kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Озы? ойлы о?ушы" математикалы? сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Игра проводится в 5-9 классах. Участвуют две команды. игра состоит из шести конкурсов, первый конкурс домашнее задание. Конкурсанты показывают свои домашние заготовки. Второй конкурс байга, участникам задаются по очереди вопросы за каждый правильный ответ команде даются балы. Третий конкурс собрать правильно формулы. Четвертый конкурс определить сколько треугольников изображены на рисунке. Пятый конкурс тестирование, участникам в течение пяти минут необходимо решить тест из десяти вопросов. Заключительный конкурс участники на время пишут термины на каждую букву данного слова. Баллы считает жюри, победители награждаются.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Озы? ойлы о?ушы" математикалы? сайыс »

"Озық ойлы оқушы" сайыс

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту, математикалық терминдерді білу, және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың ерекшеліктері:
1. Оқушылардың сабаққа өз еркімен белсене қатысуы.
2. Оқушылардың өз білімдерін көрсете білуі.
3. Оқушылардың есептерді бірігіп, талдап шешу жолдарын іздестіруі.
4. Оқушылардың топпен жұмыс істеуі.
5. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің дамуы.
6. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы
Сабақтың жоспары:
1 - бөлім. Таныстыру

1. Топтық атауларына тарихи мәлімет.
2. Математика мақал - мәтелдерде.
2 - бөлім. Бәйге.
Сұрақтарға жауап алынады.
3 - бөлім. Формулалар сыры.
Тақтада ілінген формулаларды дұрыс тауып көрсету.
4 - бөлім. Ұқсасын тап.
Геометриялық фигуралардың ұқсастығын анықтау.
5 - бөлім. Тест. «Біліміңді байқап көр».
Сауалнама арқылы жауап алынады.
6 - бөлім. Ойшылдар ауылы.
«аксиома» және «квадрат» сөздерінің әр әрпімен математикалық термин құрап жазу.

Сайыс басталмас бұрын оқушылар әділ - қазылар алқасымен және интербелсенді тақтада көрсетілген сабақ жоспарымен таныстырылады.
Сабақтың барысы:


1бөлім. Үй тапсырмасы:
1. Әрбір топ жетекшілері өз тобының атауына тарихи мәлімет береді.
2.»Математика мақал - мәтелдерде» айдары бойынша екі топ мүшелері математикаға байланысты мақал - мәтелдер айтып жарысады.


2 бөлім. Бәйге. Сұрақ - жауап.
Екі топқа кезек - кезек сұрақ оқылады.
Сұрақтар:
1. Шеңбердің центрін оның кез келген нүктесімен қосатын кесінді. ( диаметр )
2. Үшбұрыш төбесін қарама - қарсы жатқан қабырға ортасымен қосатын кесінді. (медиана)
3. Дәлелдеуі қажет ететін тұжырым. (Теорема)
4. Квадрат функцияның графигі . (парабола)
5. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш . (теңбүйірлі)
6. Бағытталған кесінді. (сәуле)
7. Ең үлкен екі орынды сан. (99)

8. Тік бұрыштан кіші бұрыш. (сүйір )
9. Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді. (хорда)
10. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым. (аксиама)
11. Көпбұрыштардың барлық қабырғаларының қосындысы. (периметр)
12. Барлық бұрышы тік ромб. (квадрат)
13. Шеңбердегі ең үлкен хорда. (диаметр)
14. Бір минутта неше секунд? (60)
15. Қарапайым геометриялық ұғым. (нүкте)
16. Бір ұшы шектеулі түзу. (сәуле)
1 7. Бір ғасырда неше жыл? (100)
18. 20 минут бір сағаттың қандай бөлігі? (1/3)

19. Қайсысы кіші: 2/5 немесе 0, 5? (2/5)
20. Шеңбер радиусы 6см. Диаметр қанша? (12)

21. Бұрышта өлшеуге арналған құрал. (градус)
22. Бір метрде қанша сантиметр? (100)
23. Миллион қанша нөлмен жазылады? (6)
24. Қайсысы үлкен: 2м немесе 201 см? (201см)
25. Шеңбер салуға пайдаланылатын құрал. (циркуль)
26. Көбейтінді қай кезде нөлге тең? (нөлге көбейткенде)


3 - бөлім. Формулалар сыры.
Көрсетілген формулаларды атап, түсіндіріп береді.
Формулалар:
1. С=2пR - шеңбер ұзындығы.
2. S=пR2 - дөңгелектің ауданы.
3. S= - шеңбердін ауданы.
4. V=abc - тік бұрышты параллелепипед көлемі.


4 - бөлім. Ұқсасын тап.
1. суреттен тең үшбұрышты реттік номерлерді пайдаланып көрсету керек;
2. берілген суретте неше үшбұрыш бар екенін реттік номерді пайдаланып көрсетеді.


5 - бөлім: Тест «Біліміңді байқап көр»
Тест тапсырмалары.
1.»Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы». Бұл сөздің авторы кім?
А) К. Гаусс; Ә) Әл - Фараби; Б) Евклид.
2.»Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін - математика, сондықтан да оны оқу керек». Бұл сөздің авторы кім?
А) К. Маркс; Ә) М. В. Ломоносов; Б) Р. Рекорд.
3. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым кім?
А) Бируни; Ә) Әл - Фараби; Б) Хорезми.
4.»Негіздер» деп аталатын математика оқулығын жазған грек ғалымы кім?
А) Пифагор; Ә) Евклид; Б) Фалес.
5.»Миллион» ұғымын қазақ жеріне алғаш таратқан кім?
А) Ұлықбек; Ә) Ы. Алтынсарин; Б) Әл - Фараби.
6.»Табиғаттың ұлы кітабы математика символдарымен жазылған». Бұл сөздің авторы кім?
А) Г. Галилей; Ә) Ф. Энгельс; Б) П. Ферма.Ф
7. Ноль - қай елдің сөзі?
А) Араб; Ә) Үндістан; Б) Грек.
8. Алгебра қай елдің сөзі?
А) Неміс; Ә) Орыс; Б) Араб.
9. Координаттар жүйесін ең алғаш енгізген адам кім?
А) Р. Декарт; Ә) Ф. Виет; Б) П. Ферма.
10. Үтірді математикалық белгі ретінде енгізген кім?
А) Лейбниц; Ә) Р. Декарт; Б) И. Кеплер.


6 - бөлім. Ойшылдар ауылы.
Әр топ өздеріне берілген «аксиома» және «квадрат» сөздерінің әр әрпімен математикалық термин құрап жазады, бір атау екінші рет қайталанбауы тиіс.
К - квадрат А - аудан
В - вектор К - катет
А - абцисса С - сәуле
Д - диаметр И - икс
Р - радиус О - ось
А - анықтама М - масштаб
Т - теорема А – апофема


Қорытынды: Сайыс соңында әділ қазылар ұпайлар санын санап, қорытынды шығарады.
Әр топтың жиналған ұпайлары ашық түрде саналып, орындары анықталды.
Топтарды марапаттау үшін алдын - ала дайындалған мақтау қағаздары әр топ басшысына тапсырылып, марапатталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Озы? ойлы о?ушы" математикалы? сайыс

Автор: Каленова Маржан Берликовна

Дата: 15.03.2015

Номер свидетельства: 186933


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства