kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? логикалы? ойлауын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Те?деулер ж?йесіні? к?мегімен есептерді шешу» та?ырыбыны? негізгі ??ымдарын ?айталау, логикалы? ойлауларын дамыту жеке ?арым-?атынастарын т?рбиелеу, топтасып ж?мыс істеуге да?дыландыру.

О?ушылар?а сабакты? ма?саты таныстырылып, ж?ру т?ртібі т?сіндіріледі. ?р топ ?кілдері ойын кубигіні? к?мегімен лабиринттегі ж?ру жолдарын аны?тайды. Лабиринттегі д??гелектер 5 б?лікке б?лініп, 5 т?рлі т?ске боялады.

Мысалы, кубикті ла?тыр?анда «5» саны т?ссе бірінші д??гелекте 5 санына ?ызыл т?с с?йкес. Екінші ж?рісте 3 санына с?йкес тапсырма. ?шінші секторда 2 санына, 4 секторда 1 санына, 5 секторда 4 санына с?йкес тапсырманы орындайды.

?р топ ?кілдері осылайша ?здеріні? ж?ріс жолдарын аны?тайды. ?р т?ске с?йкес конвертте тапсырмалар жазыл?ан. ?р топ?а ?ріптер таратылып беріледі, таблолар дайындал?ан. ?р тапсырманы? т?рт жауабы берілген, біреуі ?ана д?рыс. Жауаптар ?ріптерімен берілген, осы ?ріптерден с?здер ??растыру керек: 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? логикалы? ойлауын дамыту »


Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту


Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер жүйесінің көмегімен есептерді шешу

Сабақтың мақсаты: «Теңдеулер жүйесінің көмегімен есептерді шешу» тақырыбының негізгі ұғымдарын қайталау, логикалық ойлауларын дамыту жеке қарым-қатынастарын тәрбиелеу, топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Математикалық лабиринт

Сабақтың көрнекілігі: «Математикалық лаби­ринт» картасы, табло, тапсырмалар жазылған конверттер, нұсқаулар, кубик, әріптер салынған конверттер.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру.

(сынып 5 топка бѳлінеді)

Оқушыларға сабактың мақсаты таныстырылып, жүру тәртібі түсіндіріледі. Әр топ ѳкілдері ойын кубигінің көмегімен лабиринттегі жүру жолдарын анықтайды. Лабиринттегі дөңгелектер 5 бөлікке бөлініп, 5 түрлі түске боялады.

Мысалы, кубикті лақтырғанда «5» саны түссе бірінші дөңгелекте 5 санына қызыл түс сәйкес. Екінші жүрісте 3 санына сәйкес тапсырма. Үшінші секторда 2 санына, 4 секторда 1 санына, 5 секторда 4 санына сәйкес тапсырманы орындайды.

Әр топ ѳкілдері осылайша өздерінің жүріс жолдарын анықтайды. Әр түске сәйкес конвертте тапсырмалар жазылған. Әр топқа әріптер таратылып беріледі, таблолар дайындалған. Әр тапсырманың төрт жауабы берілген, біреуі ғана дұрыс. Жауаптар әріптерімен берілген, осы әріптерден сөздер құрастыру керек: «Алға», «Анық», «Тура», «Жаса», «Мәре». Мысалы, I топтың жауап таблосы мына түрде:

І. Алға

ІІ. Анық

III .Тура

IV. Жаса

V. Мәре


Барлық тапсырманы тез орындап бітірген оқушылар ѳздерінің таблоларын толтырып, тақтаға іледі. Бірінші орындап біткен топ оқушылары «5» деген баға алады. 2-ші және 3-ші біткен оқушыларға «4» деген баға қойылады.

Сабақты қорытындылау кезінде оқушылар ѳз ойларын айтады. Тапсырмалар мына түрде беріледі.

І-нұсқа. Таблода мынадай сөз шығады:«Алға»

ІІ-нұсқа. Таблода мынадай сѳз шығады: «Анық»

ІІІ-нұсқа. Таблода мынадай сѳз шығады:«Тура»

IVұсқа. Таблода мынадай сѳз шығады:«Жаса»

V-нұсқа. Таблода мынадай сѳз шығады :«Мәре»


І-нұсқа.

1. Анықтаманы аяқтаңдар: «Екі айнымалысы бар сызықтық тендеу деп ...» түріндегі теңдеуді айтады.

А. х + bу = с; Л. ах2 +by + c = 0; Ғ. ах + bу =0

2. Берілген жүйені қандай тәсілмен шешу тиімді?


3y-t =4

3y+t =8


А. Азайту; Л. Алмастыру; Ғ. Қосу.

3. Мынадай шартты қанағаттандыратын сызықтық теңдеулер жүйесін таңдап алыңдар.
Сандардың қосындысы 81-ге, ал айырмасы 15-ке тең.


y+x =15 x+y=81 x-15 =y

А Л Ғ

y-x =81 x-y =15 x+y =81

4. Көрсетілген жүйелердің қайсысының бір ғана шешімі бар?


2x+y =7 x+y = 6 x-y =3

А x-2y =1 Л 2x =1-2y Ғ 2x-2y =6


ІІ - нұсқа.

І. Анықтаманы аяқтаңдар: «Екі айнымалысы бар теңдеудің шешуі деп ...»

А. Екі айнымалының бірдей мәні;

Н. Осы теңдікті тура теңдікке айналдыратын айнымалылар мәндерінің жұбы;

Ы.Теңдеуді тепе-теңдікке айналдыратын айнымалылар мәндерінің жұбы;

Қ. Сан.

2. Қандай жүйені алмастыру тәсілімен шешу

5x-2y =0 2x+y = 5

А 2x-5y =-21 Н 3x+4y =7


6m+3n =3 y-x = 0

Н 2m-2n =4 Қ 3x-y=8


3. Берілген жүйенің шешімін табыңдар.


2,5x-2y-4x =6

3x-2y+12 =9x

А. (6;-4); Н.(6;4); Ы. (4;-6); Қ.(-4;6).

4.8 жылқы мен 15 сиырға күніне 162 кг шөп босатылады. Егер 5 жылқыға 7 сиырға 3 кг шөп артық берілсе, әр жылқыға және әр сиырға күніне қанша шөптен берілген?

А. Жылқыға - 9 кг, сиырға - 6 кг;

Н. Сиырға - 9 кг, жылқыға - 6 кг;

Ы. Сиырға - 6 кг, жылқыға - 6кг;

Қ. Жылқыға - 9 кг, сиырға - 9 кг.

ІІІ-нұсқа.

1. Тұжырымды аяқтаңдар: (Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіне ...» енеді.

Т. Екі айнымалысы бар бір сызықтық теңдеу;

У. Екі айнымалысы бар екі сызықтық теңдеу;

Р.Бір айнымалысы бар бір сызықтық теңдеу;

А. Бір айнымалысы бар екі сызықтық теңдеу.

2. Тұжырым дұрыс болатындай сөз тіркесін таңдап алыңдар: «Егер теңдеулердің графиктері.... онда сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі болады».

Т. Бір нүктеде қиылысса;

У. Беттесетін болса;

Р. Параллель болса;

А.Екі нүктеде қиылысса.

3. Мынадай шартты қанағаттандыратын тен­деулер жүйесін таңдап алыңдар:«Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 18 м үлкен, егер оның ұзындығын 8 м кішірейтіп, енін 7 м ұзартса, ауданы 40 м2 артады».


x-y =18 x+18 = y

Т (x-7)(y+8) =40 У (x+7)(y+7) =xy-40


x-y =18 x-y = 18

Р (x-7)(y+8) =40 А (x-8)(y+7) =xy+40


4. Бір сан екіншісінен 215-ке артық. Үлкен санның 80%-і кіші санның 60%-інен 129-ға артық. Осы сандарды табыңдар.

Т. 15 пен 17;

У. 0 мен 210;

Р. 0 мен 215;

А. 0 мен 215.

IVұсқа.

1. Қосылғыштардың таңбаларын ѳзгертпей, теңдеудің бір бѳлігінен екінші бѳлігіне көшіруге бола ма?

Ж. Жоқ А. Иә; С. Әр уақытта емес.

2. Жүйені графиктік түрде шешіңдер.


х + у = 2

2х + у = 0


Оның шешімі болып табылатын сандар жұбын таңдап алыңдар.

Ж. (2;4); А. (4;2); С. (-2;4).

3. Тік төрбұрыштың периметрі 400 м. Оның ұзындығы енінен 3 есе үлкен. Тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Ж. Ұзындығы 80 м, ені 120 м;

А. Ұзындығы 150 м, ені 50 м;

С. Ұзындығы 50 м, ені 150 м.

4. Ара қашықтығы 80 км болатын айлақтың арасын теплоход ѳзен ағысымен

3 сағ 20 мин және өзен ағысына қарсы 5 caғ жүріп өтеді. Ағыс жылдамдығын және теплоходтың меншікті жылдамдығын табыңдар.

Ж. Теплоходтың жылдамдығы 24 км/ caғ, ағыс жылдамдығы 6 км / caғ;

А. Теплоходтың жылдамдығы 20 км/ сағ, ағыс жылдамдығы 4 км / сағ;

С. Теплоходтың жылдамдығы 20 км/ сағ, ағыс жылдамдығы 6 км / сағ.

V-нұсқа.

1. Сызықтық тендеулер жүйесін шешудің неше тәсілін оқып үйрендіңдер?

М. 1; Ә. 2; P. 3; Е. 4.

2. Берілген жүйенің шешімі қай ширекте орналасқан?

- 5 y - 7 = 0

2х-8у + 2 = 0


М.І;Ә. II; Р. III; IV.

3. Апасы інісінен 6 жас үлкен. Бір жылдан соң інісінен 2 есе үлкен болады. Әр қайсысы неше жаста?

М. Апасы 12 жаста, інісі 7 жаста;

Ә. Апасы 11 жаста, інісі 5 жаста;

Р. Апасы 12 жаста, інісі 5 жаста;

Е. Апасы 11 жаста, інісі 7 жаста.

4. Теңдеулер жүйесін шешіңдер. х + y = 3

x - у = 5

М.(-4:1);Ә. (4;1);Р. (-1;4);Е. (4;-1).





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
О?ушыларды? логикалы? ойлауын дамыту

Автор: А?банбаева Майра Утегеновна

Дата: 28.11.2014

Номер свидетельства: 136680


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства