kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика сабақтарында ойынның үйренуде заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, мызғымас болашағы және өмірімізді тікелей жалғастырушы өкіл. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі қандай азамат болатыны мәңгілік тақырып. Бұл – білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Аса маңызды бұл іс орта мектептің, жас жеткіншектерге тәлім – тәрбие беретін орындардың еншісінде.

Тәрбие - өсіп  келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, қоғамның талап – тілегіне тәуелді күрделі процесс. Оның  өзіне тән заңдылығы, қағидасы, ұйымдастыру формалары мен әдістері бар. Халықта «Әуелі – тұқым, сонан соң – күтім» деген асыл сөз бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика сабақтарында ойынның үйренуде заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы»


МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОЙЫННЫҢ ҮЙРЕНУДЕ ЗАМАНЫМЫЗҒА САЙ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУГЕ ПАЙДАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қызылopдa қaлaсы

Әлия Молдағұлова атындағы №173

орта мектебінің математика

пәнінің мұғaлімі

Шайхутдинова Г.Ж 

Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, мызғымас болашағы және өмірімізді тікелей жалғастырушы өкіл. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі қандай азамат болатыны мәңгілік тақырып. Бұл – білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Аса маңызды бұл іс орта мектептің, жас жеткіншектерге тәлім – тәрбие беретін орындардың еншісінде.

Тәрбие - өсіп  келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, қоғамның талап – тілегіне тәуелді күрделі процесс. Оның  өзіне тән заңдылығы, қағидасы, ұйымдастыру формалары мен әдістері бар. Халықта «Әуелі – тұқым, сонан соң – күтім» деген асыл сөз бар.

Тәрбиенің, сабақтағы жиі қолданылатын құралдарының бірі-ойын.

Ойын  - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

Ойынның нақты мақсаты:  мазмұны,  құралдары, ұйымдастыру формасы, түрлері.

Бұл жүйені бастауыш мектепте оқыту процесінде басшылыққа алуда мұғалімге әдістемелік талаптар қойылады.

Мұғалімге қойылатын бірінші талап – ойынның нақты мақсаттарын түсіну және білу болып табылады, ойынның негізгі мақсаттары төмендегідей: Бастауыш сынып оқушыларына әрбір пән бойынша меңгеруге тиісті білім мөлшерін саналы түрде игеріп, оқушылардың іске икемділігін қалыптастыру; Бала қабілетінің қырларын жан – жақты дамыту; Ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту; Еңбек, дене тәрбиесін жетілдіру, оның өмірге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру; Есте сақтау қабілетін дамыту.

Екінші талап – ойынның мазмұнын анықтау. Мұнда қажетті шарт – ойынның көмегімен жүзеге асырылатын деректі оқушының жас ерекшеліктеріне, бағдарламалық талаптарға, нақты мақсатқа сәйкес дәл білу болып табылады.

Дидактикалық ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: (ұжымдық, топтық және даралық таңдау) ең алдымен оқушылардың ойлауының даму деңгейін, коммуникативтік іскерліктерді (оқу, жазу), қарым – қатынас іскерлігін қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталады 6 – 7 жасар балаларға тән көрнекті - әрекеттік және көрнекті – бейнелік ойлаудың даму ерекшеліктеріне сүйене отырып, біз топтық немесе дара ойындарды пайдалану тиімді деп есептейміз.

Ойынның құралдарына қойылатын талаптар: ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат оқушыларға жақсы таныс болуы керек.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нықты міндеттерді шешеді.

Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында реттеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.

Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді: 1) Танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту; 2) Тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым-қатынас  жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді  қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1) Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көжу; 2) Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі;  3) Берілген тапсырмаларды шешуге баланың ақыл – ой белсенділігінің күшеюі; 4) Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1) Заттық  дидактикалық ойындар  дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2) Үстел үстінде ойналатын  дидактикалық ойындар.

3) Сөздік дидактикалық ойындар.

Мысалы: «Кім жылдам?», «Көршіңді тап», «жеміс жинау», «Алтын қақпа», «Бәйге», «Жүз бір жұмбақ, мың бір мақал», «Жұмбақ шешу», «Сен білесің бе?», «Ойлан тап!», «Қайда менің өз орным», «Аққала» деген сияқты ойындарды атауға болады. Енді, осы ойындардың маңызы мынада:

1) Ойындар оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.

2) Әрбір ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.

3) Ойындар адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.

Ойындар, дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуіне дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі.

Ойындар, дидактикалық ойындардың тиімділігі, олардың сабақты, сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін,мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.

Ойындардағы тапсырмалар сыныптары өскен сайын күрделене береді.

Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.

Жаңылтпаштардың  тіл дамытуда,сөзді таза сөйлеп, ширақ айтудағы пайдасы көп.

Сабақтарда ойын түрлерін күрделендіріп, «Ойлан, тап!» ойынын ойнатуға болады. Бұл ойынды сабақтың мақсатына қарай түрлендіріп, тапсырманы орындатуға болады.

Сан есім тақырыбына байланысты: «Сен білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Мұнда мұғалім бір әңгімені оқитынын, олардың ондағы сан есімдерді атап берулерін ескертеді. Балаларды топтарға бөліп,мұғалім оқып тұрғанда көңіл қойып тыңдаулары шарт. Қай топ әңгімедегі сан есімдерді көбірек тақтаға жазса,сол топ озады. Сыныптары жоғарылаған сайын сан есімді күрделендіруге болады. Есептік сан есімдерді бір топқа, реттік сан есімдерді екінші топқа бөлуге болады. Дара,күрделі деп бөлуге болады. Бұл ойыннан оқушылардың алары көп. Дара, күрделі сан есімді жазып үйренуге дағдыланады, сауатты жазуға жаттығады.

Математика сабақтарында да ойын түрлерін түрлендіріп алуға болады. Оқушының алған білімін күнделікті өмірмен ұштастыруға қолайлы. Ойын сабақтың басында қолданылатын болса, жаңа сабаққа, үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, тақырыпты бекіту, не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Ойындарды сабақтарды қайталау кезінде де қолдануға болады.

Математика сабақтарында білім шыңдаудың басты бір жолы-кері есептерді шығару әдістерін пайдалану. Оның бірнеше ерекшеліктері бар:

А) «Бірдей сандар», «Фигуралар», «Шамалар» ұғымдары әр қырынан талқыланып,түрлі әдістермен шығарылады.

Б) Шамалар бойынша өзара кері байланыстар анықталады.Есептің тура мағынасында заттың құнын тапса,кері есеп жағдайында оның бағасы және заттың саны анықталады.

В) Кері есептерді шешу оқушылардың өз беттерімен есеп шығаруға дағдыландырады.

Г) Оқушылар  2-3  амалды  бір  мезгілде орындайды. Мысалы: 3-сыныптағы «1000 көлемдегі сандар» тарауындағы «Қосу мен азайту» тақырыбанда алынған есептің дұрыстығына көз жеткізу үшін  №1  есеп  былай  талданады: І-қосылғыш- 300,  ІІ-қосалғыш- 200, қосынды мәні - 500.Есептің дұрыстығына көз жеткізу үшін қосу амалына кері амал азйтумен тексереміз. Бірінші Қосылғышты табу үшін қосынданың мәнінен екінші қосылғышты азайтамыз. Егер екінші қосылғыш белгісіз болса, онда қосындының мәнінен біріншіқосылғышты айтамыз.

300+200                 500-200               500-200

Бұл дегеніміз - өзара бірдей 3 санының арасында тығыз байланыс бар екенін көрсетеді. Көбейту мен болу амалдары жөнінде де осыны айтуға болады.

Ойын-ойды өсіреді. Оқушының ойын оятып, қиялына қанат бітірер пән аралық байланыс құрып «Кім жылдам», «Ғажайып шаршы» ойындары өз нәтижесін көрсетеді.

Математика сабағында «санамақ», «он саусақ» өлеңдерін жаттату арқылы,мазмұнын түсіндіріп,оқушылардың тілін ұштартып,логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану , дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептеуге жаттықтыруға,логикалық ойлау жүйелерінің жетіле түсуіне толық мүмкіншілік бар. «Қай қолымда?», «Торғай мен бұтақ», «Мың қойда неше бақайшық бар?» ойындарын күнделікті сабақта пайдалану  және логикалық ойындар да баланың да тереңірек ойлауына әкеледі.

Мысалы:  1) Бір жұмыртқа 5 минут піссе, 5 жұмыртқа неше минутта піседі?  2) Тақтайдың төрт бұрышы бар еді,бір бұрышын қиып  тастаса, неше бұрышы қалады? деген сияқты.

Сонымен  қатар  математика  сабағында  ойынды  пайдалану мүмкіншілігі  көп.  Оларды  қолдану  ретіне  қарай  түрлендіріп  өтуге болады.  Мысалы: «Математикалық жарыс», «математикалық нарықтар», «Математикалық пойыз», «Математикалық лото» сияқты ойындар. Бір сабақтың өзін ойын сабақ етіп өтуге де болады .

Қорытынды:

Қорыта айтқанда, ойынның үйренуде, күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар ойын-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Жарықбаев Н. «Жалпы психология» Алматы – 2004.

2.  Кішібаева Д. Ұлттық ойындардың пайдасы /УБастауыш мектеп, 2004









































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Математика сабақтарында ойынның үйренуде заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы

Автор: Шайхутдинова Г.Ж.

Дата: 12.05.2019

Номер свидетельства: 509824

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "МАТЕМАТИКА САБА?ТАРЫНДА ОЙЫННЫ? ?ЙРЕНУДЕ ЗАМАНЫМЫЗ?А САЙ ?РПА? Т?РБИЕЛЕУГЕ ПАЙДАСЫ"
    ["seo_title"] => string(91) "matiematika-sabak-tarynda-oiynnyn-uirienudie-zamanymyzg-a-sai-u-rpak-t-rbiielieugie-paidasy"
    ["file_id"] => string(6) "286668"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454387424"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1500 руб.
2500 руб.
1410 руб.
2350 руб.
1500 руб.
2500 руб.
1440 руб.
2400 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства