Сабақтың әдісі: түсіндіру ,сұрақ жауап ,СТО стратегиялары.
Болжамдап отырған нәтиже:Оқушылар есептер шығара алады, және математикалық тілде сөйлей алады.
Сабақтың жоспары:
I .Ұйымдастыру кезеңі
1.1 психологиялық дайындық
II.Үй тапсырмасын тексеру.
2.1 Ауызша
2.2 Қорытындылау
III Өткенді қайталау.
3.1 Математикалық диктант
3.2 Ауызша есеп
3.3 Есепті шығар .Тақтамен жұмыс
3.4 Топтық жұмыс
Кестені пайдаланып , есеп құрастыр және оны шығар .
3.5 Сергіту сәті
3.6 Өзіндік жұмыс
IV Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау.
4.1 Семантикалық карта
4.2 Бағалау.
V . Үйге тапсырма
Сабақтың барысы :
I.Ұйымдастыру кезеңі
1 Сәлемдесу, түгелдеу сабаққа назарын аудару.
2 Психологиялық дайындық
Бір ,екі ,үш
Отырамыз тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
-Балалар қазір қай мезгіл ?
-Көктем айларын атайықшы ?
-Көктемнің алғашқы айларында қандай мейрамдар бар?
-Биыл келген қандай жыл ?
- Жылқыға байланысты қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
Жылқыға байланысты ұлттық ойындарды ата
Теңге алу көкпар
Қыз қуу аударыспақ
Бәйге
Ал балалар бүгін біз сабағымыз бәйге жарыс түрінде өтеміз . Ондай болса бүгін үш ауылдан ең жүйрік жылқылар қатысады.Бәйге –қазіргі кезде өте жақсы дамыған ,әлемге әйгілі ойынның бір түрі .Бәйге ойынының бірнеше түрі бар .олар тай жарыс (1-2 жасар тайлар жарысы ), құнан жарыс ( 2ден 3 жасқа дейінгі аралықтағы құнандар жарысы ),Топ бәйге ( 3 -4 жасар кез –келген жылқы ,дөнендер жарысы ), аламан бәйге ұзын қашықтықта жүргізілетін жарыс . Бәйге ойыны кез келген жазық жерлерде өткізеле беріледі .шабандоздар санына шек қойылмайды. Қалалы жерде ипподромда өткізіледі.Аламан бәге 30 шақырымды үш ауылдың жылқылары шауып өту керек
Әр бес шақырымға тапсырмалар берілген сол тапсырманы қай ауылдың оқушылары тез әрі жылдам ,дұрыс шығарса сол жылқы мәреге жетеді.
II Үй тапсырмасын тексеру
Бірінші 5 шақырым
2.1 Сұрақ жауап
2.2 Қорытындылау.
III- Өткенді қайталау
Екінші 5 шақырым
3.1 Математикалық диктант .
289*364=105196
456* 326=148656
Математикалық диктант жаздық енді тексеріп дұрыс болса құс қанатын белгілейміз.
3.2 Ауызша есепте
Кестенің бағандарын салыстыр .Не тұрақты болды ? Не өзгерді және қалай?
Заттың бағасы
Заттардың саны
Заттардың құны
20 теңге
60
1200 теңге
40 теңге
30
бірдей
80 теңге
15
бірдей
Кестенің бағандарын салыстыр .Не тұрақты болды ? Не өзгерді және қалай?