Сабақтың мақсаты: Білімді, жан- жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, шарлар. Әдісі: сұрақ- жауап, ойын түрінде.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Құрметті жиналған барша қауым, ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Мектебімізде физика, математика және информатика пәні апталығы өтіп жатыр.Бүгінгі «Таңғажайып алаң» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымыз «Ұлы математиктер құрметіне арналады», сондықтан , сіздер шешетін сөздерге осындай ұлы адамдардың есімдері жасырылады, ойынымыз 7-8сыныптар арасында өткелі тұр.
Ойын шарты: әр турда үш оқушыдан қатысып отырады. Кім ең бірінші дұрыс жауап берсе, сол жеңімпаз болып келесі турда шыққан жеңімпаздар мен жарысады. Кім дұрыс жауап берсе сол оқушы жеңімпаз болады. Ендеше ойыншыларымызға сәттілік тілейміз.
- Сонымен сахнаға 1-ші команданың 3 ойыншысы шақырылады
Жүргізуші: І турдың тапсырмасы. - Атақты әйел математигі? Жауабы: Ковалевская І турдың жеңімпазы анықталады
- Сонымен сахнаға 2-ші команданың 3 ойыншысы шақырылады. Жүргізуші: ІІ турдың тапсырмасы. - Математикаға координаттар әдісін енгізген кім?
Жауабы:Декарт ІІ турдың жеңімпазы анықталады
- Сонымен сахнаға 3-ші команданың 3 ойыншысы шақырылады. Жүргізуші: ІІІ турдың тапсырмасы. - Физиканың оң қолы химия болса,математика оның көзі деп кім айтқан? Жауабы: Ломоносов ІІІ турдың жеңімпазы анықталады
Жүргізуші: Көрермендермен ойын. - 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу? Жауабы: 30
-Периметрді қалай табамыз?
Жауабы:Барлық қабырғаларын қосамыз
-50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек?
Жауабы (5 баланың)
-Санға байланысты мақал-мәтелдер жалғасын тап
1.Жеті жұрттың тілін біл,(жеті турлі білім біл)
2.Білекті бірді жығар,(білімді мыңды жығар)
3.Екі жақсы қас болмас,(екі жаман дос болмас)
4.Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)
5.Бір жылы сөз,(көп кунге азық)
Жүргізуші: Сайысқа шыққандардың арасынан шыққан тапқырлардан финалға шақырамыз. Сіздерге қойылатын сұрақ. - Мыңжылдықтың есебін шешкен қазақ математигі Жауабы: Өтелбаев
Бүгінгі «Таңғажайып алаң » ойынының жеңімпазы анықталады
Жүргізуші: Ал, енді супер-финалға қатысуға келіссесіз бе? - Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі Жауабы: Евклид
Бүгінгі «Таңғажайып алаң » ойынының жеңімпазы___________________________ Қорытынды: Ал, енді біздің жеңімпазымызды құттықтауға рұқсат етіңіздер. Барлық қатысқан ойыншыларымызға сыйлық таратылады. Барлықтарыңызға көп рахмет! Ойынымыз аяқталды. Келесі ойында кездескенше. Сау болыңыздар!