Құрметті ұстаздар мен оқушылар Сіздер бүгінгі «7а-7б» сыныбымен болып отырған «Жас математиктер» сайысымыздың қадірлі қонағы болыңыздар. Ендіше кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өмірде ойлап тұрсақ,бәрі де есеп,
Ауырсақ ішетуғын дәрі де есеп.
Есепсіз өмір сүрген мазмұнсыз-ау.
Дүниенің бар тұлғасын есеп десек.
Есептер сайысады қос каманда.
Алға озар ең мықты осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтасақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
Ортаға «XXI-ғасыр математиктері» мен «Болашақ математик»
топтарын ортаға шақырамыз.
Сәлемдесу.
Екі топтың бір-бірімен сәлемдесуі.
1.«XXI-ғасыр математиктер» тобының сәлемдесуі.
Амансыңба көрермен о жамағат
Алыңыз сәлемімді барша тарап
Амандасу көнеден дәстүріміз.
«XXI-ғасыр математиктерінен» мың саламат.
Топ ұраны:
Біздің ұранымыз «Ақыл ойды ,тәртіпке келтіретін математика» сондықтан оқу керек.
2. «Болашақ математик» тобының сәлемдесуі
Армысыңдар мұғалімдер,әз жандар.
Білім іздеп, инемен құдық қазғандай.
Құшақ жая қарсы аламын сіздерді.
Би билеп,ән де бүгін шырқалар.
Топ ұраны:
Біздің ұранымыз «Егеменді елімізге білікті маман болу»
Логикалық есептер
Жүргізуші :
Әр топтан бір оқушы шығып оралған қағаздың біреуін алады ,және оны топ болып шешеді.
1.Жүздің жартысын екіге бөлгенде неше болады?
Жауабы : 25
2.Үш май шам жанып тұрады.Екеуін сөндірсе,нешеуі қалды?
Жауабы : Екеуі,өйткені сөндірмеген біреуі жанып кетеді.
3.Бір топ үйрек ұшып барады.Олар барлығы бесеу.Біреуі жерге қонса,нешеуі қалады ?
Жауабы : Біреуі, өйткені қалғандары ұшып кетеді.
4.Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді ?
Жауабы : 0
Жұмбақ
Жүргізуші :
Екі команда бір-біріне жұмбақ қояды.
Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап.
(икс )
Екі семсер айқасқан,
Оқта текте шайқасқан.
(Қайшы)
Оң жағымда бес сарбаз
Сол жағымда бес сарбаз .
(Велосипед)
Жаңылтпаш
Жүргізуші :
Жаңылтпаштың шарты екі команда бір-біріне жаңылтпаш қояды.
Біреуі екіншісіне қояды. Екіншісі мүдірместен жауап беруі керек.Үш мәрте тез-тез қайталап беруі керек.
1.Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім?
2.Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
Мақал-мәтелдер.
Жүргізуші :
Ойынымыздың бұл түрінде екі командадан капитан басшы шығады.
Біреуі сан туралы мақал-мәтелден тұрады. Қайсысы ұтылып қалғанша айтыла береді.
1.Жеті рет өлшеп бір рет кес.
2.Ер бір рет өледі.
Ез мың рет өледі.
3.Баланың сегізінде тіс түседі,сексанінде ердің ерге ісі түседі.
4.Жүзден біреуі шешен
Мыңнан біреуі көсем,
Т.с.с қайсы команда ұтылып ұалғанша мақал-мәтел айтыла береді.
Викториналық сұрақтар
Жүргізуші :
Екі команда бір-біріне сұрақ қояды.
1.Санның кез келген дәрежесін а түріндегі символмен жазуды қолданған кім?
Жауабы : И.Ньютон,1676жыл
2.Ең алғаш бөлшек дәрежелер туралы ұғым енгізген математиктер кімдер ?
Жауабы : Н. Орим,Н.Шюке.
3. «Функция» терминін бірінші қолданған қай математик?
Жауабы : 1641 жыл Лейбниц.
4.Теріс санды сан өсіне тұнғыш рет орналастырған француздың қай математигі өзінің қандай еңбегінде қолданады?
Жауабы : Р.Декарт өзінің «Геометрия» атты еңбегінде қолданады.
Ребус.
Жүргізуші :
Әр топ дайындап келген ребустарын қарсылас топтарына береді.
Бір-бірінің ребустарын шешеді.
Қорытынды :
Ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі біздің « жас математиктер» сайысымыз аяқталды.