kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жекелеп оқыту техналогиясын колданып өткізген сабақты зерттеп, қорытындылау»

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Құзырлы оқытудың маңызды факторы - мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жекелеп оқыту техналогиясын колданып өткізген сабақты зерттеп, қорытындылау»»

Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру инститтуты





Зерттеушілік реферат



Құзырлы оқытудың маңызды факторы - мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Одан алған нәтижелеріміз ЖООТ ерекшелігі: -жүйелігі, яғни оқыту үрдісінің қисындылығы, оның барлық бөліктерінің өзара байланысы, бір тұтастығы.

-белгілі оқу стандартына жетуге кепіл беретін нәтижелігінің тиімділігі және жұмсалған күштің оңтайлылығы.

-оқушының сабақта болуы немесе, болмауына тәуелсіз білімдегі кемістік мәселесін шешуі.

–мұғалімнің күнделікті жоспардан құтылуы.

22.04- 04.05 күндер аралығында мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтында математика пәні мұғалімдері курстан өттім.

Курста «Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып математикадан заманауи сабақты жобалау» тақырыбы бойынша білімімді арттырдым. Жекелеп оқыту технологиясымен танысып, тәжірибеде қолдану арқылы кәсіби шеберлікті арттырып, кәсіптік білім мен білік дағдыларын берілген тақырыптар бойынша қалыптастыруға жұмыс жасадым.

26.04 күні №12 жалпы орта білім беру мектебіне «Жекелеп оқыту технологиясы» бойынша ашық сабақ құрып, оны өткіздік. 7 «ә» сыныбында жалпы 18 оқушы, олардың сабақ үлгерімдері жалпы сынып бойынша орташа.

Жекелей оқыту әдіс технологиясы, 7 сынып алгебра курсы «Қысқаша көбейту формулаларын қайталау» тақырыбы бойынша сабаққа арналған сабақ жоспарын құрдық. Оқушылардың сабақтың мақсатын ашып, таратылған оқу парақтары бойынша берілген тапсырмаларды орындауларын қадағаладық.

Бұл технологияның дәстүрлі сабақтан айырмашылығы оқушылар өз деңгейлеріне байланысты тапсырмаларды орындап мәселесін шешеді.

Оқушының оқытудың әр кезеңіндегі рөлін белсендіріледі.

Оқушылардың өз деңгейінде тақырыпты меңгеруіне, дербес жұмыс жасауына, ынтасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сабақты сәлемдесу, көңіл күйлерін анықтап білуден бастадық. Ол үшін әрбір оқушыға біреуі көңілді, біреуі көңілсіз смайликтар тараттық, яғни оқушылардың көңілін сабаққа аудардық.

Одан соң сабақ тақырыбымен таныстырып, оны меңгеру үшін жаңа әдіс пайдаланылатыны және онымен қалай жұмыс жасау алгоритімімен таныстырдық. Жалпылап айтсақ оқу парағында берілген тапсырмаларды тиісті берілген алгоритм бойынша орындауларын қадағаладық.

Оқу парағындағы жұмысқа кіріспей тұрып, өткен тақырыпқа шолу жасап, қайталадық, еске түсірдік. Оқушылар оқу парағымен өте қызыға жұмыс орындай бастады. Бірінші болып Аңсаған орындады, ол екі оқушынының бірінші тапсырмаларын тексеруге көмектесті, ал қалған оқушылар тапсырмаларын орындап болған соң мұғалімге және басқа болған оқушыларға тексертті. Сабақта оқушылар бір-біріне тілектес қарым-қатынаста болды. Оқушының өз-өзімен болу бостандығы орнады және өзінің кемеліне жету қабілетіне ие болды. Сонымен қатар мұғалімде әр оқушының жете жеке даралығына әлеуметтік көмек көрсету жағдайы туындады, яғни бұл жерде мұғалім тьютор бола білу керек деп ойлаймын. Сабақтың нәтижелі өткенін оқушылардың сабақ соңында жазған өткізілген сабаққа деген пікірлері және кейбір мұғалімдерге деген ризашылығынан көруге болады. Бұл сабақты өткізе отырып оқушы ғана емес өзімізде бірге үйренуге тура келді. Мұндай заманауи сабақтарды өткізудің нәтижелілігі жоғары болатынына көзіміз жеткен сияқты. Сабақтан бақылағанымыз оқушылардың ынтасы, қызығушылығы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады екен. Жұмысты орындау барысында оқушының дербестігі, өз-өзіне деген сенімі қалыптасты. Талдау барысында өз ойын өзгенің ойымен салыстыра отырып толықтыра білді, өздерін топ арасында ұстай біліп өз ойларын қысылмай айта алды, осы әдіспен сабақ беру арқылы оқушыларда бұл дағдыларды қалыптастыруға болады. Пайымдау арқылы оқушылар өз білімдерін бағалауға дағдыланды. Сабақ соңында оқушылардың сабақ бойынша көрсеткен көрсеткіштері мардымды болмаса да олар келесі сабақта бұданда жақсы жұмыс жасауға уәде берді. Бұл әдіспен үнемі жұмыс жасалса екен деген ұсыныс түсірді.

Сыныпта барлығы 18 оқушы, оның оқушысы қатысты.

Білім сапасы %, үлгерімі % көрсетті.

Жекелеп оқыту технологиясы бойынша оқушыларға оқу парағы 2 сабаққа арнап құрастырылып таратылды. Оқу парағында 3 тапсырма және 2 тексеруден өту жұмысы дайындалды.

Рейтинг бағалау парағына алған ұпайларын қою арқылы өздерін бағалады.

Осы технология бойынша сабақ беру барасында технологияның тиімді және ерекшілік жақтарын көрдік.

Келешекте оқыту үдерісін жетілдіру үшін мына әрекеттерді жасау керек деп ойлаймын:

  • сыныпта психологиялық ахуалды орнату,  мінез-құлықтары қиын балаларды назарда ұстау;

  • ЖООТ – ға көбірек көңіл бөлу;

  • Көшбасшы оқушылар топ мүшелеріне өз идеяларымен бөлісіп, білетінін үйрете отырып, түсіндірмелі жұмыс жүргізу керектігін түсіндіру;

  • Формативті бағалаудың жақсы әдісін ойластыру;

Қорыта келе, мұғалім жаңаша оқыту тәжірибесін пайдалана отырып, өз білімін өзара байланыстырып ұйымдастыра білсе, әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіре отырып, ақпаратты-коммуникативтік технологияларды қолданып, икемділік танытса және де еңбекте ынтымақтастықта болып, келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылыққа көрегендік танытса, жетістікке жететіндігіне сенімдімін. Оқыту процесінде кездесетін қиындықтардан шығудың жолы -тынымсыз еңбек ету арқылы оқушыларға дұрыс бағдар бере отырып, ынтымақтастықты оқушылар арасында орнату керек деп ойлаймын.

Болашақта ұстаздық тәжірибеде, курста алған білімімді өз сабақтарымда қолдануға тырысамын. Әрі қарай оқып біліктілігіміді арттырып, келешекте оқушылардың білімдерін осы заманымызға сай дайындауға тырысамын.

Құзырлы оқытудың маңызды факторы - мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4) Білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану.
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Сөзімді қорытындылай келгенде, мен осы курста оқығаныма қуаныштымын. Өйткені қанша жаңа ақпарат алып, сабақ жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердім. Өз бойымда өзгерістер пайда болды: сабақта көп сөйлейтінбіз, ал қазір оқушылар жаңа білімді өздері меңгере алатын жағдай туғызуға тырысамын. Мұғалім тек қана бағдар беруші. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Бұл технология маған ұнады, енді тек қана маған жекелеп оқыту техналогиясы бойынша әзірленген оқу тапсырмалар жинағын құрастырып, жинақтау деп ойлаймын.































2013ж.





Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру инститтуты













РЕФЕРАТ









Тақырыбы

«Жекелеп оқыту техналогиясын колданып өткізген сабақты зерттеп, қорытындылау»





Жетекші

(Жаукенова Б.А.)





Құрастырған

(Бердмурат Авдулрахман)

«Лебяжі ауданы, Тақыр Ж.Н.Б.Б.мектебі»



2013ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Жекелеп оқыту техналогиясын колданып өткізген сабақты зерттеп, қорытындылау»

Автор: Кабыкенова Айман Кабдыкаримовна

Дата: 06.05.2017

Номер свидетельства: 413494


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства