kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе. Қазіргі заманғы мұғалім.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі мұғалімдердің оқушылармен қарым қатынасы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе. Қазіргі заманғы мұғалім.»

Эссе. Қазіргі заманғы мұғалім.

Шадиева Қатира Нантайқызы

Қазақстан, Қызылорда қаласы

Қызылорда қалалық жалпы білім беретін кешкі мектеп

математика пәні мұғалімі

Қазіргі заманғы мұғалім қандай болу керек? Бұл сұрақтың тура жауабын тауып айту қиын. Ол өз пәнін жетік меңгерген, баланың ой өрісі мен логикалық ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасай алатын адам. Қазіргі заманғы мұғалім баланың өз бетінше оқуына қарқынды түрде көмектесетін,оның сабаққа деген қызығушылығын оята алатын адам болуы керек. Сонда ғана бала жаңаны тануға талпынып,білімін арттыруға тырысады. Сонымен қатар мұғалім ақпаратты дайын түрде беріп қана қоймай, оны анық,баланың жадында сақталардай етіп түсіндіруі қажет. Ол балалардың жақсы қасиеттерін аңғарып, әрбір жетістігі үшін марапаттап отыруы тиіс. Сонда талпынысы үшін көзге түскен бала қуанып,келесі жолы тағы да өз білімін көрсетуге даяр болады. Қазіргі заманғы ағылшын тілінің мұғалімі шебер мұғалім болуы керек. Мұғалімнің шеберлігі оған деген сұраныстан байқалады. Жаңа заман ұстазының ең маңызды қасиеттеріне өз білімін үнемі жетілдіріп отыру, біліктілігін көтеру,ұшқыр ой мен жоғарғы еңбек мәдениеті жатады. Ағылшын тілінің мұғалімі сабақ жүргізудің жаңа жобаларын жетік біліп, оны сабақ үстінде қолдана алуы керек. Біз ағылшын тілінің мұғалімдері көбіне классикалық ағылшын тілін қолданамыз, ал жаңа тіл заман ағымы мен американизм ықпалынан қатты өзгерістерге ұшыраған. Тілде жаңа тіркестер мен терминдер көп. Сол жаңалықтардан шеткері қалмай, жаңа ағылшын тілін үйрету үшін ұстаз шет елде басылатын кітаптарды оқып, таспаларды тыңдауы тиіс.

Жаңа заман мұғалімі үнемі шығармашылық ізденісте болып, өз жұмысына деген махаббаты мен оқушыларына деген махаббатын ұщтастыра білуі тиіс. Ұлы орыс жазушысы Л.Н.Толстой «Егер мұғалім тек өз жұмысын сүйетін болса, ол жақсы мұғалім болады.Егер мұғалім оқушыны өз баласындай сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқып бітірген, не жұмысына, не оқушыға еш махаббаты жоқ ұстаздан артық болады. Ал егер мұғалім жұмыс пен оқушыны бірдей сүйсе, ол мінсіз мұғалім болады»,- деп сөз қалдырған. Мінсіз ұстаз болу өте қиын, бірақ мүмкін. Ең бастысы, бір орында тежеліп қалмай, әрдайым алға ұмтылып отыру. Мұғалім жұмысын сүйіп, одан рахат ала білуі және бақыт таба білуі де өте маңызды.Бақытсыз ұстаз ешқашан бақытты шәкірт тәрбиелей алмас. Тек бақытты мұғалім ғана қайтпас қайсар,кездесер қиындықтарға берілмес мықты, не болса да тек алға ұмтылар қайратты ұрпақ тәрбиелейді.

Әр адам бала өміріндегі мұғалімнің рөлін әртүрлі елестетеді. Бірі оны тек ағылшын тіліне үйретуші ұстаз десе, бірі өмір жолына бағдар беруші дейді. Ал менің ойымша ұстаз тәрбиеші, көмекші, жолдас және сырлас. Мен мұғалім мына қасиеттерді бойына жиған адам болуы тиіс деп санаймын:

  • білімділік пен жан-жақтылық;

  • кез келген оқушыны өз пәніне қызықтыра білу;

  • барлық оқушыларға тең көзқараста болу;

  • өз пәнін жетік білу;

  • материалды жақсы мазмұндай білу;

  • сыныпта оқушылардың тәртіп сақтауын қадағалай білу;

  • әрбір оқушымен жақсы қарым-қатынаста болу;

  • жаңа материалды түсіндіргенде оқушыларды артық ақпаратпен және мөлшерден тыс үй тапсырмасымен жүктемеу;

  • салмақты және шыдамды болу;

  • сабақтарын өзгеше, қызықты етіп өткізу, мәліметтер есте жақсы сақталу үшін сабақ барысында ойындар кірістіру;

  • басқалардан өзгеше, «қиын» оқушылар болатынын естен шығармау және кез келген оқушымен араласа білу.

Жас ұрпақ-біздің еліміздің болашағы. Бүгінгі заманның күн санап тез өзгеруі білім беруге деген талапты күшейте түсуде. Жаңа идеялар, білім беруге жаңаша көзқарасты, кәсіби біліктілік біздің бұрынғыдан да жаңа жоғары сатыға көтерілгендігіміздің белгісі. Міне мұның бәріне қол жеткізуде әр ұстаздың шығармашылығы, жұмыс істеуі ерекше болуы керек.

Бүгінде білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатыр. Бұл өзгерістердің тереңдігі соншалық, білім берудің мақсаттарына, құндылықтарына, әдістеріне және құралдарына қатысты және педагогтардың кәсіби санасын қайта құрумен байланысты, оның көп бөлігі басқа білім беру жүйесінде қалыптасқан педагогикалық ұстанымдар болып табылады.

Қазіргі заманға сай мұғалім ұлттық мәдениет пен дәстүрді оқушының бойына сіңіре білетін, оқушыны өз бетінше білім алу дағдысына үйрететін, шығармашылық іс жүргізе алатын, оқушыларды адамгершілікке баулитын, болашақта әлемдік өркениетті мемлекетіміздің қожасы болатын жас ұрпаққа сапалы білім бере алатын тұлға болуы керек.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Эссе. Қазіргі заманғы мұғалім.

Автор: Шадиева Катира Нантаевна

Дата: 12.11.2019

Номер свидетельства: 526782

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Эссе ?азіргі заман м??алім бейнесі "
    ["seo_title"] => string(41) "essie-k-azirghi-zaman-mu-g-alim-bieiniesi"
    ["file_id"] => string(6) "204329"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429634432"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Эссе. ?азіргі заман м??алімі"
    ["seo_title"] => string(32) "essie-k-azirghi-zaman-mu-g-alimi"
    ["file_id"] => string(6) "333446"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1465387233"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Эссе "Қазіргі заман мұғалімі""
    ["seo_title"] => string(32) "essie_k_azirghi_zaman_mu_g_alimi"
    ["file_id"] => string(6) "441475"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1512018362"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жа?аша мектепке ?азіргі заман?ы м??алім     /эссе/"
    ["seo_title"] => string(56) "zhan-asha-miektiepkie-k-azirghi-zamang-y-mu-g-alim-essie"
    ["file_id"] => string(6) "307543"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458366463"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?азіргі заман м??алімі (эссе] "
    ["seo_title"] => string(32) "k-azirghi-zaman-mu-g-alimi-essie"
    ["file_id"] => string(6) "195628"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427948687"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства