«Білім тарландары» сайысы.
Сайыстың мақсаты:
1.Білімділік.Оқушылардың өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету.
2.Дамытушылық. Оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу
үрдісінің логикалақ құрылымына, оқушылардың ойлау
қабілетін есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін өткізіліп отырған 9 – сынып пен 10 – сынып оқушыларының арасындағы математикалық сайысқа қош келдіңіздер!
Жас достарым мұны жаксы ұғайық,
Математика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Ортаға 9 –сынып оқушыларынан құралған «Архимед» тобын және
10 – сынып оқушыларынан құралған «Пифагор» топтарын шақырамыз.
Сайыстың шарттары:
I. Сәлемдесу.
II. «Зерделілер» сайысы
III. «Кім көп біледі?» (сұрақтарға жауап беру)
IY. Формулаларды білесің бе?
Ү.Мен саған, сен маған.(бір-біріне сұрақ қояды)
YІ. Жұмбақтар сайысы
YІI. Топ жетекшілерінің сайысы (жаңылтпаш айту және П мен С әріптеріне терминдер айту).
I.Топтардың таныстыруы.
«Архимед» тобы:
Ұраны: «Нақтылы жауап, сапалы білім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл».
Сәлемдесуі: Мәселенің түйінін
Мазмұнынан білеміз.
Ізделінді нәрсені
Тез- ақ тауып береміз.
Сайысқа түсу сіздермен
Біздер үшін мол бақыт.
Математикалық фокусты
Көрсетуге біз дайын.
Сайыскерлер сәлемін
Қабылдашы ағайын.
Сайысқа біз түсейік
Жанкүйерлер қолдасын.
Тәртіп болсын арада,
Тыныштықты сақтайық,
Көңілденіп баршамыз,
Үйімізге тарқайық.
«Пифагор» тобы:
Ұраны: « Қандай сынақ болса дағы беріспе
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске».
Сәлемдесуі: Ақыл – оймен кеңескен,
Күштілермен күрескен.
Біз Пифагор тобы
Жеңілмейміз күрестен.
Қойылған сұрақ – есепке
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты біз откізбей
Лезде шешіп берейік.
Математика сырларын
Білсек достым заңңдарын.
Формула мен заңдарын
Ойға жаттап берейік.
Ұтсақ та, егер ұтылсақ та
Ренжулер болмасын.
Жіберілген қателік
Екінші рет болмасын.
II. «Зерделілер» сайысы
Топ екі математик жайлы қысқаша баяндайды және шығарған газеттерін қорғайды.
III. «Кім көп біледі?»
«Архимед» тобының сұрақтары:
Глобус қандай фигураға ұқсайды? (Шар)
Геометрия сөзінің мағынасы? (Жер өлшеу)
Төрт қабырғасы тең төртбұрыш? (Квадрат)
Вектор дегеніміз? (Бағытталған кесінді)
ах+by = c қандай теңдеу ? (Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу)
Сандар тізбегін неше тәсілмен шешуге болады? (4)
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия дегеніміз? (Еселігі [qболатын геометриялық прогрессия)
Қозғалыс дегеніміз не? (Жазықтықтағы нүктелер жұбының ара қашықтығын сақтайтын түрлердіру)
x 2 + y 2 = R 2 функциясының графигі (шеңбер)
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек» сөзінің авторы? (М.В.Ломоносов)
«Пифагор» тобының сұрақтары:
Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер. (Айқас түзулер)
Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам? (Р.Декарт)
Жарты түзудің басқаша атауы? (Сәуле)
3 пен 4 – тің арасына қандай таңба қойғанда, 3 - тен кем 4 – тен артық сан шығады? (үтір)
ах2+вх+с=0 қандай теңдеу?
y = sin x функциясының графигі? (Синусоида)
y = tg x қандай функция? (тақ, периодты)
Тригонометрилық теңдеу дегеніміз? (Айнымалысы функция таңбасының ішінде болатын теңдеу)
Геометрия қандай бөлікке бөлінеді және қандай?
«Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика математиканың патшасы» сөзінің авторы? (Гаусс)
IY. Формулаларды білесің бе? (әр командаға 5 формуладан)
«Архимед» тобына:
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы?
Геометриялық прогрессияның n мүшесінің формуласы?
Синустар теоремасы .
Екі вектордың скаляр көбейтіндісі?
Квадраттың ауданы?
«Пифагор» тобына:
Тік бұрышты параллелипипедтің көлемі?
Пифагор теоремасы?
sin х = а теңдеуінің жалпы шешімі.
f(x)=x функциясының туындысы.
Бөліндінің туындысы.
Y. Мен саған, сен маған .(әр команда бір-біріне 3 логикалық сұрақ қояды)
ҮІ. Жұмбақтар сайысы
Дүниеде бүтін сан бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар, достарым айтыңдаршы.
(Бөлшек сан)
Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі
(Кесінді)
Нүктеден екі сәуледен
Құрылған айтшы бұл не екен?
(Бұрыш)
Айналған шешу құралынан
Төрт саны араласқан құрамына
Теңдеудің түбірі нешеу деген
Қандай сан жауап берет сұрағыңа. (Дискриминант)
Егіз туған қос жүйрік
Жарысқа шауып терлейді.
Бірін – бірі көрмейді
Бір мәреге келмейді.
(Параллель тузулер)
Бірдей сан бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады
(Дәреже)
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан – жағыңа қарамай
(Натурал сан)
Күшіне мінген бір мықты
Жығып салып сегізді
(Шексіздік)
Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны
Жоғалтпассың сен оны.
(Квадрат түбір)
Он екі бұтағы бар алып емен,
Елу екі шыбық тарап өсіп өнген.
Шыбық сайын жетіден жапырағы,
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген
(12 ай, 1 жылда 52 апта, 1 аптада 7 күн)
YIІ. Топ жетекшілерінің сайысы (жаңылтпаш айту және П мен С әрпінен басталатын терминдерді жазу).
«Архимед» тобына :
Шеңбер, шеңбер доп емес.
Доп сияқты, доп емес.
Доп, доп, доп сен оны
Ойлама шеңбер ол емес.
Бес түп алма бестік алғандікі,
Төрттік алма төрттік алғандікі.
Бестік алған бес түп алма алмайды.
Төрттік алған төрт түп алма алмайды.
«Пифагор» тобына
Рационал сан, иррационал сан,
Иррацианал сан, рационал сан.
Біріккен сан болған соң
Нақты сан деп аталған сан.
Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш,
Тең, тең бұрыш тұтас бұрыш.
Тұтас бұрыш тұстас бұрыш
Сәйкес бұрыш құрған бұрыш
Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.
ҮІІІ. Қорытынды. Әділқазыларға сөз береміз.
Сайыста көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Көңіл бөліп бұл кеште,
Келгендерге көп рахмет,
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет!!!
Бағалау парағы
Сайыс түрі | Сәлем-десу | Зерде-лілер | Кім көп біледі? | Формуланы білесің бе? | Жұмбақтар сайысы | Мен саған, сен маған... | Капитан-дар жарысы | Қоры-тынды балл |
9-сынып «Архимед» тобы | | | | | | | | |
10-сынып «Пифагор» тобы | | | | | | | | |