Сынып: | Күні: | Пәні: | Пән мұғалімі |
9 | 28.11.16 | алгебра | Бегманова К.Д. |
Сабақтың тақырыбы | §1.10 Арифметикалық прогрессия .Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы. |
Жалпы мақсаттар: | 1) Арифметикалық прогрессия ,арифметикалық прогрессияның айырымының анықтамаларын білу; 2) Арифметикалық пргрессияның п-ші мүшесінің формуласы мен қасиеттерін білу; 3) Ариф.прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын қолданып есептер шеше білу іскерлігін қалыптастыру |
Ресурстар: | Оқулық, постер,стикер,карточкалар |
Әдіс - тәсілдер | Тәсілі : жеке, жұптық, топтық | Әдісі: СТО, ТжД, ДО, ОқуүБ және Оүб, АКТ |
Оқыту нәтижесі: | Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жеке,жұппен жұмыс істей отырып өз ойымен бөліседі, есепті талдайды,жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды. |
Дерек көздер | Оқулықпен жұмыс, тест тапсырмалары, Блум таксономиясы бойынша бағалау парақтары |
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс – әрекеті |
Ұйымдас-тыру кезеңі: | Сәлемдеседі. Оқушылардың сабаққа қатысын тексереді. | Сәлемдеседі. Кезекші жоқ оқушыларды хабарлайды |
"Шаттық шеңберде" оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.Топқа бөлу – «Жыл мезгілдері-қыс,көктем,жаз,күз», топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтады | Оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі және туған күндеріне байланысты «қыс,көктем,жаз,күз», бірігіп 4 топ құрайды, топ ережесін сақтайды,әр топ өз мезгілінін ерекшілігіне тоқтайды және артықшылығын айтады. Топ басшысын, баяндаушысын, бағалаушысы мен уақыт бақылаушысын сайлайды. |
Білу | СТО Сабақтың тақырыбын ,мақсатын хабарлау ,өткен тақырыпты сұрақ-жауап арқылы қайталау орындайды. | Оқушылар мұғалімнің берген сұрақтарына кезектесіп жауап береді. 1.Арифметикалық прогрессия деп қандай тізбекті атайды? 2. Арифметикалық прогрессияның айырымы деген не? 3. Арифметикалық прогрессияның айырымы қандай әрпімен белгілейді? 4. Арифметикалық прогрессияның айырымының формуласы қандай? 5. Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын атандар? 6. 3;7;11 ариф.прогрессияның алтыншы мүшесін табыңдар. 7. 10;6;2 .... айырымын табыңдар. 8. Егер а=14 ,d=3 үшінші мұшесін табыңдар. Бағалау : "Бағдаршам". |
Түсіну | Топтарға карточкалар таратамын. | Топтар карточкамен жұмыс жасайды. Бағалау : "Бағдаршам" |
Қолдану, талдау | Талантылар және дарындылар: Оқулықтан: Оқушылар деңгейлік тапсырмама орындайды. №168 А тобы, №171(а) В тобы №180(а) С тобы Оқулықтағы жалпыға бірдей міндетті тапсырмалар беріледі. Үлгірімі төмен оқушылар тек А деңгейлік орындайды. | Алған білімдерін қолдана отырып, оқушылар оқулықтағы міндетті тапсырмаларды жеке-жеке орындайды және бірінші орындап болған оқушы мұғалімге тексертеді. Есептер топтарға бірдей берілгенімен,оқушылар жеке орындайды. Әр оқушы тапсырманы өзінің шамасы жеткенінше орындайды. Бағалаушы оқушылардың жауаптарын тексереді және оны талдайды. Бағалау : "Бағдаршам" |
Сергіту сәті | Оқушыларды логикалық есепті шығарып сергіту | Логикалық есеп шығарып сергіту сәтін орындайды. |
Жинақтау | Көшбасшылық және басқару: Топтық тест тапсырмалары: Алған білімдерін алдындағы тақырыптар бойынша жинақталған білімдерімен салыстыра отырып, сәйкестіру тестілік жұмыс орындайды.Мұғалім бақылаушы болады. | Әр топ мүшелері жеке сәйкестіру тест жұмысын орындайды. Орындап болған соң, қасындағы көршісімен дәптерін алмасып, тестінің дұрыс жауаптарымен салыстырып тексереді, жинаған ұпайын жазады. Бағалаушы жинаған ұпайларын бағалау парағына түсіреді. Бағалау : "Бағдаршам" |
Бағалау | Оқыту үшін бағалай және оқуды бағалау. Оқушыларға бағаны бағалаушы қойған бағалары арқылы талдап бағалау. Оқушылардың күнделіктеріне бағаларын қою. | Бағалаушы топ мүшелерінің сабақ барысында жинаған барлық ұпайларын қосып бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды. Оқушылар алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады. |
Рефлексия,кері байланыс | Стикерлер таратып оған оқушылардың көңіл күйін анықтау үшін "Қосу"- "Алу"- "Қызықтырды"- пікірлерін жаздыру | Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін,алдына қойған мақсаттарына жеткен-жетпегендігін анықтайды және бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін стикерлерге жазады |
Үйге тапсырма | І тарау §10 №169,№171(ә),№180(ә) | Үй тапсырмасын күнделікке жазады. |
| | |