kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья "Мәңгілік Елдің тірегі - тәрбиелі ұрпақ"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 "Мәңгілік Елдің тірегі - тәрбиелі ұрпақ" атты мақала

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Статья "Мәңгілік Елдің тірегі - тәрбиелі ұрпақ"»



Мәңгілік Елдің тірегі – тәрбиелі ұрпақ



Апселемова Гульнара Дюсембековна

[email protected]

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы филиалы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты





«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. [1]

Өзгерісі өте көп жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай болу, ертеңгі болашағымыз – жас ұрпақты саналы, білімді азамат етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор міндет пен жауапкершілік жүктейді. Білім беру мазмұны жаңартылған сайын оқытудың өзіндік ерекшеліктері туындауда.Өсіп келе жатқан ұрпақты отанын сүюге тәрбиелеу - бүгінгі әлемнің негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.

«Мәңгілік Ел» - ұлтты ұйытып, мақсаттарға жетелейтін идея. Осы идеяның негізгі философиясы дамудан жаңылмау, өзгеру болып табылады. Қазақта атадан келе жатқан «Елу жылда - ел жаңа» деген сөз бар. Елу жылдың ішінде адамның санасы да өзгереді, ал адам санасы айналадағы өмірге, саяси-әлеуметтік және экономикалық өмірге байланысты. Тәуелсіз елде өмір сүріп,өмірге деген көзқарас өзгеріп келе жатыр. Осыған байланысты бүгінгі жастардың патриотизмі мен бұрынғы патриотизм ұғымына деген көзқарас та өзге. «Мәңгілік Ел» - сөзінің мән-мағынасы астарында үлкен мағына, үлкен тарих жатыр. Мәңгі Ел болудың қағидалары бар. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жеті құндылығы айқын көрсетілген. Осы жеті құндылық жылдар бойы Тәуелсіз Қазақстанды жетістіктерге жетелеп келе жатыр, әлі талай жеңістерге жеткізетін болады. Бұл жеті құндылық әрқайсысы бөлек ой, еліміздің жеті тірегі. Мәңгі Ел болу үшін бірден-бір шарт – бірлік. Бірлік болмай тірлік болмайды.Мықты мемлекет құрамыз десек, осы татулықты жоғалтпай, еліміздің жас ұрпағына насихаттап, тиісті жұмыстар атқару керек. Жалпы жаңа Қазақстандық патриотизмнің ерекшеліктері бар. Ол - Тәуелсіздік үшін күресу, елдің ауыз бірлігін, татулығын ұлтаралық қоғамдық келісімді сақтау, кәсіби деңгейде осы құндылықтар үшін күресу болып табылады. Сондықтан, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты идеясы. Ұлттың ұлы құндылықтарын, яғни тіл, дін, салт-дәстүрді қорғай білу, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру – бүгінгі замандағы қажеттілік деп айтуға болады.

Бүгінде халқымыз «Мәңгілік Ел» идеясы – Түркі қағандарының, Қазақ хандарының қалауы, Абайдың арманы, Алаш қайраткерлерінің ғасырлар бойы армандаған, ірі мақсатқа жұдырықтай жұмылдыратын, ұлттық идеология екендігін ұғынды [2].

Колледждерде т.б білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру жалғасын табуда. Өсіп келе жатқан жасөспірім ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде басты үлесті педагог-практиктер, яғни мектеп мұғалімдері, колледж бен ЖОО оқытушылары қосатынын айтып кетуге болады. Идеяны іске асыру тек мектептен ғана емес, балабақшадан, отбасынан да басталуы шарт. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын оқу және пән бойынша сыныптан тыс іс-әрекеттің өзектілігін арттыру колледждер алдына мақсат болып қойылды. Оқушыларда функционалдық сауаттылықтары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдайларда қолдана білетін, өз ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы, патриоттық сезімі қалыптасқан жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау керек. Мұғалімдер оқушылардың бойында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы барлық пәндерде қалыптастыруы және дамытуы қажет. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы үшін тарихи сананы қалыптастыру міндеті тұр. Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асыру керек. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыруда білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және т.б жатады.

Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылу керек. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм жэне азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу және т.б. жатады. Қазақстан халқын біріктіретін «Мәңгілік Ел», «Қазақстан - ортақ мекеніміз», «Қазақстан - менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда білім ордаларының рөлі аса маңызды болып табылады.

Қазір білім беру саласының алдында үлкен міндет тұр. Ол-жаңартылған білім мазмұнына көшу. Бұл бағдарлама өзіміздің отандық педагогикаға, өзіміздің ана тіліміз бен менталитетімізге ыңғайлай отырып білім саласына енгізіліп жатыр. Бағдарламаның қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын орнықтыруда орны ерекше. Бағдарлама біздің ұлттық құндылықтарымызға тұнып тұр. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жеті құндылығы арқылы жүргізілген кез-келген сабақ болсын, сабақтан тыс іс-шара болсын, оқушылардың бойында ұлтына, дініне және отанына деген сезімін жүрегінде ұялататынына сенемін. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылуы өте тиімді деп ойлаймын. Жалпыұлттық идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыруда оқу пәні бойынша бөлімдер мен тараулардың мазмұны, оқу мақсаттары және оқу жаттығулары назарға алынған.

Жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында патриоттық және толеранттық, рухани-адамгершілік жүзеге асыру үшін қалыптастыру жағдайында және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжде «Мәңгілік ел»  жалпыұлттық тәрбие сағаттары өткізілуде. «Менің Отаным - Қазақстан», «Аталар мұрасы – халық қазынасы», «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды», «Мен өз елімнің патриотымын» т.б. тәрбие сағаттары, «Мен - Отанымның ұланымын» атты спорттық ойындар, «Әрқашан күн сөнбесін», «Бақытты балалық шақ» суреттер көрмесі мен шығармалар сайыстары оқушылардың елін, жерін сүйіп өсуге негізделіп жүргізілді.

Колледж педагогтары саяхат-сабақ, сынып сағаты, әдеби-поэтикалық композиция, дебат, байқаулар, викториналар әр түрлі формалардың түрлерін таңдап  сабақ жүргізеді.  Қазақстан Республикасының  Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан үзіндіден, аудио-видео материалдар, классикалық және қазақ халық музыка, ән, патриоттық тақырыптағы өлеңдер, отан туралы, Астана туралы кітаптар және қазіргі заманға сай Қазақстан жетістіктері туралы қосымша  мәлімет пайдаланады

Арнайы пәндер сабақтарында «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру тетіктеріне тоқталып, жалпыұлттық идеяның құндылықтарын енгізе отырып, кешенді түрде өткізуге болады.

Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады. Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәрімізге мәлім. Сол мақсатқа жету үшін бүгінгі оқушы, болашақтағы мемлекет азаматы болып саналатын оқушыларға саналы білім мен тәрбие беру. Білім мен тәрбие, әрине, өз ана тілін сүюден, ардақтаудан басталады. Ал ана тілін тілі шыға бастаған кішкене сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін құрметтеп, дәріптеу қажет. Осы орайда алдымызда отырған оқушының санасына ұлттық мүддемізді сіңіре отырып, ана тілін, туған тілін құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру құндылықтар жүйесіне негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі 6-шы құндылық «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» - туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата- бабаларымыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы - бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды. XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты, міндеті және тағдыры - Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу. Әрбір нағыз патриоттың парызы - мемлекеттік тілді білу жэне отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу. Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізу де маңызды. Жалпы қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау керек. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді.

Қорытындылай келе, жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп, саналы да, сапалы білім нәрімен сусындату өте маңызды дегім келеді. Ал, ол үшін мұғалім қоғамда болып жатқан өзгерістерді тез қабылдап,жаңашылдыққа тез қадам баса алатын тұлға болу керек. Әрбір оқытушы алдында отырған оқушыға жүрегіндегі жылуымен қатар, білімі мен тәрбиесін беруі тиіс. Тек өзінің пәні бойынша ғана білім ұсынбай, сол арқылы «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары негізінде тәрбиелі ұрпақ өсіріп тәрбиелеуі керек. Идеяның астары осында жатыр. Сондықтан да, өз әріптестерімді еліміздің болашағын сапалы оқытып, идеялы зияткер азамат тәрбиелеуге шақырамын. 










Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған Жолдауы.

  2. Жорабек Дәуренов. «Мәңгілік Ел идеясы – ұрпаққа ұлағат». //Егемен Қазақстан. 2016.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Статья "Мәңгілік Елдің тірегі - тәрбиелі ұрпақ"

Автор: Апселемова Гульнара Дюсембековна

Дата: 06.12.2017

Номер свидетельства: 442497

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Статья на тему; "Работа с трудными детьми" "
    ["seo_title"] => string(42) "stat-ia-na-tiemu-rabota-s-trudnymi-diet-mi"
    ["file_id"] => string(6) "161042"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422175492"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства