынның түзету функциясы. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор.

8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.

Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.. Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.»

Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады.

Ойын технологиясы бойынша әр түрлі түрткінің тәсілдерін қолдану оқушылардың құзіреттілігін дамытуда, оқушының өзін- өзі дамытуда ерекше орын алады.

Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланады.Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.

Ойын- оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:

  1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;

  2. Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан, .

  3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.

  4. Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану.

  5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін қарастыра отырып, ойындарды күрделене пайдалану керек. Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, бала кез-келген белсенділікке дайын болады.

Қорыта келгенде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру - заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.



Пайдаланылатын әдебиеттер:

 

1. Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007

2.  Пассов, Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. - М., 1991.

3. Левитан, К.М. О содержании понятия "коммуникативная компетентность". Перевод и межкультурная коммуникация. / К.М. Левитан. Екатеринбург.: Издательство АБМ, 2001. №.2.89-91б




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Жакупова Бакыт Кибековна

Дата: 20.12.2015

Номер свидетельства: 268478


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства