Математика п?нінен сыныптан тыс ж?мысы Ма?саты: о?ушыларды? математика п?ні бойынша білім ?абілеттерін тексеру,сыныпты? к?шбасшысын аны?тау. балаларды? ойлау,танымды? ?абілеттерін дамыту; шапша?дылы??а т?рбиелеу. Жоспар екі кезе?нен, ?р кезе? 4 турдан т?рады.Онда таныстыру,ауызша сура?тар?а жауап беру,санама?тар,математикалы? тестілер де жеткілікті.jghytu
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«XXI?асыр к?шбаcшысы »
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты:оқушылардың математика пәні бойынша білім қабілеттерін тексеру,сыныптың көшбасшысын анықтау.
Барысы:
Жоспар.
І кезең.
1)Таныстыру
2)Бәйге(сұрақтарға ауызша жауап беру)
3)Санамақ(өлең есеп шығару)
4)Математикалық тест
ІІ кезең
1) Тіл – өнер сайысы (құрамында сан есімі бар жұмбақ шешу және оны орысшаға аудару)
2)Білімпаз (Тақтада берілген тапсырманы дұрыс әрі шапшаң орындау)
3) Жорға (екі оқушы 1 минуттың ішінде сұрақтарға жауап беруге тиіс, әр жауапқа 5 ұпай)
4)Мың бір мақал( оқушылар өздері жаттаған сан есімі бар мақал- мәтелдерімен айтысады)
1-жүргізуші:
Уа, халайық,халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп андысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Әр сабақтың бәрі бар.
Ал ,сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық.
2- жүргізуші:
ХХІ ғасырдың көшбасшысын табайық. Құрметті ұстаздар, оқушылар, сіздер 4- сынып оқушылар арасындағы сайысымызға қош келдіңіздер! Ал енді әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1-жүргізуші.
Ойынымыз 2кезеңнен, яғни 8 турдан тұрады.Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.І кезеннен кейін , демек 4- турдан кейін ұпайы төмен 2 оқушы ойыннан шығады сосын 6 –турдан кейін ұпайларын санап
ең аз ұпай алған 1 оқушы шығады.Ең соңында 1 оқушы,яғни көшбасшы анықталады.
2-жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Әр сабақтың сырына.
Қадамдарың оң болсын ,
Сәт- сапар енді тілейік!
1-жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы- барлығының
Қатты істейтін миы бар!- демекші енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.
Ду қол шапалақпен қарсы алайық!
1-тур.Өздерін таныстырып өтеді.
2-тур. Бәйге(ауызша сұрақтарға жауап беру)
1)1тоннада неше кг бар?(1000кг)
2)1м2 неше квадрат дециметр бар?(100дм2)
3)Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?(Ұзындығын еніне көбейтеміз)
4)Қосудың ауыстырымдылық заңын айт.(Қос-ң орнын ауыс. мәні өзгермейді)
5)Ең үлкен 4 таңбалы санды ата.(9999)
6) Қашықтықты қалай табады?(S=u.t)
7)Теңдеу дегеніміз не?(Теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік)