kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс ж?мыс "математикалы? ойындар" сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мені? сіздерге ?сынып отыр?ан "Математикалы? ойын" та?ырыбында сайыс. Б?л математикалы? ?ле?дер, ж?мба?тар, ребустар, ши туралы есеп.Саба?ымнан к?птеген ?ызы?ты есептер бар. Ма?ыналы ж?не сыныптан тыс есептер , логикалы? есептер. б?рі бар. ?ызы?ты, ма?ыналы, д?ст?рлі саба?. Ішінен к?птеген ма?л?маттар алу?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс ж?мыс "математикалы? ойындар" сайыс »

«Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.

«Талантыңмен таныл» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.

 

Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын

арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін 

дамыту.

2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене 

 білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,

күшіне деген  сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

 

Ойын түрінде өткізілетін сыныптанм тыс жұмысқа  6«а»  және  6«ә» сынып оқушылары

2 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және 

төсбелгі ойлап табады.

Ойын алаңы: магнит тақтада  1-ден  10-ға деінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк

Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.

 

1. Қызыл конверт- «Логика».

2. «Өрмекші торы».

3. Жасыл конверт- «Математика».

4. Лотерея билеті.

5. « От ».

6. Көк конверт- « 7 жұмбақ ».

7. «Алтын сандық ».

8. « Қамал ».

9. Сары конверт- « Мақал-мәтелдер ».

10. «Қара мысық ».

 

Ойын шарты:

«Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

« От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 30 ұпайы күйіп кетеді.

«Лотерея билеті»- керісінше 30 ұпай сыйлыққа беріледі.

«Қамалға» келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.

«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.

«Өрмекші торына» туссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың 

дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.

 

Ойын барысы:

І-жургізуші

-Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жыр салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып.

ІІ-ж

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

І-ж

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өреңдер,

Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға

Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.

ІІ-ж

Шақырамыз екі топты ортаға

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

Білмегеніңді осы  бүгін біліп ал.

І-ж

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!

(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)

ІІ-ж

Ал, қанеки сайысты біз бастайық

Ұрандарымызды айтып,

Өзімізді таныстырып тастайық.

(сөз кезегін әр топқа береміз)

 

Командалардың  өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.

Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,

« К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда

бірінші бастайды.

 

 «Логика». І-ж.

Ал қанеки балалар

Құлақ салшы  сөзіме

Сұрақ берсем берейін

Логикадан өзіңе

 

«Өрмекші торы». ІІ-ж.

Ойла-ойла тереңнен,

Жақсы емес-ау көп бөгелген.

Сұрақтарды шешпесең

өте алмайсығ бөгеттен

(қөрермендер сұрагы)

 

«Қамал». І-ж.

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың

 

Арнайы сұрақ      (Төмендегі сандардың әрқайсысына бір әріпсәйкес келеді.

Бірдей цифрларға бірдей  әріптер сәйкес келеді.   1747  санына сәйкес     келетін сөзді  табыңдар.  (40ұпай)

1).  5737              АРЗУ

2).  7147              КУЗУ

3).  6237              СУЛУ

4)   1747              УСЛУ                                      Жауабы:  1747  СУЛУ.

 

«Математика»- жасыл конвертінің сұрақтары  (әр дұрыс жауап – 10ұпай).

1. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)

2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)

3. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)

4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөль)

5. -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар. ( 2 1 )

6. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі?  ( 180°)

8. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады? (тік бұрыш жасап қиылысатын)

9. «Координаталар» сөзі нені білдіреді?  (реттелген)

10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( Оң сан )

11. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме?  ( 201 см)

12. Жарты теңгенің жартысы неге тең?  (25 тиын)

13.   -18 қосу  11 ?   (-7 )

14. 5 санына кері сан?  ( )

15. Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар. ( 5 түрі. Кесінді,

 интервал, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле).

«Логика» - қызыл конверттің сұрақтары   (20 ұпай).

1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,

біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше 

үйрек ұшып барады? (3).

2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш 

      қалады? (5)

3. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?  (50)

4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың

соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған?  (13)

5. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.  (98)

6. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады?   ( (9•9) : 9 + 9 : 9)

7. Қндай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)

8. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар         (   (1+2+3+4) : 5 = 2 )

9. Адасқан әріптер. Қандай сөздер:

Нарадс, тазауй, киреш, ретм        (сандар, азайту, ширек, метр)

    10.  Сан тізбегін жалғастыр :    9, 1, 7, 1, 5, 1,..........  (3, 1)

                                               3, 7, 11, 15, 19..........( 21 ).

 

«Мақал-мәтелдер» - сары конверт. (30 ұпай)

Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.

 

« Жеті жұмбақ» - сары конверт .    (30 ұпай)

1. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кеде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз.  (цифрлар)

2. Бөлмеде  2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын

қосып есептегенде қанша болады?  (20)

3. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті 

кесуге  1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)

4. Бір-бірімен жарысқан,

Бес аю, бір арыстан,

Екі қой мен үш түлкі

Бәрі нешеу кім білді?

5. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың 

қаншасы қалды?  (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)

6. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)

7. Түйе, бота маң басқан, 

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Екі қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)

 

Жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс

нәтижесін әділқазылар хабарлайды)


















\











Сыныптан тыс сабақ: Математикалық тартыс.7сынып

Авторы: gulnara_kz

Қызылорда облысы
Арал ауданы
19 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы

(сыныптан тыс)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: 7 сыныпта өтілген материалды қайталау
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін,
шығармашылық белсенділігін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен танып білуге, ұжыммен бірге жұмыс істеуге
дағдыландыру және олардың ынтасын, жауапкершілігін арттыру
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, үлестірмелер, нақыл сөздер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,олардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты мен барысын түсіндіру.
Елбасымыз Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты,еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.
«Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» Н. Ә. Назарбаев
Оқушыларды екі топқа бөлу: «Дарын», «Қабілет»
Ойын бағдарламасы:
• Есіңе сақта!
• Жорға
• Тіл өнері
• Адасқан әріптер
• Қатесін тап!
• Логикалық лабиринт
І бөлім: «Есіңе сақта!»
Тақтада көрсетілген түрлі суреттерді еске түсіріп, аттарын жазу қажет (1 минут)









Дұрыс және толық жазған топқа 10 ұпай қойылады
ІІ бөлім: «Жорға»
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» ІІ бөлімінде әрбір топқа сұрақтар қойылады. Жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)
«Дарын» тобына
1. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус)
2. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)
3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
4. Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
5. 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
6. Қабырғасы 1- ге тең квадраттың ауданы неге тең (1)
7. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
8. Бағытталған кесінді (вектор)
9. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
10. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)
«Қабілет» тобына
1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)
2. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
3. 640 саны 5 –ке бөліне ме? (иә)
4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
5. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
6. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
7. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
8. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи – дің мәні нешеге тең? (3,14)
9. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш (шаршы, ромб)
10. ОУ осі қалай аталады? (ордината)

ІІІ. бөлім «Тіл - өнері»

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе «Тіл-өнері» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақты тауып, орысшаға, ағылшыншаға аударыңыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, a ruler)
2. Ел құлағы нешеу?
(елу, пятьдесят, fifty)
3. Отыз тістен шыққан сөз-неше рулы елге тарайды?
Отыз, тридцать, sooty
4. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
Он екі, двенадцать, twelve

IV. бөлім
«Адасқан әріптер»
Апрцетяи – трапеция
Еңшбре- шеңбер
Шұбршүы – үшбұрыш
Трұбышрет – төртбұрыш
Рвадкат – квадрат
V. бөлім
«Қатесін тап!»
Оқушылар жіберілген қателерді тауып, дұрыстап жазып көрсету қажет
1. (а+в)2=а2+2ав+в
2. (а-в)2=а-2ав+в2
3. (а-в)(а+в)=а2+ в2
4. (а+в)2=а3+3ав+3ав2+в2
5. (а-в)2=а3+3а2 в-3ав2-в3
6. а3+в3=(а-в)(а2+ав+в2)
7. а3-в3=(а-в)(а2+ав+в2)

VІ бөлім: «Логикалық лобиринт»
1. Келесі сан қандай?
18 10 6 4 ?
2. Келесі сандар қандай?
1 4 5 ?
2 3 6 ?

Қорытындылау:
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, жеңімпаз топты анықтай үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.

Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рхмет, мың рахмет!
Жүктеу:

Ойлы болсаң, озып көр

Жарияланды 22-05-2014, 16:36 Категориясы: Бастауыш сынып 

Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр (сыныптан тыс)

Мақсаты: Оқушылармен жұмыс жасауда ақпараттық технологияның мүмкіндігін
пайдалана отырып, оқушылардың танымдық, ақпараттық құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Типі: Жаңа материалды меңгерту
Формасы: Сайыс
Көрнекілігі: Қима қағаздар, математикалық жұмбақ.

Барысы:
Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Ойлы болсаң, озып көр» сайысына қош келдіңіздер!
«Мергеннің көзі де, мерген, қолы да мерген болуы керек» дегендей, бүгінгі сайыста сендер өз мергендіктеріңізді танытасыздар.

Сайыс бағдарламасы:
1. Бәйге
2. Сөзмерген
3. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
4. Ұшқыр ой мерген

Олай болса іске сәт!
Ендеше, бірінші шартымыз «Бәйге»
Сіздердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін сайыс «Бәйге,- деп аталады,
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығару,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,
Барлықтарыңызға сәт сапар тілейміз.

1 - кезең Бәйге
1. Қазақтың ұлы ақыны? ( А. Құнанбаев)
2. Ең тұңғыш саяхатшы кім? ( Ш. Уәлиханов.)
3. Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. ( Ы. Алтынсарин)
4. Дала жұлдызы кімнің әңгімесі? ( С. Мәуленов.)
5. «Әке арманы» кімнің әңгімесі? ( М. Әуезов)
6. Қырдан келген жас қазақ кімнің әңгімесі. ( М. Дулатов.)
7. Ұшқыш болғым келеді кімнің әңгімесі. ( Қ. Аманжолов.)
8. Еліміздің мемлекеттік рәміздері. ( ту, елтаңба, әнұран)
9. Абай аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын жазған кім?( Крылов И)
10. Ш. Уәлихановтың шын аты (Мұхаммедқанапия)
11. Бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын? (Сөре)
12. А. Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары? (1845 - 1904) ж
13. «Мен әуелі қазағымды жақсы көремін» кімнің сөзі? (Шоқан)
14. Қ. Р. Мемлекеттік әнұранының сөзін жазған кім? (Ж. Нәжмеденов. Н. Назарбаев.)
15. Қ. Р. Мемлекеттік Әнұранының өлеңін жазған кім? (Ш. Қалдыаяқов)
16. «Күздің кереметі» кімнің әңгімесі? (Ә. Табылдиев.)
17. А. Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? (46 қара сөзі)
18. Ы. Алтынсариннің өмір сүрген жылдары? (1841 - 1889) ж
19. «Оқуға шақыру» кімнің өлеңі? (А. Байтұрсынов.)
20. Қасым Аманжоловқа неше жыл (100 жыл)

2 - Кезең «Сөзмерген»

1. Сөз топтары.(зат есім, сан есім, сын есім, етістік)
2. Зат есім деген не? (заттың атын білдіреді)
3. Сан есім деген не? (заттың саннын білдіреді)
4. Сын есім деген не? (заттың сынын білдіреді)
5. Жай сөйлем деген не? (белгілі бір тиянақты ойды білдіреді)
6. Жайылма сөйлем деген не?(бастауыш пен баяндауыштан құралады)

45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясының
2008-2012 жылдарға арналған даму бағдарламасы.

 

(Қосымша)

45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясының 2008 жылғы 17 қазанда №2 Педагогикалық кеңеспен бекітілген.

Бағдарлама негізі:     ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің 2004ж 19.ІІІ. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауы, ҚР Президентінің 2001ж 4 желтоқсандағы №735 Жарлығымен бекітілген ҚР 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспар, ҚР Жалпы білім беру стандарты, гимназия ережесі, 12 жылдық білім беру бағдарламасы.

Тақырыбы: Жан–жақты дамыған тұлға қалыптастыру бағытындағы әмбебап (универсальный) ұлттық – классикалық гимназия моделіне айналу.
Философиясы: Ұлттық құндылықтар–ұрпаққа мұра, өркениеттің негізі

Даму бағдарламасының мақсаты:

- Нақтылық.

 Білім негізін жаңа технологиялық әдістермен бере отыра, жан – жақты хабардар, білгір, құзырлы тұлға қалыптастыру.
Жалпы білімнен – нақты білімге көшу;

-Классикалық.

Инновациялық технологиялар мен ұлттық мәдени мұралық құндылықтарды қатар алып, тұлғаның жоғары шығармашылық қабілетін дамыту, ізгілендіру.
Дара тұлға – шығармашыл, құзіретті тұлға;

-Жан – жақтылық (универсальный).

Қолданбалы кәсіптік білімнен жан – жақты кең білім беру арқылы бағдарлы білім алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сапалы білімнен – нәтижеге  бағытталған білімге көшу.

Міндеті:

-Инновациялық, интерактивті әдістерді пайдалану арқылы сабақ сапасын арттыру;

 

-Жеке тұлғаны зертханалық, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу;

-Интернет жүйесімен байланыс;

-Жаңа ақпаратты технологияны меңгеру;

-Мұғалім мен оқушыға қолайлы орта қалыптастыру;

-Шығармашылық зертханаларға талдау, сараптама жұмыстарын жүргізу;

-Патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;

-Мемлекеттік тілді басым дамыту;

-Әлемдік тәжірибе мен ұлттық дәстүрді сабақтастыру;

-Жоғары білікті және бәсекеге қабілетті құзырлы тұлға тәрбиелеу;

-Білім беру жүйесінің материалдық – техникалық базасын нығайту;

-Педагог қызметкердің әлеуметтік мәртебесін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Мектеп оқушылары мен қызметкерлерге жұмыс жасау үшін қолайлы жағдай қалыптасады;

  • Білім сапасы артады;

  • Интернет желісі арқылы жедел әрі жаңа ақпарат алу мүмкіншілігі туады;

  • Ғылыми жоба, олимпиада байқауларының жеңімпаздары көбейеді;

  • Жас мамандар мектебін нығайту барысында тәжірибелі маман педагогтер тәрбиеленеді;

  • Бастауыш мектебінің жан-жақты білім беретін гимназияға апарар алғашқы білім баспалдағына айналу;

  • Білім беру мазмұны білім үстемділігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған «құзіретті» білімге өзгереді;

  • Пед.қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесі артады;

  • Материалдық – техникалық база нығаяды;

  • Оқушылардың тілдік, ақпараттық, экономикалық деңгейі мен эстетикалық дағдысы қалыптасады;

  • Барлық салада толеранттылықты сақталады.

Кіріспе.
№45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясының 2008-2012 жылдарға арналаған бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыҚР Президентінің 2004ж 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауына, ҚР Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикаысының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 10.VI.2000ж. №708 бұйрығымен бекітілген гимназия ережесіне сәйкес әзірленді.
Бағдарламада жылдар бойынша кезеңдерге бөлінген, нақты мақсат қойылған, атқарылатын мерзімді жұмыстар жүйеленген, кадрлар мен оқушыларға арналаған кезеңді іс-әрекеттер, оқу – тәрбие процесіндегі нақты міндеттер, жергілікті бюджет бойынша бөлінген қаржы, мұғалімдердің сапалық құрамы, күтілетін нәтижелер енгізілген.
Бағдарламаны әзірлеу оқу – тәрбие процесіне өзгерістер мен білім беру сапасын арттыру, мектеп – гимназиядан ұлттық классикалық гимназияға айналу қажеттігінен туындады.

Бағдары:

* жан – жақтылық:          Нақты білім алу.

*Жан – жақты білім:       Бірнеше технологиямен, бағдарына сәйкес түрлі инновациялық әдіснамалар мен ғылымилық арқылы жүйелі білім беруге жету.

*Жүйелі жан – жақты білім:

Тілдерді меңгерту         - қазақ тілі;
- орыс тілі;
- шетел тілі;
- араб тілі.
Тіл білімінің негіздері;
Әлем әдебиеті;
Шешендік өнер;
Абайтану.
Жаратылыстану            - математикалық бағыт:
Flash технологиясы      - экономика негіздері;
Компьютерлік графика - математика;
Іс жүргізу тех.              - олимпиада есептері;
- тәжірибе есептері;
- тест есептері;
- логикалық математика;
Эстетика және өнер      - этика және әдеп негіздері;
- әлемдік көркемөнер мәдениеті;
- ұлттық классикалық би;
- халық биі;
- сәндік қолданбалы қолөнер;
- дизаин және модельдеу;
- музыка;
- терме.

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:

І. Мұғалім маман болу керек: жеке көзқарасы бар, өз пәнін жетік білетін, жеке көзқарасын қорғай алатын жігерлі тұлға зерттеуші, ойшыл, әр күні мен ісіне есеп бере алатын.
Мұғалім – Нәтиже.

ІІ. Мұғалім – ізденгіш, көп оқитын, көп білетін және сол білімін күнделікті өмірде шебер пайдалана алатын болуы керек.
Педагогикалық ойлау қабілеті – ғылыми түрде дамыған тұлға.

ІІІ. Мұғалімнің жетекші рөлі – оқушыны білім негіздерін өз бетінше оқып – үйренуге бейімдеу.

IV. Мұғалім тек ұйымдастырушылық қабілетімен қалмай, сараптамалық, талдай білу, себеп – салдарды анықтай білу қасиетіне ие болуы керек.

V. Моральдық, адамгершілік бет – бейнесі таза, саяси – идеялық ұстанымы жоғары, ұлттық құндылықтарды терең игеріп, инновациялық әдіс – тәсілдермен ұштастырып отыратын ұстаз.

2010-2011 жылдар

Мақсаты: Басқару технологиясындағы жүйелілік – нақты мақсат бойынша жүретін жүйе, новаторлық қабілеттерді, қарым – қатынастарды кеңейту, байыту.

Бағыты: І кезең

-Педагогикалық жүйе Педагогикалық теорияның моделі, ең керекті өзара байланыстағы элементтердің жиынтығы арқасында ғұмыр бойы оқу ұстанымымен нәтижеге бағытталған білім жүйесіне айналу.

ІІ кезең

-Тәрбиелік жүйе Өзін - өзі басқара алу, оқушының сыныпта және сыныптан тыс қарым – қатынасын біріктіру арқылы құзырлы тұлға қалыптастыру.

ІІІ кезең

-Авторлық жүйе Электронды оқулықтар, авторлық бағдарламалар, дәстүрлі емес идеялар мен концепцияларды дамыта отыра, мектеп – гимназияның дәстүрлі оқыту жүйесін сақтау.

2011-2012 жылдар
 
Мақсаты: Жоғары сапалы білім беру саласында ІІІ сатылы білім беру сапасын ықпалдастыру, кәсібилендіру.

Бағыты:

* І саты Негізгі білім беру сатысы 1-4 сынып. 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша тұлғаның жеке қабілетін ашу және дамытуға бағытталған білім. Оқу мен жазуы қалыптасқан, шығармашылықпен өзін - өзі көрсете алатын, мінез – құлқының мәдениеті жетік жеке тұлға. Аралық бақылау мен оқу жетістіктерінің ішінара мониторингтік бақылау жасау.

* ІІ саты Негізгі жалпы білім беру (5-10). Оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруі, этносаралық қарым – қатынастағы, биік мәдениетті, өзін - өзі танитын кәсіби бағдары қалыптасқан тұлға тәрбиелеуге бағытталған білім.

*ІІІ саты      Жалпы орта білім беру, бейінді оқыту (11-12 сынып). Оқушыларды кәсіпке дейінгі тереңдетілген даярлауды білім алудан гөрі қолдану, әлем, қоғам және адам туралы жүйеленген түсінікті игеруге, ғылым саласын тереңдетіп оқытуда, оны шығармашылық тұрғыда пайдалануды қамтамасыз ететін - әлеуметтік – гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық бағыттар бойынша бейінді оқыту.

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сыныптан тыс ж?мыс "математикалы? ойындар" сайыс

Автор: Ахметова Арайлым Сайлаубаевна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171143


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства