Просмотр содержимого документа
«Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар (Интеллектуалды? ойын)»
ҚАДЫРҒАЛИ ҚОСЫМҰЛЫ ЖАЛАЙЫРИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ
СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Пән мұғалімі: З.Е.Темірғали
2015-2016 оқу жылы
Сыныптан тыс іс-шара Тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Өткізілу түрі: Жарыс сабақ
Өткізу күні: 20.11.2015ж.
Қатысатын сыныптар: 10 «а», 10 «ә»
Шараның
мақсаты
Білімділік: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту; білім қоры мол,
логикалық ойлауы жоғары оқушыны анықтау.
Дамытушылық: Шығармашылық қызметке баулу; оқушылардың
бойында өмірдің әр түрлі жағдайларын өз пайдасына орай шешу
қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ізденушілік қасиеттерін тәрбиелеу;
оқушыларды шапшаң ойлауға, жылдамдыққа тексеру.
ШАРАНЫ ЖАБДЫҚТАУ
А. Техникалық құралдар және көрнекіліктер: Интерактивті тақта, тапсырмалары бар конверттер, ұпай санау парақтары, кабинетті безендендіру құралдары.
Б. Пайдаланған әдебиеттер: Энциклопедия, мектепте оқылатын түрлі пәндерге арналған оқулықтар, Вокруг света журналы.
ШАРАНЫҢ МАЗМҰНЫ
Барысы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалды ойыны білім қоры мол, логикалық ойлауы жоғары оқушыларды анықтауға бағытталған. Жалпы ойын ІV айналым бойынша жүреді. Әр айналымның өзіне сай ережелері мен шарттары бар. І айналымнан бастап ІV айналымға дейін оқушылар саны қысқарып соңында жеңімпаз анықталады. Ойынға 10 «а», 10 «ә» сынып оқушылары қатысады. Бақ сыңаушылардың саны – 8.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» жеңімпазын арнайы сайланған әділ-қазылар алқасы анықтайды. Әділ-қазылар алдына ойын ережесі мен ұпай санау парақтары таратылып беріледі.
І айналым: «Бәйге»
Ережесі: Ойынға сегіз оқушы қатысады. Барлық оқушыларға ортақ сұрақтар қойылады. Сұрақтар оқушылардың оқып жүрген не оқып кеткен пәнедері бойынша дайындалады. Берілген әрбір дұрыс жауап үшін 10 балл ұпай қосылады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, керісінше, 10 балл ұпай шегеріліп, жауап беру құқығы келесі оқушыға өтеді. Қойылатын сұрақтар көлемі жиырманы құрайды. Жиырма сұрақтан кейін ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығарылады. Оқушылар ұпайы бірдей болған жағдайда қосымша сұрақтар қойылады.
І айналымның сұрақтары:
Ғалымдардың болжау-тұжырымдарына қарағанда, ІХ-Х ғасырлар аралығында өмір сүрген, Сыр бойындағы оғыз тайпаларынан шыққан тарихи тұлға, қыл қобыздың атасы. (Қорқыт ата)
Алыс жерге жүк тасуға немесе сауда жасауға арналған көлік тізбегі. (Керуен)
Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап. (Электроскоп)
Ағзаның және оның мүшелерінің құрылысы мен пішіні туралы ғылым. (Анатомия)
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының авторы. (М.Мақатаев)
Шөл мен шөлейттегі тұщы суы бар көгалды алқап. (Оазис)
Аристотельден кейінгі дүние жүзі білім мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, ұлы ғалым. (Әбу Насыр әл-Фараби)
Металл атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар. (Тұздар)
Екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралатын сөйлем. (Құрмалас сөйлем)
Паскальмен өлшенетін физикалық шама. (Қысым)
Нерв жүйесінің қызмет атқаруына мүмкіндік беретін нерв ұлпасының негізгі клеткалары. (Нейрондар)
Балалар бақшасында бір балаға жылына 474 сом қаражат жұмсалады. Мұның 108 сомын ата-аналар береді. Қалғаны мемлекет тарапынан берілетін дотация. Дотация көлемі неше сомды құрайды? (366)
Сұйыққа толық батырылған денені кері итеруші күш көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең. Қағида қай ғалымның заңын анықтайды? (Архимед)
«Ләйлі – Мәжнүн» атты ғашықтық дастанның авторы. (Ш.Құдайбердіұлы)
Шығыс халықтарының көктемгі күн мен түн теңелгендегі мерекесі. (Наурыз)
Таразының сол жақ табағына алма және екі киллограмм гир, ал оң жақ табағына бес киллограмм гир қойылған. Таразы тең басып тұрса, алманың салмағы қаншаға тең болғаны? (3 кг)
Балқаш көліне құятын ағысы қатты тау өзендерінің ішіндегі ең ірісі, Қапшағай су қоймасы салынғаннан кейін жазықтық өзенге айналған, ұзындығы жағынан Қазақстандағы үшінші өзен. (Іле)
«Воскресенье», «Анна Каренина» туындыларының авторы. (Л.Н.Толстой)
Максвеллдің электромагниттік толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрінбейтін, Х сәулелерін ашқан Германия физигі. (Вильгельм Конрад Рентген)
1397 жылы Түркістанда болғанда Ахмет Йассауи зиратының басына кесене орнатуға пәрмен еткен қолбасы. (Әмір Темір)
Қосымша сұрақтар:
«Колхоз аудандары 48 және 60га болатын екі тәжірибе учаскесіне бидай септі. Бірінші учаскеден 1800ц , ал екіншісінен 2100ц бидай жинап алынды. Қай учаскеде егін өнімділігі жоғары болды?» (Бірінші 1800:482100:60)
Қазақтарда мүшелдік күнтізбе он екі жылдық мүшелмен есептелінеді. Әрбір жылға хайуан аты қойылған, осы хайуандарды атаңыз. (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)
Автономия сөзінің мағынасы. (Өзін өзі билеу)
Ішкі секреция бездерінің биологиялық әрекетшіл заттары. (Гормон)
«Эрнани», «Дон Карлос», «Риголетта» опералары есімін әлемге танытқан Италия композиторы. (Джузеппе Верди)
ІІ айналым: «Көкпар»
Ережесі: Ойынға алты оқушы қатысады. Оқушылардың назарына алты сала ұсынылады. Сала таңдау құқығы ұпайы жоғары оқушыға беріледі. Әрбір салада өзіне тән сауалдары мен тапсырмалары болады. Таңдаған саласы бойынша дұрыс жауап берген оқушыға 20 балл ұпай сыйланады. Таңдаған саласына жауап бере алмаған оқушы ұпай алмайды. Бұл оқушының орнына басқа оқушы жауап беруге құқылы. Мұндай жағдайда жауап берген оқушыға 10 балл ұпай беріледі. Ойын екі айналымнан тұрады. Салаларды таңдау ұпайы жоғары оқушыдан басталып, ұпайы төмен оқушыға дейін кемімелі түрде жүреді. Ойын соңында ұпайы төмен екі оқушы ойыннан шығарылады. Аталып отырған салалар: «Тарихи шаһарлар», «Математика», «География», «Өнеркәсіп», «Құрылғылар мен аспаптар» және «Ұлы тұлғалар».
«Тарихи шаһарлар»
Ежелде бұл қаланың орнында Бәрәб атты үлкен қоныс болған. «Бәрәб» ежелгі түркі сөзі. Ол «сулы қоныс» деген мағынаны береді, себебі шаһар Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан еді. Сөз қай қала жайлы қозғалып тұр? (Отырар)
«Екі басса бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар, баста береке болмайтұғын, базары жақын – байымас, мазары жақын – көбеймес» деп Асан қайғы бабамыз қай елді мекендерді айтқан? (Шымкент, Сайрам)
Ортағасырлық қалалар «Цитадель», «Шахристан» және «Рабад» болып үш ауданға бөлінген. Егер цитадель қала билеушісі тұратын әкімшілік аудан болса және рабад қолөнершілер, саудагерлер, егіншілер тұратын шеткі аудан болса, онда шахристан кімдер тұратын аудан болған? (Бай шонжарлар, дін қызметкерлері, әскер басшылары тұратын орталық аудан)
«Математика»
Кез келген жағдайда, тек қана бір сандық мәнді ғана қабылдайтын шаманы қалай атайды? (Абсолют тұрақты шама)
Ежелгі мысырлықтар жер өлшегенде мынадай тәсілді қолданған екен. Жіпті түйін салып тең 12 бөлікке бөлген де, ұштарын біріктіріп байлаған. Содан кейін қабырғалары 3, 4 және 5 бөлікке тең үшбұрыш шығатындай етіп жіпті жердің бетімен керіп тартады. Сонда үшбұрыштың 5 бөлік қабырғасына қарсы жатқан бұрышы тік болады. Осы айтылған салу тәсілін ескеріп салған тікбұрышты үшбұрышты қалай атайды? (Египеттік үшбұрыш)
Үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесі үшбұрыштың ауырлық центрі деп аталады. Үшбұрыштың биссектрисаларының қиылысу нүктесі іштей сызылған шеңбердің центрі деп аталады. Үшбұрыштың биіктіктерінің қиылысу нүктесі. (Үшбұрыштың ортоцентрі)
«География»
«Полярлы жарқырау» деп аталатын, түнгі аспанда электрлі зарядталған бөлшектердің жарықтануы атмосфераның қай қабатында кездеседі? (Термосфера)
Ені 0,5 км құрайтын ауадағы айналмалы баған. Бұл бағанның орталығында атмосфералық қысым төмен болғандықтан, ол өзінің қозғалу жолында кездескен дүниенің барлығын жұтады. Әдетте қозғалу жылдамдығы 400 км\сағ құрайды. Бұл құбылыс көбіне Австралия және АҚШ елдерінде көптеп кездеседі, кейде оны «твистер» деп те атайды. Бұл қандай құбылыс? (Торнадо)
Мұхиттағы ең терең жер, бұл – Мариандық құлама. Оның тереңдігі – 11034 м. Эверест тауын осы құламаға орналастырғанның өзінде оның шыңы мұхит бетіне жете алмас еді. Сөз қозғалып тұрған мұхит. (Тынық мұхит)
«Өнеркәсіп»
Соңғы уақытта балық аулау өнеркәсібі кең етек жаюда. Ауланған балықтың 35% - тамақтану құрамында қолданылады, 16% - консерв түрінде қолданылса, 16% - тұздалып, кептіріліп сатылады, 1% - басқа мақсаттарда пайдаланылды, мысалы балық майын тағайындау үшін. Ал қалған 32% қай салада пайдаланылады? (Қорда не жануарлардың тағамы ретінде)
Қызмет көрсету шеңбері 67% құрайтын және қызмет көрсету шеңбері кеңінен таралған мемлекет. (АҚШ)
Электрондық құрылғылар мен компьютерлер сияқты өндіріс құралдарын шығаратын мекемелерді не ұйымдарды жаңа технолгиялар ұыймы деп атайды. Жаңа технология элементтері өнеркәсіптің қай түріне жатады? (Жеңіл өнеркәсіп)
«Физика және астрономия»
Ғылымда электромагниттік индукция құбылысын ашқан, замандастары оны «Найзағай әміршісі» атаған Ғалым Корольдік қоғамының, көптеген академиялар мүшесі. (М.Фарадей)
1911 жылы өзінің Альфа бөлшектерінің сейілуі дейтін айтулы тәжірибесі арқылы атомдарда оң зарядталған ядро бар екенін дәлелдеген ағылшын физигі. (Э.Резерфорд)
Күн өзін айнала қозғалған ғаламшарлармен бірге Күн жүйесін құрайды. Күнге жақын орналасқан, оның ішкі ғаламшарлар жиынына жататын, диаметрі (12756 км) қалған үшеуімен салыстырғанда үлкен болатын ғаламшар. (Жер)
«Ұлы тұлғалар»
Асқорыту, қанайналым, жануарлар мен адамның жоғары дәрежелі нерв қызметі физиологиялары бойынша жүргізген зерттеулері оның даңқын әлемге жайған СССР Ғылым академиясының академигі, Нобель сыйлығының лауреаты.(Павлов Иван Петрович)
Бейорганикалық химия тұңғыш рет периодтық заң тұрғысынан баяндалатын «Химияның негіздері» кітабының авторы. (Менделеев Д.И.)
Венада ұлы Бетховенмен бір кезеңде өмір сүрген, «Кішкентай жауһарлар», «Орман патшасы» балладасының авторы, австриялық композитор, музыкант. (Франц Щуберт)
ІІІ айналым: «Жағдаяттар»
Ережесі: Үшінші айналымға төрт оқушы жолдама алып, бақтарын сыңайды. Үшінші айналымда оқушылар әр түрлі жағдайлардан тұратын сұрақтарға өз шығармашылықтарына сүйене отырып жауап береді. Бұл түрлі жағдайларды конверт арқылы таңдайды. Ұпай 10-30 балл аралығында қойылады. Ойын соңында ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
Бірінші жағдай. Сіз жаңадан құрылған, қарқынды дамып келе жатқан шағын кәсіпорынның бастығысыз. Бірақ дағдарыс жылдары сіздің фирмаңызға жұмысын тоқтатуға тура келді немесе көптеген мамандарды орындарынан қысқарту керек болды. Бұл жағдайды қоластындағы жұмысшыларыңызға қалай жеткізесіз.
Екінші жағдай. «Доссыз өмір – тұзсыз ас» демекші, сіздің жан досыңыздың өмірінде бір келеңсіз оқиға болды делік. Досыңыз ата-анасын мазаламайын деп, бұл мәселені сізге келіп айтады. Бірақ мәселенің күрделі болғаны соншалықты, сіз оны жалғыз шеше алмайсыз, сондықтан үлкендердің көмегіне сүйенуге тура келеді. Досыңызға нақты көмек көрсететіндей етіп, бұл жағдайдан қалай шығасыз.
Үшінші жағдай. «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деп Ф.Бэкон айтқандай, ғылым мен техника дамуының шарықтау кезеңінде оқушылардың кітап оқу қызығушылығын қалай арттырар едіңіз.
Төртінші жағдай. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты екенін ескеріп сіз медицина саласында керемет жаңалық аштыңыз делік. Бірақ бұл жобаны іске асыру үшін қомақты қаржы керек болады. Жоғарыда отырған басшылар бұл мәселені талқылап, шешім қабылдап болғанынша, сізге шет елдердің ғалымдары мен медицина саласында айналысып жүрген алдыңғы қатарлы мамандарынан бірлесіп жұмыс жасау жөнінде ұсыныстар келіп түседі, оның үстіне еңбекақыңыз да көңілге қонымды соманы құрайды. Сіздің берер жауабыңыз қалай болмақ.
IV айналым: «Пікір сайыс»
Ережесі: Төртінші айналым жеңімпазды анықтайтын айналым. Бұл айналымға екі оқушы қатысып, шешендік өнерлерімен сыңасады. Оқушылар назарына ауқымды, өзекті мәселеге толы тақырып ұсынылады. Тақырып екі жақты көзқарас бойынша талқыланады. Бірі «жақтаушы» болса, екіншісі «даттаушы» позициясын ұстанады. Ұсынылатын тақырып «Ғылымның адам өмірінде алатын орны. Оның пайдасы мен зияны». Ұпайы төмен оқушы екі көзқарастың бірін таңдау құқығына ие болады.
Оқушылар сөздерін жүйелеп, ойланып отырған уақытыңда көрермендермен ойын ойналады. Бұл – математикалық терминдерден құралған сөз тізбегі ойыны. Мысалы, шар – радиус – синус – сфера – апофема – т.с.с.
Интеллектуалды ойын соңында әділ-қазыларға сөз беріліп, оқушыларды марапаттау салтанаты өтеді.