Просмотр содержимого документа
«Y=√x функциясы, қасиеті және графигі»
Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:
Квадраттүбірлер және иррационал өрнектер
Мектеп: Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ
Күні: 23.10
Мұғалімнің аты-жөні: Каримова С.Е.
Сынып: 8
Қатысқандар саны: 5
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:
функциясы, қасиеті және графигі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
8.4.1.4
аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу;
Сабақ мақсаттары
Оқушылар:
функциясы графигінің көмегімен аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табуды және функцияның мәндері бойынша аргументтің мәндерін табады;
функциясының қасиеттерін қолданып есептер шығарады.
Бағалау критерийлері
Оқушылар:
функциясы графигінің көмегімен тапсырманың шартына сәйкес аргументтің/функцияның мәнін табу алгоритмін білу;
есептелеулерді қатесіз орындау;
функцияның қасиеттерін және графигінің ерекшеліктерін есеп шығарғанда қолдану.
Тілдік мақсаттар
Оқушыларға:
Арнайы лексика және терминология
Функцияның графигі, функцияның анықталу облысы, функцияның мәндер жиыны, аргументтің мәніне сәйкес фунцияның мәні ...
Әзірлеу, анықтау, салыстыру, сәйкестендіру.
Диалог жүргізу мен жазуға қажетті сөздер қоры
Функция графигі бұл … ол… .
Бұл функцияның графигі болып табыл(май)ды, себебі… .
Қай формулаға/графикке осы график/функция сәйкес келеді?
Ереже мынадай … .
Құндылықтарды дарыту
Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Пәнаралық байланыстар
Геометрия: Пифагор теоремасы.
Физика:3 фазалық тізбекте ток күшін есептеу.
Бастапқы білім
7 сынып курсы бойынша
функциялары және олардың қасиеттері.
Осы бөлімдегі квадрат түбір мен оның қасиеттері.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау.
Сабақтың мақсат барысымен таныстыру.
Стартер.
Тапсырманың мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша білімдерін жаңғырту, назарларын сабаққа шоғырландыру.
Тақтаға тігінен ФУНКЦИЯ сөзі жазылады. Оқушылар тақырыпқа сәйкес әрбір әріпке сәйкесінше терминдерді жазады.
Мысалы,
Формула
аргУмент
Н
К
Ц
радИкал
Я және т.с.с.
Қосымша 1,
Презентация
Сабақтың ортасы
12 минут
20 минут
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар жұпта үй жұмысы дәптерлерін өзара алмасып, тақтадағы жауаптары салыстыру арқылы тексеруді орындайды.
Соңына бір-екі сөйлем көлемінде кері байланыс жазады.
Жеке жұмыс.
Тапсырманың мақсаты: өткен сабақтың материалын оқушылар қалай меңгергендерін байқау. Тексеру жұмысы жұпта орындалады.
Бағалау. Әрбір дұрыс орындалған пунтке 1 ұпай беріледі. Нәтижесінде тексеруші дұрыс орындалудың пайызын есептеп, ауызша кері байланыс береді.
Ауызша жұмыс.
Тапсырманың мақсаты: аргументтің және функцияның мәні терминдерін еске түсіру, білімді жаңғырту.
функциясының графигін қолданып:
1) аргументтің мәні 2,25; 3,24; 4,41, 6,76 болғанда функцияның мәнін табыңыз.
2) Функцияның мәні 0,1; 0,6; 1,5; 2,6; болғанда аргументтің мәнін табыңыз.
Өздік жұмыс.
Өздік жұмыстың тапсырмалары деңгейлік болады.
Негізгі деңгей.
1 тапсырма.
функциясының графигіне тиісті боалтын нүктелерді аықтаңыздар:
1) F (a;2); 2) Q (a; ); 3) R (25; - a); 4) P (-7; a) нүктесі y= функциясы графигінде жататындай етіп, а санын анықтаңыздар.
3 тапсырма.
Егер аргументтің мәндері аралығына тиісті болса,
онда y= функциясының мәндері қай аралықта өзгереді?
Жауаптары:
1 тапсырма.
A, B, E .
2 тапсырма.
1) a=4; 2) a=5; 3) a= -5; 4) мәні жоқ;
3 тапсырма.
[1; 2] аралығында функцияның мәндері өзгереді.
Жоғары деңгей.
1 тапсырма.
y= функциясының графигін пайдалана отырып:
х = 2,5; 4,3: 6,4 болғандағы у-тің мәнін;
х = 0,56; 2,46; 1,9 –тің мәнін;
болғандағы х-тің мәнін;
сәйкес келетін аргумент мәнін табыңыз.
2 тапсырма.
y= функциясының мәндері: 1) [0;4]; 2) [0,04;1]; 3) [25; 225] аралығында жатуы үшін оның аргументі қандай мәндер қабылдауы қажет?
3 тапсырма.
1) [0,7; 9,2] кесіндісіндегі y= функциясының ең кіші бүтін мәнін табыңыздар.
2) [0,5; 4,5] кесіндісіндегі y= функциясының ең үлкен бүтін мәнін табыңыздар.
Жауаптары:
1 тапсырма.
1) y= 1,6; 2,1; 2,5.
2) = 0,7; 1,6; 1,4.
3) x = 1,69; 2,89; 6,25.
4) x = 0,25; 2, 25; 6,76.
2 тапсырма.
1) [0; 16]; 2)[0,0016; 1]; 3)[625; 50625].
3 тапсырма.
1) y=1; 2) y=2.
Тапсырманы орындау уақыты шыққанан кейін тапсырмалары бірдей болған топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді.
Қосымша 1,
Презентация
Қосымша 2, жеке жұмыс
Оқулық: «Алгебра» 8-сынып.
Ю. Н. Макарычев, Н.Г. Миндюк
Қосымша 2, өздік жұмыс
«Алгера»
Шыныбеков Ә. Н. 8-сынып
Сабақтың соңы
3 минут
Рефлексия жүргізу
Оқушыларға диаграмма үлестіріледі, кейбір оқушыларға жазбаларын ауызша айтуларына мүмкіндік беріледі
Үй жұмысын беру, түсіндіру
№ 1
функциясының графигінің көмегімен сандарды салыстырыңыз:
3) мен
және 4) 3 пен
№ 2
A (4; 16), B (-3; 9), C (1,69; 1,3), D нүктелерінің қайсысы функциясының графигіне тиісті болады?
№ 3
(1; 16) аралығындағы функциясының барлық бүтін мәндерін табыңыз.
Диаграмма берілген парақтар
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалады.
Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беруге баса назар аударылады.