Сендер бүгін «Математика әлеміне» қош келдіңдер! Оның ішінде «Математикалық асханадасыңдар».Алдымен сендерді асхана ережесімен таныстырып өтейін:
1)жақсы көңіл күйде болу;
2)ойлау қабілетімізді пайдалану;
3)басқаларды тыңдай білу;
4)ұрыспау;
5)шуламау;
6)тапсырмаларды дұрыс, ұқыпты орындау.
Оқушыларды топқа бөлу, үш түрлі фигуралар арқылы оқушылар өздеріне ұнаған фигураларды таңдап алады. Топ басшысын сайлайды.Әділ қазыларды сайлау.
Әділ қазыларға бағалау парақтарын тарату.
Ал, енді біздің мәзір:
1. «Салқын тағамдар»
2. «Ыстық тағамдар»
3. «Десерт».
4. Шығармашылық тапсырма.
І. «Салқын тағамдар».
1. «Математикалық» салат.
Әр топқа 1 сұрақтан, 1 сұраққа 1балл.
1)Бұтақта төрт торғай отыр.Оларға тағы да екі торғай ұшып келді.Бұларды сыртынан бақылап отырған мысық біреуіне шап беріп, ұстап алады. Бұтақта қанша торғай қалды? (нөл, қалғандары ұшып кетеді)
2)Жолда келе жатқан екі ұл екі жүз теңге тауып алды.Олардың артынан тағы да төрт ұл келе жатыр.Олар қанша ақша тауып алады?(нөл)
3)Әтеш бір аяғымен тұрғанда, салмағы үш кг.Егер әтеш екі аяғымен тұрса, салмағы қанша?(үш кг)
2. «Әдебиет» салат.
Допты ұрып, столға дейін барады да, сол жерде тапсырманы орындайды.Допты ұрып, қайта орнына келіп, екінші ойыншыға допты береді.
«Координаталық түзу», «Қарама қарсы сандар», «Санның модулі» тақырыптары бойынша тапсырмалар орындау.Екі оқушыдан бір бірлеріне арқаларын тақап, кедергілердін өту арқылы столға жетіп, тапсырмаларды орындайды.
3)Математикалық суп. Ойынның шарты: допты аяқтарының ортасына қойып, секре отырып, кедергілерден өту арқылы тапсырмаларды орындап, орындарына қайтып келіп, эстафета таяқшасын келесі ойыншыға беру.
Тапсырма рационал сандарды салыстыру.
ІІІ.Десерт.
Жәшіктің ішіне зат салынып, ортаға әкелінеді.Жауабын топтар тапқанша сұрақтар қойыла береді. Сұрақтар қойған сайын балл саны кеміп отырады.
7 балл
Ертеде мынадай аңыз болған.Дедал деген грек ғалымы және оның талантты жиені туралы.Жиені саздан осы затты балшықтан дөңгелек табақша жасау арқылы ойлап тапқан.Ғалым болса, жиенінің ойлап тапқан затына қызығып, оны тау шыңынан құлатып жібереді.Ол қандай зат?
6 балл
Ең ежелгі бұл зат жер бетінде екі мың жыл өмір сүрген.
5 балл
Поппен деген императордың археологтары осы заттың көптеген түрін тауып алған.
4 балл
Ежелгі Грецияда осы затты қолданған адамдар, өте ақылды, ойлап тапқыш, есептерді шығара алатын адам деп есептелінген.
3 балл
Бұл зат архитекторлар мен құрылысшыларға таптырмас құрал.