kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жай б?лшектер ша?арына саяхат»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Жай б?лшектер ша?арына саяхат»

Саба?ты?  ма?саты: ?тілген та?ырыптарды ?айталау ж?не ж?йелеу.

Міндеттері:

Білімділік:

?тілген та?ырыптарды ?айталау ж?не ж?йелеу;

Жай б?лшектер ж?не олар?а амалдар ?олдану да?дыларын ?алыптастыру;

Жай б?лшектерге ?олданылатын амалдарды ?айталау;

Жай б?лшекетерге байланысты тарихи ??жаттармен таныстыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жай б?лшектер ша?арына саяхат»»

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп




Саяхат сабақ

Тақырыбы: «Жай бөлшектер шаһарына саяхат »




Жауаптылар: Шыназбекова Н.И.

Усентай А.Б.




Астана қаласы

2016 жыл

Пәні: Математика

Күні: 18.02.16 ж

Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектер шаһарына саяхат »

Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу.

Міндеттері:

Білімділік:

Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу;

Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану дағдыларын қалыптастыру;

Жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау;

Жай бөлшекетерге байланысты тарихи құжаттармен таныстыру.

Дамытушылық:

Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыстануды дамыту;

Тәрбиелік:

Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Өтілетін орынды безендіру

Қатысушылардың әзірлігі

Жүргізушінің сөзі:

Сәлеметсіздер ме достар және ұстаздар! Қәнеки, 5-ші сынып оқушылары былтырғы жылы біз 6- шы оқушылары Шұғыла, Саят «Жай бөлшектер шаһарында саяхатта болғанбыз» Ол шаһарда көрген, білген, түйгендерімізді санамызда ұмытылмай, сақталып қалды. Ал енді Сіздерді біз «Жай бөлшеектер шаһарымен» таныстырамыз. Біздің шаһарымызды аралауға «Даналар», «Тапқырлар», «Ойшылдар» топтары келді. Ал енді осы топтар өздерін таныстырып өстін. 5 ұпаймен бағаланады.(эмблема, плакат, ұран)

Жүргізушінің сөзі:

Мына бізге қараңдар

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында

Саяхатымызды бастаймыз!

Жас достарым, мұны жақсы ұғайық

Математика құрметтеуге лайық,

Дүниедегі құбылыстың мәні не

Табиғаттың қозғалыстың бәрін де

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де.

Жай бөлшектер шаһарына саяхатқа шығатын топтарды шақырамыз:

«Қыран тобы» -5 «А», «Даналар тобы» - 5 «Ә» , «Ойшылдар тобы»- 5 «Ғ»

Кіріспе бөлім:

Ал балалар бүгін біз «Жай бөлшектер шаһарына » саяхатқа шығамыз.

Ал, балалар, балалар,

Саяхатқа шығайық.

Талай жерді көрейік,

Асулардан асайық.

Түзу жолды жасайық.

Білімге біз енейік,

Кедергіні жеңейік,- деп балалар біз саяхатымызды бастаймыз.

«Жай бөлшектер шаһарының» картасымен таныстырып өтейік :

Тарихи орындар - Архимед кітапханасы - Ойлау асханасы - Жаттықтыру алаңы-Салыстыру мұнарасы­-Бағалау қабаты

Жүргізушінің сөзі:

Тарихи орындар. Бұл жерде әр топқа үш – үштен сұрақтар беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

«Даналар» тобының сұрақтары:

1. «Бөлшек» ұғымы қай жерде пайда болды? (Мысырда, Вавилонда, Үндістанда, римде)

2. «Бөлшек сызығын» кім енгізген? (уал-Хассара)

3. Алғаш қандай бөлшек пайда болды?(1/2)

«Қырандар» тобының сұрақтары:

1. «Бөлшек сызығы» қашан және қайда пайда болды? (ХІІ ғасырда, уал-Хассара )

2. Бөлшектің «бөлімі» және «алымы» атауларын кім және қашан енгізді? (Максим Плануд)

3. «Аликвот» қай елдің сөзі және қандай мағынаны білдіреді? (латын, «бірнешеу » дегенді білдіреді)

«Ойшылдар» тобының сұрақтары

1. Бөлшек ұғымын кім енгізді? (Леонардо Пизанский)

2. Жай бөлшектерді толық мәліметтерді арифметbка кітабына кім енгізген? (Орта Азия математигі әл-Хорезми)

3. Ең үлкен аликвоттық бөлшек неге тең? (1/2)

Жүргізуші сөзі:

«Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер» деп

- Архимед кітапханасына барайық. Бұл жерде әр топқа үш –үш сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

«Даналар» тобының сұрақтары:

1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?

2. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосуды түсіндір.

3. Жай бөлшектерді қалай бөлеміз?

«Қырандар» тобының сұрақтары:

1. Аралас сандар қалай азайтылады?

2. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?

3. Аралас сандар қалай азайтылады?

«Ойшылдар» тобының сұрақтары

1. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайтуды түсіндір.

2. Бөлшектер қалай көбейтіледі?

3. Аликвотты бөлшектер дегеніміз не?

Архимед кітапханасынан алған білімдеріміз жинақтап, күнделікті тіршілігімізде пайданалу үшін Ойлау асханасына жол тартайық. Асханада азпаздарға сіздердің көмектеріңіз керек. Ол үшін әр топ екі есептен шығаруы керек.

«Даналар» тобының есептері:

1. Шие тосабын дайындау үшін оған қосылған қант барлық шие тосабының індей, қалғаны шие жемісі. Тосаптың құрамындағы шие жемісі қанттан 2 кг кем. Тосаптың массасы неше килограмм? (10 кг)

2. Шебер тапсырманы 8 күнде, ал үйренушісімен бірлесе 6 күнде орындайды. Егер осы тапсырманы үйренушісі ғана 4 күнде жасап бітірсе, тапсырманың қандай бөлігі орындалады?

«Қырандар» тобының есептері:

1. Қант қызылшасының бөлігі қантқа айналады. 12 т қант алу үшін неше қант қызылшасы керек?

2. Жылыжай ауданының іне қызанақ, ал қалған ауданның сіне қияр егілген. Одан қалған 700 м2 ауданға әр түрлі бақша өнімдері егілген. Жылыжайдың ауданы неше метр квадрат?

«Ойшылдар» тобының есептері:

1. Ыдыстың бөлігі бос, қалғанына сүт құйылған. Ыдыстағы сүттің бөлігін құйып алған да, ыдыстың қандай бөлігі бос қалады?

2. Аспаздар тағамдар туралы видеоролик түсірді. Бейнетаспаға үш фильм жазылған. Оның іне бірінші фильм, қалғанының іне екінші фильм, одан қалған 25 минутқа үшінші фильм жазылған. Бейнетаспа неше минутқа есептелген?

Топтар есептерді шығарып болғанша, жанкүйерлерге жұмбақтар жасырайық. Жұмбақтың шешуін дұрыс тапса, ұпай өсыныбының тобына ұпай қосылады.

Жанкүйерлерге жұмбақтар

Қай кезде бөлінгішпен бөлгіш тең болады?(бөлінді 1-ге тең болғанда)

Қысқартылған жай бөлшекті қай кезде қысқартуға болмайды? (жай бөлшектің өзі қысқартылмайтын бөлшек)

Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 километр жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрді?(12 км)

Жеті саны туралы үш мақал айт? (Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім іл; Жігітке жеті өнер де аз; Жеті рет өлшеп, бір рет кес)

Екі санына байланысты үш мақал айт (Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас; Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас; ер жігіттің екі сөйлегені өлгені )

тоғыз санына байланысты үш мақал айт (білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз; Тоғыз ат бір қазыққа байланбас; Тойған үйге тоғыз бар)

Енді ойлау асханасындағы есептерімізді аяқтап, әділқазы алқасына тапсырыңдар. Сапарымызды әрмен қарай жалғастырамыз. Келесі біздің баратын жеріміз жаттықтыру алаңы. Әр топқа 6 есептен, әр есепке 1 ұпай беріледі.

Жаттықтыру алаңы.

«Даналар» тобы «Қырандар» тобы «Ойшылдар» тобы

Құрметті достар және мұғалімдер үш топ «Жай бөлшектер шаһарында»

Саяхатымыз жалғасады тағаттасақ,

Шыңымыз биік болар білім қусақ

Білім деген өнермен үйлеспей ме

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ- деп кезекті әнге берейік. Сахна «Мектебім» әні, орындаушы Шұғыла

Топтар жұмыстарын әділқазыларға тапсырады. Келесі

Салыстыру мұнарасы

«Даналар» тобына:

және және және

«Қырандар» тобына

пен мен пен

«Ойшылдар» тобына:

мен бен мен

Қорытынды:

Сайыс толқын жатқандай асып-тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл сайыста байқалар ғұлама ойлар

Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып!

Саяхатымыздың соңғы сәті таяп қалды

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Саяхатымыздың жеңімпаздарын анықтап

Мақтау қағаз сыйлықтары тапсырылады!

Сонымен сөз әділқазылар алқасында. Назарларыңызға рахмет саяхатымыз аяқталды.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Жай б?лшектер ша?арына саяхат»

Автор: Шыназбекова Назира Исламовна

Дата: 02.06.2016

Номер свидетельства: 332245


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства