Белсенді оқыту тәсіл «Таңдау» (С).Мұғалім оқушылардың көздерін жұмуларын айтады. Қолдарына үш бұрыш, төртбұрыш, текше (3Д) ресурстарын береді. Сипап сезу арқылы оқушылар қандай геометриялық фигуралар екенін айтады. Бұл фигуралардың ортақ қандай белгілері бар? Осы фигураларды қолымыздағы фигураларды қоршаған ортадағы заттармен салыстырайықшы. Белсенді оқыту тәсілі. «Кім шапшаң?» Бағалау критерийі: Геометриялық фигураның қабырғаларының ұзындығын өлшейді және салыстырады 1-тапсырма. (Д) Қай жол қысқа? Сызғыштың көмегімен жолдардың ұзындығын өлшеңіз және нәтижесін жазыңыз. Оларды салыстыра отырып, ең қысқа жолды табыңыз. Дескриптор: - үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын өлшейді және нәтижесін жазады; - нәтижелерін салыстырады және ең қысқа жолды анықтайды. Бағалау Ж.Мұғалім тапсырма беру арқылы саралау тәсілін қолданады. Жұппен бір- бірін бағалайды. Дәптермен жұмыс. Бағалау критерийі: -Жасырын фигураны табады. 2-тапсырма.(Д Ж) Қандай фугуралар жетпей тұр? Соның суретін сал. Дескриптор: -қажетті фигураны салады -қандай фигура екенін айтады Оқушылар жұмыстарын жұппен бағалайды. Ал мұғалім бұл тапсырмада диалог арқылы қолдау корсетіп жұмыстарын бағалайды. |