«Сандар ?леміне саяхат» атты интеллектуальды сайыс кеші
«Сандар ?леміне саяхат» атты интеллектуальды сайыс кеші
Ма?саты: О?ушыларды математика п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту, ауызша есептеу да?дыларын жетілдіру,тез шешім ?абылдау?а, тап?ырлы??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу
Просмотр содержимого документа
««Сандар ?леміне саяхат» атты интеллектуальды сайыс кеші»
Мақсаты: Оқушыларды математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру,тез шешім қабылдауға, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Түрі: сайыс
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Сандар әлеміне саяхат» атты интеллектуальды сайыс кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Беташырын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін
Өнеріне ду қол соғып, қостайық.
Оқушылар, сайысқа келгендеріңізге өте қуаныштымыз, енді әр топтың топ басшылары өздерін таныстырып өтсін (5 «а» класы мен 5 «б» класс оқушылары);
«Сәлемдесу» сайысы
«Алғырлар - тобы.
Ұраны. Жарыс десе жанымыз
Бүгінгі күн жарыста
Алғырлықпен аламыз
Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос
Қол ұстас , бірігіп тізе қос,
Жеңіспен мәреге барайық
Жеңістің ұранын салайық.
Төрешілер алқасына сәлем:
Қолына қалам алатын
Әділ баға беретін
Енбекті адал бағалар
Армысыздар апайлар.
«Тапқырлар» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе
Әрқашанда үміткерміз женіске.
Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Төрешілер алқасына сәлем
Алдарыңда бұл тұрғандар ,
Білім жолын қуғандар
Қателессек көрменіздер
Әділ баға берініздер!
Ойынның І кезеңі: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Ойынымыздың шарты әр оқушы әріптер таңдап алады да, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөзбен жауап береді. Ұпай сандары оқушылардың ұшқыр ойларына, тапқырлығына сөздік қорларына байланысты қойылады.
(А,Ә,Б,Ш,Ж,С,Қ,М,Н,О)
Қойылатын сұрақтар:
Математиканы жақсы меңгеру үшін адамға не қажет?
Дүкенге барған кезде неше теңгеге сауда жасайсыз?
Қай айда 28 күн бар?
Математиканы қаншалықты білесіз?
Сенің ойынша ең үлкен қай сан?
Мұғалім сөзі:
Балалар, алғырлық пен тапқырлықтан білімдеріңнің алғашқы деңгейін көрсеттіңдер.
ІІ кезең: «Қас қағым сәт»
Қазір ойыншылар сұрақтар таңдап алады да, тез жауап берулері керек. Сұрақтар тарихымызға, әдебиетімізге, дүниетанымызға байланысты болмақ. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Ендеше сұрақтар алуды бастайық.
І топ.
Тәуелсіздік күнін ата? (16 желтоқсан)
Ең сұлу құс? (Аққу)
Екі нүктенің арасындағы түзу? (кесінді)
Өтірікші кімді алдайды? (өзін)
Ең кіші жай сан? (2)
ІІ топ.
7 жай сан ба құрама сан ба?(жай)
4 қойда неше аяқ бар? (16)
Зере Абайға кім болады? (әжесі)
Тұңғыш Президент күні қай күн? (1 желтоқсан)
3 жарым таяқтың неше ұшы бар? (8)
ІІІ кезең: «Ойлы болсаң озып көр»
Бұл сайыста әр топқа екі-екіден математикалық жұмбақ қойылады, жұмбақтың жауабын 3 тілде жауап беру керек. (дұрыс қазақша нұсқаға 10 ұпай, орыс тіліндегісіне 10 ұпай, ағылшын тіліндегі жауабы дұрыс болса 10 ұпай қойылады, сонда барлығы 30 ұпай)
І топқа:
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды қолда бары? (алты, шесть, six)
ІІ топқа:
Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер алашқа
Қалады сона неше алма? (жиырма төрт, двадцать четыре, )
Жалқаумен бір жүретін
Құдды қармақ ілетін
Жоламайды зерекке
Сабақтарын білетін (екілік, два, two)
Келді көп құс ұшып,
Кептер,аққу,қос шымшық.
Сауысқан, қарға, торғай да
Ұшып жүр осы тоғайда
Қанша құс бар қосып шық
(жеті,семь,seven)
ІV кезең. «Қателеспе»
Бұл бөлімде таңдап алған фигураларыңыздағы үшбұрыштардың саны қанша екенін айтасыздар. Дұрыс ұпайға 30 ұпай беріледі.
V кезең «Сандар әлемі» мақал – мәтелдер жарысы
Бұл кезеңде мақал-мәтелдердің жалғасын табады. Әр мақал-мәтелге 5 ұпайдан беріледі.
Білікті бірді жығар....... (Білімді 1000 жығар)
Жаздың бір күні ..... (қыстың 1000 күні)
Дұшпаннан бір сақтан.... (жаман достан 1000 сақтан)
Білгенің бір тоғыз... (білмегенің 99 )
30 тістен шыққан сөз .... (30 рулы елге тарар)
40 кісі бір жақ.... (қыңыр кісі бір жақ)
Жеті жұрттың тілін біл.... (жеті түрлі білім біл)
Жеті рет өлшеп..... (бір рет кес)
2 жақсы қас болмас..... (2 жаман дос болмас)
7 атасын білмеген ..... (жетесіз)
5 бармақ жұмылса .... ( жұдырық болады)
Бір кісі қазған құдықтан.... (1000 кісі су ішеді)
VI кезең «Үй тапсырмасы»
Бұл кезеңде әр топ дайындап келген өнерлерін ортаға салады.
Кімдер білгір, кімдер ұшқыр
Салыстырып біз көрдік
Қара қылды қақ жарып
Әділін тек айтатын
Ортамызда төбе би
Өзіңізге сөз бердік деп
Білім деген биік шың, бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақыл шың, қиындықтан өткізер,- деп әрі қарай үнемі білімдеріңді жетілдіріп, «өте жақсы» деген бағаға оқуларыңызға тілектеспін