Просмотр содержимого документа
«Есептерді шешуде координаталарды ?олдану »
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Дулыбаева Каламкас Алпысовна
Пән: алгебра
Сынып: 8
Сабақ тақырыбы: Есептерді шешуде координаталарды қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Есептерді шешуде координаталарды қолдану туралы түсініктерін бекіту. Координаталық жазықтықта практикалық тапсырмаларды орныдай білуге дағдыландыру. Дәлдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: пысықтау сабақ
Сабақтың әдістері:
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен тақырыпты пысықтау
«Кім жылдам?» Тест тапсырмасы
қай формула?
(х-а)²+(у-в)² =R² қай формула?
А. Шеңбердің теңдеуі Б. Түзудің теңдеуі С. Екі нүктенің арақашықтығы
қай формула?
А. Шеңбердің теңдеуі Б. Түзудің теңдеуі С. Екі нүктенің арақашықтығы
4. Клавдий Птолемей қай елдің ғалымы
А. грек Б. ағылшын С. неміс
5. Француз ғалымы Н.Оресле қандай координаталарды енгізген?
А. биологиялық Б. ағылшындық С. Географиялық
6. Ежелгі грек ғалымы Аполлонийдің шығармаларында қандай сөздер кездеседі?
А. Ендік,бойлық Б. декарттық С. Ордината,абцисса
7. Бұл ғалымның кім? Бізге таныс еңбегі қандай?
А. Р.Декарт,Координата жүйесі Б. Виет,квадрат теңдеу С. Евклид,Бастамалар
8. ХVII ғ.70-80 жылдары коодинаталарды қолдануға ұсынған ғалым?
А. Аполлоний Б. Виет С. Г.Н.Лейбниц
«Менің қолымнан бәрі келеді!». Практикалық тапсырмалар.
Жазықтықтағы аңдар
Координаталық жазықтықта бірнеше нүктелерінің координаталары беріледі. Көршілес нүктелер кесінділермен қосылады. Егер нүктелер дұрыс табылса, оның нәтижесінде қандай-да бір сурет шығады.
Қуаныш, Бекзат және Серік кітап оқып отыр: біреуі -саяхат, екіншісі – соғыс, үшіншісі – спорт туралы оқыды. Қуаныш спорт туралы емес, ал Бекзат соғыс және спорт туралы емес. Сонда әрқайсысы қандай кітап оқып отыр?
Нағима, Батима, Ғалия және Разия жеміс ағаштарын отырғызды: біреуі - алма, екіншісі – алмұрт, үшіншісі - өрік, ал төртіншісі – шие отырғызды.Егер Батима шиені, Ғалия алма мен шиені, ал Разия өрік отырғызса, онда әр қыз қай жеміс ағашын отырғызды.
Ақ тышқан қорадан үйге, ал сұр тышқан үйден қораға қарай бір уақытта жүгірді. 5 минуттан ақ тышқан сұр тышқанға қарағанда үйге жақындады. Қай тышқан баяу жүгіреді?
Айдос үйдің 6-қабатында тұрады, ал Жандос осы подъездің 3-қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса, Жандосқа дейін неше баспалдақ бар?
Дүкенде 19 теңгеге сауда жасадық, бiрақ сенде кiлең 3 теңгелiктер бар. Ал сатушыда кiлең 5 теңгелiктер. Тығырықтан шығар жол барма?
Қуаныш - соғыс, Бекзат саяхат, Серік – спорт туралы оқыды. Ғалия алмұрт, Батима алма, Нағима шиені отырғызды. Сұр тышқан. Жандосқа дейін 30 баспалдақ болады.
Жоқ , сен оған 3+3+3+3+3+3+3=21, ол саған қалған ақшаңды қайырып бере алмайды, өйткені онда 5-теңгеліктер ғана бар.
Сөзжұмбақ шешу
Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш?
а2+в2=с2кімнің теоремасы
Ең аз қабырғалы фигура
Ең алғашқы әйел математик кім?
Р.Декарт қай елдің ғалымы
Үшбұрыштың тамаша нүктелерінің бірі
Ежелгі Мысырда пайда болған геометриялық фигура
Дәлелдеуге болатын геометриялық сөйлем
1
2
4
6
5
3
7
8
Сабақты қорытындылау
Бағалау Бағалау парақшасын толтыру
Оқушының аты-жөні:
№
Тапсырмалар
Балл
Қорытынды. Баға
1
2
3
4
5
Үй тапсырмасы пар 16, 72-73 б.б. №232 № 234 74 бетте