kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алтын қақпа сайыс сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сыныптан  тыс  интеллектуалды  сайыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алтын қақпа сайыс сабағы»

«Алтын қақпа»

7 – сынып оқушылары арасында

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын,

математика пәніне қызығушылығын арттыру, алдағы

сынақтарға алдын-ала дайындау. Оқушыларды ұйымшылдыққа,

жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Көрнекілігі: презентация, безендірілген зал.

Жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Таныстыру сәті

ІІ. “Кім тапқыр?»

ІІІ. «Математика мақал-мәтелде»

ІV. Жұмбақтағы математика

V. Математикалық сұрақтар

VІ.«Жұмбақ фигура әлемі ...»

VІІ. «Математика халық ауыз әдебиетінде»

Мұғалім: Қайырлы күн, білім сүйер қауым! «Алтын қақпа» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер!

«Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы» деп ұлы ғалым Гаусс бекер айтпағаны белгілі. Осы нақыл сөзді бүгінгі іс-шарамыздың ұраны ретінде алып, «Алтынға толы қақпаға» жету сапарымызды бастайық.

Бүгін математикалық іс-шара 7 - сынып оқушылары арасында өтеді. Оқушылар 2 топқа бөлінген. Ортаға І топ: « », ІІ топ: « » топ сайыскерлерін ортаға шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімін сынайтын және өздерінің әділ бағаларын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

(Әділ-қазылармен таныстырады)

І. Келесі кезекте таныстыру сәті

І топ « » тобы.

ІІ топ. « » тобы.


ІІ. «Кім тапқыр?» Анаграмманы орындау және шыққан сөздердің анықтамаларын айту.

І топ:

Ярметигео – ГЕОМЕТРИЯ, мароглелалрапм ПАРАЛЛЕЛОГРАММ, даквтра – КВАДРАТ,

ІІ топ: сскеаибисрт-БИССЕКТРИСА, япилратнеим – ПЛАНИМЕТРИЯ, утедең -ТЕҢДЕУ

ІІІ. Математика мақал –мәтелде

Мұғалім: Келесі біздің кезеңіміз «Математика мақал-мәтелде» деп аталады. Мұнда мен мақалдың басын айтамын, сіздер жалғасын табуларыңыз керек.

1-топқа.

1. ... тал кессең , .... тал ек

2. ... ала болса, ауыздағы кетеді .... түгел болса, төбедегі жетеді

3. Досыңды ... күн сынама, ... жыл сына

4. Білгенің... , білмегенің ...

2-топқа.

1. ... кісі қазған құдықтан, ... кісі су ішеді

2. Ұлға ... үйден ,қызға ... үйден тыйым

3. Білекті ... жығады, білімді ... жығады

4. Жақсы жігіт .... де жас емес, .... келсе де пәс емес


ІV. Жұмбақтағы математика

Мұғалім: Келесі кезеңімізде қатысушы топтарға математикалық жұмбақтар жасырылады. Әр топ өз жұмбақтарының шешуін 1 минут ойласып алып жауабын береді.

1-топ. 1. Алды –артымыз шексізде

Жете алмайсыз біздерге

Сәуле менен кесінді шыққан тегін білсін бе? (түзу)

2. Бір кемпір: Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер

Өзің іш те маған бер деген екен. Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5 ұры)

2-топқа. 1. Нәрселерді санағанда

Керек бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай (натурал)

  1. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін білсең санап қой. (17)







V.Математикалық сұрақтар

Жүргізуші Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Сұрақтарға дұрыс жауап 1 ұпайдан есептеледі.

1-топқа.

1. Қандай санның кез-келген дәрежесі сол санның өзіне тең? (1)

2. 2 мен 3-тің арасына қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен, 3-тен кіші сан шығады? (үтір)

3. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

4. Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар (3)

5. Медиана дегеніміз не?

6. Өзара кері екі санның көбейтіндісі нешеге тең? (1)

7. Қандай сандар 9-ға бөлінеді? (цифрлар қосындысы 9-ға бөлінетін сандар)

8. Көпмүше дегеніміз не?

9.ЕҮОБ- дегеніміз не?

10. Бұрыс бөлшек деген не?

2-топқа.

1. Қатар тұрған 3 санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең. Бұл қандай сандар? (1,2,3)

2. Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)

3. Фалес теоремасын айт. (Параллель түзулер бұрыштың бір қабырғасынан пропорционал кесінділер қиятын болса, екінші қабырғасын ан да пропорционал кесінділер қиып өтеді)

4. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы - 6 адам)

5.Биссектриса дегеніміз не?

6.Теріс сан дегеніміз не?

7. 2-ге, 5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілерін атандар?

8.Бірмүше дегеніміз не?

9.ЕКОЕ-дегеніміз не?

10.Алгебралық өрнек дегеніміз не?

VI. «Жұмбақ фигура әлемі...»

Мұғалім: Кезеңнің негізгі шарты: әр команда өзіне берілген тақырып бойынша 3 минут ішінде есепті шығаруы қажет. Сайыс 10 ұпай бойынша бағаланады.

1-топ: · · ·

· · ·

· · · нүктелерді 4 түзу арқылы қосыңдар.





2-топ: Үйдің егесі үйдің пішінін сақтау

арқылы үйді екі есе ұлғайтқысы келеді.

Үйдің төрт бұрышындағы ағаштарды

кеспей үйді қалай үлкейтеді?




VІІ. «Математика халық ауыз әдебиетінде»

Мұғалім: Бұл кезең шығармашылық кезең деп саналады. Әр топқа әдебиет сабағымен байланысты есептер беріледі.5-мин ішінде есепті шығарып, жауабын постермен қорғауы керек.

1-топ: Ата есебі. Ата немересіне: «Мына 130 жаңғақтың аз бөлігін 4 есе арттырғанда, көп бөлігінен 3 есе кем болатындай 2 бөлікке бөліңдер» -депті. Мұны қалай бөлесіңдер?

2-топ: Туған жыл. Өзіңіздің туған жылыңыздан сол санды құрайтын төрт цифрдың қосындысын шегеріңіз. Айырымында пайда болатын сан 9-ға бөлінетін болады. Неліктен солай?



































Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Директордың оқу ісі жөніндегі

_______Г.Т.Жилангозова орынбасары _____ У. Мамыркулова







«Алтын қақпа » сайыс сабағы










Өткізілетін сыныптар: 7 «А»,» «Ә»

Пән мұғалімі: П.Е.Дулат












Бірлестік жетекшісі: _________ А.Ж.Мамбеталиева





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алтын қақпа сайыс сабағы

Автор: Дулат Перизат Есбосынқызы

Дата: 12.02.2017

Номер свидетельства: 390794

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Алтын ?а?па" сайыс саба?"
    ["seo_title"] => string(25) "altyn-k-ak-pa-saiys-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "265045"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449833481"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Алтын ?а?па" сайыс саба?"
    ["seo_title"] => string(27) "altyn-k-ak-pa-saiys-sabak-1"
    ["file_id"] => string(6) "265046"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449833488"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Алтын ?а?па" сайыс саба?"
    ["seo_title"] => string(27) "altyn-k-ak-pa-saiys-sabak-2"
    ["file_id"] => string(6) "265047"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449833495"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Алтын ?а?па" сайыс саба?"
    ["seo_title"] => string(27) "altyn-k-ak-pa-saiys-sabak-3"
    ["file_id"] => string(6) "265048"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449833502"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "д?ниетанудан сайыс саба?"
    ["seo_title"] => string(25) "duniietanudan-saiys-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "313193"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459440968"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства