kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математик бизнесмен

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: о?ушыларды? математика п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту. Саба? ?йымдастыру б?лімінен басталды. Логикалы? тапсырмалар, с?зж?мба?тар шешу, шы?армашылы? ж?мыстар, сергіту с?ттері болды. Саба? ?орытындыланып, же?імпаздар аны?талып, марапатталды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математик бизнесмен»

Тақырыбы: «Математик бизнесмен»

Мақсаты:

Білімділік:. Оқушылардың математикағы қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: сайыс түрінде

Барысы:

І. Кіріспе

Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ, есеп бәрі бар,
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық
Кім білімді табайық-дей келе бүгінгі сайысқа қатысушы екі топпен таныс болайық...

8-сынып оқушыларынан құралған «__________» тобы

8-сынып оқушыларынан құралған «__________» тобы

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады, дей кей келе сайыскерлерімізге әділ төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Сайыстың жоспары:

1000 теңге – Логикалық сұрақтар

2000 теңге –Математикалық жұмбақтар

3000 теңге – Шығармашылық тарсырма

4000 теңге –Математикалық тәуелділік

5000 теңге – Сергіту сәті «Ойлан, тап»


Көңілді тапқырлар, білгіштер,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады, дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.


1000 теңге – Логикалық сұрақтар

1. 4-ке қарама-қарсы сан (-4)
2. Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш (квадрат)
3. Квадраттық функцияның графигі (парабола)
4. Катет қандай үшбұрышта болады? (тікбұрышты үшбұрыш)
5. Қиылыспайтын түзулер қалай аталады? (параллель түзулер)
6. Геометрияның негізін салушы. (Евклид)
7. 0-ден кіші сандар (теріс сандар)
8. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)
9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180)
10. 1 мин-та қанша секунд бар? (60 сек)
11. 50%-санның қандай бөлігі? (1/2)
12. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (о) 
13. Екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әл-Фараби)
14.Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
15. Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір).

16. Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).

17. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).

18. Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).

19. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (1 ата, 2 әке, 4 баласы).

22. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4).

23. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 мин).

24. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды. (тікбұрыш).

25. Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3).

26. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1).


2000 теңге –Математикалық жұмбақтар

  1. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
    Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
    Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
    Салатын неше түрлі жорғасы бар.
    (Домбыра)

  2. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
    Төрт сылдырмағы бар,
    Бір шыбыртқысы бар.
    (Сиыр)

  3. Тоғыз белбеу, қос жібек,
    Екі мұрын бір шүмек.
    (домбыра)

  4. Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
    Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.
    (Инелік)

  5. Аяғы біреу, қолы жоқ,
    Шиыр - шиыр жолы көп.
    (Қалам)

  6. Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
    Бірін - бірі көрмейді.
    (Көз) . 

  7. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, 
    Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

  8. Алды – артымыз шексіз де, 
    Жете алмайсың біздерге. 
    Сәуле менең кесінді, 
    Шыққан тегім білсе де. (түзу)

  9. Күнде есебін жаттайды, 
    Ешбір тыным таппайды. 
    Алмайды бір тағат, 
    Оның аты....... /сағат/

  10. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты, 
    демейді ешкімге ешкім кес бұтақты. 
    Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын, 
    Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/ 

3000 теңге – Шығармашылық тарсырма

Егер мен...
Шарты:, Қолымда екі конверт бар . Әр конварттің ішінде тақырып жасырылған. Сол тақырып бойынша әр оқушы өз ойын айтып, шешендігін, тапқырлығын көрсету керек. Жоғарғы ұпай саны 30. «Білімді азамат-ел ертеңі» дей отырып, оқушыларға іске сәт демекпін.
І конверт: Егер мен ұлы математик болсам ...
ІІ конверт: Егер мен бай болсам ...

Көрермендермен ойын

Пантомима /теріс сан және бөлшек ұғымдарын іс-қимылмен көрсету/

/циркуль және процент ұғымдарын іс-қимылмен көрсету /



4000 теңге –Математикалық тәуелділік

  1. 2; 4; 8; 16; ...

  2. 40; 38; 36; ...

  3. 1; 4; 7; 10; ...

  4. 9; 7; 10; 8; 11; 9; 12; ...

  5. 1; 4; 9; 16; ...

  6. 1; 8; 27; ...


5000 теңге – Сергіту сәті «Ойлан, тап»

  1. Сергіту сәті: «Ойлан, тап». 1-топқа Т-Н, А-Қ, Қ-Р, А-Ұ әріптері мен 2-топқа А-Ы, А-Ы, Қ-С, Р-Д әріптері беріледі.

1-топ. Қазақстандағы өзен (Нұра)

Дәреже, даңқ, (атақ)

Аяқ қиім бөлігі (тақа)

Шашыңды (тара)

Ата, қария, (қарт)

Топтық ........, девиз. (ұран)



2-топ. Ілгекті (қада)

Сары ...... (арқа)

......... – аяқ. (ыдыс)

....... сап ойнау (асыр)

Береке, құт, (ырыс)

Жүдеу сөзіне синоним (арық)

ІІІ. Қорытынды бөлім

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады,

Кеш қызығын талай адам тыңдады,

Тәрбиелер тәлімі мол әсерді,

Болса егер көңіл жарқын таңдады., дей келе сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Жеңімпаз топты марапаттау.






















Соркөл орта мектебі



Бекітемін. Келісемін.

Мектеп директоры: М.Жабасов Оқу ісінің меңгерушісі: І.Қойайдарова







Математик – бизнесмен

сыныптан тыс жұмыс

















Өткізген: математика пәнінің мұғалімі Г.Дарибаева













2013-2014 оқу жылы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Математик бизнесмен

Автор: Дарибаева Гулайым Серикбаевна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315248

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Методическая разработка внеклассного мероприятия по математике «Математик-бизнесмен» "
    ["seo_title"] => string(96) "mietodichieskaia-razrabotka-vnieklassnogho-mieropriiatiia-po-matiematikie-matiematik-bizniesmien"
    ["file_id"] => string(6) "167262"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423064188"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Конспект урока: "Математик-бизнесмен" "
    ["seo_title"] => string(38) "konspiekt-uroka-matiematik-bizniesmien"
    ["file_id"] => string(6) "150129"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420406379"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Внеклассное мероприятие для 8-9 классов.Игра "Математик-бизнесмен" "
    ["seo_title"] => string(74) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-dlia-8-9-klassov-ighra-matiematik-bizniesmien"
    ["file_id"] => string(6) "159716"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421939074"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Математическая игра "Математик - бизнесмен""
    ["seo_title"] => string(47) "matiematichieskaia_ighra_matiematik_bizniesmien"
    ["file_id"] => string(6) "349953"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1476717126"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Деловая игра "Математик бизнесмен""
    ["seo_title"] => string(33) "delovaia_igra_matematik_biznesmen"
    ["file_id"] => string(6) "524454"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1572238609"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства