Құрал геометрия пәнінен оқушылардың негізгі білім мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған және оқу материалындағы фигуралардың қасиеттерін практикалық қызметте қалай пайдаланатының білуге маңызды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"планиметриядағы фигуралар әлемі"»
Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің
«Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы» ММ
Планиметриядағы фигуралар әлемі
(оқу-әдістемелік құрал)
Затобол. 2016 жыл
ӘОЖ
КБЖ
Құрастырған: Кулахметова К.Р.,
«Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы» ММ
математика пәнінің мұғалімі
Хакимова С.Ж.,
«Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы» ММ
математика пәнінің мұғалімі
Пікір жазғандар: 1. Кожаниязова Г.М.,
«Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы» ММ
директорының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары
2. Ибраева Г.Т.,
«Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясы» ММ
директорының бағдарлы оқу жөніндегі орынбасары
«Планиметриядағы фигуралар әлемі» 9-сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік құрал/ құраст.: Кулахметова К.Р., Хакимова С.Ж. Қостанай, 2016.- 60 б.
ISBN
Құрал геометрия пәнінен оқушылардың негізгі білім мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған және оқу материалындағы фигуралардың қасиеттерін практикалық қызметте қалай пайдаланатынын білуге маңызды. Құралда геометрияның планиметрия бөліміндегі үшбұрыштар мен төртбұрыштар тарауларының негізгі қасиеттері мен формулалары қамтылған және кейбір есептердің шешу жолы көрсетілген. Әр тарауға тест тапсырмалары берілген.
Бұл құрал 9-сынып оқушылары мен мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Қазіргі ақпараттандыру дәуірінде геометрияның негізін меңгеру жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден – бір негізгі элементі болып табылады.
Геометрияның практикалық пайдасы, оның адам тәжірибесінде күнделікті меңгерілетін қарапайым түсініктерден бастап, ғылыми және техникалық идеялды дамыту үшін қажетті күрделі нақты әлемнің фундаментальды құрылымының кеңістік формалары және сандық қатынастарды қамтитын пән болып келуінің шарттарынан шығады.
Құрал геометрия пәнінен оқушылардың негізгі білім мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған және оқу материалындағы фигуралардың қасиеттерін практикалық қызметте қалай пайдаланатынын білуге маңызды. Құралда геометрияның планиметрия бөліміндегі үшбұрыштар мен төртбұрыштар тарауларының негізгі қасиеттері мен формулалары қамтылған және кейбір есептердің шешу жолы көрсетілген. Әр тарауға тест тапсырмалары берілген.
Бұл құрал 9-сынып оқушылары мен мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Курстың мақсаты:
қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің өмірі мен қызметіне қажет, білімді әрі қарай дамыту үшін геометриялық білім беру мен біліктілігін алуға жүйелі жағдай жасау;
оқушының жан-жақты тұлға ретінде өркендеу: логикалық ойлау қабілеті ой өрістің дәлдігі, кеңістіктегі елестеу, алгоритмдік мәдениеті, интуиция, сынау және өзін сынау;
ғылыми және техникалық универсал тілі , үрдісі мен құбылыстарды модельдеу тәсілі ретінде геометриялық идеялары мен әдістерін қалыптастыру;
геометрия тәсілдері арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, атақты математиктердің еңбектерімен танысу, қоғамдық прогресс үшін планиметрия бөлімінің алатын орнының маңыздылығын білу
Курстың міндеттері:
білім берудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізіп, оқушының дара ерекшеліктерін саралап дамыта оқытуды жүзеге асыру;
оқушыларға планиметриядағы негізгі қасиеттер мен формулаларды практикада пайдалана білуге үйрету;
сапалы дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру, ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру, шығармашылық потенциалын қалыптастыру арқылы жалпы мәдениеттілік қызығушылығын дамыту.
Пәнаралық кіріктіру:
Алгебра, геометрия, сызу, тарих, ауыл шаруашылығы.
Тақырып жоспарының мазмұны.
Жалпы бағдарлама 68 сағатқа бөлінген. Аптасына 2 сағат
«Планиметриядағы фигуралар әлемі» таңдау курсының бағдарламасы
Үшбұрыштар ( 38 сағат)
Үшбұрыш және оның түрлері. Үшбұрыштың элементтері. Тікбұрышты үшбұрыш және оның қасиеттері мен салдары. Пифагор теоремасы мен үштігі. Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынас. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы, медианасы, биіктігі, іштей және сырттай сызылған шеңбердің радиустары. Теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттері. Кез келген үшбұрыштың белгісіз элементтерін табу. Фалес теоремасы. Герон формуласы. Синустар теоремасы. Косинустар теоремасы. Үшбұрыштарды шешу. Үшбұрыштың медианасының қасиеті. Үшбұрыштың биссектрисасының қасиеті.
Төртбұрыштар (27 сағат)
Төртбұрыш және оның элементтері. Төртбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы. Тіктөртбұрыш және оның қасиеттері. Тіктөртбұрыштың ауданы. Квадрат. Квадраттың ауданы. Параллелограмм және оның қасиеттері. Параллелограмның ауданы. Ромб және оның қасиеттері. Ромбының ауданы. Трапецияның түрлері мен қасиеттері. Трапецияның орта сызығы. Трапецияның ауданы. Төртбұрыштарға іштей және сырттай сызылған шеңберлер.