Педагог таңбалары бар карточкаларды көрсетіп, оларды ауада қарындашпен немесе саусақпен сызып көрсетуді сұрайды. Белгілерді түтікшелердің немесе ермексаздың көмегімен бейнелуге болады.
Математикада көбінесе сандарды шамасы бойынша салыстыруға тура келеді, ол үшін графикалық символдар ойлап табылған. «Көп» сөзінің орнына «>» белгісі, ал «аз» сөзінің орнына «<» белгісі қолданылады.