Математика (гр. μάθημα — ғылым, білім, оқу; μαθηματικός — білуге құштарлық) — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту: есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.[1] Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырудың бір жолы – дидактикалық ойындар. Деңгейі төмен оқушының өзі де ойын түрлері араласқан сабаққа қатысып, ынталана түседі. Ойынға араласқан жерде жарыс болады, балалар бір- бірінен қалып қоймауға тырысады. Ойынды пайдалану жиілігін мұғалім өзі анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау мен тексеру кезінде, яғни сабақтың кез- келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады.
Ойындардың тиімділігі: олардың сабақтың әр кезеңіндегі орнымен міндеті және мақсатын дәл анықтауға оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік білуіне, шеберлігіне, ойынға алдын ала қажетті материалды дайындап алуға, ойын кезінде оқушыларды белсенді түрде қатыстыруға байланысты. Дидактикалық ойындарды математика сабақтарында пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері артады, шапшаң есептеу дағдылары қалыптасады, байқампаздығы, есте сақтау қабілеті қалыптасады және балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасы орнайды. Адам бойындағы керемет қасиет,асыл қазына ақыл-ой және сананың сапалылығымен өлшенеді.
Математиканы игертудегі ойынның негізгі мақсаттар: - Білімді меңгерту,білік ,дағдыларды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылықпен жұмысын жандандыру.
Математика сабақтарындағы ойынның негізгі міндеті- оқушының есептеу дағдыларын қалыптастырып жетілдіру,баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыру.
Осы мақсатта өз тәжірибемнен бірнеше ойын түрлерін ұсынып отырмын.
« Гүл сыйлау» ойыны
Мақсаты : Әріпті өрнектің мәнін табуға байланысты жүргізуге болады. Оқушылардың танымдық қабілеті мен пәнге деген қызығушылығын арттыру, бір-бірімен достық қарым-қатынастарын нығайту, әдептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік : 2-3 гүлдің үлкейтілген өрнек жазылған түрі, гүлді әдемі ашық хаттар.
Мазмұны: Тақтаға гүлдің үлкейтілген, өрнек жазылған түрі ілінеді. Оқушылар гүл күлтесінің ішіндегі әріпті өрнектерді өз орындарында отырып шығарады.
Күлтедегі өрнектің нешеуін шығарса, сонша ашық хат жинайды. Ол ашық хатты сыныптағы достарына сыйлауына болады. Егер есепті шығара алмаса, онда ұпай жинай алмайды.
« Хан талапай » ойыны
Мақсаты: Санды еселеп қосуға арналған. Бұл ойын арқылы оқушылардың ақылын, дүниетанымын кеңейту, мінез – құлқын, ерік жігерін қалыптастыру және сабаққа деген қызығушылығын арттыру, салт-дәстүрді насихаттау.
Көрнекілік : Асықтар, әртүрлі сандар.
Мазмұны: Ойын топпен ойнауға болады. Асықтарға сандар жазылады, сандар бірдей сан болуы мүмкін.Асықтың ішінен бір санды «Хан » етіп сайлайды. Асықтарды «ханталапай» деп жерге шашып тастағанда,балалар тез бөліп алулары керек. Асықтағы сандар ойын барысында өзгертіліп отырады.
Мысалы: 3+3+3+3.....
6+6+6+6......
9+9+9+9.....
Ойынды түрлендіріп өткізуге де болады.
« Санамақ» ойыны
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін жетілдіру, сан үйрету, ой белсенділігін,саналы ойлана білуін дамыту, шапшаңдыққа баулу.
Мазмұны : Атау ұйқастарын санау арқылы балаға сан үйретеді,санға аты ұйқас заттарды танып білу.
Мысалы: Бір дегенім- білеу,
Екі дегенім-егеу,
Үш дегенім-үскі,
Төрт дегенім-төсек.
Әрі қарай оқушылардың өздері жүргізеді.
«Кім жаңылысады?» ойыны
Мақсаты: Бұл ойынды көбейту және бөлу кестесін үйрету кезеңінде жүргізуге болады.Оқушылардың белсенділігін,саналы ойлана,қиындықты жеңе білуін,ой-өрісін дамыту,төзімділікке баулу.
Көрнекілік: Атаулар жазылған парақшалар.
Мазмұны : Ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.
1-қатар-Көбейткіш
2- қатар -Көбейткіш
3-қатар – Көбейтінді деген атаулар беріледі.
Бірінші қатардағы оқушы кез-келген бір санды айтады, ал екінші қатардағы оқушы да бір сан айтады. Үшінші қатардан бір оқушы аталған екі санды көбейтіп, жауабын айтады. Бөлу амалын осылай орындайды.
« Қай мамандықты қалайсың?» ойыны
Мақсаты: Оқушылардың сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеп қолайлы тәсілмен қосып білуін үйрету, тапқырлыққа, тиянақтылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру.
Көрнекілік: Әр түрлі мамандықты бейнелейтін суреттер, тапсырма жазылған парақшалар.
Мазмұны : Әр мамандықты бейнелейтін суреттер,тақтаға ілінеді.Сурет сыртында әр түрлі есептер жазылған. Мысалы 65+ 35,40+18,70+24. Оқушылар қалаған мамандықтарын таңдап алып,есепті шығарады. Дұрыс орындаған оқушы мадақталады.
65+ 35,
70+24
« Алма теру» ойыны
Мақсаты: Бір таңбалы сандарды қосу және азайту. Ойын арқылы ауызша немесе жазбаша есептеуге жаттықтыру, шапшаңдыққа баулу.
Мазмұны : Тақтаға үлкен алма ағашының суретті ілінеді. Ағаштағы алмалардың сыртында есептер жазылған. Оқушылар алмаларды үзіп алып, есептерін шығарып нәтижесі жазылған себеттерге салуы тиіс. Кім себетті бұрын толтырса, сол ойында ұтады.
Мақал-мәтелдер
Бесік баласы
Бес түлейді.
Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал ,Алдынан шығып атын ұстар.
Жақсы әке жаман балаға
Қырық жылдық ризық.
Білегі күшті бірді жығар,
Білімі күшті мыңды жығар.
Жігіт адамға жетпіс өнерде аз.
Жеті рет өлше,
Бір рет кес.
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда қазан.
Тоқсан ауыз сөздің,
Тобықтай түйіні бар.
Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
Екі аяқты да бөле тату,
Төрт аяқты да бота тату.
Атты күнде мінсең-тулақ,
Аптада мінсең - қонақ,
Айында мінсең- ат,
Жылында мінсең- тұлпар.
Бір адам- самал,
Екі адам- амал., Үш адам – жамал, Төрт адам – қамал.