kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

03-13желтоқсан аралығында мектебімізде физика- математика-информатика пәндер бірлестігінің

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» тақырыбында онкүндігінде   8-сыныптар  арасында  «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты зияткерлік сайысы өтті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ»

Тақырыбы: Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ

Барысы:

Құрметті оқушылар,ұстаздар,03-13желтоқсан аралығында мектебімізде

физика- математика-информатика пәндер бірлестігінің

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» тақырыбында онкүндігінің басталғандығын білеміз. Бүгін математика пәні бойынша 8-сыныптар арасында өткелі отырған «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «Өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. «Білімді азамат ел-ертеңі», «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім» деген нақыл сөздер тектен текке айтылмаса керек. Ендеше, біз де осы мақсатпен өз білімдеріне, күштеріне сеніп келген ойыншыларымызды ортаға шақырып, бүгінгі «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

Олай болса тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділ қазыларды шақырайық.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады.


Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Сатлабаев Махамбет

2.Хамитов Нұрсұлтан

2.Пернебай Айжан

Бүгін 8-сыныптың математика пәнінің алғырлары күш сынасып өздерінің білім деңгейін көрсетпекші.

Қатысушы топтармен таныстырып өтейін:

8 «А» сыныбы - «Қазақстан» тобы, ; 8 «Ә» сыныбы - « Егемендік» тобы;

8 «Б» сыныбы - «Тәуелсіздік» тобы, 8 «В» сыныбы - « Азаттық» тобы.

Біздің онкүндігіміз Тәуелсіз Қазақстанның 28 жылдық мерей тойымен және ақын,ағартушы,қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.Алдымен әр сынып өздерінің атын, девизін айтып өтсін.Әр сыныпқа ақын,ағартушы,қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың өлеңін жаттап келу үй тапсырмасына берілген болатын, сол тапсырманы да осы жерде орындасақ. Тамаша, оқушылар ,жарайсыңдар.

Олай болса, зияткерлік сайысымызға көшейік, егеменді елдің ертеңі ұрпағының оқу-білімінің реңімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты тәрбиелі жастар – еліміздің баға жетпес байлығы, қазынасы.

Мынау елдің ертеңі де сендерсің,

Ұлы жұрттың ұяты да сендерсің.

Байтақ дала болашағы қолыңда,

Бақыттарың білімменен өрлесін, – дей келе сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.

Сайыс шарттары:

1. «Зерделілер»

2. «Зейінділер»

3. «Зеректер»

4. «Сыр сандық»

5. «Кім жылдам?»

I. «Зерделілер» сайысының шарты бойынша сайыскерлеріміздің ойын сергіту үшін, 3 топтың әрқайсысына математикалық жұмбақтар жасырылады. Олай болса жасырылатын жұмбақ математикалық таңбалар, сандар, белгілер жайында болмақ. Мұқият тыңдайық. (Әр дұрыс жауапқа 5-ұпайдан)

8 «А» сыныбына:

Қос түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.  (17)


Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз. (цифрлар)


8 «Ә» сыныбына:

Бір, үш, бес, он,

Жиырма, елу,

Жүз, екі жүз, мың бар.

Әрқайсысының құны бар. (теңгелер)


Екі егіз он алты,

Және сегіз және алты.

Жанап жүрген бір алты,

Қосындысы неше алты?  (36)


8 «Б» сыныбына:

Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді,

Бірін-бірі көрмейді.

Дамылсыз қанша шапсада,

Бір мәреге келмейді. (параллель түзулер)


Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар. (домбыра)


8 «В» сыныбына:

Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу кім білді?  (8)


«Біліміңді байқап көр»

Математикалық таңба ол.

Білімің болса ашасың,

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ деп қашасың. (квадрат түбір)


Жалпы барлық сыныпқа

64 бөлмеде

32 тұрғын бар.

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысын. (шахмат)


II. «Зейінділер» сайысында әр топқа 20, 30, 40, 50 ұпайлық сұрақтар қойылады. Ойынды алғашқы болып, ұпай саны аз топ бастайды. Егер жауап бере алмаса, қарсы топтың жауабы қабылданады. (слайд бойынша)


III. «Зеректер» сайысында ойыншыларымыздың шапшаң есептеу қабілеттерін тексеру мақсатында 4 сыныпқа ортақ басқатырғыш есепті шешуге 3 минут уақыт беріледі. Берілген есепті дұрыс шешкен топ 10 ұпайға ие болады. Есептің дұрыс шешілгендігін әділқазылар алқасы тексереді (слайд бойынша)

7346289128643755827319915546826491 
8273199155468264917346289128643755 
2864375582731973462891915546826491 
6491734637558273289128641991554682 
9128643755827319915546826491734628 
5564375582731991468264917346289128

Ж: Бірінші жұптың қосындысы – 10, екіншісінікі де. Бұл басқатырғыштың қарапайым екендігін ескере отырып, барлық жұптар қосындысы 10 болады деп жорамалдауға болады. Бір жолда 17 жұп бар, 17*6=102 жұп, сонда 102*10=1020 

Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасыңдар. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут. Әрбір тапқан сөзге 1 ұпай алады.

Ж: Бұрыш, қосу, бөлшек, алты, он, рационал, үш, жүз, пайыз, түзу, жұп, жазық, бөлу (13 сөз)


И

Ц

Ү

Ш

Б

Ө

О

А

Р

Ы

К

Л

Н

Б

Ұ

П

Е

Ш

А

Ы

Ж

А

Й

Н

Л

Т

Ү

З

Ы

Қ

Б

Ө

Л

У

С

О


Есептер шығарылғанша жанкүйерлермен сайыс өткізіледі.

Жанкүйерлермен сайыс

С” әріпімен басталатын жеті математикалық терминдерді атаңдар

(синус, сүйір, сектор, сәуле, сегмент, синусоида, стереометрия, сан)

К” әріпімен басталатын жеті математикалық терминдерді атаңдар (косинус, көбейту, куб, конус, кесінді, көлем, координата)

П” әріпімен басталатын жеті математикалық терминдерді атаңдар

(пифагор, плюс, параллелограмм, пирамида, парабола, параллелепипед, планиметрия)

IV: «Сыр сандық». Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – желтоқсан оқиғасы.

Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,

Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.

Бұның бәрі дұрыс болмас түсінгін,

Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!

Әр топқа тәуелсіздіктің арқасында қандай жетістіктерге жеттік, сол жылдарды еске түсірейік.

Он бес сұрақ қойылады. Әр сұрақ 1 ұпай. Әр топ білетін болса, тез жауабын айтады.

1. Қай жылы Қазақстан тәуелсіз демакратиялық және құқылық мемлекет деп жарияланды? (1991ж. 16 желтоқсан)

2. Тәуелсіз Қазақстан ғарышкері Талғат Мұсабаев қай жылы ғарышқа самғады?

(1994 ж.30 маусым)

3. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы заң қашан қабылданды?

(1990 ж. 25 қазан)

4.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР призеденті болып қай жылы сайланды?

(1991 ж. 1 желтоқсан)

5. Тұңғыш «Ата Заң» қай жылы қабылданды? (1993 ж. 28 қаңтар)

6. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4)

7. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1992 ж. 22 қыркүйек)

8. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа самғады?

(1991 ж. қазан)

9. Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 ж. 4 маусым) 10. Төл теңгеміз қай жылы дүниеге келді? (1993 ж. 15 қараша)

11. Қазақстан Республикасының соңғы «Ата Заңы» қай жылы қабылданды?

(1995 ж.30 тамыз)

12. Қазақстанның бірінші астанасы? (Орынбор)

13. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қай күн? (1991 ж. 16 желтоқсан)

14. ҚР-ның әнұранының өзгертілген нұсқасы қай жылы қабылданды?

(2006 ж. 7 қаңтар)

15. Мәжіліс, мәслихат дипутаттарының сайлауы қашан болады? (2012 ж. 15 қаңтар)


V. «Кім жылдам?» Бұл айналымда әр сыныпқа жеті сұрақтан қойылады.Әр сұрақ

1 ұпай,жауап бере алмаған жағдайда қарсы топ жауап беруге болады.

8 «А» сыныбына:

1. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу /параллель түзулер/

2. /екі түбірі бар/

3. ОУ осінің аты?  /ордината/

4. Виет теоремасы  / /

5. ? / /

6. «Тік бағыт» деген мағына беретін латын сөзі /перпендикуляр/

7.    / /

8 «Ә» сыныбына:


1.Сыбайлас бұрыштардың қосындысы ( 180 )

2.Барлық санның бөлгіші (1)

3. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут?( 15 минут)

4. Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу  /перпендикуляр/

5. /бір ғана түбірі бар/

6. ОХ осінің аты?  /абсцисса/

7. ? / /

8 «Б» сыныбына:


1. Берілген шаманың 1/100 бөлігі  /процент/

2.    / /

3. Екіге қалдықсыз бөлінетін сандар (жұп сандар)

4. Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)

5. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?( 4 рет)

6. Координаттар жүйесін алғаш енгізген кім? (Р. Декарт)

7. Әрі параллелограмм, әрі тіктөртбұрыш, әрі ромб болатын геометриялық фигура?  /квадрат/

8 «В» сыныбына:


1. /түбірі жоқ/

2. -дің мәні? /3,14/

3. Пифагор теоремасы  / /

4. ? / /

5. Таңбалары әр түрлі сандардың бөліндісі   /теріс сан/

6.    / /

7.Өзара тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр түзулер)

Ал енді 3 топқа берілген тапсырмаларымыз аяқталды. Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтаймын дегенше, көрермендермен жұмыс.

Көрермендерге сұрақтар:

  1. Тұстас бұрыштардың қосындысы. ( 180 )

  2. Ең үлкен хорда (диаметр)

  3. Квадраттың периметрі неге тең? (P=4a)

  4. Натурал сан нешеден басталады (1- ден)

  5. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы ( 180 )

  6. Қиылыспайтын, ортақ нүктесі жоқ түзулер (параллель түзулер)

  7. Екіге қалдықсыз бөлінетін сандар (жұп сандар)

  8. Санның жүзден бір бөлігі (процент)

  9. Жазыңқы бұрыштың шамасы ( 180 )

  10. Өзара тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр түзулер)

  11. Координаттар жүйесін алғаш енгізген кім? (Р. Декарт)

  12. Бұрыштың өлшем бірлігі (градус, минут, секунд)

  13. Барлық санның бөлгіші (1)

  14. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

  15. Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)

  16. Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)

  17. Центрден шеңбердің нүктелеріне дейінгі қашықтық. (радиус)

  18. Он бестің квадраты неге тең (225)

  19. Екі қабырғасы тең үшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш)

  20. Бұрышты сызуға арналған құрал (транспортир)

  21. Екі санның қатынасының теңдігі(пропорция)

  22. Қандай санға бөлуге болмайды?(0-ге)

  23. Тек өзіне және бірге бөлінетін сандар (жай сандар)

  24. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут?( 15 минут)

  25. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?( 4 рет)

  26. Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең? (11)

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сынға алар. Кезекті сарапшыларға берейік.

Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!!!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ

Автор: Махамбетиярова Жанна Жанабиловна

Дата: 19.04.2020

Номер свидетельства: 547172

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ел тірегі білімді ?рпа? "
    ["seo_title"] => string(27) "iel-tirieghi-bilimdi-u-rpak"
    ["file_id"] => string(6) "157688"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421638930"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Т?уелсіз ел тірегі- білімді ?рпа? " атты сыныптан тыс шара. 4-сыныптар"
    ["seo_title"] => string(60) "tuielsizieltirieghibilimdiurpakattysynyptantysshara4synyptar"
    ["file_id"] => string(6) "315741"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459947638"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Т?уелсіздік тірегі- білімді ?рпа?"
    ["seo_title"] => string(36) "t-uielsizdik-tirieghi-bilimdi-u-rpak"
    ["file_id"] => string(6) "303705"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1457591234"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Сыныптан тыс ж?мыс «Т?уелсіз ел тірегі – білімді ?рпа?» "
    ["seo_title"] => string(58) "synyptan-tys-zhu-mys-t-uielsiz-iel-tirieghi-bilimdi-u-rpak"
    ["file_id"] => string(6) "155037"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421236259"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ"
    ["seo_title"] => string(34) "t_uelsiz_el_tiregi_bilimdi_urpak_2"
    ["file_id"] => string(6) "587743"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1632912596"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1650 руб.
2350 руб.
1850 руб.
2640 руб.
1680 руб.
2400 руб.
1860 руб.
2660 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства