kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс ж?мыс "Матрематикалы? ойындар" 6- 7 сыныптар арасында

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Мені? сіздерге ?сынып отыр?ан та?ырыбымны? аты "Математикалы? ойындар" деп аталады. б?л ойын 6- 7 сыныптар арасында ойнатыл?ан .Б?л ойынны? ішінде ?ызы?ты да, ма?ыналы ж?мба? есептер, математикалы? ?ле? есептер, ребустар, с?зж?мба?тар ж?не ши туралы есептер берілген. Саба? ?те жа?сы ж?не ?ызы?ты ?йымдасытырыл?ан. Саба??а о?ушылар ?те жа?сы ?ызы?ушылы?пен ?атысты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс ж?мыс "Матрематикалы? ойындар" 6- 7 сыныптар арасында »

Математикалық ойындар


1.Стомахион ойыны.

2.Математикалық фокустар.

3.Көңілді санау.

4.Жылдам есептеу сырлары.


5.Математикалық ребус. Сөзжұмбақтар

6.Математика және әдебиет.

  1. Математика және поэзия.

  2. Математикалық ертегілер.

  3. Математикалық жұмбақтар

7.Есептер әлемі

1.Қызықты есептер.

2.Ахмет папирусынан алынған есептер.

3.Сіріңкемен алынған есептер.

4.Тең бөлу есептері.

Оқушыларға қойылатын талаптар:

  1. Математика тарихы бойынша:

  • Сандарды, оның шығу, жазылу тарихын, олардың сырларын, сандар туралы жазылған ұлы математик ғалымдардың ғылым еңбектерін білу.

  1. Ғалымдар өмірі бойынша:

  • математика ғылымының дамуының ең алғашқы кезеңдерін.

  • Оның дамуына маңызды үлестерін қосқан ертедегі грек, Орта Азия, Ресей ғалымдарының өмірбаяндарын, ғылыми еңбектерін білу.

  1. Математикалық сайыстар бойынша:

  • оқушылардың іздемпаздығын, творчестволық қабілетін арттырып, практикамен байланыстыру қажет.

  • Тез есептеуге, ойын тез қорытындылауға, уақытын үнемді пайдалануға, сөйлетуге дағдыландыру.

  1. Математикалық ойындар бойынша:

  • Стомахион ойынының шығу тарихын, осы ойынды ойнау әдісін үйрену, геометриялық фигуралармен танысу.

  • Сандарды көбейтуге қолданылатын жылдам есептеу сырларын үйрену.

  • Кестелерде күрделендіріп орналасқан сандарды өсу ретімен табуға үйрету (көңілді санау).

  • Жасырылған санды табу үшін орындалатын арифметикалық амалдарды тез есептеуге дағдыландыру (фокустар).

  1. Математикалық ребустар, сөзжұмбақтар бойынша:

  • жұлдызшамен белгіленген цифрларды табу;

  • сандарда амалдар қолдану, оны есептеу;

  • өзіндік ребустар, сөзжұмбақтар құрастыра білу;

  • математикалық терминдер, жаңа сөздермен танысу.

  1. Математика және әдебиет бойынша:

  • С.В. Ковалевкаяның «Математик болғың келсе, ақын жанды болуың керек» дегендей математиканың поэзиямен байланысты екенін білу;

  • Математик ғалымдарға, сандарға, геометриялық фигураларға арналған ақындардың өлеңдерімен танысу (Борзаковский «Математика туралы», В. Фирсов «Лобачевскиге», «М. Балк», «Виет теоремасы», «Сергей Боров», «Пи саны туралы» т.б. өлеңдер);

  • Оқушылармен ертегілер әлеміне саяхат жасау арқылы есептер шешуге дағдыландыру;

Есептеу әлемі бойынша:

  1. Қызықты да күрделі есептерді шешу әдісімен танысу, шешу білу;

  • сіріңкені пайдаланып түрлі геометриялық фигуралар құрастыруды, бір геометриялық фигураны екінші фигураға ауыстыруды үйрену.


Қолданылатын көрнектілер.

  • кестелер;

  • ұлы ғалым портреттері;

  • сіріңкілер;

  • геометриялық фигуралар;

  • сызғыш;

Ойын түрлері

1.Көңілді санау

Бұл ойынды ұйымдастыру үшін түрлі формада бірнеше таблица жасайды. Таблицадағы цифрларды әр түрлі түспен және де фигураларда әшекейлеп жазған дұрыс. Таблицадағы орналасатын цифрлардың санын бірте-бірте көбейтіп, орналасуын да күрделендіре түскен дұрыс. Ойынды жүргізу әдісі: таблицадағы сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының таблицадағы сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде сандарды атап шыққан оқушы жеңіс иесі болады. Бұған төмендегідей таблицаларды ұсынуға болады.





3


31


18


15

12

28

14

27

6

32

13

2

10


21

30

16

22

25

8

23

1

26

24

9

11

29

28

5

20


7


19


4


17




2.Сіріңке шырпысы қолданылатын ойындар

Шырпыны қолдану арқылы түрлі фигуралар құрастыруға,бір немесе екі шырпының орнын ауыстыру арқылы басқа фигура алуға тиісті есептерді шешу –бұл ойынның шарты. Бұл ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға .математикаға қызығушылығын арттыруға болады.

Есептер:

№1 5 шырпыдан бесбұрыш құрастырылған. Шырпылардың орнын ауыстыру арқылы бір мезгілде үшбұрыш, төртбұрыш, және бесбұрыштан құралған фигура алу керек.

Жауабы:

2-есеп Теңдік дұрыс емес. Бір шырпыны орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдік алыңдар






Жауабы:







3 есеп Берілген теңдік дұрыс емес.Екі шырпының орнын қозғау арқылы дұрыс теңдік алу керек

VII

------------- = I I

ХІ





Жауабы :

ХII

------------- = I I

VІ




3.Стомахион ойыны:

Ертедегі гректер геометриямен айналысқанда, тек жердің ауданын, теңіз бен кеме ара қашықтығын өлшеумен шектелмей, геометриялық ойындармен айналысқан. Солардың бірі-стомахион ойыны. Бұл ойында квадратты 14 бөлікке бөліп, сол бөліктерден түрлі фигуралар құрастырылған. Бұл ойынмен ұлы ғалым Архимед жұмыстанған. Ол бұл ойын туралы шығарма жазған. Осы ойынмен сол кездерде қытайлықтар да ойнаған. Олар квадратты 14 емес, 7 бөлікке бөлген. Олар бұл ойынды «чи-чао-тю» (7 бөліктен 100 фигура) деп атаған. Бұл ойынды олар тағы да «танграмм» деп атаған.

Квадратты осы сызбадағыдай қылып бөліктерге бөлу керек.

Осы бөлшектерден түрлі фигуралар жасау -ойынның шарты. Әрине, бұл фигураны жасау оңай емес. Ол үшін ойлану қажет. Кезінде француз императоры Наполеонды соғыстағы жеңілістермен кейін «Құдыреті Елена» аралына құғын-сүргінге жіберілді. Ол жерде Наполеон осы танграм ойынымен айналысады. Квадрат бөліктеріне сол кезде полимино деп атаған.










4.Математикалық фокустар



а).Қағаз бетшесінде төмендегі жазбаны жазып

1000

30

1000

40

1000

20

1000

10

Барлық сандарды қағаз бен жауып ,жоғарыдан төмен қарай кезек кезегіне аша отыра ,оқушыдан жылдам қосуды сұрау керек,сонда оқушы жауабын айтады.Оқушы дұрыс есептей алдыма ?

(көбінесе оқушылар 5000 деп айтады,ал шындығында жауабы 4100)

б).Қағаз бетшесінен карындашты үзбей,біржолдан екі рет жүрмей,төмендегі фигураны салу керек.



в).Ойлаған санды табу:Оқушыға екі таңбалы санды ойла деңіз.

Сол ойлаған екі таңбалы санның ондық разрядта тұрған цифрын екі есе көбейтіп,алынған көбейтіндіге

5 бірлікті қосып,бұл қосындыны 5 есе көбейтіп,оған 10 бірлікті және де ойлаған санның бірлігін қосуды айтыңыз .Содан кейін алынған жауабын сұраңыз.

Сіз алынған саннан 35 ті азайтып,оқушының ойлаған санын айта аласыз.Бұл қалай?

Жауабы: (10а +в) - ойлаған сан.Онда :

(2а+в) х5 +10 +в = 10а+в +35

г).Жасын және туылған күнің табу.

Оқушының жасын және туылған күнін табу үшін төмендегі амалдарды орындау керек: Туылған айдың реттік нөмірін 100 ге көбейтуді,алынған көбейтіндіге туылған айдың числосын қосуды ,алынған қосындыны 2 ге көбейтіп,ол санға 8 ді қосып, сосын 5 ге көбейтуді,алынған көбейтіндіге 4 ді косып ,оны 10 ға көбейтуді сұраңыз .Сосын қазіргі жасыңды 4 ге көбей- тіп ,алынған санды қағазға жазып беруін сұраңыз. Сіз қағаз да жазылған саннан 444 ді шегеріп, алынған санды оңнан солға екі екіден бөлесіз. Оңнан бірінші екі сан жасыңды,келесі екі сан туылған күнін, соңғы екі сан туылған айды көрсетеді.Бұл қалай?

Жауабы: m - туылған айдың реттік нөмірі, t-туылған күнін, n-жасыңды белгілесек ,онда

(((100 m + t)х 2 + 8 )х 5)+ 4 ) х10 + n + 4 = 10000 m +100 t + n + 444


5.Математикалық жұмбақтар

- Нәрселерді санауға

Керек сан өзі негізгі

Басы бар да, шеті жоқ

Таң қалдырады ол бізді. (натурал сан)


Сан ол сызықпенен бөлінген

Үсті алым,асты бөлім деп аталып,

Әсем түрде керілген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген

Дұрыс,бұрыс ,аралас деп

Түрлері оның берілген /Бөлшек сан/


Оң сандарға қол шатырдай

Калпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Белгісі оның кетеді (квадрат түбір)


Бүтін сан, бөлшек сандар

Құрамына кіреді

Бұл R белгіні көрсетсеңіз

Қай сан екенін біледі (рационал сандар)




Үлкен, кіші сандар арасына

Таңбаларды қойған кезде

Алынады қандай өрнек

Білейікші оны бізде/теңсіздік/



Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшек)


Шар емес, дөңгелек емес

Бірақ осылардың бөлігі

Радиус,диаметрін іздегенде

Онсыз болмайды келісі

(шеңбер)

Екі бұрыш ежелден

Тату көрші болған екен

Бірін – бірі толықтырып

Бір түзуде жатады екен(сыбайлас)


Екі түзу қатар жүріп

Үшіншісін қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды.(айқыш, тұтас, сәйкес)


Қарама-қарсы қабырғалары

Параллель боп қосылған

Оқыңызшы аталуында

Параллель , грамм сөзі қосылған (параллелограмм)


  • Нүктеден, екі сәуледен

Фигура ол құралды.

Айтыңдаршы канекі

Қалай ғана аталды (бұрыш)


Шелекке ұқсайтын дене

Біліңдерші сіз қане? /Цилиндр/


6.Математикалық ребустар

1. Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді.Анықтаңызшы осы жазбаны


а) АВ х А = CCC

Жауабы: 37х3=111

б) МННН- ККК = М


Жауабы : 1000-999 =1


2.

,

Т 100 У (түзу)



3.






3 г

к

С 2 З (сегіз)



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сыныптан тыс ж?мыс "Матрематикалы? ойындар" 6- 7 сыныптар арасында

Автор: Ахметова Арайлым Сайлаубаевна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171189


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства