Математика пәнінен 1 бұйым (зат) шығыны, заттың мөлшері, жалпы шығын арасындағы байланыс бойынша төртінші пропорционал санды табуға арналған есептерді шығару
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Математика "Есептер шығару"»
БҚО Бөрлі ауданы
Ақсай қаласы №4 ЖОББМ
Нигматуллина Анаргуль Сагитовна
Математика
Сыныбы: 3 «Б»
Сабақтың тақырыбы:Есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1 бұйым (зат) шығыны, заттың мөлшері, жалпы шығын арасындағы байланыс бойынша төртінші пропорционал санды табуға арналған есептерді шығару дағдысын қалыптастыру.
Пәндік нәтиже: оқушылар 1 өнімге (затқа) жұмсалған шығын, заттың мөлшері, жалпы шығын арасындағы байланысты анықтайды.
Пәнаралық байланыс:дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: топшамалар, кесте.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
-Амандасу,түгендеу.
-Үлкен де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз
Психологиялық дайындық:
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз
(-Фигуларалады таңдап,топқа бөлініп отырады.)
Үй тапсырмасын тексеру:
-Дәптерлерін жинап аламын.
Білімдерін белсендіру және оқу іс – әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.
Ауызша жаттығулар:
1-топ:
1. Бос қапта неше жаңғақ бар? / 0 /.
2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)
3. Заттың құнын қалай табамыз?
4. Тіктқртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
2-топ:
1. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)
2. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)
3.1 метр квадратта неше дм квадрат бар?
4. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
3-топ:
1. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу?
2. Кез келген санды бірге көбейткенде..
3.Жаздың екінші айы қалай аталады?
4. 12 айдың ортақ атауы.
4-топ:
1. Мектептегі 45 минут?
2. Оқу жылының алғашқы айы қандай?
3 . Азайту амалының компаненттерін ата?
4. Шаршының ауданын қалай табамыз?
Дәптермен жұмыс:
Көркем жазу:
612 612
Математикалық диктант:
(50+6):8=7 81:9*3=27
(90-45):5=9 6*6:9=4
Суретпен жұмыс:
1-топ:
Дүкенге әрқайсысы 8 кг болатын 7 қапшық сәбіз әкелінді.Дүкенге жалпы неше кг сәбіз әкелінді?
2-топ:
Тігінші бір көйлекке 8 м мата жұмсады.7 көйлек тігу үшін қанша метр мата жұмсады.
3-топ:
Бірдей 5 қап картоптың массасы 40 кг.1 кап картоптың массасы нешеге кг тең?
4-топ:
Тігінші 1 күртеше тігу үшін 4 м мата жұмсады.36 м матаға осындай неше күртеше тігеді?
Оқулықпен жұмыс:
№3 (124-бет)
а)16:2=8
ә)45:9=5 б)63г:7г=9 г)в:к
Сергіту сәті. Графикалық диктант.
Түйеқұс
Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады.Бойы 2.5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді.Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды.Алайда өте күшті аяқтарымен сағатына 70 км дейін жүгіре алады.Түйеқұстардың Африка,Оңтүстік Америка және Австралияда өмір сүретін үш түрі кездеседі.Түйеқұс уақытының 30 пайызын жем іздеумен өткізеді.Ең ірісі африкада өмір сүреді.Оның бойы 250-275 см.Орта салмағы 50 кг,ірілерінің салмағы 90кг-ға жетеді.Бұлардың ерекшілігі-аяғының саусағы екеу болады.жалпы еркектерінің түсі қара,ұрғашыларының түсі қоңыр-сұр болып келеді.
№6
8кг-5 жәшік
Қалды-48 кг
Бастапқыда-?кг қызанақ
Ш:(8*5)+48 =88 кг
Ж: Бастапқыда дүкенге 88 кг қызанақ әкелінді.
Топқа тапсырма:
Егер фигураның периметрі 45 см болып,ВС=13 см, СД=10 см ,ДЕ=7 см,ЕА=5 см болса,АВ қабырғасының ұзындығы нешеге тең?
С
Д
В
А Е
№7.Теңдеуді шеш:
789-х=27:3 у*2=91-83 а-36=9*2 с-44=81:9
х=700 у=4 а=54 с=53
Қорытынды:
Ия/жоқ:
1.Шеңбердін ортақ бөлігінде ақ үлкен немесе кішкене саптаяқтар бар.
2.Шеңбердің ортақ бөлігінде көк және үлкен саптаяқтар бар.
3.Шеңбердің ортақ бөлігінде үш кішкене көк саптаяқ бар.