Ойынның керекті құрал- жабдықтары мен көрнекілігі: Мультимедиалық құрылғылар, нөмірленген үлестірмелі қима қағаздар, бағалауға арналған парақтар, слайдтар, марапаттау грамоталары
Түрі: ойын түрінде
Типі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: тест жұмысы, сұрақ — жауап
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, экономика, тарих.
Күтілетін нәтиже:
пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттері артады;
оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1) оқушылармен, келген қонақтармен және әділқазылармен сәлемдесу;
2) ойынға қатысатын оқушылар мен әділқазылар алқасын таныстыру;
3) сабақтың мақсаты, жоспары, ойын ережесімен таныстыру,
әділқазылар алқасына бағалау парақтарын беру.
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! «Математикалық саяхат» атты – интеллектуалды сайысқа қош келдіңіздер! Бүгін біз түрлі тақырыптар мен пәндерге математикалық саяхат жасайтын боламыз.
«Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы» деп ұлы ғалым Гаусс бекер айтпағаны белгілі. Осы нақыл сөзді бүгінгі іс-шарамыздың ұраны ретінде алып, «Математикалық саяхат» атты интеллектуалды сайысымызды бастайық.
2-Жүргізуші: Бүгінгі ойын «Математикадан біліміңді сыңап көр» атты конкурстан жақсы нәтиже алған 7 «а», «ә», «б», «в» сынып оқушылары арасында өтеді.
1-Жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
Білімді оқушыларды халайық,
Қол соғып қарсы алайық! -дей отырып ойынымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз. (Ортаға реттік нөмірі бойынша аты-жөнін таныстыра отырып әр оқушы шақырылады және олар өзінің реттік нөміріне сәйкес нөмірленген орынға отырады )
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, — дей отырып сайыскерлеріміздің білімін сынайтын және өздерінің әділ бағаларын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1-Жүргізуші:Әділ-қазылар алқасы:
Математика пәні мұғалімі – Болатбекова Алуа Болатбекқызы
Лицей Республикасының президенті, 9 «а» сынып оқушысы – Болатбек Аяулым
/Бәрі өз орындарына жайғасып отырғаннан кейін жүргізуші жалпы ойынның жоспарын, 1 турдың ережесін айтып таныстырады./
2-Жүргізуші: Ойын жоспары
1-тур.Іріктеп алу туры
2-тур. Негізгі ойын
1-айналым. «Кім жылдам?»
2-айналым. «Кім тапқыр?»
3-тур. Мәрелік тур.
1-Жүргізуші:
1-тур.
Іріктеп алу турында қатысушылар, сіздер тестке жауап берулеріңіз керек. Интерактивті тақтада көрсетілетін тесттің әрбір сұрағының 4 жауабының біреуін Kahoot бағдарламасында тестілеу құрылғысының сәйкес батырмасын басу арқылы таңдайсыз. Тест 10 сұрақтан тұрады. Осы турдың соңында әрқайсыларыңыздың қанша сұраққа дұрыс жауап бергеніңіз, қанша ұпай алғаныңыз, қанша уақыт жұмсағаныңыз көрсетіледі. Неғұрлым жоғары ұпай жинаған 4 ойыншы ғана келесі тур- негізгі ойынға өтеді.
Іске сәт! –дей отыра ойынымыздың 1-турын бастайық.
2-Жүргізуші:1-турды қорытындылай келе, 2 турға өткен қатысушыларды қарсы алаңыздар. (Неғұрлым жоғары ұпай жинаған 4 ойыншының аттарын атап, келесі турға өткендігін айтып, құттықтайды.)
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақыл шың,
Қиындықты өткізер деп негізгі ойынымызды бастайық.
1-Жүргізуші:
2-тур. Негізгі ойын 2 айналымнан тұрады. Бірінші айналым тақырыптар мен әр сұрақтың ұпайлары жазылған кесте ұяшықтарынан тұрады.Сіздер кестеден тақырыпты және ұпайы бойынша ұяшықты таңдап, сұрағына жауап беруілеріңіз керек. Әр сұраққа не тапсырмаға 1 минут беріледі. Бірінші болып таңдау құқығына іріктеп алу турынан жоғары ұпай жинаған ойыншы бастайды. Мен сұрақты дауыстап оқып біткен соң, сұрақты таңдаған оқушы бірінші өзі жауап беруі керек. Дұрыс жауап берсеңіз, сол сұрақтың ұпайын өзіңіздің ұпайлар қоржыныңызға қосып аласыз. Дұрыс жауап бермесеңіз қарсыластарыңыз жауап береді Егер үшеуіңіз де дұрыс жауап бермесеңіздер, келесі ойыншы ұяшықты таңдап, ойынды жалғастырады. 2-ші айналымда да 1-ші айналымның ережесіндей, тек сұрақты таңдаған оқушы бірінші өзі жауап беруі керек. Негізгі ойында, ойыншылар, сіздердің мақсаттарыңыз неғұрлым көп сұраққа дұрыс жауап беріп, ұпайларыңызды көбейту.
(Ең жоғары ұпай жинаған оқушы ойынды бастайды.)
2-тур. Негізгі ойын
1-айналым «Кім жылдам?»
Тақырыптар
Ұпайлар саны
Әдебиет
100
200
300
Тарих
100
200
300
Логика
100
200
300
1 -айналымның сұрақтары:
«Әдебиет»
100 ұпай.Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына
200 ұпай. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы — 6 адам) .
300 ұпай. Ертеде кедейлікпен күн кешкен жалғыз кемпір болыпты.
Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып, ұрылар келеді.
Кемпір: — Ә, бұлар менің сиырымды ұрламақшы екен, мен алдайын деп, бір шелек суды сапырып отырып мынадай өлең айтады.
“Сапырып – сапырып Сарманға бер,
Құйып – құйып Құрманға бер.
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер”- деген екен.
Мұны естіген ұрылар: “Қой мұнымыз жарамас бекер болар. Бұл үй толы кісі екен, әрі бізден 2 есе артық екен, кетейіу!, — деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрылардан осылай құтылыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша? / ұрылар -5 /
«Тарих»
100 ұпай. «Бастамалар »кітабының авторы (Евклид)
200 ұпай. Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі.(Рене Декарт).
300 ұпай. Теріс көрсеткіш ұғымын кім жіне қаша енгізген? /ХІІ ғ Николас Шюке/
«Логика»
100 ұпай. 666 санын еш амал қолданбай 1,5 есеге қалай арттыруға болады?(аударып жазу арқылы)
200 ұпай Сіздердің алдарыңызда 2 егіз бала тұр. Біреуі ылғида өтірік айтады да, екіншісі әр уақытта шын сөйлейді екен. Егіздің біреуінің аты Джон. Осы екеуінің қайсысы Джон екенін білу үшін әрқайсысына бір сұрақ қоясыз. Ол сұрақ жауабы “иә” немесе “жоқ” болатындай етіп қойылуы шарт. Сіз қандай сұрақ қояр едіңіз?
/ егіздердің біреуінен «Джон шын айтама ?» деген сұрақ қою керек. Егер ол «иә» деп жауап берсе онда жауап беруші адам Джон, егер «жоқ» деп жауап берсе , онда келесі адам Джон/
300 ұпай. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат - үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? / 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат/
1-Жүргізуші: 1-айналымды қорытындылай келе, ұпай саны ең аз оқушы ойыннан шығады. Айналым бойынша және жалпы жинаған ұпайларды айтуға әділқазыларға сөз берейік ( Осы кезде әділқазылар алқасының біреуі тұрып, сөз сөйлейді ).
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау ,
Жеңімпаз болу шарты
Ол еңбектену, жалықпау — деп негізгі ойынымыздың келесі айналымын бастайық.
(Ойын барысында ең жоғарғы ұпайға ие ойыншы 2-айналымды бастайды.)
2-Жүргізуші:
2-айналым «Кім тапқыр?»
Бұл айналымда оқушылар өздеріне ұнаған фигураларды таңдайды, фигуралардың астында әр түрлі тақырыптағы сұрақтар және тосын сыйлықтар жасырылған. Жауап берілген әрбір сұраққа 200 ұпайдан беріледі.
Туысқандар
100
Фигуралар
100
Геометрия
Қызықты арифметика
Әр түрлі
Сандар
100
2 -айналымның сұрақтары:
«Туысқандар»
Бір қариядан «Неше балаңыз бар?» деп сұрағанда, ол:«Ұл мен қызымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар» деген екен.Сонда қарияда қанша баласы болды?(3 ұл, 3 қыз).
«Фигуралар»
Бұрыштары жоқ геометриялық фигура(шеңбер)
«Қызықты арифметика»
Мен бір сан ойладым, ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтіндіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым?(7)
«Геометрия»
Шаршының қабырғасын 9 есе үлкейтсе, оның ауданы қалай өзгереді? (81 есе үлкейеді)
«Әр түрлі»
8л, 5л, 3л ыдыстар берілсін. 8 л ыдыс суға толы. Енді осы суды екі ыдысқа 4 литрден қалай бөліп құюға болады?
(8-5=3
5-3=2
3+3=6
6-2=4)
«Сандар»
Есептеңіз: 99-97+95-93+91-89+...+7-5+3-1 (50)
1-Жүргізуші: 2-айналымды қорытындылай келе, осы айналым бойынша алған ұпайларыңызды айтайық. Келесі турға ұпай саны көп екі ойыншы қатысатын болады, ал ұпай саны аз ойыншымен қоштасатын боламыз. 2 айналым бойынша және жалпы жинаған ұпайларды айтуға әділқазыларға сөз берейік. ( Осы кезде әділқазылар алқасының біреуі тұрып, 2-айналымның және жалпы негізгі ойынның қорытындысын айтады. )
3-тур. Мәрелік тур
2-Жүргізуші:
Ал, енді ойыншылар, міне, мәрелік турға да жеттік. Осы турдың шартымен таныстырып өтейін.
Мәрелік ойында үш тақырып беріледі. Әр тақырыпқа бір есептен тіркеледі. Мәрелік ойындағы тақырыптың есебінің тапсырмасы экранға шығады. Әрқайсыларыңыз жазбаша түрде есепті орындайсыздар . Әрбір дұрыс жауапқа 200 ұпай беріледі. Тапсырманы орындауға 7 минут беріледі. Жазба жұмыстарды әділқазылар тексеріп, бағалайды.
Мәрелік турдағы тақырыптар:
1.
Қызықты арифметика
2.
Экономика
3.
Геометрия
Егер квадраттарының айырымы 216-ға тең болса, тізбектес екі тақ натурал санның кішісін табыңыз (53 саны)
Банкке 15% -тік күрделі өсіммен 400000 тг салынды.Банкке салынған осы ақша 3 жылдан соң неше теңге болады? (608350тг)
АD кесіндісі — ABC үшбұрышының биссектрисасы, ал 0+ C . BDA бұрышын анықтаңыз.
III. Ойынның нәтижесін қорытындылау.
1-Жүргізуші: 3 турды қорытындылай келе, жалпы бүгінгі ойында алған ұпайларыңызды айтайық. Жалпы ойынымыздың қорытындысын айтуға және жеңімпазды марапаттауға әділқазыларға сөз берейік.( Осы кезде әділқазылар ойынның нәтижесін айтып, жеңімпазды анықтап, сыйлықты табыстап, құттықтау грамотасымен марапаттайды)
2-Жүргізуші: Ең басты орын емес жарыста,
Терең білім, жеңу шарты сайыста.
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз,
Өмірде де жетерің хақ, табысқа! – дей отырып ойынға қатысқан оқушыларға алғысымызды айтамыз, алдағы өмірлеріңізде білімнің биік шыңдарына жетіңіздер!