kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі арқылы шешуге есептер шығару

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі арқылы шешуге есептер шығару.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі арқылы шешуге есептер шығару»

Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы оқушылардың білімді болуын талап етеді.Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділіктерін арттыруда , сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы зор.Сабақта жаңа технологияларды қолданып отыруымыз керек.Осы бағытта 9- сыныпқа өткізген сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын және қасиеттерін меңгеру.

Дамытушылық: Формулаларды есептер шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа,шапшаңдыққа,жауапкершілікке,өз бетімен ізденуге, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, практикалық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,таратпа материалдар,кестелер,бағалау парағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,сынып тазалығы,оқушыларды түгендеу,оқу құралдарын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

ІІІ .Жаңа сабақ меңгерту кезеңі

Анықтама айтылып, мысалдар келтіріледі.

1-тәсіл. а4=10,d = 4, табу керек а10-?

а10= а4+(10-4) d =10+6*4 =34 Жауабы: а10=34

2-тәсіл. а4=10,d = 4, табу керек а10-?

а41+3 d, а1=10-12= -2 , а10= -2 + 9 *4=34 , а10=34

Арифметикалық прогрессия

а1, а2, а3,........,аn,.....


анықтама

аn+1n+d, n-натурал сан

d=аn+1 - аn


аn1+(n-1)d


аn=(аn-1n+1):2



ІY.Бекіту кезеңі

Сұрақтар:

1.Сандар тізбегі ,мүшелері дегеніміз не?

2.Тізбектің берілу тәсілдері?

3.Тізбек түрлері?

4.Бірсарынды тізбек дегеніміз?

5.Тұрақты тізбектер деп қандай тізбекті атайды?

6.Арифметикалық прогрессия анықтамасы?

7. Арифметикалық прогрессия айырымы?

8.Арифметикалық прогессияның n-ші мүшесінің формуласы

9.Арифметикалық прогрессияның қандай қасиеті бар?

10.Тұрақты тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?

Бүгінгі сабағымды тәуелсіздікпен байланыстырып өткіздім. Тәуелсіздік алып , егемен ел болғанымызға міне биыл 25 жыл.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген концертке бару үшін билет алуымыз керек.Ол үшін берілген деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз.

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей

1. 13,17,21,....арифметикалық прогрессия берілген.Осы прогрессияның 20-шы мүшесін табыңдар.

2.Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі -3 -ке тең,ал айырымы 0,7 -ге тең.Прогрессияның 8-ші мүшесін табыңдар.

3.Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі а1 мен айырмасы d берілген.аn-ді табыңдар.

а1=2 ; d= 0,1 ;n = 5

4.(№211) есеп.

Үйге тапсырма.№214,№215 есеп

Бағалау.











Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі арқылы шешуге есептер шығару

Жалпы мақсаттар :

-Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шығара білу дағдысын қалыптастыру

-Сабақ барысында жаңа технологиялық әдіс тәсілдерді қолдану арқылы пәнге қызығушылығын арттыру

-Өз бетімен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу. Жауаптылыққа, еңбек пен өнерге тәрбиелеу

Көрнекіліктер:

Оқулық, интербелсенді тақта, сабаққа қажетті ресурстар


Әдісі:

АКТ, СТО, диалог


Тәсілі:

Жеке, топпен


Оқыту нәтижесі:

Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, топпен жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір - біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді.

Түйінді идеялар

-Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру әдісімен

шешу

Дерек көздер

Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, сөзжұмбақ


Сабақтың барысы:

уақыты

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс -әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі:



2 мин

Топқа бөлу әртүрлі фигуралар таратады

Оқушылар ұқсас фигуралары барлар бірігіп 3 топ құрайды ,топ ережесін сақтайды.

"Миға шабуыл"

5 мин

Сөзжұмбақ шешкізу.Өтілген тақырыптарды еске түсіріп,қайталау.

Топпен жұмыс.Сөзжұмбақ (интербелсенді тақта)

Қызығушылықты ояту

3мин

Сәйкестендіру кестесі

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешудің алгоритмін сәйкестендіру.

Деңгейлік тапсырма

10 мин

Есептер


3 топ өздеріне берілген есепті шығарып,түсіндіреді

Сергіту сәті

3 мин

Бейне жазба



Ой - толғаныс

5 мин

Әр топқа деңгейлік тапсырмалар тест түрінде беріледі.Топ жетекшілеріне топ мүшелерін бағалау үшін критерийлер беріледі.

Тест

1.Есептеңдер :

16*(-25);

а)400 ә)-400 б)-300

2. Есептеңдер :

(-64)*(24-1-22);

а)0 ә)-64 б)64

3.Теңдеуді шешіңдер:

4х+4х=432

а)54 ә) 45 б)50

4. Теңдеуді шешіңдер:

6у-2у+25=65

а) 4 ә)40 б) 10

5. Теңдеуді шешіңдер:

7*(х+17)= 1,4

а)-15 ә)-16,8 б)17,2

6.3х+2у= 4 теңдеуінен айнымалы у -ті өрнекте.

