1. Сәлемдесу 2. "Көңіл күй жәшігі" Сабақты жақсы көңіл – күймен бастау үшін, жағымсыз қылықтарды, көңілсіздікті, сәтсіз естеліктерді қағаздарға жаздырып, жәшікке салғызып, жәшікті желімдетіп, жапқызады 3."Шаттық шеңбері" Оқушыларға бір - біріне жақсы тілектер айтқызады. Таныстырылым Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. 1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. 2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетед 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды. 6. Сананың ашықтығы Оқушылар үйге берілген тапсырманы қорғайды. 4. "Мозайка" әдісі арқылы топқа бөледі. Қағаз қималарында үш сөйлем бөлшектеніп жазылады. Сол сөйлемдерді құрастыртып, үш топқа бөлінуін сұрайды. 1-топ:Білімділер, 2-топ:Тапқырлар, 3 топ-Алғырлар «Күш білімде» кезеңі( сұрақтарға жауап беру) 1-топқа: 1.Мемлекеттік рәміздерді ата. 2.Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен туының авторлары? 3.»Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын ұсынған кім? 4.«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы неше жобадан тұрады ? 2-топқа: 1.Қазақстан Республикасы Елтаңбасының жоғарғы және төменгі жағында не бейнеленген? 2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? 3.Тұңғыш қазақ ғарышкері? 4.Қазақстанда қанша облыс бар? 3-топқа: 1.«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын кім ұсынды? 2. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын атаңыз. 3. Қазақстанның ұлттық валютасы? 4. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы? 6. "Мәңгілік Ел"бейнефильмін көруді ұсынады. Бейнефильм бойынша әр топ қарсылыс топқа 3 сұрақтан қояды. 7. Аудармашы (жұмбақтарды шешіп, орысша, ағылшыншаға аудару) 1-топ 1.Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап .......) 2. Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы (ит-...). 3. Жүз теңгең болғанша, Жүз..... болсын. (дос .........) 2-топ 1. Тұмсығымен қозғалар, Соңынан аппақ із калар.(бор ................) 2. Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде.(қаламсап .......) 3. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. ( қоңырау - звонок - bеІІ) 8. "Болған, болды, болады" 3- топ 1.Сырты жасыл қатты, іші қызыл тәтті.(қарбыз) 2.Жерде жатып желіндейді, күз түскенше желінбейді. (қауын..............) «Ойлан тап» Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап: БЫЖҢАР Жаңбыр ЗАНЙЙҒАА Найзағай КҚҚОАЕІПМРС Кемпірқосақ СЫЖАРОБЛ Жолбарыс 8. "Сөйлемдер сөйлейді" Жоғарыда топқа бөлінгенде алынған қағаз қимасындағы құрастырылған сөйлем бойынша өз ойларын айтқызады. «Біз қазақстандықтар – бірегей халықпыз» «Рухани жаңғыру» «Менің елім - Мәңгілік Ел » 11. "Екі жұлдыз, бір тілек" Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақ, тақырып жайлы ойларын стикерлерге жаздырып, тақтаға ілдіреді. Мұғалім өз сөзімен қорытады: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының тарихи мәні саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын қазақстандық қоғамды және әр қазақстандықты рухани жаңғырту арқылы жалғастырады. Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен шаралар еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетініне сенімдімін. |