2. Дамытушылық: Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелілік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: карточка
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы: І. Ой қозғау: Нені біліп шығу керек?
ІІ. Ой толғау: Нені білгіміз келеді?
ІІІ. Ой қорытындылау: Нені білдік?
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үйге берілген есептерді тексеру.
Бір шаманың әр түрлі сан мәндерін салыстырып көрсету үшін бағанды диаграмма пайдаланылады.
Бағанды диаграмма түзу бойында бірдей қашықтақтарда орналасқан ендері бірдей, ұзындықтары шамалардың сан мәндеріне сәйкес бағандардан тұрады.
1-мысал. Ертіс, Есіл, Жайық және Сырдария өзендерінің ұзындықтарын жүздіктерге дейін дөңгелектеп алғанда: Ертіс өзенінің ұзындығы 4200 км, Есіл өзенінің ұзындығы 2500 км, Жайық өзенінің ұзындығы 2400 км, Сырдария өзенінің ұзындығы 2200 км. Осы өзендердің ұзындықтарын көрсететін диаграмма сызайық.
Ол үшін бірлік кесіндінің ұзындығын 1 см етіп алып, оған 1000 км ұзындықты сәйкестейміз.
Ертіс, Есіл, Жайық және Сырдария өзендерінің ұзындықтарын
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
2. Дамытушылық: Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту. Практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелілік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу. Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: карточка
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы: І. Ой қозғау: Нені біліп шығу керек?
ІІ. Ой толғау: Нені білгіміз келеді?
ІІІ. Ой қорытындылау: Нені білдік?
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту, оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ. Үйге берілген есептерді тексеру.
Бір шаманың әр түрлі сан мәндерін салыстырып көрсету үшін бағанды диаграмма пайдаланылады.
Бағанды диаграмма түзу бойында бірдей қашықтақтарда орналасқан ендері бірдей, ұзындықтары шамалардың сан мәндеріне сәйкес бағандардан тұрады.
1-мысал. Ертіс, Есіл, Жайық және Сырдария өзендерінің ұзындықтарын жүздіктерге дейін дөңгелектеп алғанда: Ертіс өзенінің ұзындығы 4200 км, Есіл өзенінің ұзындығы 2500 км, Жайық өзенінің ұзындығы 2400 км, Сырдария өзенінің ұзындығы 2200 км. Осы өзендердің ұзындықтарын көрсететін диаграмма сызайық.
Ол үшін бірлік кесіндінің ұзындығын 1 см етіп алып, оған 1000 км ұзындықты сәйкестейміз.
Ертіс, Есіл, Жайық және Сырдария өзендерінің ұзындықтарын кескіндейтін бағанды диаграмманы салдық. (133-сурет). Бағанды диаграммадан осы өзендердің ең ұзыны Ертіс өзені, ең қысқасы Сырдария өзені екенін және Есіл, Жайық өзендерінің ұзындықтарының шамалас екенін көрнекі түрде байқауға болады.
Қажет болған жағдайларда шаманың мәндері белгілі бір реттілікпен кесте арқылы беріледі.
2-мысал. Асқар 10 сәуір күні тәулік бойы ауа температурасының әрбір екі сағаттағы өзгеруін кестеге жазып отырды.
Уақыт t (cағ)
2
4
6
8
10
12
14
16
18
20
22
24
Температура
Т (°С)
0
2
3
5
7
9
13
12
10
7
5
3
Шаманың өзгерісі кестемен берілген жағдайда оның сан мәні тор көздерге жазылады. Кесте қадаммен беріледі. Мысалдағы кестеде ауа температурасының әрбір екі сағат аралығындағы мәні келтірілген. Демек, бұл жағдайда кестенің қадамы 2-ге тең.
№1515
Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, және Плутон, планеталарының радиустарын көрсететін бағанды даиграмма сызылған. (134-сурет). Бағанды диаграмма бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Кестедегі радиустары берілген планеталардың ең үлкені қайсысы? Ең кішісі қайсысы?
Қай планеталардың радиустары шамалас?
№1516
Тірі организмнің өмір сүруі үшін организмдегі судың қалыпты мөлшері сақталу қажет.
Адамның массасының 65%-ы, жануарлар массасының 50%-ы, үй жануарлары массасының 59%-ы, үйректер массасының 70%-ы, балықтар массасының 75%-ы, және медуза массасының 99%-ы су.
Аталған организмдердегі судың пайыздық мөлшерін бағанды диаграммада көрсетіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Судың пайыздық шамасы ең азы қай организм? Не себепті деп ойлайсыңдар?
Судың пайыздық шамасы ең көбі қай организм? Не себепті деп ойлайсыңдар?
Организмдегі су мөлшері оның өмір сүрген ортасына байланысты ма, әлде байланыссыз ба?
№1517
Отынның қызулығы оның құрамындағы көміртегінің мөлшерімен өлшенеді.
135-суретте көрсетілген бағанды диаграмма бойыншы сұрақтарға жауап беріңдер:
Қай отынның жылулығы аз? Жылулығы неше пайыз?
Қай отынның жылулығы көп? Жылулығы неше пайыз?
Қыста үйді жылыту үшін не себепті тас көмір пайдаланылады?
№1518
Саяхатшы велосипедпен 3 күн жол жүрді. Ол әрбір күндегі жүрген жолының ұзындығын көрнекілікпен кескіндеу үшін оның диаграммасын сызды (136-сурет).
Сұрақтарға жауап беріңдер.
Саяхатшы екінші күні бірінші күнге қарағанда неше кирлометр артық жүрді?
Саяхатшы екінші күні үшінші күнге қарағанда неше километрге кем жүрді?