а)у=1,5х+2

ә)у= - 1,5х +2

б)у = -3х+2

Оқушылар тест шешіп, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды.

Критерий

Критерий

Балл

1.

Таңбаларды анықтауы

3

2.

Амалдардың реті

3

3.

Нәтижесі

3



Аты -жөні

І

деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

Баға

























Бағалау

3 мин

Топ басшылары топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.


Рефлексия

3 мин

Оқушыларға стикер таратып ,оны алма ағашына жабыстырып өз пікірін білдіреді.

Кейінгі жұмыс

1мин

№1530










































Сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға рационал сандарды координаталық түзуде кескінделуін пайдаланып салыстыруды үйрету.Теріс сандарды салыстыра білуді.Оң санды а ˃ 0, теріс санды а˂0 түрінде жаза білуге дағдыландыру.

Білімділік: Оқушының жаңа сабақ бойынша алған білімін тереңдету, жинақтау, жүйелеу

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру

Тәрбиелік: Оқушыларды саналы сезімге, еңбектенуге және адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, тарих

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, таратпа материалдар, кестелер, бағалау парағы, карта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сынып тазалығы, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Өткен теориялық материалды кесте толтыру әдісімен тексердім.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Жиын , ішкі жиын, бос жиын, оң сан , теріс сан, санның модулі т.б.

Рационал сандарды салыстыру, оң сан 0-ден үлкен болады, теріс сан 0 -ден кіші болады,теріс сандарды салыстырғанда модулі үлкені кіші болады т.б.





№353 есеп

47- сурет бойынша 4 оқушыдан сұралды.А(-6), В(-2),С(2),Д(6).Осы сурет бойынша санның модулінің анықтамасы тұжырымдалды.

ІІІ .Жаңа сабақ меңгерту кезеңі

а)Жаңа материалды өткенмен байланыстыру.

Біз өткен сабағымызда санның модулі тақырыбын өткен болатынбыз.Теріс санның модулі оған қарама -қарсы сан, оң санның модулі сол санның өзіне тең болатынын білеміз. Және 0 санының модулі 0-ге тең.

Жаңа сабағымды халықтық педагогикамен байланыстырып мысал айтып өтемін.

"Жарлы байымай ма?

Жас өспей ме" - деген мақал алайық.Жарлы болса да,бай болса да олардың екеуі де адам,тек қана айырмашылығы әлеуметтік жағдайында. Сол сияқты оң санның да , теріс санның да модулінен оң сан шығады.Оң сан мен теріс санның таңбалары ғана әр түрлі, бірақ негізі бірдей сан. Жас бала мен ересек адамның табиғаты - адам , олардың ерекшелігі жастарында.

Енді әрі қарай осы сандарды қалай салыстыруға болатынын қарастырайық.

1)Координаталық сәуледе кескінделген сандардың оң жақтағысы сол жақтағысынан үлкен болатыны белгілі.

2)Кез келген оң сан нөлден үлкен.

3)Кез келген теріс сан нөлден кіші.

4) Кез келген оң сан,кез келген теріс саннан үлкен.

5) Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен болады.

Анықтама айтылып, мысалдар келтіріледі.

ә)Жаңа сабақты қорытындылау

ІY.Жаңа сабақты пысықтау.

Бұл сәтке Қазақстан картасын пайдалана отырып, есептер шығартамын.

Елбасымыздың жолдауында айтылғандай Қазақстанның бәсекеге қатысушы 50 елдің қатарына кіруі үшін біздің алдымызға қиындықтар тұр.Осы қиындықтарды жеңсек қана біз дамыған елу елдің қатарына кіре аламыз.Ол қандай қиындықтар? Ол қиындықтарды жеңу Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңда.Қазақстанды гүлдендіріп, оның дамыған елдер қатарына қосылуына өз үлестеріңді қосадыдеп сенеміз.Осы қиындықтардың не екенін тауып көрейікші.

Карта бетіндегі деңгейлік тапсырмалар шығартылды.

Y.Жаңа сабақты қорытындылау.

1-5 жаңа сабақтағы ережелерді оқушылардың өздеріне айтқызу арқылы біліктері тексерілді.

YІ.Бағалау.

YІІ.Үйге тапсырма беру.№366


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Құлбарақ Самал Оңғалиқызы

Дата: 07.12.2016

Номер свидетельства: 366883

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Баяндама "Жа?а технология математика саба?ында""
    ["seo_title"] => string(48) "baiandamazhanatiekhnologhiiamatiematikasabagynda"
    ["file_id"] => string(6) "283616"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1453862476"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства