kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғарышқа сапар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок повторение геометрических фигур,цифр с помощью полета в космос

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғарышқа сапар»

Сабақтың тақырыбы: «Ғарышқа сапар»

Сабақтың мақсаты:

1.Балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

2.Ғажайып саяхат арқылы балалардың қиялдарын шыңдау.

3.Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.

Сабақтың әдістері: саяхат, қисынды есептер, дидактикалық ойындар.

Көрнекілік: зымыран, «жұлдызды қалашық», ғаламшарлар, жұлдызшалар, жатпланеталықтар бейнесі, қисынды есептер.

Алдын-ала жұмыс: ғаламшарлармен танысу, жатпланеталықтар ұғымымен танысу.

Сабақтың барысы:

-Балалар біздер бүгінгі сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.

- Ғарышқа бару үшін бізге не керек?

- Зымыран.

-Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.

Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін құрастырады.

  • Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.

  • Үшбұрыш – төбесі, кеудесі – төртбұрыш, 2 қанаты көпбұрыш –деп балалар жауап береді.

  • Міне, балалар зымыранымыз да дайын. Енді біздер «Жұлдызды қалашықта» даярлықтан өтуіміз керек. Ол үшін бізге «Жұлдызды қалашық» мынадай тапсырма даярлаған екен. Тапсырма аты: «Орныңды тап». Бұнда біздер «Жұлдызды қалашықтағы» үйлерді дұрыс орналастыра білуіміз керек. Сіздердің алдарыңда үйлер тұр, үйлер артында сандар тығылып тұр, сол сандар арқылы шытырман жолдан өтіп өз орыныңды табуың керек.



  • Өте жақсы ғарышкерлер, сіздер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік! (музыка ойналады)

  • Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.

Тақтаға аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген сурет ілінеді.

  1. Күн: кемпірқосақта неше түс бар? (7)

  2. Жер: бағдаршамда неше көз бар? (3)

  3. Ай: қолғапта неше саусақ бар? (5)

  4. Шолпан: адамда қанша көз бар? (2)

  5. Марс: жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

  6. Сатурн: аспанда неше күн бар? (1)

  7. Нептун: бір жылда неше ай бар? (12)

  8. Плутон: бір аптада неше күн бар? (7)

  9. Уран: адамда қанша саусақ бар? (10)

-Балалар ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік. Ол үшін сіздердің алдарыңдағы даярланған конверттер ішінен пішіндерді пайдалана отырып жұлдыздар құрастыру керек.

Құрастыру жұмысы болады.( Жәй әуенде музыка ойналып тұрады.)

Тәрбиеші: - Балалар, өте әдемі жұлдыздар құрастырылды. Жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады екен?

Балалар: - 5 үшбұрыш, 1 бесбұрыш.

  • Өте жақсы.

Жұлдыздарымызды қалташаларымызға салып алайық. Мында қараңдар балалар біздер жұлдыздарымызды құрастырумен айналысып жатқанымызда біздің ғаламшарға жатпланеталықтар келіп қалыпты. Мынау солардың іздері ғой. (музыка ойналады). Жатпланеталықтар құпиясын ашу үшін іздерді рет санымен орналастырып көрейік.

Балалар табан іздеріне салынған сандарды рет санымен қатар орналастырады.

  • Балалар сіздер рет санымен сандарды орналастырдыңдар бірақ сандар құпиясы ашылған жоқ. Олай болса барлығымыз бірлесіп, күш жинап, жаттығу жұмысын жасап көрелік.

Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды.

  • Күшімізді жинап келдік, қайтадан іздер құпиясын ашуға кіріселік.

  • Олай болса сандарды жұбымен қойып шығайық.

Балалар сандарды жұбымен қояды.

  • Өте жақсы. Бізге арнап жатпланеталықтар іздері келесі тапсырманы беріп отыр. (Қисынды есептер )

  • 1- тапсырма: (суреттерін іле отырып) Мен жүріп келе жатып, еменнің тасасынан екі ұзын құйрық және төрт ұзын құлақ көрдім. Олар нелер және нешеу? (2 түлкі, 2 қоян)

  • 2- тапсырма: Дарбаза артынан 8 дөңгелек көрініп тұр. Дарбазаның артында неше машина тұр деп ойлайсың? ( 2 машина)

  • 3 тапсырма: Екі мысықтың аяғы нешеу? ( 8)

  • 4 тапсырма: Үш сиырдың мүйізі нешеу? (6)

  • Балалар, өте жақсы сіздер бұл тапсырманы да жақсы орындай білдіңдер. Қараңдаршы біздің ғаламшардан іздер ғайып болып кетті ғой.

  • Балалар сіздерге енді соңғы тапсырма беріліп отыр. Біздің ғаламшарда жатпланеталықтардың 3 түрі бар екен. Мына алдарыңдағы суреттің әр қатарында 1 түрі жетіспейді соны дәл тауып орналастыруымыз керек.

Дидактикалық ойын «Не жетіспейді».

  • Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді космостан жерге қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге: 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік. (музыка ойналады) Балалар кабинетке жетеді.

Тәрбиеші: - Балалар сіздердің білімдерің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сіздерге көп рахмет.

Балаларды мадақтау, бағалау.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ғарышқа сапар

Автор: Хамзина Жанна Хамзиновна

Дата: 20.12.2016

Номер свидетельства: 371555

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Жер - ?арыш денесі. "?арыш дегеніміз не"?"
    ["seo_title"] => string(40) "zhiergaryshdieniesigaryshdieghienimiznie"
    ["file_id"] => string(6) "319478"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460839531"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Жер - ?арыш денесі. "?арыш дегеніміз не"?"
    ["seo_title"] => string(41) "zhiergaryshdieniesigaryshdieghienimiznie1"
    ["file_id"] => string(6) "319479"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460839538"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Тема урока: "?арыш?а жол""
    ["seo_title"] => string(22) "tiemaurokagaryshkazhol"
    ["file_id"] => string(6) "319480"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460839959"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Тема урока: "?арыш?а жол""
    ["seo_title"] => string(23) "tiemaurokagaryshkazhol1"
    ["file_id"] => string(6) "319481"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460839965"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) ""Ғарыш қыраны" (Динамикалық сауаттылықты арттыру)"
    ["seo_title"] => string(49) "g_arysh_k_yrany_dinamikalyk_sauattylyk_ty_arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "468946"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1525887981"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства