kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Геометрия әлеміне саяхат» математикалық ойын сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Геометрия әлеміне саяхат" математикалық ойын сабағы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Геометрия әлеміне саяхат» математикалық ойын сабағы»

«Геометрия әлеміне саяхат» математикалық ойын сабағы

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге қалыптастыру.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде.

Жоспары: 1.Топтың өзін таныстыруы

2.Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)

3.Картокалық тапсырмалар

4.Ойымды жалғастыр( мақал-мәтелдер)

5.Суретпен кескінде

6.Қас-қағым сәт сайысы( топ басшысына)

7.Қорытынды

Қолданылған нақыл сөздер:

1.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы(К.Гаусс)

2.Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика (М.В.Ломоносов)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді ұстаздар, оқушылар! «Геометрия әлеміне саяхат» ойынына қош келдіңіздер. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Шаршы», «Үшбұрыш», «Тіктөртбұрыш», «Шеңбер» топтарын шақырамыз.

Математика сырлары

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

1 ,Кезекте амандасу рәсімі 1-топ «Шаршы» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалац да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары тең, бір-біріне тіктөртбұрыш шаршы деп аталады.

Қасиеттері: 1) диоганалдары тең

2)диоганалдары бір-біріне перпендикуляр

3) ішкі бұрыштарының қосындысы 360-қа тең.

2-топ «Үшбұрыш» тобы

Ұраны: Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі:Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екн,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сілем.

Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:

  1. Тең қабырғалы үшбұрыш

  2. Тең бүйірлі үшбұрыш

  3. Әртүрлі қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:

  1. Тік бұрышты үшбұрыш

  2. Сүйір бұрышты үшбұрыш

  3. Доғал бұрышты үшбұрыш

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180-қа тең.

3-топ. «Тіктөртбұрыш» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Тіктөртбұрыш» тобынан қарсыластарға сәлем!

4-топ. «Шеңбер» тобы

Ұраны: Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз,

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.

«Шеңбер» тобынан қарсыластарға сәлем.

Таныстыруы: шеңбер ережесі туралы айтады

2. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).

«Шаршы» тобына

  1. Ағаш үстінде100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? ( 10 торғай)

  2. 1 жұмыртқа 3минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3мин.)

  3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? ( 15 км)

«Үшбұрыш» тобына

  1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг.)

  2. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған? (4 сағат)

  3. Асханаға 100кг пияз және одан 3есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг.)

«Тіктөртбұрыш» тобына

1.1тонна мақта ауыр ма, 10 центнер темір ауыр ма? (тең)

2. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? (50)

3. Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? (6 бала)

«Шеңбер» тобына

1.Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

2.Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)

3. 1жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 4 жұмырттқа неше минутта піседі? ( 3минутта)

Әділқазылар алқасынан 2 сайыстың қорытындысын сұраймыз.

ІІІ.Карточкалық тапсырмалар

Әр топтың басшысы келіп бір карточканы алады да, берілген тапсырманы тобымен орындайды.

1-ші тапсырма.

Дөңгелекті үш түзу арқылы ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болады?

2-ші тапсырма.

Берілгендер бойынша сұрақтың орнына қойылатын санды табыңдар?

3-ші тапсырма.

Берілген фигуралар тізбегіндегі 24-ші орында қандай фигура тұрғанын анықтаңдар?

4-ші тапсырма

Цифрлар фигуралармен белгіленген болса, онда суретке қай жауап сәйкес келеді?

4. Ойымды жалғастыр ( мақал-мәтелдер) сайысы.

Әр топ шапшаң жауап беру керек және мақал-мәтелдің ішінде кездесетін сандарды үш тілде айтады.

Шаршы тобына.

1.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2.Білекті бірді жығар, ( білімді мыңды жығар)

Үшбұрыш тобына

1.Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

2.Білгенің бір тоғыз, ( білмегенің тоқсан тоғыз)

Төртбұрыш тобына

1.Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

2.Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды

Шеңбер тобына

1.Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

2.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса,төбедегі келеді)

5. Суретпен кескіндеу

Тапсырманы топ басшылары келіп алады да,берілген тапсырманың жауабын суретпен кескіндеп көрсетеді.

  1. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? ( 5 бұрыш)

  2. Әсем пойыздың басынан санағанда жетінші вагонға отырды. Мадина пойыздың соңынан санағанда жетінші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон бар?

(13 вагон)

  1. Үш метрлік 6 бөренені жарты метрлік шөркелерге арамен бөлу керек. Қанша рет аралап кесу керек? Неше шөрке болады?

(30рет кеседі, 36 шөрке)

  1. Жиырма төрт спортшы дөңгелек үстелді айнала бір-бірінен бірдей ара қашықтықта отыр. Олар отырған орындары бойынша 1-ден 24-ке дейін нөмірленген. 9-шы спортшыға қарсы отырған спортшының нөмірін анықтаңдар. (21- спортшы)



5. «Қас-қағым сәт» сайысы (математикалық сұрақтар)

Топ басшыларына қойылады.

1)Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле (биссектриса)

2)70 –қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)

3)Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)

4)Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)

5)180 –қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)

6) Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

7)Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура (бұрыш)

8) Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)



Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады. Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан топтар марапатталады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Геометрия әлеміне саяхат» математикалық ойын сабағы

Автор: Жумагалиева Амина Кайроллаевна

Дата: 24.05.2019

Номер свидетельства: 512102

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Ашы? саба?  та?ырыбы: Шаршы.Шаршыны? ?асиеті "
    ["seo_title"] => string(50) "ashyk-sabak-tak-yryby-sharshy-sharshynyn-k-asiieti"
    ["file_id"] => string(6) "160059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421998872"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства